Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«Қазақтың – Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс»



бет66/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   242
«Қазақтың – Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс»,– деген шешімге келді.

М.Тынышбаев (жалғасы): «Шет елдегі қазақтар туралы мен еш нәрсе білмеймін. Ертеректе Шоқаевқа хат жазған болатынмын. Мазмұны есімде қалмапты. Жалпы алғанда Шоқаевті мен жақтырмайтынмын. Мен оны таяз адам деп есептейтінмін. Шетелге өтіп кеткеннен кейінгі Шоқаевтің тағдыры не болғаны белгісіз және онымен ешқандай байланысым жоқ».

Мүмкіндіктері бола тұра олардың шет елге бас сауғалап кетпегендігі де сондықтан. Ал халық мұғалімі С.Тұрынтаев мұны:

«Олар амалы қалмаған соң, ешқайда қашып құтыла алмайтын болған соң ғана большевиктер жағына шықты, олар Кавказға өтіп кетуді де қарастырды, бірақ ондағы қымбатшылық пен соғыс жүріп жатқанын біліп, тоналып, оққа ұшып кетуден сескеніп, күн көрістік күйлері болмағандықтан да райларынан қайтты», деп «түсіндірді».

Х.Досмұхамедов (жалғасы): 10) Ұйымның тұрақты қаражат қоры болған емес. Қаражатты кім жинағанын есіме түсіре алмай тұрмын. Бірімжанов Бұқараға жүрер алдында ақша жинадық. Заки Валидовпен жолығуға барарда Әділевке де ұйым мүшелері өзара келісіп 25-30 сомнан қаражат жидық».

Бұл арадағы басты мақсат – Әлихан Бөкейханов тергеу басталғаннан кейін жұмыссыз, күн көрістік қаражатсыз қалған кезінде ең жақын жанашыр достарының ақшалай көрсеткен көмегін, ұйымның қаражаты есебінде хаттамаға түсіру. Сөйтіп, қарулы көтерілісті ұйымдастыру үшін қаржы жинақталды, деген сылтаумен Ә.Бөкейхановты тұтқынға алу. Әрине, тергеушілер дегеніне жете алмады. Ал Бірімжанов болса өзінің Бұқараға баруының басты мақсаты – аштарға көмек жинау екенін айтады.

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «11). Басқа республикалардағы контрреволюциялық ұлтшыл ұйымдармен байланыс былай жүргізілді. Мысалы Орынбордағы ұйыммен бастапқыда Байтұрсынов арқылы хабарласып тұрдық. Бұл ұйым өзінің өкілі ретінде Байтасов пен Сәрсеновті ұсынып, барлық мәселені солармен кеңесіп шешуді тапсырды. Одан басқа нұсқау болған жоқ. Жаз айында мен, Тынышбаев және Жаһанша Досмұхамедов үшеуміз өзара ақылдастық. Менің білуімше Орынбордағы ұйым өзінің жұмысын ертерек бастаған сияқты. Олар өз істерін бізден дербес жүргізді. Түркістан майданындағы жағдайдың күрт құлдырап кетуіне байланысты біз де (Жаһанша Досмұхамедовті, Тынышбаевты және өзімді айтып отырмын) тыныш жатып, бассауғалауды дұрыс деп шештік. Жастардың арасында «Алаш» бағдарламасына іш тартатын ұйым бар деп естідім. Біз олардан мәселенің анық-қанығын біліп беріңдер деп тапсырма бердік, бірақ та Байтасов пен Әділев жүрексінді ме, ештеңе айтпады. Орынбор мен Ташкент ұйымдарының арасындағы байланысты Байтұрсынов арқылы жүргізеді, оған Әділев байланысшылық етеді дестік. «Алашорданың» бағыт-бағдарындағы (жетекшілері Байтұрсынов пен Сәрсенов) ұйым жұмысын баяндайтын құжаттардың ешқайсысы да сақталмады. Орынбордан Қызылордаға келгенімде алашордашылардың ешқайсысымен сөйлескемін жоқ».

Келесі тергеуде бұлардың жолдаған хатына:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет