Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«Сталин не шешер дейсің, оның не ойы, не білімі көлемді емес, қанша бір жетіскен жоба бар дейсің. Онан да өзіміз жеке шешкен дұрыс»,– деп жүріп кетті



бет106/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   242
«Сталин не шешер дейсің, оның не ойы, не білімі көлемді емес, қанша бір жетіскен жоба бар дейсің. Онан да өзіміз жеке шешкен дұрыс»,– деп жүріп кетті.

Біз бәріміз де аңтарылып қалдық та Әлекеңе ілесіп Кремльден шығып кеттік. Осы күні: «Бәлкім кіріп пікірлескеніміз дұрыс болар ма еді? Кейбір мәселелер мүмкін басқаша шешілер ме еді?»,– деген ой келеді.

Осы мәжілістен кейін бір жеті өткен соң В. И. Ленин Қазақ АССР-ін құру жөніндегі декретке қол қойды»,– деп еске алған.

Сәбит Мұқановтың:



«Біз социализмді Ермековтердің қолымен құрамыз!»,– деп («Есею жылдары») кекетсінген Қужаққа қосылып ұрандатып жүрген кезі де осы жылдары болатын.

Бұдан кейін Әлихан Бөкейхановпен бірге Әлімхан Ермеков саясат саханасынан мүлдем шеттетілді. Бірақ елі үшін ең маңызды міндетті атқарып кетті.

Ә.Ермеков (1931 жылға 28-қазан күнгі жауабынан): «Ал 20-жылы мен Мәскеу қаласындағы Байтұрсынов пен Валидовтің арасындағы келіссөзге кездейсоқ қатыстым. Ол маған Байтұрсынов арқылы белгілі болды. Байтұрсынов ол кезде Қазақстан үкіметінің өкілі болғандықтан да кездесуден бас тарта алмайтынмын. Ешқандай ұйым туралы сөз қозғалған емес. Оның мән-жайы алдыңғы жауаптарда айтылды. 20-жылы қазан айында оқуымды тәмамдау үшін Томскіге бардым. 21-жылы педагогикалық тәжірибеден өттім. Сол жылдың күзінен бастап мектеп меңгерушісі болдым».

Міне, енді тергеудегі жауаптың ретіне қарай тағы да Заки Валидовке қайтып ораламыз. 1921 жылғы түрік тектес халықтардың тағдырына арналған «Революциялық қозғалыстың дамуы және біздің Шығысқа көзқарасымыз» атты біріккен мәжілісте Заки Валидов:

«Қазан төңкерісі шығысқа еш нәрсе берген жоқ. Орыстар өкімет билігін қолына алды, сонымен бәрі де бітті, әлде бір губернатордың орынын жұмысшы алмастырды, бар өзгеріс сол ғана... Осы уақытқа дейін шығыс халқы партиялық жұмысқа белсенді түрде тартылған жоқ. Егерде шаруашылықты басқару республиканың қолына берілмесе, осы күнге дейін ЧК (төтенше комиссия, қазіргіше алғанда, қауіпсіздік комитеті – Т.Ж.) жергілікті емес тұрғындардың қолында болса, онда қандай революция туралы айтуға болады. Біз шығыстың билік тізгінін өз қолымызға алып, барынша төңкеріске жұмылдыруға тиіспіз»,– деп сес көрсетті.

Сес көрсетіп қана қойған жоқ, үкімет қызметінен бас тартып, Орта Азияда астыртын ұйым құрып, әскер жасақтап, большевиктерге қарсы күресу мақсатымен Бұқара мен Самарқанға жасырын кетті. Міне, тергеушілердің қазақ зиялылары мен Валидовтің арақатынасы, байланысы қақында қайталай қазымырлап сұрақ қоюының себебі осында. Ә.Ермеков бұл сұраққа пәлендей қысылып-қымтырылмай тұрмыстық етекбасты көрініс ретінде баға береді:

Ә.Ермеков (жалғасы): «...1926 немесе 1927 кеште Халел Досмұхамедовтің үйінде қонақта отырғанымызда ол маған және Елдес Омаровқа ертегіге айналып кеткен ежелгі әңгіме ретінде: Түркістандағы қозғалыс туралы, оған өзінің қатысқанын, мұның өзі Валидовпен жолығуы тиіс болғанын, бірақ та Валидовтің әйелі қайтып келген соң (Уфадан Ташкентке – Т.Ж.) мұның бармай қалғанын айтып берді. Кетіп бара жатқанда өзара: оның қай-қайдағыны бекер еске алғанына өкінісіп тарастық. Ашығын айта кетейін: тарихтың еншісіне айналып кеткен мұндай тылсым, жартылай күңгірт жайлар туралы шолақ сөздерді жиі тыңдауға болады және ол туралы жалпы қауесетті (нақтылы емес) партияда барлар да, жоқтар да білетін».

СССР деп аталатын болашақ құрама мемлекеттің құрылымы сол жылдары жоспарланып жатқан. Орта Азия мен Қазақстандағы түркі жұртына ортақ 1). Түркістан республикасын құру (Т.Рысқұлов т.б.), 2). Түркістан – Қазақ автономиялы республикасын құру (С.Қожанов), 3). Россия құрамындағы Түркістан автономиясын құру (еуропалықтар) – туралы күрес жүріп жатты. Ал Қоқан, Бұқара республикалары Тәуелсіз мұсылман мемлекетін құру мақсатында «мұхаррамдық» (революциялық, орыс басылымдарында – басмашылар қозғалысы) майдан ашты.

Ә.Ермеков (жалғасы): «Ол кезде жауапты қызметкерлердің арасында, партия мекемелерінде: Қазақстанды Орталық Азия федерациясының құрамына қосады екен-мыс. Сөйтіп Қазақстан одақтас республиканың дәрежесіне көшеді екен-мыс – деген қауесеттер шығып жүрді. Бұл үшін Қазақстанның солтүстігіндегі орыстар қоныстанған аудандарда межелеу жұмыстары жүргізілуі тиіс екен. Осы мәселе жөнінде құрамында: Москвадан келген Ежов, Өлкелік комитеттен Сәдуақасов, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінен мен бар – арнайы комиссия құрылды. Мен өз пікірімді Ежов жолдасқа ашық түрде: Орта Азия федерациясына Қазақстанды қосып, солтүстік аймақтық шекараны межелеу шаруашылық мүддесі тұрғысынан да, мәдени байланыс тұрғысынан да пайда әкелмейтінін – айттым...».

Иә, бұл үлкен даулы және шетін мәселе. Қандай да құрамда болмасын қазақ жұртының ділі мүслими шығыспен сіңісіп кете алмайтыны анық еді. Егер бұл жоспар жүзеге асса, онда орыстардың ежелгі арманы орындалып: солтүстік шығыстағы Шығыс Қазақстан, Семей, Ақмола, Қызылжар, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе облыстары – Ресейдің құрамында; ал Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда облыстары – Өзбекстанның, Маңғыстау түбегі – Түркменстанның құрамында қалған болар еді. Ежов Семей губерниясын басқарып тұрғанда С.Сәдуақасов барып оны таратып жіберіп, зорлықпен Қазақстанның құрамына қосқан еді. Енді тағы да Н.И.Ежовпен жолдары жолығысты. Тарихшы Д.Аманжолова айналымға жіберген құжаттарға сүйенсек, 1924 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1925 жылы 3-хатшы міндетін атқарған ол өзінің 1925 жылы В.М.Молотовқа жазған хатында:



«Бұл топтар Сталин жолдастың соңғы сөзінде ажыртып айтқанындай ауытқушылықтарға жататын болса, жартылай ғана кесірі тиер еді, онда осы топтарды өзара жікке бөлу саясаты арқылы күрес жүргізу әлдеқайда жеңілге түсер еді. Менің ойымша, осы топтардың әр қайсысымен бір бағытта жұмыс жүргізіп, оларды бір-біріне қарсы қою арқылы партиялық арнаға түсірген дұрыс... Сөйтіп олардың арасына жік сала талқандап, қызметтен шеттетіп, Мәскеуге жіберіп, онда №2 Қазақстан ұйымдастырып, істі оңғару керек»,– деген (сонда, 281-бет) ұсыныс жасаған.

Семейліктер «Кене», «Бүрге» деп атап кеткен Н.И.Ежов өзінің осындай тақыс әдісін шекаралық межелеу жұмысында да қолданып, ел арасына қауесет таратып, арандатушы коммунистер арқылы оңтүстік облыстардағы тұрғындардың арасына іріткі салды. Мысалы, Сарысудағы тамалар – Түркістанға, тарақтылар – Қазақстанға қараймыз десіп барымталасып, ақыры бәрі де Бутырка түрмесінің «төрінен орын алды». Сол Ежовпен қызметтес болғандығын да тергеушілердің алдына куә етіп тартты:

Ә.Ермеков (7 қараша күнгі жауаптың жалғасы): «...20-жылдан 24-жылға дейінгі Семей губерниясындағы шағын қаладағы – Қарқаралыдағы ІІ басқыштағы мектептің меңгерушісі болған кездегі қызметім – басмашылар көтерілісіне қатысқандығымның айғағы ретінде танылып, маған 59 баптың 3-тармағы бойынша айып тағылыпты. Контрреволюциялық ұйымға қатысқандығыма қандай әрекетім айғақ болғанын білмеймін. Ал партия мен кеңес қызметінің шараларын бұрмалап пайдалануға тырысты делініп, 58-баптың 7-тармағы бойынша тағылған айыпқа келетін болсам, онда мен нақты адамдарды куәға тартамын және олардың біразы Москвадағы орталық мекемелерде істейді, мысалы, Семей мен Қызылордада Досовпен, Ежовпен, банкте Балпаевпен, Халық комиссарлары кеңесінде (жоспарлау комитетінде) Нұрмақовпен, қазақ университетінде қазір МГУ-де деканның орынбасары боп жүрген Мансұровпен бірге істедім...»

Бұдан әрі осы ойын дамытқан. Ежовтың ол тұста қызмет баспалдағымен өрлеп, Мәскеудегі құқық мекемелерінің тұтқасын ұстап, қанды қол шеңгелін қомдап келе жатқан кезі. Алғашқы жазалу шараларының құрбандығына Семейдегі «ежелгі жаулары» Халел Ғаббасов пен Жүсіпбек Аймауытов ілінді. Тура осы мағыналас хатты тағы да екі рет көшіріп жазыпты. Бірақ та тиісті жеріне жолданбай, іске тігулі күйінде қалған сияқты. Дегенмен де желтоқсандағы көрсетіндісіндегі:

«Мен өзім тұтқынға алынғаннан бері Попов жолдасқа: революцияның саяси жағдайы мен логикасы туралы пікірімді бірнеше рет қайталап айттым. Менің ойымша: Қазан төңкерісі Қазақстанда 28-жылдан бастап нақты күшіне кірді. Далалық жартылай феодализм мен капитализмнің тамыры енді ғана жұлына бастады. Бұрын саясатпен айналысқан адамдар осындай қысылтаяң сәттерде сынақтан өтуі тиіс» деп ойлаймын»,– деген сияқты екіжақты мағына беретін пікір білдірді.

Алайда, қалай жайдақтата бұлтақтатып, түлкі бұлаңға салғанымен, тұзақтан құтыла алмады. Жерді межелеу, қазақ автономиясының территориясын анықтау, қоныстандырушылар легін тоқтату, жерге меншік құқығы туралы мәселелер Әлімхан Ермековті профессорлық мінбеден түрменің нарына бастап әкелді.

Әлімхан Ермековтің 1931 жылғы 25 сәуір күнгі Жер туралы қосымша мәлімдемесі ІІ томның 573-бетінен басталады:

Ә.Ермеков (жалғасы): «26-жылдан бастап Ташкенттегі Қазақ педагогикалық жоғары оқу орнына ауысуыма байланысты онымен тікелей айналыспағандықтан да, менің жер мәселесі туралы қазіргі пікірім жалпылама және ертеректе мен Орынбор мен Қызылордада қызмет істеген кездерімдегі мәселелер туралы ғана болмақ. Революцияның алғашқы кезеңінде патшалық отарлау бағытындағы жерге қоныстандыру саясаты тудырған бұл мәселе өте шиеленісті дәрежеде еді. 21-22 жылдардағы кеңес өкіметінің еңбекші қазақтардың талабын ескеріп қоныстандыру туралы мәселе күн тәртібіне қойылғанда, менің де араласуыма тура келді. 24-жылы мнистрліктің коллегиясы өтті, соған қатыстым. 25-жылы Орынборға Мемлекеттік жоспарлау мекемесіне жұмысқа шақырылдым. Онда жерге орналастыру саясаты жөнінде арнайы комиссия құрылды. Комиссия үш рет отырыс жасады. Оған республика басшылары да қатысты. Онда қазіргі шаруашылық жүйесін, бұрынғы жер иелену құқын сақтап қалуға ұйғарым жасалды. Комиссия мүшелері де, оның ішінде мен де Қазақстанға жаңа қоныстанушыларды әкелуге үзілді-кесілді қарсы болдық. Ең алдымен патшалық жер қоныстандыру саясаты тұсында жері тартып алынған жергілікті ұлтты, содан кейін қазіргі орыс тұрғындарын толықтай жермен қамтамасыз ету керек, содан асқанына ғана қоныстанушыларды орналастыруға болады деген шарт қойдық. Осыдан барып жерге қоныстандыру мәселесі жөнінде талас туды. Өлкелік партия комитетінде бұл мәселе арнайы қаралып, алдыңғы көзқарас қолдау тапты. Онда:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет