Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет8/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   271
«Елiн сүйiп, елдiгiн iздедi. Елдiкке келген қауiпке... күйiнiп, қарсы шықты. Елдiгi аман қалуы үшiн ендi бейнетке, өлiмге, иә басқа да түрлi қазаға шыдап кетiп, тарих жүзiнде» – соны дәлелдеуi ғана қалды.
2.
1930 жылдың 8 қазан күнгi шолақ тергеудегі алғашқы сұрақтар алыстан орағытылып барып қойылса керек. Мұхтар Әуезов «тергеу ісі бойынша нақты мынаны көрсетті:

М.Әуезов: «Мен Байтұрсыновты 1918 жылдан берi бiлемiн, ал онымен етене жақын араласқаным 1921 жылы Орынборға ауысып келген соң басталды. Тынышбаевпен Ташкентке ауысып барған кезде 1922 жылдың күзiнен бастап таныспын. Халел және Жаhанша Досмұхамедовтермен де, И. Қашқынбаевпен де, А.Омаровпен де, Д.-М.Әдiлевпен де сол Ташкентте таныстым. Қандай да бiр ұйымның бар екендiгiн мен олардан естiгенiм жоқ».

М.Әуезовке айып болып тағылған бұл сұрақтың қойылуына Ә.Байділдиннің:

«Бұған қоса Байтұрсынов: қазақ жазушылары өзiнiң туындыларында тек қана қазақ ұлтының мұқым мүддесiн қорғауы тиiс деп үндеу тастады... Әуезов Мұхтар мен Т.Ысқақов Даниал да 1923 жылы осыған үндеді, әдебиет мәселелерiн ұлтшылдық бағытта талдады, өздерiнiң мақалаларында Аймауытов пен Кемеңгеров те солай iстедi»,– деген көрсетіндісі себепкерлік етті.

Мұхтар Әуезов өзінің шәкiртi Қайым Мұхамедқановқа мақтана айтып, түрмеде Ахмет пен Мiржақыптың, Мағжан мен Жүсiпбектiң, өзге де алаш азаматтарының әңгiмесiн емiн-еркiн тыңдап, айызы бiр қанып қалғандығы туралы меңзеген кезi де «Байтұрсыновтiң iсiнiң» тергеуi аяқталып, олар Мәскеудiң пәрменiн күтiп жатқан осы дүбара сәт болса керек. Мiне, сол кезде Ақаң өзiнiң ақылын кейiнгi ұсталғандарға айтып үлгерген тәрізді.

Бұдан кейін «Алқа» әдеби үйірмесі туралы сұрақ қойылған сияқты. Бұл үйірме қақында Ж.Аймауытов пен М.Жұмабаев туралы тарауларда барынша тиянақты салыстырыла талданғандықтан да, біз тек М.Әуезовтің өзінің жеке басы мен көзқарасына қатысты әр көрсетінділерде айтылған тұстарды іріктей жинақтап, тұжырымдай ұсынамыз.

М.Әуезов (жалғасы): «Ал «Алқа» үйiрмесiне байланысты айтарым мынау. 1925 жылдың басында «Табалдырық» әдеби тобының декларациясы қосып салынған Жұмабаевтің хаты маған почта арқылы келдi. Ол: партияда бар және партияда жоқ 6-7 адамнан тұратын топ жария түрде «Алқа» әдеби үйiрмесiн құрғандығын, бұл туралы менiң пiкiр бiлдiруiмдi, егерде бұл үйiрменi қостайтын болсам, онда соның құрамына кiруiмдi өтiнiп, тiлек бiлдiрiптi. Мен ол кезде Семейде болатынмын. Мен «Табалдырықтың» декларациясын губерниялық комитеттiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi Тоқжiгiтов жолдасқа көрсеттiм, бiрақ та ол мұны бiр айдай ұстады да, қайтарып бердi, алайда нақты ештеңенi ашып айтқан жоқ.



Бұл декларацияның мазмұнынан ұққаным: үйiрме ашық жұмыс iстеу керек екен және баспасөзге араласуы керек көрiнедi, өйткенi өзiнiң бағыт-бағдарынан байқалып тұрғанындай, М.Жұмабаевтiң бұрынғы көзқарастарына қарағанда мүлдем басқаша, мазмұны жағынан солшылдыққа жақын, бүгiнгi күнге бейiмделе жасалған едi. Жұмабаев бұл бағдарлама (платформа) туралы маған баспасөз бетiнде пiкiр бiлдiруiмдi өтiнiптi, бiрақ та мен олай iстемедiм және оған жауап хат жаздым, мазмұны толық есiмде жоқ, бiрақ та әдеби мектептiң өмiр сүруi аса қажеттi, көкейкестi мәселе, «Алқаның» талап-тiлектерiн қостаймын, кейбiр дiттеген ұсақ мәселелер жазушылардың кеңесiнде талқылануы тиiс екендiгiн ескерттiм.

Жұмабаев екеумiз бұдан кейiн де хат жазысып тұрдық, мен оған қаламгерлерді шақырып, қалайда кеңесу керек екендiгi туралы жаздым, алайда «Алқа» жөнiндегi мәселе бiрте-бiрте өшiп тынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет