Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


) Қазіргі қалыптасқан шаруашылық жүйесіне түбірімен өзгеріс жасау мүмкін емес



бет107/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   242
1) Қазіргі қалыптасқан шаруашылық жүйесіне түбірімен өзгеріс жасау мүмкін емес.

2) Жер бөлісі таптық тұрғыдан жүргізіліп, оған еңбекші бұқара кеңінен тартылуы тиіс – деген жалпы ереже қабылданды.
Мен бұған сене қойғаным жоқ және шешім табатын жаңа жол да жоқ болатын. Қызығы сол, дәл сол кездегі қалыптасқан жерге қоныстандыру жүйесі тұсында осынау шетсіз де шексіз кең далада жергілікті ұлт жерден қысымшылық көретін. Енді оны таптық тұрғыдан бөліске салса, онда қазақ елі жерсіз қалатыны анық еді. Өлке бойынша жерді мәдени игерудің бағдарламасы жасалуы тиіс еді. Бұл бағдарламаны жасау қолдарынан келмеді ме, жоқ, жасағысы келмеді ме, білмеймін, әйтеуір, жүзеге аспай қалды. 23-26 жылдары мемлекеттік жоспарлау мекемесінде істеген тұстарымда аталған мәжілістерге қатысып жүрдім. Жетекшілері Әлібеков пен Қаратілеуов болатын. Одан кейін Әлихан Бөкейханов айналысты. Көрсетілген мәселелердің ішіндегі жер бөлісі туралы пікірлерді олар толық түсінді. Сәдуақасов пен Сұлтанбеков те сол ұстанымда болды. 22-23 жылдары Жер жөніндегі халық комиссары Кадылов (Қадыров, Қаратілеуов – ?) болды. Барлық мәселелерді Бөкейхановпен кеңесе отырып шешті. Тек соның мақұлдауымен ғана істі жалғастырып, бағыт-бағдар алып отырды. Бұл пікір алысуларда біз (ұйымдасқан топ емес, халықтың қамы үшін шын жаны ашығандар): қалайда асыра сілтеушіліктер болады – деп есептедік. Ондай асыра сілтеушілік, мысалы, Семей облысында орын алды. Нәтижесінде саяси тұрғыдан да, атқарылған шараны жүзеге асыру барысына да кері әсерін берді. Тыңды игерудің шаруашылыққа әкелетін зияны өсіріп көрсетілді. Соған қарамастан кеңес өкіметінің шараларына қарсы күресетін ешқандай да ұйым болған емес, ондай айыпты жоққа шығарамын.

Шалғынды жерлер мен байларды тәркілеуге қарсы ешқандай іс-әрекет жасағамын жоқ, мен ол кезде Ташкентте қазақ пединститутында қызмет істеп жүргемін. Сондықтан да саналы немесе санасыз түрде, немесе заңдық тұрғыдан алғанда да ондай әрекетке барған емеспін және бара да алмайтынмын. Бұл мәселе жөніндегі қоғамдық пікір қатты шиеленісіп тұрғандықтан да, мұндай әлеуметтік мәселеге көңіл бөлмей, саңырау болып қалу мүмкін емес еді. Құлақ түре жүріп жеке әңгімелер мен пікір алысуларда жоғарыдағы пікірімді білдірдім. Менің тікелей қызметім мүлдем басқа мәселелермен айналысуға бағытталған еді. 26-27-жылдары өзімнің бұл мәселелер жөніндегі қарсы пікірлерімді белгілі бір топқа ғана айттым. Оны бұрынғы жауаптарымның бірінде көрсеткенмін. Партия мен үкіметтің шешімдеріне қарсы өз көзқарасымды жеке адамдармен бөлісуге қақым бар деп есептедім. Біз ол шешімге мүлдем қарсы едік. Қоршаған орта, қалыптасқан дәстүр бәрін қабылдауға мүмкіндік бермейтін».

Жерді меншікке беру туралы заң қабылданар тұста мұндай халықтық пікір алмасулардың болмағаны, әрине, өкінішті. Оның зардабын қазақ елі жарты ғасырдан кейін тартатын болады. Өйткені, Ә.Ермековтің: «Қызығы сол, дәл сол кездегі қалыптасқан жерге қоныстандыру жүйесі тұсында осынау шетсіз де шексіз кең далада жергілікті ұлт жерден қысымшылық көретін. Енді оны таптық тұрғыдан бөліске салса, онда қазақ елі жерсіз қалатыны анық еді»,– деп дәл тауып айтқанындай, жерді меншікке берудің салдарынан, әсіресе, құнарлы аймақтардағы қазақтар қаржылық және әкімшілік қысымның, алпауыттардың бопсасының кесірінен екі-үш жылдың ішінде жалдамалы шаруаға айналып шыға келді.

Әрине, өтпелі саясат өткінші кезеңнен соң әдірә қалады да, экономикалық-әлеуметтік теңсіздік, жер жегісі, ұлттық қауіпсіздік мәселесі құнарлы топырақты қуартқан ащы өзекке айналады. Шамкөстенетін шағым емес, бұл – тарихи және экономикалық заңдылық.

Ә.Ермеков (жалғасы): «Маған қойылған: Швецов жетекшілік еткен, Бөкейханов құрамында болған Ғылым академиясының экспедициясы туралы сұраққа келетін болсам, ол жоғарыдан шешілген ғылыми мәселе. Экспедиция жоғарыда көрсетілген ескі көзқарас тұрғысынан зерттеу жүргізді. Олар қалыптасқан шаруашылық жүйесін сақтаудың жолдарын зерттеді. Статистикалық есептердің барлығы да ғасырлар бойы дала төсінде қалыптасқан шаруашылық жүйесін (бірнеше мың жылдан бері сақталып келе жатқан өмір сүру тәсілін) сақтаудың амал‑тәсілдерін ақтап қалудың жолдарын іздестірді. Экспедицияның жұмыстарымен таныс емеспін. Мен жоспарлау мекемесінде істеп жүргенде оның негізгі бағыттары ғана анықталған болатын. Жерді қалай пайдалану жөніндегі ғылыми баяндамамен таныс емеспін, көрген де жоқпын. Мен шаруашылықты жүргізу жүйесі тұрғысынан ғана ол пікірге қосылдым. Жер өңдейтін немесе мал шаруашылығымен айналысатын ауданда тұратын қазақтардың шаруашылығы көшпелі өмірге бейімделген. Негізінен мал шаруашылығына сүйенген кәсіпшілікке барынша жақын. Бір аймақта әрі егіншілікпен, әрі мал шаруашылығымен айналысу да табиғи дамыған. Дегенмен де олардың арасындағы қайшылық ушығып келе жатқан.

Біздің бес жылдық жоспарымызда көрсетілген жерге жаңадан қоныстанушылар туралы көп талқыланды. Осы мерзім ішінде қоныс аударушылардың саны бес миллионнан асады десті. Бұндай жоспарға қарсылық білдіре отырып, орталық және өлкелік мекемелерге арнайы мәлімет дайындадым. Онда: «Мұны қозғап отырған бұрынғы отарлаушы жүйенің жұрнағы қоныс аударушылар мекемесі. Егерде мұндай жоспардың болғаны рас болса, оны орталық және өлкелік мекемелер қолдамауы тиіс. Дәл солай бола қалған жағдайда өз көзқарасымды қорғаудың жалғыз-ақ жолы бар еді. Ол – кеңестік басшылардың пиғылын әшкерелеу немесе кеңес мекемелері туралы пікірлерімді ашық білдіру» деген мағынадағы пікірлер айтылған».

Қайталай бағамдасақ, алаш идеясының түп қазығы болған жер жегісі тәуелсіздік тұсында шешіліп барып, қайта шиеленісіп кетті. Ә.Ермековтің осы көрсетіндісінде айтылған пікірлері мен дәлелдері тарихи, экономикалық тұрғыдан сараланбады. Саясаттың желігіне жем болып кетті. Соның салдарынан қазақ жерін мекендеген қазақтар қазақ елінде аз санды жер иесіне айналды.

Ә.Ермеков (жалғасы): «Колхоздар бен совхоздар туралы көзқарасыма келсем, өкінішке орай, өзімнің ескі идеологиялық бағытымды қатаң ұстана отырып, оның тәжірибе жүзінде жүзеге асу мүмкіндігіне мән берместен, осы мәселе жөніндегі сол кездегі жиналыстарда мен үнемі қарсы сөйледім. Шаруашылықтардың өндірістік негізге көшуі бұрынғы патшалық отарлау саясаты түте-түтесін шығарған қуаң, жартылай қуаң шөлейтте, табиғи жұтқа жиі-жиі ұшырайтын аймақтың жерін патшалық жыртқыштар талан-таражға салып біткен еді. Жартылай рулық құрылымдағы феодалдық қоғамды соншама қысқа мерзім ішінде социалистік құрылымға ауыстыру мүмкін емес деп есептедім. Қазақстанда социалистік құрылыстың нығаюына жол ашатынын болжай алмадым».

Иә, саналы да саңлаулы санақ жүргізіп, аңғарлы ақылмен сараласақ, қазақтардың меншігіне кешегі «отарлау саясаты түте-түтесін шығарған қуаң, жартылай қуаң шөлейт, табиғи жұтқа жиі-жиі ұшырайтын», латифундистер мен өнеркәсіп алпауыттары «талан-таражға салып біткен» жердің бұйырғаны анық аңғарылар еді. Тура осы мәселе бүгін де көкейді кесіп тұр. Енді, сол «қуаң, шөлейіт жерлер» араб халифатының меншігіне берілетін болса, онда қазақтың өрісі ғана емес, тынысы мен тіршілігі ғана тарылып қоймай, кеңдікті аңсаған ділі де тылсымда тұншығып, шарасыздыққа ұрынатын болады.

Ә.Ермеков (жалғасы): «Бұдан кейін: импералистік отарлау мен жартылай отарлық жүйе артта қалған халықтарға үстемдік жасап тұрған жағдайда олар бірте-бірте құрып кетеді, соның ішінде шаруашылық мәдениеті төмен қазақ ұлтын да сондай тағдыр күтіп тұр деген іштегі күмән сонау 20-жылдардан бастап өзгеріске түсті. Артта қалған халықтар социалистік даму жолына сөзсіз түсу керек екен деген ой келді. Бірақ ол жолдың сорабы белгісіз еді және толық құрылымы мен жүрер жолы әлі нақты табылмаған болатын. Ендеше бізді аса қауіпті әлеуметтік сілкіністердің күтіп тұрғаны анық еді. Шаруашылықты жүргізу тұрғысынан түсінікті болғанымен де, адамдардың тағдыры тұманды болатын. Оның үстіне Қазақстанның аса қатал табиғаты да қалыптасқан жүйеден ауытқыса апатқа алып келетін еді. Ал капиталистің жеке басы ешқашанда тәуекелге бармайтын. Ол көбігін ғана қалқып алатын. Жергілікті тұрғындардың өзі мұндай сынаққа төтеп бере алмайтын. Ал біз қатал табиғаттың талабына бейімделіп өмір сүрдік. Ал қазір біз өзге көріністің куәсі болып отырмыз...».

Бұдан әрі Ә.Ермеков социалистік құрылыстың артықшылығын тілге тиек етіп, мақтайды. Мұның жай-жапсары алдыңғы көрсетінділерде баяндалғандықтан да және ол пікірлер Ә.Ермековтің шын ойы емес, тек жадағай сөз болғандықтан, оны бұл арада келтіріп жатуды артық санадық.

Осы томның 894-902 беттерінде тура осы мағынадағы 1931 жылы 20 сәуірде берген жауабы тігілген. Өзгешелігі, мұнда латын алфавитіне көшу мәселесіне тоқталған. Жер, әріп реформасы, мәдениет саласы туралы баяндай келіп, Бөкейханов пен Байтұрсыновқа қарата:

«Бұл мәселелер жөнінде екеуінің де ықпалы күшті. Жандосов та олардың алдынан өтпейді. Қазір екеуі де қартайды. Енді олар өздерінің көзқарасын өзгертуі қиын. Мен латын һарпін жақтадым»,– деген пікір білдірген.
4.
Тергеу ісі бұдан кейін жекелеген адамдар мен жеке мәселелерге қарай бет бұрады. Жауап алу барысында тергеушілер Ә.Ермеков пен М.Әуезовтің «қылмысын» өзара сабақтастыруға ұмтылған. Соған қарсы әрекет ретінде Ә.Ермеков бұл «айыпты» мойындаудан бас тартады:

ОГПУ-дің коллегиясына маған 58 баптың 7, 11; 59 баптың 3 тармақтары бойынша тағылған айыптарды 58 баптың 7, 8 тармақтарына ауыстару туралы мәлімдеме.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет