Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


ОГПУ-дiң тiркеу – есеп жүргiзу бөлiмiнiң бастығының көмекшiсi –Зубкин



бет30/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   271
ОГПУ-дiң тiркеу – есеп жүргiзу бөлiмiнiң бастығының көмекшiсi –Зубкин.

2-бөлiмнiң бастығының көмекшiсі – Мишустин... IV. 1932 ж.»,– деп iстi керi қайтарды.

Демек, тұтқындар тергеу ресми аяқталғаннан кейiн де сегiз ай бойы соттың үкiмiн күтiп жатқан. Мәскеудiң жоғарыда жiберген қатынасы олардың өмiрiне ешқандай да өзгерiс әкелген жоқ. Араға екi күн салып барып олардың үкiмi кесiлдi. Бұл тек қана «ұлы көсем» – Сталиннiң «табысқа бас айналу», «коллективтендiру науқанындағы асыра сiлтеушiлiк», «мәдениет саласындағы әсiресолшылдық» туралы жазған «данышпандық еңбектерiнiң» артын баққан бақай қулық қана болатын.

Әйтпесе, жазалау диiрменiнiң шығыршығы айналып кеткен. Оны тоқтату – осы шығыршықты iске қосқан қаскөйлер мен қатыгез жендеттердiң өзiнiң де қолынан келмейтiн. Өйткенi, дүлей шығыршық оның өзiн де iлiп әкетiп, жаншып жiберетiн. Кейiннен солай болды да. Бiрақ отызыншы жылдардың басында «ұнтақтайтын дән», «жаныштайтын жау», талқандайтын тұлғалар жеткiлiктi болатын. Сондықтан да алдын-ала дайындалған үкiм сол күйiнше қалды.

Соның iшiнде, «Алаш iсiндегi» «мәдениет майданындағы ұлтшылдардың қастандық әрекеттерi» жөнiндегi тергеушiлердiң қортындысы сол күйiнде күшiн жоймады. М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедов басқарған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымының мәдениет майданындағы қылмыстары» мынаған келiп сайды. Бiз мәселенiң мәнiсiн толық түсiну үшiн әрi осы тарауда айтылған жайлардың астарын толық бағамдау үшiн «Айыптау қорытындысын» тұтастай келтiремiз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет