Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Қазақ халқының «болашағы жоқ» деген «идеяның» негiзiн қалаушы Шоқан Уәлихановтың бiрiншi рет патша шпионы ретiнде Батыс Қытайға барып келгендiгiн ескерте кетемiн»,–



бет57/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   271
«Қазақ халқының «болашағы жоқ» деген «идеяның» негiзiн қалаушы Шоқан Уәлихановтың бiрiншi рет патша шпионы ретiнде Батыс Қытайға барып келгендiгiн ескерте кетемiн»,– деп те «сiлтеуге» мәжбүр болды.

Өнер, оқу ағарту, мектеп саласындағы «ұлтшыл адамдарды» сынай келiп:



«Өткендi, қазақ халқының тарихын бағалауда ұлтшыл көзқарастарды өткiзiп жiберу тәсiлi соңғы кезге дейiн орын алып келдi. Қазақ театрының сахнасынан «Хан Кене» пьесасын алып тастау туралы сөз қозғағанда, дәл осы мәселе жөнiнде әңгiмелендi»,– деп астарлы түрде Мұхтарды ишара еттi.

Iле идеология, өнер саласындағы қайраткерлер «халық жаулары» мен «ұлтшылдарды» әшкерелеуге көштi. Алғашқы үш-төрт айда жалпылама, сипай қамшылады. БК(б)П Қазақстан өлкелiк комитетiнiң бюро мүшесi, Қазақ ССР-нiң халық ағарту комисары Темiрбек Жүргеновтің мақаласындағы «Хан Кене» және басқа да оқу ағарту, әдебиеттану, театр мәселелерiне байланысты айтылған сында Мұхтардың аты аталмаса да, белгiлi бiр дәрежеде астыртын айып тағылды. Оған Мұхтар өзара сын ретiнде ресми түрде жауап беруге мiндеттi едi. «Казахстанская правда» газетiнiң 28 қаңтар күнгi санында жарияланған Мұхтар Әуезовтің «Жалмауыз сөзсiз жаншылады!» деген репликасы «Қазақ әдебиетi» газетiнiң 5 ақпан күнгi санында «Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын» деген атпен аударылып басылды. Онда ешкiмнiң атын атап, түсiн түстемейдi. Газеттердегі «халық жауын» әшкерелеген хабарларға сүйенiп, жалпылай тiл қатады. Бұл екi репликадан оның «тарихи жағдайдың» ырқына көнгендiгi, мойынсұнғандығын танылады және сол кездегi көңiл күйiнен, елегiзуiнен хабар да бередi.

Әлқисса, бұл арада сәл түсiнiк бере кету қажет. Екi газет те «халық жауларының» әшкереленгенiне, олардың қылмыстарын «мойындағанына» орай арнайы қос бет ұйымдастырып, реплика орыс және қазақ тiлдерiнде басылды. Солармен бiрге он үш адамды атуға, қалғандарын бас еркiнен айыруға бұйырылған үкiм де орын алды. «Халық жауларына» қарсы «халықтың наразылығын бiлдiрген» үн қосулардан Жазушылар одағы да тыс қалмады. Қаламгерлердiң «үндеуiне» Сейфуллин, Мұқанов, Жансүгiров, Әуезов, Өтепов, Қаратаев, Орманов, Тәжiбаев, Жароков қол қойды. Iлияс, Жақан, Өтебай, Қалмақан, Тайыр мақала жазды. «Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын!» деген Мұхтардың репликасы да сонда басылды. Мазмұны мынадай:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет