Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Сірә, мұнысы М.Әуезов жолдастың есінен шығып кеткен болар. Сондықтан да Ә.Қоңыратбаевқа жұмған ауызын ашпастан, оның диссертациясына мұндай баға береді



бет133/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   271
Сірә, мұнысы М.Әуезов жолдастың есінен шығып кеткен болар. Сондықтан да Ә.Қоңыратбаевқа жұмған ауызын ашпастан, оның диссертациясына мұндай баға береді:

«Қазақстанда әдебиет ғалымын дамытудағы бұл еңбектің үшінші бір жақсы жағы – автор әдебиет зерттеуінің міндеті мен мақсатын маркстік-лениндік негізде түсініп, шығарманың мазмұны мен формасын бір негізде талдаудың әдісін қолданған».

Ал, Қоңыратбаевтың бұл еңбегінде, М.Әуезов жолдас жазып отырғандай, ешқандай марксистік-лениндік ұғымның жоқ екендігі, мұның марксистік-лениндік әдебиетпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны жұртқа мәлім.

Тіл және әдебиет институтының екінші бір ғылми қызметкері Ә.Маметова жолдас «Қазақтың шешен билерінің сөздері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация жазды. Мұның да толып жатқан өрескел тарихи, саяси қателері болды, билердің, олардың сөздерінің әлеуметтік мәнін бүркеді, би атаулының бәрін дәріптеді, сөйтіп тарихқа көріне көзге қиянат жасады. Осылардың барлығын көре-тұра, М.Әуезов жолдас бұл «еңбекті» жерге сыйғызбай мақтайды, қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды мұндай зерттеу болған емес, мұның өзі бір үлкен табыс, ешбір міні жоқ еңбек деп мақтау қағаз береді.

Ақырында профессор М.Әуезов жолдастың соңғы кезде теория жүзінде де, практика жүзінде де қолданып жүрген теріс пікірлері Қазақ ССР Ғылым Академиясының бірінші сессиясында жасаған «Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу проблемалары» деген баяндамасында әбден шумақталып, бір қалыпқа салынып, өзінің шыңына шығады. Профессор М.Әуезов жолдас бұл баяндамасында салған жерден:

«Қазақ халқы өткен заманда материалдық мәдениеттен жарытып, құнды дерлік еш нәрсе жасаған жоқ, бірақ оның есесіне рухани мәдениеттен асқар таудай алып, құнды мұра жасап қалдырды, атап айтқанда, өте бай фольклор (ауыз әдебиеті) мен жазба әдебиетін жасап қалдырды»,– деді.

Егер М.Әуезов жолдастың бұл қағидасын, ашқан жаңалығын теория тіліне аударсақ: идеологиялық қондырманы – әдебиетті материалдық негізінен, қоғамның материалдық өмірінің жағдайларынан аулақ, бөліп алып қарағандық болып табылады. Басқаша айтқанда, мұның өзі тарихты материалистік түрде түсінуімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын нағыз барып тұрған идеалистік ұғым, марксизм-ленинизм ғылымының қағидаларына қайшы келетін теріс пікір болып табылады. Ол өзінің осы баяндамасында:

«19 ғасырдың әдебиетінде соншалықты мол болды. Идеялардың, ізденушіліктердің, олардың шығармаларының тарихи бағыттарының түрлері өте-мөте көп, алуан-алуан болды. Мұндай тамаша өлеңдерді туғызған және куәсі болған сары дала мен асқар бел таулар, бос жатқан Арқаның даласы, Балқаштың, Сырдарияның, Аралдың қамысты жағалаулары, Алтай мен Алатаудың қарлы асу белдері...» тағысын-тағылар және тағы сондайлар – дейді.

М.Әуезов жолдастың бұл жерде құр мағынасыз сөзге салынып кеткендігін былай қойғанда, бұрынғы кезде халыққа рухани мәдениеттің молшылығы дегенге әкеліп тірейтін теріс пікірі бар. М.Әуезов жолдастың бұл пікірінің өте-мөте қателігі және зияндылығы сол – не феодализм тұсында, не капитализм тұсында жалпы бұқаралық, халықтық рухани мәдениеттің молшылығы болған емес және болуы да мүмкін емес. Таптық қоғамдарда үстемдік етуші, бірақ кері кетуші таптар идеологиясы қоғам(дық) ғылымда(рдың) искусство, әдебиет сияқты түрлерінің дамуын тежеп отырады, тек өздерінің мүдделеріне қайшы келмейтін түрлерін ғана дамытып отырады. Демек, таптық қоғамдардағы үстемдік етуші идеология, әдебиет, искусство үстемдік етуші тап – байлар мен феодалдар үшін қызмет етеді. Бірақ бұл фактіні, бұл таласуға мүмкін емес жағдайды профессор М.Әуезов жолдас бұрын да ашып айтқан емес, қазірде ешбір ашып айтқысы келмейді.

Профессор М.Әуезов жолдастың қазақ әдебиетінің тарихын қалай зерттеу керек екендігі жөнінде ғылымға қосқан «жаңалықтары», әдебиетпен шұғылданып жүрген және болашақта шұғылданатын біздің сансыз көп жастарымызға, жас ғалымдарымызға «ақылы», көрсеткен «жолдары» осылай келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет