Бізге жат осындай идеологияны өткізіп жүруін кездейсоқтық дейміз бе? Жоқ, кездейсоқ емес. Бұл қандай да бір жүйеге түсірілген, нақты бір мақсаты бар тұжырым.
М.Әуезов өзінің осы қателерін батылдық танытып, шын жүректен мойындаудың орынына, қасарысып, өзінің осындай саяси зиянды тұжырымдарын өзінің шәкірті-міс деп есептейтін – Исмаиылов, Қоңыратбаев, Мұхамедханов, тағы басқалар арқылы табанды түрде дәлелдеуін жалғастырып келеді, өзімен пікірлес тарихшылардың қатарына Сүлейменов сияқты әдебиеттен хабарсыз адамдарды қосып алды, сөйтіп, олар Әуезовтің қолындағы шоқпарға айналды, өзінің өрескел саяси қателерін көрсетуге ұмтылғандарды Әуезов солардың көмегі арқылы есеп айырысады».
Жалпы алғанда, С.Мұқанов пен Қ.Жұмалиевтің пікірлері мазмұндас, сабақтас, іліктес келеді. Соған қарағанда олар мектеп оқулығын ғана бірігіп жазбаған, баяндамаларды да ақылдаса отырып, бірінің пікірін бірі толықтырғаны анық байқалады. Демек бұл, ұйымдасқан «идеологиялық шабуыл» болып табылады.
Сәбит Мұқанов өзінің «Абайдың шәкірттері туралы» баяндамасының негізгі пікірлері біз қысқарта пайдаланып отырған мына мәселелерді қамтыды және оның барлығын тек қана М. Әуезовке қарата айтты:
Достарыңызбен бөлісу: |