Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Жазушылар одағы тапсырған қоғамдық тапсырмаларды Әуезов адал орындайды, белсенділік танытады және жауапты әрі тыңғылықты қарайды



бет110/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   271
Жазушылар одағы тапсырған қоғамдық тапсырмаларды Әуезов адал орындайды, белсенділік танытады және жауапты әрі тыңғылықты қарайды.

Қазақ ССР Кеңестік Жазушылар Одағы Президиумының төрағасы – С.Мұқанов (Қолы). 5/ІІІ-43 ж.».

Міне, бұл «Мінездеменің» жолы болды.



«Аса құпия. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының І шақыруының жабық кеңесінің хаттамасы және оның қосымшалары. 1943 жылы 17-ақпан күні басталып 12-көкек күні аяқталды. 1943 жылғы 2-наурыз күнгі Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының жабық мәжілісінің №30 хаттамасы.

Төраға – А.Қазақпаев. Қатысқандар – Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің орынбасарлары – И.К.Лукьянец, Ш.Ермағамбетова, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиум мүшелері – Н.А.Скворцов, М.Омаров, Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы – Н.Оңдасынов, ҚК(б)П ОК хатшысы – Ж.Шаяхметов, шақырылды – М.Әуезов».

Қабылдау бөлмесінде ұсыныс жасап, кепілдік беруші мекеменің төрағасы ретінде Сәбит Мұқанов, жауапкер ретінде Мұхтар Әуезов екеуі қатар отырғаны анық. Онсыз мәселе қаралмайды. Сонда екеуі бет-бет отырғанда өткен өмірлерін, соның ішінде осыдан екі жыл бұрын жазылған хатты және онда көтерілген мәселелерді естеріне алып, қандай ойға келді екен? Бұрынғы қаралаушы – ақтаушыға, «сотталған қылмысты» – толық құқылы азаматқа айналып, қас-қағым сәттен кейін екеуінің де құқы теңелмек. Бұдан кейін Мұхтар Әуезовтің шылбыр ұшы ұзарып, тұлғалар талқысында мысы басыңқы тарта бермек.

Иә, тұлғалар өз тағдырын өздері талқыға салған шағымды шақ еді бұл.

Сол отырыста қабылданған қаулының мәтіні мынадай:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет