Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет40/43
Дата18.06.2017
өлшемі8,23 Mb.
#19431
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

1973 жылы туған, ата қонысы Торғай уезі. Менің шешем Александра, ұлты – орыс, Ахмет Байтұрсыновқа тұрмысқа шыққаннан кейін мұсылман дінін қабылдап есімін Бадрисафа деп өзгерткен.

Өзің әкесі Байтұрсын (менің атам) патша өкіметіне қарсы шыққаны үшін тұтқындалып, Сібірге қапастағы жұмысқа жер аударылған соң, 1886 жылы Ахмет Байтұрсынов Торғай қаласындағы екі сыныптық қазақ-орыс училищесінде оқыды, оны тәмәмдаған соң, 1891 жылы Орынбор қаласына барып, қазақ мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітірді. Содан кейін ол еуропалық әдебиеттері оқып, өзінің білімін жүйелі түрде жетілдірді.

Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық қайраткерлігі 1895 жылдан басталды. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық және болыстық екі сыныптық мектептерде сабақ берді.

ХХ ғасырдың басында Қарқаралыда тұрған Ахмет Байтұрсынов революциялық қозғалыстарға қатысты. Бастапқыда астыртын жұмыс істеді; ол 1907 жылғы 17 қазан күнгі манифест жарияланысымен қазақ бұқарасы арасындағы қозғалыстың көрнекті қайраткері және жетекшілердің бірі болды. Реакциялық қысым науқаны басталғаннан соң, 1909 жылы 1 шілде күні тұтқанға алынды, содан кейін 2 жыл қазақ даласынан тыс жерге жер аударылуға бұйырылды.

Ахмет Байтұрсынов 1913 жылдан бастап 1918 жылғы қазанға дейін алғашқы «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Ол өзінің өлеңдерінмен қоса «Маса» атты жинағын жариялады. Сонымен қатар, И.А.Кырыловтың «Қырық мысалын» аударды.

Ақпан төңкерісінен кейін Ахмет Байтұрсынов қоғамдық саяси өмірдің иіріміне араласып кетті. Ол көптеген өлкелік және облыстық құрылтайларға қатысып, жетекшілік етті. Патшалық үкімет құлаған соң Ахмет Байтұрсынов «Алаш» партиясының тізімі бойынша Торғай облысының атынан Бүкілресейлік құрылтай мәжілісіне мүше болып сайланды. 1919 жылға дейін автономияшыл – ұлтшылдардың қатарында болды, сол жылдың наурыз айында оңшыл партияның ұлт саясатындағы бағытының қазақ еліне пайдасы аз екенін түсініп (ол кезде солай жазбасқа амалыда жоқ еді – Т.Ж.) кеңес үкіметі жағына шықты.

1919 жылы Ахмет Байтұрсынов құрамына кіретін «Алашорданың» Шығыс бөлімі кеңес өкіметіне: кешірім жасап, Қазақстандағы кеңес өкіметінің жұмысына қатысуға мүмкіндік беру туралы мәлімдеме тапсырды. Олардың бұл өтініші қабылданды. БОАК-нің төралқасы: «Бүкілресейлік Орталық Комитетінің 1919 жылғы 4 көкек күнгі қаулысына сәйкес Қазақ және Сібір революциялық комитеттері мен Челябі губаткомы БОАК-нің жоғарыдағы қаулысын тұрғындарға жеткізсін, сонымен қатар бұрынғы «Алашорда» үкіметінің мүшелері кеңес жұмысына тартылсын және оларды бұрынғы қайраткерлігі үшін қудалауға болмайтынын түсіндірілсін – деп атап көрсетті.

Кеңес өкіметінің жоғарыдағы шешіміне сәйкес және БК(б)П Орталық Комитетінің ұсынысы бойынша Коммунистік партияның қатарына өтті. Оның Коммунистік партияның қатарына өтуін осы кезде коммунистер аса ірі идеологиялық жеңіс деп бағалады. Әкемнің партияға кірердегі сөзі «Известия Киргизского края» атты газетінде (құжаттар ұсынылып отыр) жарияланды.

Менің әкем, Ахмет Байтұрсынов Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуының дайындық жұмыстарына белсене кірісті. Бірнеше рет В.И.Лениннің қабылдауында болды, оған мына құжаттар дәлел:

1919 жылы, 24 шілде күні Ленин Халық Комиссарлары Кеңесінің: С.С.Пестковскийді – төраға, ал Сейітқали Меңдешовті, Бақытжан Қаратаевті, Ахмет Байтұрсыновты, Мұхамедьяр Тұнғашинді, В.Л.Лукашевті және Ә.Т.Жангелдинді Қазақ Өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшесі етіп тағайындау туралы қаулысына қол қойылды (Владимир Ильич Ленин. Биографическая хронология, 7 том, 406 б).

1919 жылы 9 желтоқсаннан кейін Ленин Кремльде Қазақ Өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің төрағасы С.С.Пестковскийді және оның мүшесі А.Байтұрсыновты олардың өтініші бойынша қабылдады. Пестковскийдің өлкенің шаруашылығы мен саяси жағдайы туралы, саяси-ағарту жұмысның қиындағы туралы есебін тыңдады. Оларға: бірнеше жақсы баяндамалар дайындап, оны қазақ тіліне аударып, күйтабаққа жазып, мүмкіндігінше көп мөлшерде грамафон тауып, оларды қырдағы көшпелілерге таратып беруге кеңес берді; сондай-ақ кедейлердің пайдасына ауқатты көшпенділердің малын үлестіріп беру саясатын жүзеге асыруға асықпауды ұсынды (Владимир Ильич Ленин. Биографическая хранение, 8 том, 408 б.).

1920 және 1921 жылдағы Кеңес Республикасының бірінші және екінші құрылтайында А.Байтұрсынов екі рет үкімет мүшесі – Қазақ АССР-нің Оқу-ағарту халық комиссары болып сайланды. 1925 жылдан Қазақ ағарту институтының оқытушы-профессоры, Оқу-ағарту комиссариатының жанындағы Ғылым мен әдебиет жөніндегі комиссияны (Академиялық орталықтың) төрағасы және Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрғасы болды.

В.И.Лениннің жоғарыдағы ескертуімен Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1919 жылғы 4 көкектегі қаулысын аяқ асты еткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің 1928 жылдың күзінде бай-феодалдардың малы мен мүліктерін тәргілеп, кедейлерге бөліп беруі – қасіретке әкеп соқтырды, сонымен қатар ет пен астықты тақыр таза сыпырып алуы жаппай ашаршылыққа ұшыратып, адамдардың жаппай өліміне жол берді.

Ф.И.Голощекин өзінің «Кіші октябрь» деп атаған осы зорлықпен жүзеге асырылған шарасының сәтсіздікке ұшырайтынын сезіп, бұл науқанға қарсы шығуы мүмкін деген желеумен алдын-ала сақтанып, революцияға дейінгі қазақ зиялыларының 30-дан астамын тұтқынға алды.

Менің әкем, А.Байтұрсынов, Алматы қаласында тұрған кезінде 1928 жылы 2-маусым күні Қызылорда қаласында өтетін филологтар мен әдебиетшілердің кеңесіне қатысуға шақырылған жерінде тұтқынға алынып, Алматының түрмесіне жөнелтілді, онда біз азық-түлік апарып тұрдық. Әкеміздің Архангельскіден жазған хатын алғанда барып оны ОГПУ-дің сонда жібергенін бір-ақ білдік. Ал, 1929 жылы қазан айында менің шешем Бадрисафаны және мені арнайы жер аударушылардың қатарында Томск қаласына , біз онда 1932-ші жылға дейін болдық. Содан кейін менің шешемді Томскіден ары Батыс Сібірдің Нарын ауданына жер аударды.

Менің әкем, А.Байтұрсыновтың 1934 жылы А.М.Горькийдің әйелі Е.П.Пешковаға жазған өтінішінен кейін халықаралық Қызыл Крест қоғамының араласуымен айдаудан бостылды, сол адамның көмегінің арақасының Батыс Сібірдің Кривошеин ауданындағы әйелі Бадрисафаның қолында тұруға рұқсат етілді, сол арадан екеуі Алматыға қайтып оралды.

1938 жылы 7-қазан күні менің әкем, А.Байтұрсынов Қазақ ССР-нің НКВД мекемесі тарапынан Алматы қаласында екінші рет тұтқынға алынды.

Менің өзім жер аударылудан 1933 жылы Алматыға қайтып оралдым, Байсаловқа тұрмысқа шықтым, алайда 1950 жылы әкем үшін түрмеге қамалып, Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 58 бабы бойынша 10 жылға сотталдым. Кесімді мерзімді Шамалғанда өтедім және 1953 жылы бостандыққа шықтым, содан кейін толық ақталдым.

КОКП-ның Саяси Бюросының Комиссиясынан екі рет қатарынан заңсыз қысымға ұшыраған менің әкем Ахмет Байтұрсыновтың Кеңес Одағының Азаматы деген адал атын қалпына келтіруді өтінемін.

Республиканың қазақ тұрғындарының барлығы да Ахмет Байтұрсынов жасап кеткен қазақ тілінің грамматикасын осы уақытқа дейін қолданып келеді, ал оның авторының есімі әлі де жабық күйінде қалып отыр. Сондықтан да Ахмет Байтұрсыновтың әдеби және ғылыми еңбектеріне қойған шектеуді алып тастауларыңызды және оның авторлық құқық қалпына келтірулеріңізді өтінемін

Шолпан Ахметқызы Байсалова Байтұрсынова

Алматы қаласы 15 мамыр 1988 жыл».

Басталған іс сәтті аяқталған соң сергек кірісіп, Ахаң туралы бір туысқанының естелігін өз қолыммен өңдеп жазып, «Жұлдыз» журналына жариялап та ем. Сөйтсем, бауырдың бәрі мен ойлағандай тату болмайды екен. Өкініштісі, әкесінің ақталғанының қызығын алаңсыз қызықтауға, «өлсең – жоқтасатын, тірі жүрсең – күндейтін» ағайындары мүмкіндік бермеді. Кеңес өкіметі тартып ала алмаған фамилиясын ағайындары тартып алғысы келді. Оған арыстандай күркіреген ақын ағамыз Сырбай Мәуленов дегдар да араша түсе алмады. Құқық комиссиясының атынан кепілдік-куәлік те жазған жайымыз бар еді. Ақыры ар сотынан аман шыққан аяулы халық қызы ағайынның арсыз сотын көтере алмады. Шерлі жүрек сыр беріп, жарылып кетті.

Міржақып Дулатов – өжет пікірінен тергеу барысында да қайтпапты. Тергеуге барғанда да қырынып, киімінің қыртысын жазып, кеудесін тік ұстап барады екен. Тек Аманкелдінің қазасы тұсындағы жауаптарында албырап қалғандығы, есімде жоқ деп – кібіртектегені байқалады. Ал халық ауызында: Аманкелдінің қазасына Сейдазым Қадырбаевтың, Бақытжан Қаралдиннің қатысы барлығы айтылып қалатын. Біз танысқан тергеу ісінде ондай мағлұмат кездеспеді. Керісінше, қызыл партизандардың өз қолынан оққа ұшқанына көзіміз жете түскен сияқты. Ал Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова осы архив мұрағаттарымен танысу барысында ең жақын тілеушіміз, кеңесшіміз, сенеріміз болды. Әсіресе, адамдардың өмірбаянын анықтауда өлшеусіз көмек көрсетті. Тек, Міржақыптың бажасы Ахмет-Сафа Юсуповтың «құпия тыңшы» ретінде атылғаны жанына қатты батты. «Сондай ақ көңіл, қимас, сенімді адам еді»,– деген сәбилік сенімнен айырылу қиын да болған шығар. Біздің: Тергеу мекемесінің қандай ойы барын біліп отыру үшін, мүмкін, алаш азаматтары әдейі рұқсат берген болар,– деген уәжімізге сенді. Шындығында да, ол «тыңшылық мәлімет бермегені үшін» ату жазасына кесілген. Демек, ділі берік жан – деуге негіз бар.

«Ұраным – Алаштың!..» бірінші кітабі жарық көргеннен кейін Түркияның Малтөбе университетінде өткен халықаралық конференциядағы осы әфсананың басты тұлғасының бірінің ұрпағымен тосын кездесуім – мәңгі ұмытылмас оқиғаның бірі болды. Сол университеттегі ұйымдастырушы қарындасымыз Гүлжанат Құрманғалиқызы үзіліс арасында: «Сізбен Заки Уәлиди Тоғанның қызы Есенбике бегім танысқысы келеді»,– деді. Не дейді? Мұндай да күтпеген кездесу болады екен! Жүрегімді алақаныма уыстап тұрып Есенбике бегімнің алақанына салғандай ишара білдіріп: «Мұның ішінде сіздің әкеңіз аңсаған алаш азаттығының демі бар»,– дедім. Инабатты бегім жылап жіберді де: «Конференцияда әкемді және башқұрттарды сіз ғана есіңізге алдыңыз»,– деді. Бұл қысқа үзілістегі ұзақ әрі толқулы ұшырасу болды. Заки Уәлидидің тергеу ісі және шет елге кете алмай қалған шешесінің тағдыры туралы мағлұмат бердім. Биязы, қуыршақтай ғана сүйкімді адам екен. Көңілі толқып тұрып: «Мен әкемнің екінші ноғай әйелінен туған қызымын. Башқұртстан мен Қазақстан десе көз жасы ыршып кететін. Сіз сөйлегенде сол мінезі есіме түсті. Елде қалған әйелін өлдіге санап жүрген. Алпысыншы жылдың соңында тірі екенін, баласының да бар екенін естігенде өкісіп-өксіп жылады. Біз хабарласып, жағдай сұрасып тұрамыз. Өзім де оқытушымын»,– деді. Заки Уәлидидің тергеуі қамтылған «Ұраным – Алаш!..» атты кітабыма: «Алаш азаттығының бір тамшы көз жасы – Есенбиек бегімге!»– деп қолтаңба жазып ұсындым. Суретке түстік. Қалайда айналсоқтап шыға алмадым. Қимай қоштасып, көлікке шығарып салдым. Тіршілікте талай тағдырдың иесімен тосын кездестік қой. Бірақ дәл Есенбике бегіммен ұшырасқанымдай алабұртқан емеспін. Ол кісінің жан жылуы да осы қорытынды сөздің ішінен сезілсе екен деп тілеймін.

«Ұраным – Алаштың!..» «Жегі» атты бірінші бөлімі жарияланғаннан кейінгі ең белсенді оқырмандар – Астана қаласына шоғырлана орналасқан торғайлық зиялылар болды. Кітапты сұратып та, сұрап та, қолқалап та алды. Қаншама елеңдеп жүрсем де хабарласқан бірі болмады. Өйткені осында Аманкелдінің қазасы туралы деректер мен болжамдар туралы бір жақты пайымның жоқтығы және өте шетін де шамшыл мәселе екені маған мәлім еді. Мұнда тергеу мен жазалау саясатының негізіне сүйенген, Ахмет Байтұрсынов пен Әліби Жангелдин Мәскеуде «Алашорда» үкіметімен келісім жүргізіп жатқанда, келісімді болдырмас үшін Аманкелдіні большевиктердің өздері өлтіруі мүмкін – деген жорамал да айтылған еді. Оған дәлел ретінде: Лениннің құпия бұйрығымен бір түнде қызыл армияның солдаттарына «латыш ұлтшылдары әскерінің киімін кигізіп», қызыл әскердің бір бөлімшесін қырып салып, ертеңінде жаңағы қызыл қырғынды ұйымдастырған бөлімге «латыш атқыштары» деген ат беріп, бүкіл ұлттық зиялылар мен әскери бөлімдердің көзін жойып жібергені туралы деректі тоқсаныншы жылдары латыш тарихшылары жариялап еді. Өйткені Қазақ Әскери Революциялық кеңесінің ерекше бөлімінің бастығы Кашириннің сол «тәжірибені» Торғайда жүзеге асыруы әбден мүмкін болатын. Алайда мен күткен «жауап» келмеді. Тек алаш рухты Сейтбек Нұрқанұлы ағамыз ғана кеңесін беріп, кеңінен пікір білдірді. Сөйтіп түңіліп жүргенде кітапта аты аталып, хаты жарияланған Қорған Әмірехамзин деген қарт іздеп кеп, кітапты сұрады. Екі күннен кейін келіп: «Сіз дұрыс жазбағансыз. Бірінші: Аманкелдіні өлтірген – Міржақып Дулатов. Ол ақталуға тиісті емес азамат. Мен оны дәлелдеп шығамын. Екіншіден, сіз Әліби Жанкелдинді, яғни, қыпшақтарды қорлағансыз. Мен мұнымен тоқталмаймын»,– деп зіл тастап кетті. Кейін телефон арқылы да біраз «айып» тақты. Алаш ардагерлері ақталар тұста осы адам біраз жерге хат жазып, Міржақыптың ақталуын кешіктіріп еді. Ол хаттарының көшірмесі менде бар болатын. Сонымен шындықтың түбіне жету үшін Торғайға жол тартып, ауыл адамдарымен сөйлесіп, көңілді орнықтырған жайымыз бар. Әзірше тыныш, бірақ...

Дінмұхамед (Дінше) Әділев тұтқынға түсісімен өзін «тұрақты мекені мен жұмысы жоқ», «әр топтың соңында жүрген», «жай бандит, тентек, бұзық емес», «қазақ ұлтының бостандығы үшін күрескен шыншыл саяси тұтқын» ретінде ұстаған. Соны дәлелдеу барысында қыза-қыза келіп камерада отырып саяси платформа жасап, ұйымның кестесін сызып, астыртын ұйымның «түрмедегі көсеміне» айналған. Жауаптарына және мінездеме берген адамдардың сөздеріне, біздің де жинастырған естеліктеріміздегі пікірлерге қарағанда қызба мінезді, өжет, қызықты да шытырман оқиғаға құмар, әйтеуір ұлтжанды, бауырмал, «балалық тентектігі басылмаған» (М.Дулатов, С.Қожанов) ширақ жігіт. Оның көрсетінділерінің барлығын көшіріп шығу мүмкін емес. Менің қаламыма ілікпеген бір жауабында:



«Тұрар Рысқұлов Қызылорда қаласына келді. Кісілер кіріп-шығып, асығыс жөн сұрасып жатты. Міржақып Дулатов екеуміз сәлем беруге бірге бардық. Міржақып мені ауыз үйде қалдырып, Рысқұлов екеуі оңаша бес минуттай сөйлесті. Іле бөтен кісілер келіп қалып, Рысқұлов соларды қарсы алуға шығып кетті де, әңгімелері үзіліп қалды. Сыртқа шыққан соң Міржақып Дулатов маған (Дінмұхамедке – Т.Ж.): «1922-жылғы Ташкенттегі ұйым туралы сөз бастап, енді түсіндіре бастап едім. Үлгермедім»,– деді»,– деген мағлұмат беріпті.

Бұған қарап Рысқұловтың астыртын ұйымға қатысы бар деп пікір түюге бола ма? Мұндай дүдәмал деректер Д.Әділевтің әр көрсетіндісінде кездеседі.

Сондай-ақ, Қараноғай (Әубәкіров) мен Діншеге қатысты жарияланымдардың негізділігіне қарамастан, сол зерттеушілердің «түрме әфсанасына» қатысты көзқарастарын білдіруге келгенде, ол азаматтар өз пікірлерін жалпылама айтып, ашық бояп, жадағайлатып жіберетіні де көңілге алаң кіргізеді. Шындығында да, Дінше өмірін тағдырына тапсырған күрмеулі тұлға. Бізге Діншенің немере туысы, соның ішінде Жаңаарқа ауданында шаруашылық басқарған Нұрғали, Кәрібай деген азаматтар және әнші Игілік Омаров сол оқиғаның өткен жерін сексенінші жылы көрсетіп еді. Ол кезде Діншені тұңғыш театрдың директоры ретінде алғай жазып, алғаш баспа жүзінде атын атап ек. Көңілдің сол ыстық табын тергеу құжаттары суытып жібергенін несіне жасырайық. Соның ішінде мұқым алашордашыларды өмірде жоқ «астыртын ұйымның» мүшелері етіп көрсеткен «Дінмұхамед Әділевтің өз қолымен сызылған қазақ астыртын ұйымының шамамен алғандағы сызбасы» өзгелерді де, оның өзін де ату жазасына алып келген. Үш бетке сызылған жобаның мазмұны мынадай:

«1-сызба. 1921 жылдың көктемі мен жаз айындағы құрылымның мүшелері: Орынборда – Байтұрсынов, Сәрсенов Б., Омаров Е., Балғымбаев пен Әділев (Бұқараға кеткенше); Петропавльда – Тілеулин Ж., Семейде – Ғаббасов, Ермеков, Қозыбағаров; Ташкенттегі бөлімшеде – Дулатов, Досмұхамедов Х., Досмұхамедов Ж., Қашқынбаев, Жаленов, Есполов, Бірімжанов, Юсупов, Б.Битілеуов, Омаров У., Тынышбаев, Бұқараға барғандар – Әділев, Болғамбаев, Әндіжанға барған – Әділев.

2-сызба: 21 жылдың соңынан 24-жылға дейін: Орынборда – Байтұрсынов, Омаров Е., Бөкейханов, Дулатов (24-жыл); Торғайда – Юсупов, Ақмолада – Болғамбаев, Семейде – Ғаббасов, Ермеков, Қозыбағаров, Дулатов (23-24 ж.ж.); Петропавльда – Тілеулин Ж., Москвада – Бөкейханов (23 ж. бастап), Жұмабаев (24- ж. бастап), Ленинградта – Әуезов (24-ж. бастап), Берлинде – Бірімжанов, Битілеуов, Мұңайтпасов, Парижде – Шоқаев; Ташкенттегі өзбек бөлімшесінде – Досмұхамедов Х., Досмұхамедов Ж., Қашқынбаев, Жаленов (24-ж. дейін), Есполов, Бірімжанов, Битілеуов (22-ж. дейін), Омаров У., Тынышбаев, Қожанов, Бұқарбаев, Баймаханов С., Мұсаев Ш., Әлиев О., Данияров Б., Үмбетбаев А., Жұмабаев М., Әуезов М., Әділев Д.; Самарқанда – Үмбетбаев, Валидов (22-ж. күзіне дейін) ; Шымкентте – Кенесарин, Әулие-Атада – Байсейітов Әзиз, Алматыда – Сүлеев Б.

3-сызба, 1925-28 жылдары: Қызылорда – Байтұрсынов, Дулатов, Есполов, Досмұхамедов Х. (27-ж.), Омаров Е., Юсупов, Әділев (25-26 жылдар), Ғаббасов, Ермеков; Ташкент – Досмұхамедов Х., Досмұхамедов Ж. (26-ж.), Қожанов (27-ж.), Шымкент – Аймауытов (26-27 жж.), Алматы – Тынышбаев, Өзбекстанда – Омаров У. (26-27 жж.), Сарысу ауданы – Әділев (26-27 жж.), Орал – Жәленов, Москва – Бөкейханов, Жұмабаев, Ленинград – Әуезов, Берлин – Бірімжанов, Париж – Шоқаев, Константинополь – Валидов».

Міне, осы сызбаны тергеушілер Х.Досмұхамедовке көрсетіп: «Мұны жазған М.Тынышбаев. Сондықтан мойындап көрсетінді жаз»,– деп оны да, өзгелерді де арандатқан. Былайша айтқанда сызбаны «саспақ теке» ретінде пайдаланған. Бұл деректерді жасырып қалудың ретін таппадық. Ал Д.Әділевтің ағайындары мен туыстары және ол туралы зерттеушілер де өз пікірлерін бізден қалыс ұстады. Тек Ақселеу марқұм ғана пікір білдірді, бірақ тамырлата талдамады. Өйткені ол кісінің де туыстары осы іс бойынша жауапқа тартылып, атылып кеткен еді. Кітапты жазу барысында шындықтың осындай да бір шырматылуының жанға батқаны бар.

Халел Ғаббасов – түрменің өзінде де шындық үшін күресіп, пікірін дәлелдеп, заңды талаптарынан бас тартпаған. Тергеушілер де ерегесіп, оны өзгелерден бөлек жеке камерада ұстаған. Сөйтіп жүйкесін жұқартқан. Соған қарағанда: ату жазасына кесілген үкімді естісімен, кешірімді күтпей, өз еркімен өмірден бас тартқан-мыс – деген қауесет те бар. Туған інісі, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Араб Ахметжанұлы Ғаббасов ағамыз біз хабарласқанда жасының ұлғайғандығын айтып (ол кезде тоқсанды алқымдап қалған), түсінік беруден бас тартты. Ал Шыңғыс елі бұл азаматты жат санап, соңына іздеу салмады. Сөйтіп, белгілі тұлға белгісіз күйінде қалып келеді. Ал біз ауылдасы ретінде білгеніміздің барлығын «Бәйбіше – Тоқал тарагедиясы» атты тарауда қамтуға тырыстық. Мүмкін, келешекте зерттеушілерден жолы болар.

Елдес Омаров – өзіне тағылған айыпты «өзінің жеке көзқарасы» ретінде дәлелдеуге ұмтылған. Мамандығына орай, әр сөзін есеппен айтып, жаубын дұрыс шығарып, қорытындыны өзі жасап, қисынын шығарып отырған. Әттең, дейтіні – артында ұрпақ қалмағаны және әйелінің тергеуге жанай тартылғаны.

Жүсіпбек Аймауытов – шығармашылығы арқылы көркем көзқарасын жеткізуге ұмтылған. Бір өкініштісі, өзінің соңғы романы жаңа экономикалық саясатты бейнелейтінін, ондағы кейіпкер – капитализмнің тілін білетін, жаңа экономикалық саясат тұсында капитал жиған қазақтың байы,– деп көрсетеді. Сол қолжазбаны 1934 жылы Евгения Аймауытова Ғабит Мүсіреповке аманат етіп тапсырыпты. Ал ол қаламгердің тура сол тақырыптағы атақты шығармасынан Ж.Аймауытовтың жазу мәнері бірден байқалады. Өзі: «Менің ұстазым – Жүсіпбек. Ана романды соған еліктеп жаздым»,– деп бізге де, басқаларға да, баспа жүзінде де айтып қалғаны бар. Күмәннан құдай сақтасын. Әйтеуір Аймауытовтың сол романы жоғалып кетті. Енді табыла қоюы неғайбыл. Ж.Аймауытовтың сол жылы атылып кетуіне «ежелгі ерегесі бар «Ежовтың» кесірі тиді ме. Әйтеуір Бекдуллаев деген шәкіртінің: «Шымкентте көтеріліске шақырып жазған үндеу Аймауытовтың қолтаңбасына қатты ұқсайды»,– деген сөзі себепкер болғаны анық. Қауіпсіздік комитетінің адамдары ол үндеуді Д.А.Қонаевқа, С.Мұқановқа, Ғ.Мүсіреповке көрсетіпті. Жүсіпбектің қолтаңбасымен таныс екі жазушы да бұл хатты Ж.Аймауытовтың жазғанына күдікпен қараған.

Мағжан Жұмабаев өзін түрмеде де ақын ретінде ұстаған. Оның көрсетінділеріндегі сөздерінен көркем ойдың табы шарпылып тұрады. «Алқа» әдеби үйірмесінің «Табалдырық» атты бағдарламасының суретке түсірілген қара қағазы (негативі) сақталған. Біз оны көшіріп алып жария еттік.

Кәрім Жәленовтің жауабы нақтылығымен және дәлелімен назар аударады. Батыс «Алашорданың» ұйытқы тұлғаларының бірі бола тұра жауаптары тек қосымша мәселелерді қамтумен шектелген. Бұл кісінің жамағаты да орыс екен. Мүмкін, тергеуші «балдыздары» жезделеріне жұмсақтық танытты ма, кім білсін. Ол кезде өзге ұлттың қызын алу – «интернационалдық борышты» өтеу сияқты болып бағаланатын.

Ғазымбек Бірімжанов – Ташкенттегі қазақ зиялыларының шешімімен «Аштыққа ұшырағандарға көмек» қаржы жинау үшін Бұқараға барған. З.Валидовпен Бұқарада және Берлинде кездескен. Алайда осы екі оқиғаны елеусіз ғып баяндағаны сондай, нақты мағлұмат алудың өзі қиынға соғады. Оның есесіне Ғ.Бірімжановтың «түрікмен ұлтшылдарымен байланысы анықталып», айдауда жүрген жерінен Ашғабатқа жөнелтіліпті.

Хайреддин Болғанбаев өзінің тікелей З.Валидовпен жолығу үшін Бұқараға барған сапарына: «Оқулықтармен қамтамасыз етудің жайын қарастыру үшін іссапарға жіберді»,– деген желеу айтады. «Алашорданың» атынан жолдаған құпия хат туралы А.Байтұрсыновпен беттесу кезіндегі қисындары тым шашыраңқы. Алдыңғы пікірін дәлелдемеген, не оны жоққа да шығармаған.

Ахмет-Сафа Юсупов тергеу үкіміне қарағанда: «төтенше комиссияның алашордашылардың ішіне енгізілген тыңшылық қызметін атқармағаны үшін» ату жазасына кесілген. Соған орай жауаптары да қысқа. Тұрмыстық жайдан басқа мәлімет бермеген. «Маған айтқан жоқ», «білмеймін», «сәлемдестім, бірақ әңгімелескемін жоқ» деген сыңайда жауап қайырған. Сонда да мұндай екіұшты мағлұмат бұл адам туралы қандай да бір қоғамдық пікірді қалыптастыруға тәуекел жасатпайды.

Мұхамеджан Тынышбаевтің жауаптары ұзақ әрі шашыраңқы, аңғал баяндалған, ойының етек-жеңі жиналмаған. Сөзі де, жазуы да созылмалы, немкеттілік басым. Оның саясаткерлігіне түрмелестерінің ешқайсысы баға бермейді. Алғашқы көрсетінділерінде өзіне тағылған барлық айыптарды мойындайды. Бірақ та кейінгі жауаптарында одан бас тартып: «Менің ол жолы денсаулығым нашарлап тұр еді. Не айтқанымды, неге қол қойғанымды түсінбедім. Енді бәрі есіме түсіп отыр»,– деген уәж білдірген. Ол: Жетісу өңіріндегі төңкеріске дейінгі оқиғаларға шолу жасап, Шкапскиймен бірігіп 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті жазалауға шыққан әскердің зардабын жоюға қатысқанын, атаман Анненковпен үш рет кездескенін, оған қызмет көрсетуден бас тартқанын баяндайды. Ташкенттегі астыртын ұйымға: астыртын ұйым емес, пікірлестер мәжілісі – деп қарайды және Валидовпен кездескенін мойындайды. Халел және Жаһанша Досмұхамедовтермен бетпе-бет кездескеннен кейін алдыңғы көрсетінділерінен бас тартқан. Жандосов пен Рысқұловты туған бауыры есебінде санаған. Оларға шәкірт кезінде қамқорлық көрсеткен. 1914 жылы Тұрардың оқуын жалғастыруы үшін қомақты сома беріпті.

Ең көп сұрақ-жауап алынғандар М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов және Ә.Ермеков. Олардың бұл жауаптары кейін айыптау үкімінде үзінді-үзінді ретінде пайдаланылған.

Жазба жауаптарына қарағанда: Х.Досмұхамедов – іскер, сөзге ұтымды, жазуы анық. Бірінші жауабында өзінің астыртын ұйымға қатысын мойындап, болашақ қазақ республикасының мемлекеттік құрылымына дейін баяндап бергенімен, келесі сұрақтан бастап оның барлығын жоққа шығарған. Мағлұматтық тұрғыдан алғанда деректер мол.

Жаһанша Досмұхамедов – өткір, орынды сөйлеп, мақал, мәтел қосып, тура кесіп айтады. Заңға жетік. Жазуы да анық, баяндауы да ширақ, нақты. Алғашқы тергеуден бастап бірбеткей мазұнда жауап берген. Басы артық көрсетулер жоқ.

Әлімхан Ермеков – қызба, күйіп-пісіп сөйлейді, күйіп-пісіп жазады. Өткір. Тергеушілерден жасқанбаған. Пафоспен сөйлеуге бейім. Өзінің Ленинмен кездесуін, Ежовпен таныстығын сөз арасына сыналап кіріктірген. Кеңес өкіметінің саясатын қолдай жауап қайырып отырған. Оның кейін газетте жарияланған ашық хатының екі нұсқасы тергеу ісінде сақталған.

Иса Қашқынбаев – еркін сөйлеп, еркін формулировка жасайды. Жауаптарының барлығы да алдын-ала жөнделіп, өңделген сияқты әсер қалдырады.

Мұрзин Мұхтар – нағыз ер мінезді, тік сөйлеп, келте қайырады. Жауаптарының барлығы: мен тыңшы емеспін. Өсек жинамаймын Сондықтан да ештеңені есімде ұстамаймын,– дегенге саяды.

Мұхтар Әуезов басында өзін сыпайы ұстаған. Тергеу соңында «жіби бастағаны» сезіледі.

Жақып Ақбаевтың көрсетінділері тергеушілердің сұранысын қанағаттандырмаса керек. Бір-екі сараң да қысқа өмірбаяндық шолумен тәмамдаған. Бұдан әрі қазбалауға денсаулығы да мүмкіндік бермесе керек. Көбінесе санитарлық бөлімде жатқан.

Әбдірахман Байділдин – Ғалым Ахмедов дегдардың айтуы бойынша: ұшқалақ, жаңғалақ, шамшыл адам болған көрінеді. Сол рас сияқты. Әр көрсетіндісі машинкамен есептегенде 30–40 параққа жетіп жығылады. Қағазшыл, әсіре әсершіл, жанталасқан жан сияқты. Қалайда М.Әуезов пен С.Сәдуақасовты жек көрінішті етуге тырысып, әшкерелеп баққан. Ол да жанына сая таптырмаған. Тергеушілер оған «Қалам» деп кекесінді ат қойған. Армансыз пайдаланған соң ату жазасына кесілген және үкім орындалған. Ол партия тазалауы жүрген кезде: «Мен бір кезде Колчактың қарсы барлауында істегемін»,– деп мақтанып қалса керек. Сол сөзі өзінің түбіне жеткен. Ұлы кезінде обкомның хатшысы болған. Әкесінің «халық жауы» болғандығын жасырғаны үшін орынынан алыныпты. Немере, шөберелерінің бұл «сапырылысқа» қатысы жоқ екені аян.

Өкінішке орай, арасына үзіліс салып үш рет дәрмен алып, ұзын-ырғасы екі жылға тарта архив мұрағаттарын қаншалықты мұқият қарап, тиянақты таныстық дегенмен де, «Алашорданың» астыртын ұйымынына қатысты тергеу ісі бойынша жауапқа тартылған жетпіс бір адамның жауабын және оларға қатысты анкеталық деректерді толықтай көшіріп ала алмадық. Бізге ес қатқан және соның арқасында таспаға түсіріп алған алақандай үнтартқыштан басқа қазіргідей жансебілдік жасайтын техникалық мүмкіндік те жоқ еді ол кезде және оған рұқсат та бермейтін. Қысымды тәртіп пен шағымды шектеудің қыспағында тергеудің негізгі желісі мен шырмалған шындықтың қылын суырып, ең басты түйіншекті ретке келтіріп алудың өзі де көп уақытты алды. Сондықтан да көрсетінділердің дені басты мәселеге – оларға тағылған басты айыптың әлібін ашатын оқиғалар мен алаштың басты тұлғаларының тағдырына орайластырыла жинақталды. Шағымды көрсетінділері дәті мен дәлеліне сай пайдалынылды. Ұлт мүддесі үшін күйінді болған сүйінді арыстардың алдында тағзым ете отырып, арнайы тоқталмағын сол азаматтардың есімін жаңғырта кетуді орынды санадық.

«Алашорда» тарихындағы тамырлы тұлғаның бірі Сейдазым Қадырбаев. Торғай өлкесінің Қызбел ауылындағы Қоңыраулы өзенінің жағасында туған. Торғайдағы орыс-қазақ мектебін бітірген. Төңкеріске дейін де, одан кейін де заң саласында істеген. «Алашорданың» Торғайдағы жасағының әскери кеңесінің мүшесі болғандықтан да, негізінен сол тұстағы Аманкелдінің қазасына байланысты оқиғаларға қатысты айғақтарда және Міржақып Дулатовқа бағытталған тергеу сұрақтарында аты жиі аталады, тіпті тікелей жетекшілік етіпті-міс деген де қауесет бар.Ұзақ мерзім заң мекемелерінде іс қағаздарымен айналысқан тәжірибесіне сүйенсе керек, оның көрсетінділері барынша ұстамды, тергеушілерге шиі шығатындай ұшық ұстатпаған. Бұған Гүлнар Міржақыпқызының:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет