Ұлылықты ұтады.
Ұлымсың ұлтжанды
Ұлыс боп, ұжымдас,
Ұсақтық ұстанбай
Ұлымен ұрандас.
Уақытта жоқ мекен және тұрақ,
Желігеді жүйткиді мініп пырақ.
Уақытпен санасып, саңлақ тартсаң,
Арманыңа жетесің,қалқа - шырақ.
НӘЗИРА, НАЗЫМ
Жүректе мақсат,қайрат та бар- ау,
Болмасын әсте жүрегім жадау.
Айаулы менің нәзіркеу, назым,
Жетем бе қуып,жүйрігім жадау.
Жадауға мініп жаралы болмай,
Жалқауға қарап жолдарда қалмай,
Сөндірмей дәйім қуатын жанның,
Жинайын өрден пәктіктің тасын.
Үш қасиет марапаты мақталсын,
Ақыл, Рақым, Әділеттік жақталсын.
Сегіз сипат Аллаһға тән зерлі оқу,
Жарасып тілмен сақталсын.
һайат, Ғылым, Құдірет, Көру, Есіту,
Қалау, Сөйлеу және Тәһкиін,
Әркімнің болсын зерделей оқу ойында,
Бір мысқал ақыл фәндәнің болсын бойында.
МАҺАББАТ ҚОЙ ТҰТҚАСЫ
БҰЛ ӨМІРДІҢ
Ана қандай,
Құшып сүйген сезіммен
Жанарынан жан раһаты сезілген
Жан жүрегін баласына арнайды
Жан жүйесі бала үшін езілген.
Ана сондай,
Сезімі сәл дір еткен,
Жақсылықты тілейді бар ниетпен
Сүйген жүрек артық болып анадан
Қол ұстасып,сүйгенімен жарасқан.
Жар қандай,
Бір жүректің төрт құлағы,тілі бар,
Ұл қыздарым оны жақсы біліп ал.
Үш құлағы: ата, ана, бауырың
Төртіншісі барған жұртың тәуірің.
Жар сондай,
Бір жүрекке сыйғызасың төртеуін,
Дала гүлдің жинай жүрші өртеңін,
Жақсы адамға төрде талай орын бар
Маһаббат қой тұтқасы бұл өмірдің.
ДҮНИЕНІҢ БАР ДЕЙДІБАС - АЙАҒЫ
Дүниенің бар дейді бас- айағы
Данышпанның дәлелі, бар айғағы.
Дүниенің басында жаңа тудым,
Жеткенім жоқ, бшмеймін, қайда айағы.
Кешегісін көремін бүгінгісін,
Уақытпен дүние болады ісің.
Дөңгеленген дүниеге- уақыт өлшем,
Уақытқа түспесін жарқын ісім.
Жүрегімді тербейді асыл сөздер,
Сынай қарап тұрғандай тескен кездер.
Кемел ой мен көне сөз жарасады,
Күрмелейді ойымды көпен сөздер.
Ақындыққа қосайын ылажымды,
Қыран көңіл іздейді асқар шыңды.
Аллаһ берген сыйымды аласартпай,
Жүріп келем іздеумен Бидайықты.
Тереңіне бойладым өлең- арман,
Көкірегіме жимадым сөзді жалған
Іздемедім «сүйретпе»,әлде, «арқа»,
Өлең оқып, қуандым жас балаша.
Түсінбеске өмірдің өрі жалған,
Жүрегімнен өлең - жыр орын алған.
Талайларды көтеріп, мына, жалған,
Талайлардан жан себіл өшін алған.
Сарарқадай Саһара сайағымын,
Мінезім қыздарындай байағының.
Алмақ болса, астына айағының,
Көреді батыл ісін Бидайықтың.
Бидайыққа ұқсаспын күн қарыған,
Үкі тақтым Аққұсқа жыр дарыған.
Сұңқарларды сабылтып састырғанмын,
Бүркітгің де қыранын бұқтырғанмын.
Алашымның Азаматын сүйемін,
Жамандарды көрсем налып,күйемін.
Сол себепті Бидайықтай батыл боп,
Өлең - жырға асыл сөзді түйемін 2010
МОМЫННЫҢ МОНОЛОГІ
(толғау)
Өмір өрі тұрады екен Тау да болған жаралы,
Қуаныш, реніштен. Сар дала болған қайғылы.
Кім екен сар даланы күңіренткен,
Кім өзі құба жолды дүбірлеткен
Қайғыға адам төзіп тұра алмаған,
Сондықтан батырларым белін буған...
Өткеннің мұңын теріп өкінбеймін,
Есіне Болашақтың түсірмекпін
Өткенсіз бүгінгі жоқ, ертең болмас,
Еске алмай бабаларды көңілім толмас.
Дүние тарылмайды, толығады,
Тіл мен жақ жүрегіме табынады
Сезімді серік етіп жыр жазамын,
Оқыған, түйген білім танылады.
Өмірден өткен талай кемеңгерлер,
Кемеңгерді өмірге берген кімдер?
Ой жүгіртші, ойланшы Болашақта,
Данышпанның атын ғана жаттама,
Бос жүрме, білімді қу көкірекпен.
Бар ма жиған кітап- сөрең топтама.
Теледидар сапалы білім болмайды,
Компьтер де көшірме ғой - көзталма
Бір ақынның өлеңіне үңілсең,
Оқып тоқы жазбаларын өміршең.
Егжей -тегжей әр саланы біле жүр,
Кекейіңе білім тұнып төгілер.
Ақша адамға Ай да Күн де болмайды,
Жоқтың орны ақшаменен толмайды.
Ақша, дүние- көздің құрты деген ғой,
Топырақ құймай адам кезі тоймайды.
Бабалар тасқа жазды шежіресін,
Жанымен қолдап, қорғап ел іргесін.
Біз неге сайабаққа тас қоймаймыз,
Батырлар өр тұлғасын мүсіндейтін.
Сайажол, сайашықтар қаңырап тұр,
Білмейді Болашағым тариһын дұр.
Кенерлі шығыршықты тақта болса,
Отырса дерек оқып, жадқа түйіп.
Көшеде түк әсер жоқ ойланарлық,
Қажет-ақ, таза ауаны қайдан алдық?
Отырса қымыз ішіп, қазы кертіп,
Кафеге жастарымы бармас қайтып.
Демалар тамылжыған жағажай жоқ,
Қарттардың жетіспейді жекежайы
Жағасы өзен көлдің бақылшықтар,
Жуады мәшинесін «бизнес байың».
Бабалардан сөз қалды ой түйін боп,
Көшебақта жазылған бір сөзі жоқ.
Көгілдірден көреді атылған, асылғанды,
Танымайды Ақселеу, Сәбит, Бекболатты.
Ақылдар, ақылмандар сөз зергері,
Танытып, дәстүрлейді кемеңгерді.
Поэзия тілінде қасиет бар,
Түсінсең қасиетін жан сусындар.
Мұсылман, зор руһты, өр қалықпыз,
Патшаға, бас иеге біз жараппыз.
Айшықты Астананы ел таныды,
Өмір сұлу болса екен бір қалыпты.
Елімде қымбатшылық бой алмасын,
Өтірік, сауда саттық төр алмасын.
Аунаған герман- зорман машинасы,
Жаңартқан «мерседес» боп сатылмасын.
Орыс қазақ болмайды мақтағанмен,
Есек те жылқы болмас баптағанмен.
Есек пен арғымақты жарыстырса,
Қалмай ма сол есектің алқымы ісіп.
Әр ұлттың қасиеті, өз тегі бар,
Тектіліктен тарайды дәстүр талғам.
Қанасында қазақы қаны ойнайды
Кетсе қазақ неміс боп, негізі оңбас.
Ғасырлар бедерінің өлшемі бар,
Ақылсыз, жамандарға дүние тар.
Жаман жақсы болмайды мақтағанмен,
Жабыдан тұлпар тумас баптағанмен.
Әр ру Ұлысымның шам- шырағы,
Үш жүздің үш тармағы сақшылары.
Мүддесін тұтастықтың қорғайды олар,
Саф жырым ғасырымның кардиограммасы.
Қазақы мәдениет тіл пернесі,
Дін мен тіл фәлсафаның негіздері.
Тереңге тамыр тартқан бәйтеректей,
Шежіре қазағымның діл тірегі.
Сырласам өлеңіммен мұңдасамын
Сөзімді ақылдыға сыйға тартам.
Кісілікті танимын кісілерден,
Аулақтаймын бос кеуде «ірілерден».
Ақын жүйрік,ендеше, ақыл жүйрік,
Жайламасын жүректі ешбір күдік.
Әр істің бас- қасында болсын Адам,
Осымен айақтайын, сөзім тәмәм. 2010
Автардан аударма:
Сайабақ (парк)
Мүсін (статуя)
Сайажол (аллея)
Сайажол (сквер)
Көшебақ (бульвар)
Жагажай (пляж)
Жекежай (особняк)
Сайажай (дача)
Қана (вена)
ӨМІРДІҢ БЕС ҒАЙЫБЫ
(Стихия)
Көгілдір аспан - бүркіттер
Алтын күн - құстар
От жалын - адамдар
Құнарлы қойнау - қара жер
Мөлдір айдын - дельфиндер
Әппәқ ашық Әлемде
Құс ұшып, дәмін тереді,
Адамдар өмір көреді,
Еңбектің дәнін себеді.
Осыньщ бәрі маһаббат,
Ұлылық болып келеді.
ЕБІНІҢ ЖЕЛІНДЕЙ
Еб болдың елім өзіме,
Ебінің желі ескендей.
Айалап мені өсірдің
Ебідей сүйіп көктемде,
Қорғашы Отан қолдашы
Құдіретті ебі желіндей,
Сырларым бар мөп - мөлдір,
Қорған болар ебідей.
ЕСІГІН ҚАҒАМ...
Болашақтың есігін қағам,
Жүрегімді алып бұлқынған.
Асықпа достым. Жырымды оқы,
Өлеңімде өмір бар сұлу, сыр тұнған.
Аспанымның күмбезін қағып,
Үшамын көкке бүлқынып.
Талайын жырдың жазамын көкке,
Жазамын гүлге тұшынып.
Теңіздердің тереңін қағам,
Ескегі болам қайықтың.
Тағдырымды тербетеді,
Әлдилейді сезімімді мөп - мөлдір
Болашақтың есігін қағам,
Арманымды жетелеп.
Жырымды арнап Жиһангерге,
Жақсылық отын маздатам.
Болашақтың керемін күнін,
Шаттыққа толы шұғласын.
Нұрланады нұр насаты,
Ақын жүрек жырласын.
Ақындарда өмір,өнер, өре мол,
Ағызады сездің майын дәйім ол.
Отырса да, жүрсе де ой үстінде,
Сұлулыққа түсінде де ғашық ол.
Әлемге де ғашық ақын әуенге,
Жастың да, кәрінің де Әлемінде.
Есігін ашып әр таңның, әрбір күннің,
Жазады елең ғашықтықган өмірге. 2011
ӨМІР АЙАН
Өмір ірі,
Оңайлықпен алдырмас,
Өткеніңе екінбе, өмір нойан.
Өзгермейді, елмейді емірбайан.
Талай өмір өтеді бір басыңнан,
Отырғызар тақырға шыдамасаң.
Өмір - өзен етеді айалдамай,
Жаңғырады жақсы ісің өмірге айан.
Өмір, - деген адамның талқысы ғой,
Сол емірдің ақындар жалқысы ғой.
Өлең үшін жан қинап, жапа шексе,
Бір асыл зат соңында қалғаны ғой.
Одан артық бақыт та, байлық болмас,
Ақындардың ортасы сенсіз толмас,
Сен кеткенмен өмірден оза шауып,
Жақсы сөзің- жаһүт сөз мәңгі тозбас. 2012
ӨМІР НЕДЕН ТҰРАДЫ
немесе
ЕСКЕРЕДІ ЕРТЕҢІМ
«Ел бүгіншіл, Менікі ертеңгі үшін».
А.Байтұрсынұлы
Өмір тұрады:
кеше,
бүгін,
ертеңнен.
Кеше туып,
Бүгін таңда ержеткем.
Бүгінімде бұқпаламай, белдесіп,
Ертеңімнің сағымыментілдескем
Кешетаттымбалалықтың бал дәмін
Жақындатып жастық шақтың арманын.
Ертелі кеш ертеңімді аңсадым,
Артқа тастапбүгінгі күн жалғанын.
Несіне бүгіп, жасырам бүгінімді,
Бағалар ма адамдар мың ісімді?
Кешегімде кешігіп, бүгін бұқсам,
Ескереді ертеңім ұлы ісімді!
АҚИҚАТЫМ ЕРТЕҢІМ
Кейге ерте,
Кейге бақыт кеш толған.
Ерте келсе есерленіп,
Басы айналып, мас болған.
Қонбай бақыт,
Толмай жанжүр
Жағымпаз боп зорланған.
Бақыт қонып,
Арман толып, биік болған
Талай жан бар
Жақсылыққа қоған болған.
Біреу ерте,
Біреу кеш табылады таңдарда,
Бақ көтеріп, тақ көтеріп,
Қоғамға ес болған да.
Түлкі құйрық
Бұлаң қаққан, бұла бұлтаң, бұл өмір
Қиындыққа қарсы тұрар,
Ағзамызда бар темір.
Ойы озықтар
Сырласады ертеңмен.
Ертеңімен тел тербеліп,
Ақиқатты табады ақын Ертеңнен.
АТА СЕРТКЕ ЖЕТЕДІ
Арқа жері- асыл топырақ даласы,
Далада өсті бар Қазақел баласы.
Ұланғайыр жерін сақтап бабалар,
Жорық салды туын жықпай аталар.
Даналыққой данышпандар еккені,
Батырлықтың бақыты орда мекені.
Бабалардың мұрагері- бабалар
Ата сертке, әділдікке жетеді.
Алыптарым арманына жетпеді,
Шыға алмады белестердің шыңына,
Бабалардың қасірет, дертін ұмытпай,
Игерейік, қол жетпеген бар істі.
Келген сайын Жаңаарқаға айналып,
Қарсы алады сары күзі найқалып.
Астық пісіп, еңбек қайнап, түрленіп,
Жарылқайды алтын күзі жайқалып.
Ит көйлекке сәби кезден жыр тұнған,
Менде биік мәртебеге ұмтылам.
Жерім, елім – бәрің үшін марқайып,
Жүрегіме тілегімнен жыр туған.
Кемімесін өмір –тірлік, береке,
Арта түссін марһаббатар тірлікте.
Қуатымен құдіретті достықтың,
Қуантайық Болашақты бірлікте.
ЕСКІРМЕС ЕЛЕС
Ескінің бәрі ескірген емес,
Жаңаның бәрі бағалы емес
Ескіні ескі бағасыз деме,
Жаңадан артық ескі бір елес.
Ескірсе, мейлі, дүние тозар,
Ескі сөз –нақыл өмірге қосар.
Ескінің тұрқы жаңарту болар,
Жаңашыл өмір бәрінен озар,
ЖОЛЫМДЫ ЖАРЫЛҚА
Сырласып өлеңменен әлі отырмын,
Ұзақ түн, ел ұйқыда, дала тыныш.
Сөз нұрның сәулсі қасиет төгіп,
Сыр жазам ақ қағазға үйіп, төгіп,
Жатайын, тыныштықта ұйықтайын,
Тәтті түннің ұйқысын иықтайын.
Жолымды Жарылқаса Аллаһ - Тәңір,
Төртінші жинағымды жуықтайын.
ЖАРАТУШЫ ЖАРЫЛҚА
Иә, Аллаһ -жаратушы
Жебей гөр бар жақсыны
Жебеп-желе адалды, ақ сезімді
Жарылқа ұстаздық бек төзімді.
Жазы өтті талай, күзі өтті,
Өсті ұлан - жастықтар
Ұстаздар жүзген кемеде
Сезімі сергек өмір бар.
Ұзақ жол бар білімде,
Қайырма қысқа әуезін.
Ғалым мен Ұстаз жолы ұқсас,
Тербелсін Отан төрінде.
Елу жыл ұстаз, ірісің,
Ғалымның сенде бірісің.
Шәкіртің, бүгін ғалым ол,
Өрісің, әрі жемісің.
Айаулы ұстаз - ақ патша
Береді дәріс ақ таңда,
Таңдар таңға ұласып,
Білімді болады бар бала.
Мектепті мәңгі сыйлаймын,
Елу жыл дәріс жинадым.
Әдісті өңдеп тәсілмен,
Ардагер ұстазбын көсілген.
Ұшырып талай шәкіртті
Үйреттік талмай пәктікті.
Болғанын көріп адамның,
Қуанып соқты жүрек нық.
Таусылмас тірлік төл тілі
Тербетіп сырын жүректің.
Дүние диірмен мәңгілік
Тіл, ділді айтшм ән қылып.
ҚАЛАДЫ ЕЛЕС
Бір салқындық сананы ширатады,
Шымырынан жүрек жан ширығады.
Салиқалы сезімге қанат бітіп,
Алға ұмтылып озады жыр тұлпары.
Белес- белес Елес - елес Бұл өмірде
Ештеңе де мәңгі емес.
Ертең - ақ,
Бардың бәрі Жоғалып, қалады елес.
Шабыт тұлпар қиын болды демейді,
Адал жүрек жақсылыққа меңзейді.
Жүрек талмай қос қанатын қағады,
Бір жәйсыздық жүрегіңе батады.
КЕЙДЕ КӨҢІЛ ЕЛЕГЗІП
Көңілім кейде елегзіп,
Сезімім барады үркек боп
Ойанам, кейде, селк етіп,
Үнсіздікке алаң боп.
Суық тер шыпшып мандайда
Өңім бе, әлде, түсім бе
Дүрсілдеп жүрек бір сәтке,
Ой жүгірттім шалғайға.
Түнгі тырсыл дыбысты,
Тұрғандай тыңдап бар Әлем.
Осы бір салқын тыныштық
Туғызды ойдан жыр өлең.
Түнгі Әлемге құрдас боп,
Жыр атқа қондым жолдас боп
Түн дыбысы - түнгі әлем
Жүрекке тұнды бір әуен..
Мүлгиді түн. Ел ұйқыда, тыныштық,
Ана шеттен ит үреді дыбыс қып.
Түн тыныштық баттым ойға тұңғиық
Биік үйлер үндемейді телміріп,
Қала деген қызықсыздау даладан,
Не іздедім, күйбеңі көп қаладан.
Елгезек ой дүниені шарлады
Далам артық осы сұлу қаладан.
Ойым да көп, сезімім де елгезек,
Жүйрік көңіл тыншымайды бір мезет.
Түсім ойға, ойым өрге жетелеп,
Түсімде де жолға шығам жоқты іздеп.
Бала кезде ұйқы қатгы, түс тәтті,
Қуалаушы ем түсте не бір көп затты.
Қағып - қағып қанатымды самғаушы ем,
Биіктерден биікке ұшып талмаушы ем.
Ұшып жүріп жер жәннәтін көремін,
Самғап биік адамдарға төнемі
Еңді қалай қонамын деп қобалжып,
Жүрек зулап, жаңғырды жалпақ Әлемім.
Екі рет ұшып, екі рет қондым уанып,
Оқуға түсіп, екі мәрте қуандым.
Қос дипломды қанжығаға өңгердім.
Еңбек етіп елу жылды еңсердім.
Түс көруде, сірә, текке емес- ау,
Жақсы жорып, тілек тілеу керек - ау.
Тіршіліктің жүрек пен мый жүрісі,
Түсіңменен байланыста блады - ау.
Түстің тегін жықсылыққа жори біл,
Түсіңде де сөйлейді екен бақыт күй.
Жақсы жайда жатсаң жақсы түс көріп,
Түсіңде де сайрайды екен қызыл тіл.
СЕН МЕНІҢ ӘНІМСІҢ
Тауларда маһаббат гүл,
Сайларда марһабат гүл,
Жаз келсе жадырайды
Гүл жайнап атырап бұл,
Көп гүлдер,
Көк гүлдер,
Жүректер жанысың,
Маһаббат сәнісің Сәнді гүл,
Әнші гүл,
Сен менің әнімсің.
Шыңдарда бақыт гүлі,
Бақшамда жаһұт гүлі,
Жаз жайнап күлдіреді
Өмірдің жаңа гүлін
Көп гүлдер,
Көк гүлдер,
Жүректер жанысың,
Маһаббат сәнісің.
Сәнді гүл,
Әнші гүл,
Сен менің әнімсің.
АСҚАҚТАТАР АУЫЛДАСЫ
Адамды ардақтайтын ауылданмын,
Көктемде нөсерлетер жауындаймын
Көктемде көңіл бұлты ашылады,
Жанымды жадыратып жалындаймын.
Ақынын ардақтайды қарты,жасы,
Ақыннан жаралғандай таудың тасы.
Ақынын айалайды аспанда Аққу,
Ақынын асқақтатар ауылдасы.
Ақынның өзі кетсе сөзі қалар,
Жан сырын жыр толқыны бұрқырытар.
Қос жанар жақсылықтан шуақ шашып,
Сан тарау арман жолын жырмен жалғар.
ЖЫР КҮЙІ, ШІРКІН, МАЗАЛЫ
Сезімім, кейде, секемшіл,
Жүрегім дүрсіл қағады.
Зергер көңіл төзгенмен,
Жыр күйі, шіркін, мазалы.
Сәл сыбдырдан сеземін,
Найзағай тектес жарқылды.
2006
2010
Сезімге серік сәуле боп.
Аспанның бұлтын кеземін.
Жүрек зулап желпінді,
Ебі желдей екпіні
Сусылдап құрақ шөп басы,
Сәлемін елге береді.
Сезімге менде бой бермей,
Алға адымдап келемін,
Уақыт диірмен дертіндей,
Мәреге жетсем, деп едім.
Бар еді біраз арманым,
Алатау жаққа бармадым.
Қолымнан бәрі келер деп,
Жолымды кері салмадым.
Бір сезім жүрділес боп,
Бір үнді жүрек қалады.
Аққағаз жұтып сианы,
Сөрелер толып барады.
Алда қыруар істер бар,
Жылға жылым жалғассын.
Талай жаз, талай көктем бар,
Арманды ойым жалғасын,
Қалам алсам қолыма,
Тілімнен маржан тамады,
Жүрек түпте не барын,
Кім бойлап, кім табады?!
Қазақша ойлап білмейтін,
Көр кеуде әзді көремін.
Қайран жаным жабығып,
Тілімнен уды себемін
Мәңгіріп кейде отырам,
Мазасыз күйді жамылып,
Шалқытшы шабыт шерімді,
Жан жүйемді қамшылап.
БАЛА ҒАШЫҚ
Тәтті түстей өтті дәурен, өтті күн,
Күлімдеді Көк аспанда алтын Күн..
Жастық өмір барады өтіп басымнан,
Бала ғашық өте шықпа қасымнан.
Өзіңе айтар тілегім де, назым бар,
Бала ғашық бал дәуренде сабыр бар.
Маһаббаты мәңгілік сол жас дәурен,
Бала ғашық жан сырымды қабыл ал.
Бала ғашық тағдырына табынбай,
Асау қиал алдандырды сағымдай.
Сағыныштың сарғайарын кім білген,
Өтер жылдар сағынышым басылмай.
ДАНЫШПАННЫҢ СӨЗІНЕ
КІМДЕР ИІП, ЕРМЕГЕН?!
Талай ақын, қаламгер,
Құлашын көкке сермеген.
Данышпанның сөзіне,
Кімдер иіп, ермеген.
Жаратқан ием, жарқыным,
Бас иіп өтер әр күнім.
Өтсе де ғасыр алмасып,
Басылмас шабыт, қарқыным.
Сайра тіл, жағым жаңылма,
Туған ел сұлу таңында,
Табиғат егіз адаммен,
Тіл тауып кезек бағынса!
САЛҚЫН САМАЛ
Таудың салқын самалы,
Жаныңа жәйләп жағады.
Тау секілді адамдар,
Таудан алады бағаны.
Таудың салқын самалы,
Тұла бойға тарайды.
Таудай талап берсе де,
Бармақтай бақ бағалы.
Таудың салқын самалы,
Көк Тәңірінің амалы.
Көзін ашты еркіндік,
Көңілден кетпесін ажары.
ӘДЕМІ АСПАН
Жұлдызды көрсем жүрегім жалын,
Қалайша сені сүймейді жаным.
Сенде бір сыр бар әдемі аспан,
Биіктен қарап тұрасың маған.
Ғажапсың неткен Әдемі аспан.
Жұлдыздар жарық болсыншы түнде,
Жымыңы сұлу, сөнбесін мүлде.
Сылаңдап сұлу жылжиды Ай да,
Іздейсің кімді, барасың қайда?
Жұлдызым жарық Болсыншы түңде.
Түніңнен аспан күндізің жарық,
Қанатым болса, көрер ем барып.
Дариғай, шіркін, арманым жоқ - ау,
Біліммен алсам сырыңды қанып
Арман жоқ, шіркін,
Көрсем бір барып.
ШАБЫТТАНАМ
Көктегі күннен де,
Жердегі гүлден де,
Жылы сөзді үннен де
шабыттанам
Арайлы таңнан да,
Майда самалдан да,
Жып - жылы жанардан да
шабыттанам.
Достардың ақ пейілі,
Көршінің ақ көңілі,
Жақсылық таратқанда
шабыттанам.
Шаршасам шәй қайнатам,
Өкінсем өлең айтам,
Жадырап сонда көңіл
шабыттанам.
Шындықтың шалқарында,
Пейілдің дарқанында,
Жан - дүнием тербелгенде
шабыттанам.
ҚАЙТА ОРАЛМАС
Ағады өзен, ағады,
Көзіңнің жауын алады,
Жағаңда сенің жүруші ем
Қалдырып ізін табанның.
Сарсуым сыңсып ағады,
Мені кім еске алады?
Құмыңды сенің жалдаушы ем,
Тоздырып күсін табанның.
Сағынып сені еске алам,
Өзіңде туды асқар ән.
Сағынған көңіл- һош өлең,
Өзендей зулап ағады ән.
Өлең -жыр жанды қозғайды,
Өзіңсіз мәнім болмайды.
Басқа ауа,басқа өлкелер,
Туған жердей болмайды.
Еш жер, су сендей бола алмас,
Арнасы Сарсу жоғалмас.
Өкініш бал шақ өткені,
Ешқашан қайтып оралмас.
КІМ ҰҒАДЫ
Құмға шыққан гүлдей нәзік,
Фәлсафаны кім ұғады?
Сол адамға берер едім,
Айамастан мың тілләны.
Құмға шыққан құм сағыздай,
Жалғасады жылға жылдар.
Құм көшеді, ел қонады,
Таза бұлақ суың балдай.
Сол бұлақтан бастау алған,
Жыр - әнімді ұсынамын.
Қабыл ал да,тыңда жүрек,
Ғибрат, дәстүр ұғынасың.
Жырлай берем өмір таңын,
Гүлге ораймын Отан бағын.
Жүрек сыйын қабыл алып,
Ақын қызды бәрің сағын. 2012
БҰЛ СЕНІҢ МӘҢГІ ҚАРЬІЗЫҢ
Кінәсі жоқ заманның,
Өкпелеймін жаманға.
Ұл-қызды бердің анаға,
Жамандық берме адамға,-
Деп тілеп таңда тұрамын,
Жақсымен сұһбат құрамын.
Жалғанның жақсылық жылуын,
Тауыспа, Аллаһ сұрарым.
Жақсыға жақсылық парызың,
Дүние жинап алданба?!
Адал бол ана, Отанға,
Бұл сенің мәңгі қарызың.
АТА БЕСІК
Түгіскен мен үлкен, кіші Толағай,
Арап қыры, Көнек тауы атамдай.
Бозкөлдің биік бетегелі бетіне,
Түрлі түсті масаты кілем жайғандай.
Ата бесік тербеді бізді Далада,
Далаға қарап өседі сұңқар, бала да.
Желге тосып кеудеңмен жұпар жұтасың
Далада туып, далада өскен тамаша
Ардақтысы ауылдың қариа - қарттары,
Шежіре шертіп,сапырар қымыз далада.
Әппәқ түні жалғасып ақ таңына,
Еседі желі аймалап дала тасын да.
Сарымсақ жұпар Толағаңдың басында,
Ашшы да, тәтті,бал дерсің оны, расында
Оңайлықпен бергісі жоқ сармаса,
Ызылдап келіп қонады мұрын, қасыңа.
Байтағыма байлансын ақыл ажарым,
Ғұмырымның көкқұсына жарайын.
Көктемім күліп, жазирам гүлін шашқанда,
Ел аралап, сағынып саған барамын. 2012
СӘУІР СӘУЛЕ ШАШҚАНДА
Сәуір сәуле шашқанда,
Тобылғы гүлін жарғанда,
Гүл теріп, мен де жүріп ем,
Толағай таудың баурында.
Бір жер бар таулы, тамырлы,
Бір жер бар сайлы, қыратты.
Арқаның жері кең байтақ,
Даласы жазық, нулы бақ.
Ақтау,Ортау,Қызылтау, Ұлы таулар,
Жаңа арқасы сәні ғой Сарыарқаның.
Аққу ұшып, қаз қонған Сұлукөл бар
Айналайын Арқаның алқабынан.
БИІКТЕП МЕН ДЕ БАРАМЫН
Бала кезден түстім ойдың соңына,
Арманымнан ақыл жидым бойыма.
Батқан күннің қызығьгаа малынып,
Жүгірмедім жалғанның ойын-тойына.
Атқан таңға асыла ерте тұрамын,
Денсаулық тілеп, Аллаһдан медет сүрадым.
Өлеңімді оқьш, досым шықты алдымнан,
Қуаныштан биіктеп мен де барамын.
ДІНІҢЕ СЕН, БАҒАЛА
Дінді дұрыс бағала, дініңесен,
Дінге сені бастаған піріңе сен.
Дұға тіле Аллаһдан жәннәт тіле,
Сол адамға о дүние жәннәті тең.
Имансызға иланба күнә басып,
Иманыңмен ләззәт ал Ғибадаттан.
Қанағат, сабыр, тыныштық, тәубаң болса,
Күнәдан пәк, сол жандар шын мұсылман.
БІР ҒАСЫРДАН ӨТТІК-АУ
БІР ҒАСЫРҒА
Бір ғасырдан өттік-ау бір ғасырға,
Баба өмірі айналды дастандарға.
Талай ғасыр күрескен қазағымды,
Қалай ауыз барды тэй-тэйлауға.
Іргетасы елімнің қалаулы еді,
Бодан өмір қазақтан қалды тегі,
Күмбір- күмбір күмбездер күмбірінің,
Жаңғырығы желмейен тербеледі.
Шындықты айтсақ тазарар көңіл кірі.
Тау тастағы таңбалар өмір ізі,
Адам жүрек жаралы әлі күнге,
Алма кезек дүние мәңгі тірі.
Тариһ жатыр шежіре жазып түйіп,
Есте мәңгі дүние ғүмыр күйік
Жеңісіме қарашы, тарпаң өмір,
Алашым түр төбесі көкке тиіп.
Қанша жүрек тұншықты ұрыс кектен,
Қазақелі жаралған асыл тектен.
Жас ұрпағым жаниды күш- жігерін,
Әлі ашады Алаштың шыққан тегін.
Саналылық сақтайды сабыр айла
Ілім - білім жарасар тұла бойға.
Ғасырларда жазылды жыр дастаны,
Қанша асылдың майрылды алдаспаны.
Келері сол қолымнан жырмен қайрау,
Ұлым батыр, қыздарым сөзге байлау ,
Тұғырлы бол, тағлымда ұрпағыңцы,
Түлкі өмірге тұсалтпа тұлпарыңды.’
Мен сенемін ұрпақтар ұланына,
Айналады жырларым ұранына
Биіктерден биікке желбіретіп,
Көтереді көк туын Алаш Орда. 2012
ҒЫЛЫМНЫҢ ШАМЫН ЖАҒАЙЫҚ
Иә, Аллаһ жаратушы,
Жебе барлық ұстазды.
Жебе ұстаз ақ сезімін,
Жарылқа ұстаз төзімін.
Жаз өтті, талай қыс өтті,
Жетіпті талай жастықтар.
Ұстаздар жүзген кемеде,
Ғылым бар, мәңгі өмір бар.
Ұзақ жол бар ілімде,
Қайырма қысқа, әуенін.
Ғалымға ұстаз ұқсассың
Отанның тұр төрінде.
Елу жыл сабақ беріпсің,
Жасыңа жас қосылып.
Айаулы болды балбөбек
Өрісің, әрі жемісің.
Ақылды ұстаз - ақ патша
Береді дәріс ақ таңда.
Ілімнің мол жолында
Білімді болар бәр бала.
Мектепті мәңгі сыйлады,
Елу жыл дәріс сыйлады.
Әдісті өңдеп тәсілмен,
Мұғалім - ұстаз көсілген.
Ұшырып талай шәкіртті,
Үйретті шындық, пәкгікті.
Шәкірттің көріп талабын,
Қуанып соқты жүрегі.
Ұлы бол жастар,ойлы бол.
Ұлылар ортақ заманға.
Ұстазды сыйла заманым,
Білімдер керек адамға.
Дүние көңілі қартаймас,
Ашылса көзі білімнің.
Қайталанбас қарттық бар,
Қол үзбе жастар білім ал.
Үлкен жүрекпен ұғайық,
Өсиетін ұлы Абайдың.
Бір кірпіш болып қаланып,
Ғылымның шамын жағайық.
ӘЙЕЛ АНА
Шуақты көктем - әже, ана, асыл жар.
Отбасының сәні, сыры сұлу жар.
Мына Әлем әйелдермен әдемі,
Тербетеді ақ бесігін адал жар.
Әйел - ана ізгіліктің шуағы,
Шатақ шәшіп, өмір сыйлап тұрады.
Көктем нұры Көк Тәңірден тараған,
Әйел - ана мейірімнен жаралған.
Ана жайлы асыл жырлар тербеген
Көктем келіп, сезімді сыр кернеген.
Табиғат пен ана жаны түрленіп,
Күлімдеген көктем келді гүлденген. 2012
АРАСЫ..
Сұлулық пен маһаббаттың арасы
Сезесің бе, қас қағым сәт қарасы.
Дүниеде ұмытылмас сол бір сәт
Тіл байланар, таусылғандай шарасы.
Сұлулық пен маһаббаттың арасы,
Ашылғандай сезімнің бір санасы,
Айта алсаң, басқаша сен айта ғой,
Болмас оған еш адамың таласы. 2004
АНА ТІЛІ
Биік мақсат, ұлы арман,
Оздырар ой сөзімді.
Ұлтыма деген ұғымды,
Жойа алмас ешкім сезімді,
Тіл үйрену тілһаттан,
Таптырмас мектеп елара
Үзілер жіптей созылар
Түсінбеске еліара.
Алтын толы сандықтан
Туған тілім мың артық.
Оқып, жазып, құмартып
Ғибратынан үлгі алдық
Алтын діңгек, алтын кілт,
Ана тілім - айбарым.
Ана төсін аймалап,
Ақбесікте тербелдім.
Қазақ үшін қазақ тілі
Ақиқат, таза сипатты.
Қисын, сыны, қүдірет күші –
Әлем, Ислам, Мағрипаты.
Төлтума қазақ сөздері - ай,
Дау тоқтатқан кездері - ай,
Суырыпсал шешен сөзінен,
Данышпан, патша безгені - ай.
Руһы таза, ойы анық,
Көркем тіл қазақ сөздері.
Тыңғылықты, ойы өктем,
Тариһы тағлым дәрісті.
Көнеден келген көп тіркес,
Мәтел боп елге жайылған,
Өлеңші сөзін бумалап,
Үлгі сөзбен қайырған.
Ертедегі Қазақел,
Көршілес тілді көп білген:
Араб, парсы,
Қытай, һасаки
Аралас жазба нұсқамен.
Шатаққа қазақ көнбеген,
Ғұлама қазақ көреген.
Ауызекі түпнұсқа
Сөз нәрін тілмен безеген. 2012
ӨМІРГЕ ТӨЗ
(Бір құрбыға)
Шыншыл жан айтпай қалмас бір іңкәрін,
Өсекші өлеңім - ау, жеткіз бәрін.
Жүректің оты азайып, жан суыды,
Суық сөз төкпей қоймас улы зәрін.
Болса да заман сұлу, өмір әсем,
Кей сәтте қызықсыз - ау, дүние,- десем
Жүректің жалын кезі өтті ме екен,
Жастығы екпе назың кетті ме екен?
Білмеймін, біле алмадым ғашық зарын,
Көп болды мені сүйген ғашықтарым
Жөнсізге сеніп, сенбей бағаладым,
Сынға алып, сөзін тұсап, бағамдадым.
Ғашықтық дастандарын көп оқыдым,
Сенсем де, сенбесем де ой толқыды.
Дегенмен өзен - өмір байансызы,
Жүрекке бір түйткіл сезім салды
Өмір сөзі болған соң өмір бар ғой,
Қосылу - маһаббаттың байаны ғой.
Ғашықтық маһаббатпен ол - екі сөз,
Сүйсең де, сүймесең де өмірге төз. 2012
СЫН –АҚ
Мәз болады жастарың,
Орысша сөйлеп, шатқанға.
Ол сөздің білмей мәнерін:
Чо,чо,- дейді, к черту-лап.
Орыс та емес, көп қазақ,
Қазақ та болмай барады.
Жалбыр шәшті кекілді,
Ведьмаға ұқсас сарасы.
Тырнақтары сойаудай,
Қастары жоқ, жауырдай.
Секс, ақша, кафе,- деп,
Қыдырады сөткелеп.
Қыздарда қылық қалмады,
Әжесін сүйіп бармады.
Кіндік ашық, құйрық бас,
Қырық асты, әлі жас.
Омырауы алқылдап,
Емшегі тұр салпылдап.
Ерні құрдың артындай,
Кім алад бұл қалпында-ай.
Білімді болсаң білер ең,
Ондайларға күлер ең.
Арсызданған ажарды,
Айнаңнан көріп жүдер ең.
Жігіттермен жатады,
Қымбаты жоқ, қаралы,
Бар мақсаты той болып,
Жігіттің басын шатады.
Сүйемін сені «котик» деп,
Мысыққа, итке таңады
Аңқау жігіт алданып,
Кредитке батады.
Тойдан тойды жасайды,
Алтындап ене, апасын
Жауын суындай шашады.
Ата-ана ақшасын.
Қарыз, кредит алады,
Жігіттің мойнына салады.
Көше кезген көк сидақ,
Үйіне кетіп қалады.
Қит,- десе қашып кетеді,
Жүгіріп сотқа жетеді,
Үйренгені үйдегі,
Үлгі - өнеге қыздағы.
Екі айақты, адам бас,
Үй болуды ойламас
Үй шарасы қиын,- деп,
Жесірлер жүр құйын боп.
Баласы жоғы батпандай,
Құр атқа мініп шапқандай.
Баласы бардан бас сауға,
Білмейді... қайдан? ...байқамай.
Қала толы қыз - қатын,
Апалы - сіңлілі бос қатын.
Бір бөлмеде жүр паналап,
Ақшалыларды жағалап.
Үй аты жоқ, ары жоқ
Қыз атын өтірік жамылған.
Талайлардан айрылған,
Қара шәші жайылған.
Күйеуте бір шыққаны
Айғақсыз атын жасырмақ.
Одан да кейін неше еркек,
Сүйгені болып табылмақ.
Осындай қыз - қатындар
Үйлерінен қашық жұр.
Білмегенсіп шешесі
Құдағи болып барып жұр.
Шешенің тілін алмайды
Аулына да бармайды.
Аулындағы ағайын
Тұрмыста деп, ойлайды.
Есіне түсіп ойнасы,
Бүлік ашу айласы,
Ауызданған кәсібін,
Өлгенше бәдік қоймасы
Жігіттер де ақымақ,
Ақымақты әр қыз басынбақ
Қыз емесін білген соң,
Неге сонша бас ұрад.
Қазақта адал мақал бар:
«Есік көргенді алма,
Бесік көргенді ал»,
Болады сол адал жар.
Ал, жігіттер, жарағым,
Дұрыстыққа қарағын.
Дұзқараның барма қойнына,
Жүзің солады, қарағым.
Жүзі қара, бейшара,
Сынға көнбесе не шара,
Дүзелер қыздар түрі жоқ,
Жетімдер көп, кім пана?!
Өкпелеме қыздар,
Жүректерің сыздар
Мен айтпасам, кім айтар?
Айта алмас ер ақындар.
ҒАСЫР ҚАРЫМЫ
Дүние, тамақ қымбаттап,
Сөз арзан боп болды.
Көрмейтінді көргіштер...
Көретінді көрмейтін адам толды.
Мәрмәр мінез таусылып,
Мүйіздесер мәңгүрттер.
Ескерткішті тоздырып,
Қу тақтайды төрге ілер.
Болмашыдай болғанына бөсиді,
Өзіне өзі ғашықтайын жосиды.
Орынсыз сөз сын болмас,
Жан жарасы құр қалмас.
Нанын тауып жейтіндер бар,
Нанын қауып жейтіндер бар.
Мақтанға масайып марқа тартып
Өтірікке еліктеп жантайған бар
Жақысының аты озады.
Жаман ат шабан болады.
Ғасырдан ғасыр озғанда,
Жақсы сөз ақыл боп қалады.
ЕЛІК ТАҒДЫР
Елік тағдыр жүргенмен сырт айналып,
Жүргендейміз сырт көзге асып - тасып.
Дала келді қалаға көшіп, ауып,
«Аквариумда» қалқиды балық болып.
Төрт қабырға төрт есік - квартира,
Бақшасы жоқ, бағы жоқ көзге қанық.
Бірі қазақ, бес орыс көршілер бар,
Даласы жоқ, ауласы қазаққа тар.
Заман сырын салмағын сезінемін,
Уайымнан қамығып езілемін.
Қилы ойдан дымданып қарашығым,
Ұйқыда да ой мүжіп, аласұрдым.
БҮГІН ДАЛА КӨҢІЛСІЗ
Бүгін дала мұнартып тұр, көңілсіз,
Содан ба, әлде, құлазимын төзгісіз.
Кейде өмірге қапаланам, қайғырып,
Болам, кейде, бұл өмірді көргісіз.
Мүмкін мені сүйетіндер бар шығар,
Жүрген жері оныңдағы тар шығар.
Жақсылықты өз жүрегім сүйген де,
Мені сүйген үлкен жүрек бар шығар.
Тосып жүрем, тоса берем мәңгілік,
Өлеңіме қосам сені ән қылып
Мейлі ақын, мейлі батыр болсаң да
Бір келерсің өмірімді таң қылып.
Өмір қызық, өмір сүру тамаша,
Жақсылығын теріп, түйіп қарасаң.
Бірде жыпап,бірде күліп жүреміз,
Өмір терең, жүзуге жүрек жараса.
Қысқа ақылдың ұзын тілі қақсайды,
Өмір - өзен тосқауылды тоспайды.
Тілден тауып бақытсыздық,бейшара,
Шыдамайды жүрек содан тоқтайды.
Өмір - боран, өмір - дауыл кезбесің.
Білесің ғой жалғыз жүрек төзбесін.
Екі жүрек қосылып, шаңырақ құрады
Қос жүрекпен қиынға қарсы тұрады.
Бұл өмірдің салтын біліп сабырын,
Дұрыс сөзбен қасымнан кім табылдың.
Қажысам да қиналамын өзімше,
Жеңілдетіп жүректі, шағынамын өлеңге.
Сырласым да, досым сенсің өлеңім,
Сені сыйлап, құріметтеп өтемін.
Атымды айтып, ғибратымды тыңда деп,
Өлеңімді көкке жазып кетермін. 2012
КҮТЕМІН
Кешім де, таңым да өтеді,
Жазамын өлең көшелі.
Еркімнен ессіз күтемін,
Тамаша бір күн кемелін.
Қапалы көңіл көп сөзден,
Орынсыз керістен, көк сөзден.
Дәл қазір кіріп СЕН келсең,
Көңілдің көзін ашар ма ең.
Жылауға, достым, болмайды
Көзде ақау, кемшілдік.
Ойды түзеп қорғайды
Бойдағы қасиет- емшілік.
ЖАС ОТАН
Жас па, әлде, кәрі ме?! Отан біреу.
Жасыңа да, қартыңа Отан медеу.
Жастар үшін «Жас Отан» жайнай түссін,
Тәуелсіздік тұғыры - қуат, күшің.
Жастар Отан қанаты -қалық күші
Мәдениетті, білімді, дәстүрлі ісі.
Насиһаттап Алаштын ерен ісін
Ерліктерін Алаіптын паш етер мың
Болашақтың жастары - бақытжолы
Қанға сіңген қабілет, қасиеті.
Көзқарасы сапалы, сөзі уытты
Жастар қазақ жүрегі- бірі Алаштың
Жарық жұлдыз жанары, гүлі Алаштың.
Алты Алашты Әруаһ жебеп желе,
Жас қанатын қатайтып «Жас Отанның».
Санамыздан адал ақыл, сен кетпе.
Сөзі шипа, саналы, іңкәр ақын.
«Жас Отан» бола берсін үмбетке үлгі
«Жас Отаным»- Отандас ақылды, қос
Сын сағатта пақырға болма күлкі,
Бірігіп, біліммен жас тізе қос.
Еңбегің жансын, жақсы жас дос
Ойнап-күл,бірақ жүрме бос.
Ақыл қос, өмірден бақыт тос.
ҚҰР ЕЛЕС
Сырттай сүйю
Сезімдерді сүзбелеу.
Саумал сезім-
Сырттай сүйю
Сусын басар себелеп,
Сең соққандай,
Сүлдеріңе симайсың
Сырттай сүйю,
Секілді бір құр елес.
Сырттай сүйю
Себебіне сезім сеп.
Сүйгендіктен
«Сұлу, сұлу», дегізбек.
Сезіміңді сыйла,
Сәулем, сүрмелеп,
Сұлулыққа табыну,
Сағынышты бір елес. 2004
Достарыңызбен бөлісу: |