12) Біздің заманның Абайды зерттеушілері өнебойы турадан-тура ислам дінінің үгітшісі болған Көкбай, Әpiп, Әсет сияқты барып тұрған керітартпа адамдарды дәріптеп, XIX ғасырдағы казақтың ең прогресшіл ақыны Абайдың қауымына қосқысы келеді. Бұл – өтпейтін жарлық. Бұған қазақтың «өтпес жарлық, бойға қорлық» деген мақалы тура келеді.
Бұл арада Әсеттің кірігіп кетуі кездейсоқ, қосақ арсындағы жаңылыс сияқты. Өйткені оның шығармашылық тағдыры мүлдем басқа арнада дамыды. Ал: «Абайдай арт жағына сөз қалдырып, жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген», – ақынды: Абайды үлгі тұтпады деу, Сәбеңнің өзінше айтқанды тағы да «ұят» жала.
С.Мұқанов (жалғасы): «13) «Абай шәкірттері» аталып жүрген консерваторлар мен реакционерлердің шығармалары совет баспасөзінің бетінен орын ала алмайтынын, соларды жоқтаушылар түсінген сияқты да, бар шығармаларын бастыруға болмағанымен, біраз шығармаларын майлап өткізуге көп жыл даярлық жасаған сияқты. Большевикше турасын айту керек, осы даярлық жасаудың алдында Әуезов жолдас жүреді. Осыған сенудің кесірі Хажым Жұмалиев пен, мен қол қойып, 1950 жылы орта мектептің 9-класына арнап шығарған әдебиеттік оқу кітабына да тиген. Кітаптың алғашқы жартысын (107-бетке дейін) жазған Жұмалиев жолдас, кітаптың 6, 36, 83-беттерінде Ақылбайды, Мағауияны, Көкбайды «Абайдың шәкірттері» дейді, «Абай оларға тема берген еді» дейді. Сонда Әуезов жолдастың мәліметіне сүйенген. Әуезовтің мәліметтерін первоисточник қып сүйенетіндер тағы да толып жатыр.
Егер Мұхтар Әуезов жиған деректер тұп нұсқа ретінде танылмаса, онда бүкіл абайтанудың тамыры оталады. Сонда С.Мұқанов өзінің Абай туралы зерттеуін кімге, неге сүйеніп жазған?
С.Мұқанов (жалғасы): «14) Әуезов: «Абайды Қарамола съезінде сабатады, бұл жаулардың өceгi, саяси қате»,– деп Жиреншинді кіналайды, өзi «Абай» пьесасында – Абайды сахнада сабатады, «Абай» киносында – экранда сабатады, «Абай» Шығармалары толық жыйнағының 1932 жылы, 1940 жылы, 1945 жылы шыққан кітаптарында жазған мақалаларында сабатады. Рецензияда солардың бәрін ұмытады. «Акын аға» романының 6ipiнiшi кітабының алғашқы 6ip редакциясы Абайды сабатумен бітетінін, Абайдың құнын әпереміз деп, сол маңдағы рулардың барлық «игі жақсылары» Семейде жиналатынын, бұлай жазудың категе соғуын Мұстафин, Әбішев сияқты жазушылар дәлелдегеннен кейін, Мұхтар Абайды сабатқан беттерін алып тастағанын, ... Базаралы бастаған кедейлер қырып алған Тәкежан жылқыларының құнын жоқтап, кедейлерден үш есе ғып төлетіп беретінін де, Әуезов Жиреншиннің кітабына жазған рецензиясында ұмытқан болады».
М.Әуезов көркем шығармада пайдаланған бұл деректердің шындығы кейін архив материялдары арқылы расталды.
С.Мұқанов (жалғасы): «15)«Қазақ әдебиеті тарихының» екі томында рушыл-феодалдық ескі өмір дәріптелсе, «Абай шәкірттері» деген мәселенің төңірегінде ескілік дәріптелсе, ескілікті дәріптейтін бірнеше ғылми диссертациялар мақталса, осылардың басында жолдас Әуезов отырса, бұлай дәріптеулер бір емес, бірнеше жылға созылса, Әуезов жолдас олай деп ойласын, ойламасын, мұның аты ұлтшылдық, бұрмалаушылық, ал мына аталған залалды шығармалар халқымыздың, әсіресе, жастардың сана-сезімін улайды».
Бап-бабымен сатылай тізбектеп, табалай айыптап, тұқырта тұжырған С.Мұқановтың түпкі мақсаты не? Әдебиет айдынында Әуезовсіз, өзі жалғыз қалу ма? Ал диссертация қорғап отырған адам, өзінің айтқанындай, Әуезовтен көрі өзіне жақын туысы, бауыры Қ.Мұхамедханов емес пе еді? Сонда бауырын идея үшін құрбан етіп отыр ма, жоқ, Әуезовтің жолына атап отыр ма? Деп бүйірден қаталуға болады.
С.Мұқанов (жалғасы): «Бұл былықтан қалай аршыламыз? Әрине, большевиктік қатаң, әділ сынның жәрдемімен ғана аршыламыз. Ондай сын болды ма? Әрине, болды. Соңғы бес-алты жылдың ішінде, Қазақстан К(б)П Орталық комитеті 1945 жылы «Қазақ ССР тарихының» екінші рет басылуы туралы, 1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және Әдебиет институтының жұмыстарындағы саяси өрескел қателіктер туралы қаулы алды. Осы қаулыларда байшыл-ұлтшылдық идеологиялық көріністері большевиктік тұрғыдан қатты сыналып, оларды түзетудің жолдары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |