Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет63/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   242
Ж.Досмұхамедов: «Халел Досмұхамедовтің сөзінде жалғыз-ақ шындық бар. Ол жоғарыда айтылған келеңсіз отырыс қана».

Сұрақ-жауаптың келесі хаттамасында Х.Досмұхамедов те, М.Тынышбаев та астыртын ұйымның болғанынан бас тартқан.

«Х.Досмұхамедов (жалғасы): «2). Ұйымның құрылуына шығыс Бұқарадағы оқиғалар мен Заки Валидовтің, Әнуар пашаның келуі ықпал етті».

З.Валидов: «Кеңес өкіметі жағына шықпас бұрын саяси күштерді біріктіру мақсатында коммунистік партиядан өзге, социалистік партия құру мәселесімен айналыстық. Бастапқыда оның теориялық тұғырнамасын жазумен Ильяс Алкин айналысты. Ол азат социалистік партия аталуы тиіс еді. Бұл туралы қазақ жетекшілеріне хабарлай отырып, оларға: «Алаштың» неосоциалистік қоғамдық-экономикалық платформасының негізінде Қазақ социалистік партиясын құруды ұсындық. Бағдарламаны біз әзірледік. Оның бір данасын қазақтарға бердік. Кейіннен бұл бағдарлама (1926) Прагада жарық көрді...» (282-бет).

Большевиктердің қасақана арандатуымен Прагада жарияланған бұл құжат «Алаш» партиясының мүшелерін тегістей «шет ел шпионы» етіп шығаруға тікелей себепкер болды.

М.Тынышбаев (жалғасы): «Дулатов не Бірімжанов екеуінің біреуі: шығыс Бұқарада Әнуар паша жүр. Оның қасында Заки Валидов бар. Соңғысының қасында Башкириямен байланыс жасайтын башқұрт көмекшісі бар. Өзбектермен бірігіп күреспек. Заки Валидов бұған қазақтарды да тартуды ұсыныпты. Өзбек басшылары арасынан Мінауар Қари мен Ходжаев қолдамақ екен – дегенді айтты. Дулатов, Бірімжанов, Есполов бұл мәселеге қызу араласты. Жаһанша Досмұхамедов: бұған қатты қарсы болып: мұның бәрі қыртымбай нәрсе, жалғыз атты қонаққа сеніп, бастан айрылуға болмайды – деді».

Ж.Досмұхамедов (жалғасы): «Бірімжановты Бұқараға жіберу туралы сөз болғанда мен ашулана жауап бердім: «Жалғыз башқұрт (Валидов – Т.Ж.) жалпақ Түркістанның халқын бостандыққа жеткізе алмайды. Оның үстіне ешқашанда қолына мылтық ұстап көрмеген, сөз сатқан өзбектердің күшімен Түркістанды жаулап ала алмайды. Ол халықты адастырады. Олардың ісі сөзсіз сәтсіздікке ұшырайды. Тек жазықсыз адамдарды құрбандыққа ұшыратады. Сондықтан да олармен байланыс жасаудың да, сол үшін топ құрудың да қажеті жоқ, тек сіздердікі сияқты төтенше мекемелердің назарын аударады», - дедім».

Х.Досмұхамедов (жалғасы): Екінші жағдай: Мәскеудегі оқиғалар және Болғанбаев пен Әділевтің келуі итермеледі. Егерде қазақ коммунистері әлсіздік көрсетіп, еуропалықтардың алдында дәрменсіздік танытпаса, қазақтардың мүддесін қорғай білсе, мүмкін онда бұл ұйым құрылмайтын да еді. Сондықтан да мұндай үстемдік пен өктемдікке қарсы біліміміз бен күшімізді пайдаланып, ұйымдасқан түрде күресу үшін ұйым құру қажеттігі туды. Бұл тұрғыдан алғанда коммунистер де бізді қолдады. Ұйымның алғы шарттары осындай».
Шындығында да, егер өкімет басындағы «голощекиндік националдар» С.Сәдуақасовтың:

«Біз осы не үшін жаға жыртысып, құлшына күресіп жатырмыз? Ал осы бүгінгі шындыққа тереңірек зер салған кісі бар ма? Қазақстанның өзінше республика болғанына 6-шы жыл, ал Кеңес билігіне – 9 жыл, біздің жетістіктеріміз қайда, біз қайда барамыз, кейін не ілгері ме, жоқ әлде орнымызда тұрмыз ба?»,– деген өзекті сұрағын өздеріне де қойып, соған жауап беруге тырысса, мүмкін, алашшыл азаматтар мұндай тәуекелге бармас па еді, кім білсін.

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «3). Сұраққа жауап: Ұйымның құрамында Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедов, Тынышбаев, Есполов, Әділев Дінмұхамед, Қашқынбаев Иса, Бірімжанов және Жәленов болды».



М.Тынышбаев (жалғасы): «Бірде мені Халел Досмұхамедов үйіне шақырды... Отырысқа Халел Досмұхамедов, Мырзағазы Есполов, Дулатов, Жаһанша Досмұхамедов, мен, Бірімжанов және Иса Қашқынбаев қатысты».

Тергеушінің: «Өзбектерден кім бар еді?», деген сұрағы жауапсыз қалған.

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «4). Сұраққа жауап: Мен – Халел Досмұхамедов, Түркістан республикасының Оқу-ағарту халық комиссариятына қарасты ғылыми комиссияның төрағасы болып қызмет атқардым. Жаһаншаның қайда істегенін білмеймін, ол жалпы заңгер ғой. Тынышбаев пен Есполов Жер жөніндегі комиссариатта істеді. Жәленов Түркістан университетінің студенті, Қашқынбаев ординатор-ұйымдастырушы болды. Әділевтің не істегені маған белгісіз».

Халел Досмұхамедов жетекшілік еткен Ғылым комиссиясы 1922 жылы ғана 622 кітап шығарды, оның 33,7 пайызы қазақ тіліндегі басылымдар.

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «5). Ұйымға мүше ретінде орталыққа жақсы таныс, кепілдік бере алатындай зиялылар тартылды. Төралқасына бес адам сайланды. Әділев: әр адам өзіне жақсы таныс бір адамды тартуға ерікті болсын, – деді. Бұл ұсыныс қазақтардың дәстүріне жат болғандықтан да қабылданбады. Біз коммунистерді іске тартпадық, оларға айтқамыз да жоқ. Негізгі міндетіміз – өзімізге етене таныс зиялыларды ұйымға тарту еді. Түркістандық зиялылардың ішінен Тынышбаевті ғана тарттық, одан басқа ешкімді танымайтынбыз. Біз оның өзімен қоса, онымен рулас туыстары да біздің соңымыздан ереді деп үміттендік. Жалпы ауылдық жерлерде рулық белгі басты қызмет атқарады, бұл арада ол біздің ұйымға да өз септігін тигізеді деп ойладық».

М.Тынышбаев (жалғасы): «Әр қаладан ұйымның бөлімшелерін ұйымдастыру керек. Қажет кезінде олар іске шұғыл араласуы тиіс деп шештік. Алматы мен Шымкент қаласындағы топты ұйымдасыру маған тапсырылды. Мен Алматыдан – Сүлеевті, Шымкенттен – Кенесаринді ұйымға тарту керек деп ұсыныс жасадым. Өзге аталғандардың аты-жөні есімде жоқ».

Х.Досмұхамедов (жалғасы): 6). Сұраққа жауап: ұйымның саяси және экономикалық бағдарламасына келетін болсақ, бізге – жалпыға ортақ сайлау құқығына негізделген Халықтық Ұлттық Демократиялық Республика керек деп есептедік. Мемлекеттік өкілетті заңды орган – Парламент болуы тиіс. Президенттік басқару мәселесі талқыланған жоқ. Ауыл шаруашылық мәселесіне келетін болсақ, онда міндетті түрде реформа жүргізілуі тиіс. Біз: жерге міндетті түрде мемлекеттік меншік орнауы тиіс, жерге жеке меншік жойылуы керек. Егерде жер билігі мемлекеттің қолыңда болса, онда байлар мен феодалдарды қысып ұстауға болады. Оның есесіне біз европалықтардың жерге қоныстануына қарсы болдық. Жерді ең алдымен еңбек шартымен жергілікті халыққа бөліп беру керек. Қашан қазақтар шаруашылыққа бейімделіп, жерді өзара толықтай игергеннен соң ғана қоныс аударушыларға телімге рұқсат етуге қол жеткізуге болады. Мал шаруашылығы саласында қалыптасқан шаруашылық үрдісін сақтау, қуаң және жартылай қуаң жерлерді суландыру, су реформасын жүргізу, өнеркәсіпті дамыту мәселелері алға міндет етіп қойылды. Ұйымның бағдарламасын мен, Жаһанша Досмұхамедов және Тынышбаев жасады. Бағдарлама кімде сақталғаны есімде жоқ, Әділевте ме, жоқ, Жәленовте ме, білмеймін».

Д.Әділев (жалғасы): «Бағдарламаның аты – «Алаш еріктілері» партиясының платформасы деп аталады», – десті ғой деймін. Бағдарламаның түснұсқасы ұйым хатшысы, қазір Орал қаласында жүрген Кәрім Жәленовте сақталды. Жас оқытушылар мен студенттерді ұйымға тартты».

Тергеушіге берілген жауаптағы бұл көрсетінді 1921-1922 жылғы астыртын ұйымның емес, «Алашорданың» мемлекет билігі туралы басты құрылымдық ұстанымы болатын. Онда:



«Россия – демократиялық федеративтік республика болуы тиіс. Федеративтік республиканың құрамындағы әр мемлекет өзінше дербес және әр қайсысының өзін-өзі тең дәрежеде билеу мен мүддесін қорғау құқы болуы керек. Үкіметтің басында Құрылтай кеңесі тұрады, дүбаралығында – Құрылтай кеңесі мен мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президент билейді. Президент Министрлер кеңесі арқылы басқарады, ол Құрылтай кеңесі мен мемлекеттік Думаның алдына жауап береді. Заң шығарушы өкімет тек қана мемлекеттік Думаның қолында болады, ол үкіметті бақылауға алу құқына ие болады. Тегіне, дініне, жынысына қарамастан барлық азамат сайлау құқына ие. Депутаттарды сайлау бәріне бірдей ашық және жасырын жүргізіледі»,– деп жазылған еді.

З.Валидов: «Жадитшілдер» мен социалистік «Ерік», қазақтардың «Алаш» партияларымен бірігіп мен ұсынған жеті тармақтан тұратын Ортақ бағдарлама қабылдадық: 1. Тәуелсіздікке жету; 2. Демократиялық мемлекет орнату; 3. Ұлттық армия құру; 4. Экономикалық басқару құрылымын орталықтандыру: темір жолдар мен қазба арналарды (каналдар) Түркістанның ұлттық меншігі деп жариялау; 5. Оқу-ағартуды жүйесін жаңарту және орыстардың ықпалынсыз батыс мәдениетімен тікелей байланыс жасау. 6. Ұлт мәселесі жөнінде: мектептерді және мемлекеттің табиғи байлығын мемлекеттегі ұлттардың үлес салмағына сәйкестендіре бөлу; 7. Толық діни еркіндік, дін істерін мемлекет ісімен араластырмау. Қазақтар Діншені өкіл етіп қалдырып, елдеріне қайтқан соң, соңынан келген «Жадитшілдер» мен «Ерік» партияларының жеке-жеке бағдарламалары қабылданды. Бұл – Бұқарада бас қосуымыздың негізгі нәтижесі еді...».

Х.Досмұхамедов (жалғасы): Ұйымның басты құрылымы екі жағдайды ескере отырып қарастырылды: бірінші, кеңес өкіметі құлаған жағдайда, екінші Әнуар паша жеңілген жағдайда не істеу керектігі басты назарға алынды. Бірінші жағдайда – кеңес өкіметі құлаған жағдайда Қазақстан демократиялық-федеративтік республика дәрежесінде Түркістанның негізгі бір құрылымы ретінде өмір сүреді. Ал екінші жағдайда: Қазақстан Түркістанның құрамына кірмейді, ССРО-ның құрамына дербес республика ретінде кіретін болады, деп ұсыныс жасалды. Біз ол кезде сіздердің федерация туралы шешімдеріңізді білмейтін едік, ол кезде Түркістанды өзбек басшылары билеп-төстейтін, жобаны жасаған да солар болатын. Қазақтардың өзбектермен аралас тұратынына қарамастан, біз өзбектердің бұл ұсынысына мүлдем қарсы болдық. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барлық қазақтың басын қосу болатын. Біз тіпті қытайдағы қазақтарды да қосып алудың жолын қарастырдық. Әрине, олар өздері мекендеп отырған территориясымен қазақтың құрамына кіру керек деп есептедік. Бұл жоспар сол қиял күйінде қалды, іс жүзінде еш нәрсе де атқарылған жоқ. Бұған қазақстандық қазақтардың қалай қарайтыны маған белгісіз. Жат жердегілердің жағдайы өте ауыр күйде, өмір сүру дәрежесі төмен, сондықтан да бірігуге қарсы бола қоймас деп ойладық».

М.Тынышбаев (жалғасы): «…Ұйымның саяси-экономикалық бағытына келетін болсақ мынадай ұсыныс жасалды. Бірінші: Қазақстан Ұлттық Демокаратиялық республика болуы тиіс. Қазақстан географиялық және тарихи тұрғыдан Ресеймен де, Орта Азиямен де тікелей байланысты. Орта Азия федерациясының құрамына Өзбек, Түркімен, Қарақалпақ және басқа да ұлттар кіреді».

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «Марсековтің Шығыс Түркістанға өтіп кеткенін естігемін, бірақ онымен ешқандай байланысым жоқ. 22-жылдары Шығыс Түркістандағы (жауапта Шығыс Қытайда деп жазылған, ал бұл өңір негізінде Қытайдың батыс өлкесі болып келеді –Т.Ж.) жағдайды талдап, ұсыныс жасау үшін онымен байланыс жасау ісі Тынышбаевқа тапсырылды. Ол Семей арқылы хабар салып, Орынбормен байланысуы тиіс еді. Бұл мәселенің қалай аяқталғаны дәл қазір есімде жоқ. Алайда бұл біздің басты мақсатымыздың бірі болатын».

Алаш қозғалысы мен «Алашорда» үкіметі көсемдерінің бірі болып табылатын заңгер қайраткер, публицист Райымжан Марсеков (1879-1939) қазақ қоғамының саяси өмірінен өзінің лайықты бағасын алмаған, өмірінің соңғы беттері құпия қалпында қалған тұрлаулы тұлғаның бірі де бірегейі. «Алашорда» астанасы Семейге ауысқанда оның барлық заңдық, шаруашылық саласын басқарған, Семей губерниялық қазақ комитетінің, Семей губерниялық жер басқармасының, жалпыалаштық уақытша қазақ сотының төрағасы болған Райымжан Марсеков Уақытша үкіметтің, Сібір үкіметінің, кеңес өкіметінің алдында «Алашорда» үкіметінің заңдық билік тұтқасын мойындатуға тікелей және дербес атсалысқан, бүгінгі тілмен айтқанда тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш бас соты болып табылады. Ол:



«Алаш жасағының Жетісудағы жеңістерінен кейін, Алаш қозғалысын басқарған қайраткерлердің беделі артып, халықтың көкейкесті саяси және әлеуметтік-экономикалық талаптарын орындатуда шешуші қызмет еткен, жалпы қауымның жаппай қолдауына ие болып отырған алашордашылардың мемлекеттік құзырын талап етіп, қатаң ұлттық саясат ұстанып отырған үкіметті сот арқылы жауапқа тарту үшін дербес қазақ сотын құруды», биліктен талап етіп, бұл мақсатына 1917 жылы 8 маусымда қол жеткізді.

Өзі төрағалығына сайланды. 1918 жылы Сібір үкіметімен үлкен қақтығысқа барып, олар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет