Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


астыртын ұйымға белсене қатысқаны үшін



бет60/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   242
астыртын ұйымға белсене қатысқаны үшін,

өкімет пен партияның Қазақстанда жүргізген шаралары мен науқандарына бөгет жасау үшін жерге орналастыру,

мәдени-ағарту мен оқу орындарындағы, баспасөз мекемелеріндегі қызметкерлерді өз ықпалдарында ұстағаны үшін,

Орта Азиядағы басмашылар қозғалысына жетекшілік еткені үшін,

сондай ұйымды Қазақстанда құруға ұмтылғаны үшін,

көмек алу үшін шет елмен байланыс жасағаны үшін,

соның ішінде капиталистік елдерден қару алуға ұмтылғаны үшін,

сөйтіп ақырында кеңес өкіметін құлатып,

оның орнына буржуазиялық-демократиялық мемлекет орнатпақ болғаны үшін ҚІК-нің 128 бабына сәйкес» Шынәлі Мұсаевпен, Серікбай Ақаевпен бірге тұтқынға алу туралы қаулы шығарды.

1930 жылы 4 сәуір күні «Алашордашылардың» алдыңғы тобының үкімі шығып, Мәскеуге жөнелтіле салысымен олардың екінші легінің бәріне ортақ жоғарыдағыға қосымша:

«Кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құру үшін қасақана Ташкентте бас қосқан»,– деген айып тағылды.

Мұндай формулировканың қойылуына қазақ қайраткерлері де, біз мақтаныш етіп жүрген тұлғалар да, соның ішінде – Қазақстан үкіметінің төрағасы С.Сейфуллин мен Түркістан республикасының төрағасы Т.Рысқұлов та өз «үлестерін қосты». Т.Рысқұлов «партиялық тазалау» науқанында Сталинге екінші рет жолдаған құпия хатында:

«(...) Мұның барлығы кездейсоқ кемшілік емес, өйткені жолд. Сафаров пен жолд. Петерс баяғыдан-ақ – 1920-1921 жылдардан бастап «Алашорданың» қамқоршыларының қатарына кірген (дөрекі болса да айтайын). Түркістанды жақсы білетін «білгір» ретінде жолд. Петерс қарапайым ғана нәрсені шатастырып алды: большевик қазақтарды – ұлтшыл, ал «Алашордашыларды» – кедейлердің қамқоры ретінде қабылдады. Қысқасын айтқанда, біз отставкаға шыққан соң (яғни Сафаров пен Петерс басқарған кезде) Орынбордағы контрревоюциялық «Алашорданың» барлық жетекшілерін (батыс «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ж.Досмұхамедовті, мүшелері Х.Досмұхамедовті, М.Дулатовты, А.Байтұрсыновты т.б.) шақыртып алды. Олар барлық қазақ оқу орындарын, «Ақжол» газетінің редакциясын басып алды және Жетісудағы жер реформасын жүргізуді қолдарына алды», деп алашорда қайраткерлерінің Ташкентке шоғырлануын жеке басына ғана емес, кеңес өкіметіне төнген қауіп ретінде бағалады.

Ал С.Сейфуллин оларды «қоғамның шірінділерінің» қатарына қосып:



«Халел Досмұхамедов, Мырзағазы Есполов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов сияқты шірінділерді және контрреволюциялық әрекеттері үшін біз Қазақстаннан қуып жіберген контрреволюционер жазушыларды Төреқұлов пен оның жолдастары Ташкентке жинап алды, қолтығына алды, қасақана жауапты қызметтерге қойды, негізінен, ташкенттік қазақ басылымдарына, қазақ пединститутына, қазақ-қырғыз ғылыми кеңесіне т.б. орналастырды»,– деп саяси баға берді.

Осы арада мынадай орынды сұрақ туады: бұл «шірінділерге» Қазақстанда тұруға рұқсат етілмесе, туған елінен С.Меңдешев пен С.Сейфуллин «қуып шығарса»; Сталиннің күдігі бойынша: алашордашылардың Ресейдің ішкі облыстарында тұруы олардың шетелмен байланыс жасауына мүмкіндік беретін болса, Түркістанда «бас қосқаны – басмашылық болып» есептеліп, Т.Рысқұловтың айтуынша «кеңес өкіметіне қауіп төндірсе», сонда олар қайда, қалай, қайтып өмір сүруі керек? Әлде Троцкий сияқты шет елге заңды түрде, не Валиди мен Шоқай сияқты жасырын жолмен эмиграцияға аударылуы тиіс пе еді?

Бірақ оларға мұндай таңдау берілген жоқ және алашшылдар өз елдеріне өзі «қашқын» немесе «оралман» атанғысы келмеді

Араға он жыл салып барып, Т.Рысқұлов та, С.Сейфуллин де сол «шірінділер» мен «жапон империализмінің шпиондарының» қатарына қосылды.


Иә, алдыңғы әфсанада айтып өткеніміздей: отызыншы жылдан бастап «жапон шпионы» деген айып үкімі кәдімгі қатардағы қолданыстағы көп тіркестің біреуі ғана болып қалды. Сондай-ақ «Алашорданың» «Жапония үлгісіндегі салт-дәстүрге, ғылымға сүйенген ұлттық демократиялық республика құру» туралы мақсаты да бұл үкімді тиянақты түрде заңдастыруға негіз қалады.

2.

Тергеу, қалыптасқан дәстүр бойынша, анкеталық сұрақтарға жауап беруден басталған:



Анкеталық анықтама: 1883 жылы 14 сәуірде Тайсойған қонысында туған. Шаруа отбасынан шыққан. Әкесі мен шешесі кәдімгі көшпелілер, орташа қожалығы бар, үйелмен-сүйелмені көп, күн көрісін күйттеген жандар. Әкесі жоғары оқу орынын бітірерден бір жыл бұрын дүние салған. Артында 10 бала қалған, бұл – 7- бала және екі ұл бар. Үлкен ағасы әкесі қайтқан жылы өкпе ауруынан көз жұмған. Орал казактарының реальдық училищесін бітіріп, Петербургтің медицина академиясына түскен. Бірінші орыс революциясы тұсында студенттік қозғалысқа қатысып, демократиялық бағыттағы саяси-ағарту білімін игеруге ұмтылған, түрлі партиялардың бағдарламаларымен танысқан, бірақта олардың ешқайсысы, тіпті, қазақ студенттерінің де ұстанымы оны қанағаттандырмаған. Социал-демократтар – тек жұмысшылардың, социал-революционерлер – шаруалардың, кадеттер – ұлыорыстық өктемдіктің мүддесін көздеген, олардың ешқайсысы өзге халықтар туралы тіл-жағын ашпаған, керісінше, оларды арандатқан. Милюковтың:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет