Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет9/14
Дата30.04.2018
өлшемі4,4 Mb.
#40324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

АЛАШЫМНЫҢ ДАЛАСЫ

Сыйлайқшы ақ мекенді- жер шарын

Ақбозы мен Көкбоз атын Аспанның

Ақ бесікте әлдиледім бауырымды,

Алтыннан да қымбат әсем ауылым.

Сарыарқа Алашымның даласы,

Қойнауыңда асыр салған баласы.

Алтын ғасыр қосты басын ұлыстың,

Даналық пен Балалықтың арасын.

Дана болып қартайуды ойладым,

Ұстаз ақын - қызығына бойладым.

Алаң да, алаң, алаңдай жүріп артыма,

От жігерді Болашаққа сайладым 2004
ҚУАНЫШТАН ЖАЙНАСЫН

ЖҮЗІҢ ЖАРҚЫН

Қуан қазақ азаттық алғаныңа,

Далам жетті аңсаған арманына.

Нұрын шашып аспаннан күнім күлді,

Саһараның керіліп толғанына.

Көз жіберсем алысқа өткен күнге,

Неше зұлмат қайғыны қазақ көрген.

Көз қуансын қарашы байтағыма

Өзі игерді даланың кен байлығын.

Ел көркіне қарасын басқа ел жұрт,

Жер көркейткен елменен ерді көркейт.

Жаңғырта түс дәстүрді, салт-сананы.

Қуаныштан жайнасын жүздер жарқын.

Қуан жүрт, қуан қазақ, қуанамыз,

Туған ел қуанышта, шаттанамыз.

Аспандап намыс туы желбіресін,

Руһты, дербес, дара, азат жанбыз. 2012
АҚ КЕПТЕР ҰСТАТПАЙ ҰШТЫ - АУ

Кеудемде менің көп ойлар.

Жүрегімнің тереңіне Кім бойлар?

Ақ кептерім

Ұстатпай ұшып,

Кеудемнен Соны қуып,

Әлі жүріп келем мен.

Ақ кептерім

Ақ шағылға айналды

Теңізді сүйіп,

Ақ толқынға байланды

Ақ кептерім,

Ақ шағылым,сағыныш

Теңіз толқын Жүрегіме бағыншы.


ТЫҢДАШЫ ТІЛ ҚАТАЙЫН

Тыңдашы, сәтке. Тіл қатам, құрбы, мен саған.

Болады кез - кез біреуді аңсап, шаршаған.

Жыламай, күлмей Жүресің кейде жабығып,

Не табасың,

Бұлқынса көңіл қамығып?

Күндерде бір күн көмілер жүрек қараңға,

Адымда алға. Келешекке алаңда.

Өмір көші жылжиды

Қатал, заңымен,

Ойла, ойна,

Жүрегіңнің сәнімен

Жалғыз жүрек гүл болмайды өмірге,

Жяс-т.тма жүрек өкпелеп жерге көмілме.

Еркелеткен

Кездерін ойла сағынып,

Күл де, ойна

Жүрек жанға бағынып. 2005



ҚЫЗ- КӨКТЕМ

Келді Наурыз - қыз- көктем,

Керілді кербез жел өктем.

Ақ боран арты жаңбыр боп,

Ширатты жерді көктем кеп.’

Көрпесін сөгіп ақ қыстың,

Жеңгенің жаулығын жұлқыды.

Айаз қарт шешіп шапанын,

Алысқа асыға бұлқынды.

Жылғалар жылжып ағады,

Табиғат бір - бірін бағады.

Әзілдесіп Наурыздың жұпар желі,

Жадырап жүрегі жазбен сырласады.
КЕЗДЕСУЛЕР

Өмір сәті

Кездесулерден тұрады.

Кездесулер достықтың басын құрады

Бөлек жүрсең

Ата - анаңмен кездесу

Сағынышты,

Ғанибет бұл жүздесу.

Кере алмай көп жыл

Дос- құрдас жүрді шалғайда.

От жаққан ошақ басында,

Кездесу болса, тым басқа.

Ағайын, туған,

Жерлестер қалды ауылда.

Ойымда біраз қауым да.

Сәтті күн туып,

Кездесіп ойын - тойларда.

Балапан, балғын

Жас өскін түсер ойыңа,

Сағына жүріп,

40, 50 жылдар өткенде,

Шақырады кездесу тойына.

Кездесу кеште.

Түлектермен қауышпақ.

Күлкілер гүлдеп,

Таңырқап кешті тауыстық.

Кездесу кештен

Ұмытпастай

Қалсын есте қуаныш.

Арайлап атар

Арманым бар ойымда

Оқырмандармен кездесу,

Үміт оты жайында.

Құшаққа басып,

Қуантса лебіз үндері,

Ол үлкен қуаныш ақынға.

Сынына төзіп,

Салиқа сөздерді есітіп,

Мәдениет пен Әдебиетпен тілдесіп,

Осы шақпен,

Болашақпен жүздесу

Бақыт қой мұндай кездесу.


МЕЗЕТТІК БАҚЫТ

Бір мезгіл тұнып уақыт,

Мен үшін тоқтап тұрғандай.

Тек, бірмезет күйкештім,

Бақытқа бөлеп туған Ай.

Көңіл сенбей күрсініп,

Кезеңде тұрып ой кешіп,

Селт етті сезім сол сәтте,

Қуаныш күйін еңсеріп.

Бір сәтке бәрін ұмытып,

Бір қуат берді мезет күш.

Сол кезең өтті жұбатып,

Мезет күш кетті қуантып.

Ізі қалды көңілде

Қуаныштан сол кезгі

Мезеттік бақыт кезеңнің

Тұнығы тәтті кез еді.

Ақжаңбырдай бұрқақтың,

һошы қалды көңілде.

Мезеттік бақыт кезі еді,

Уақыт неткен тез еді. 2004
МЕН МҮСІНМІН

Мен мүсінмін,мәнмін, үлгімін,

Табиғатпын, нәзік гүлмін,

Өзгереді табиғат, мен ержетем,

Өр табиғат төсінде шалқып өсем.

Мен Әлеммін, мәңгілікпін,сәндімін,

Айтам әлі айтылмаған әнді тың.

Парасат пен сұлулыққа жыр арнап,

Маһаббатты жастанамын ән қылып.

Мен әнмін, тариһ және таңмын

Жаратылыс құбылысына тәнмін.

Балама ана, немереме әже боп,

Салт-санаға көз болуға бармын.

Мен Күнмін, түнде Жұлдыз, Аймын,

Таң Нұрымен сырласуға саймын,

Туын тігем ақиқаттың Әлемге,

Жүрегімнің шындығымен баймын.
ДҮНИЕ ӨТЕДІ ҚАС, ҚАҒЫМ, БІР СӘТТЕ

Уақыт зымырап, дөңгелеп,

Бүгіні ертеңмен жалғасып барады

Керуен түзіген уақыт жүгіндей,

Бір ғұмыр дүние жаутаңдап қарады.

Адамдар алаңдап, аптығып,

Үнемі жүгіріп, асығып барады.

Бүгіндер ертеңмен қолдасып,

Бұл дүние үмітте болады.

Өзен, көл,теңіздер көктемде толады

Аққулар айдынға қос-қостан қонады.

Еңлік пен Кебектер, Төлеген - Жібектер,

Сәнімен өмірдің тұғырда болады.

Мен сүйген дүние болсыншы періште,

Қос жүрек жырлайды күлкісі келіссе.

Айдынның аққуын, ананың әлдиін айала,

Дүние өтеді, қас қағым, бір сәтте.

Маһаббат гүлдері жайқалсын,

Артыңа бұрылма, алға тарт уақыт,

Құстары сайраған һас көктем,

Тұрады жанымды елітіп, жайлантып.
МЕНІ ЕСІҢЕ АЛАСЫҢ БА

(дос Жан-ға)

Көріп күнді нұр жамылған,

Көктем гүлін жаңа ашылған.

Жүрсең еңбек құшағында,

Мені есіңе аласың ба?

Армандасаң алысты да,

Зулап жетсең Марсқа да

Ән шырқасаң той-думанда,

Мені есіңе аласың ба?

Соқса самал тұнық кеште,

Достығымыз еске түссе,

Шаттық симай құшағыңа,

Мені есіңе аласың ба?
АДАМЗАТ ҮШІН ҮЛКЕН ҮЙ

Түні бойы жымыңдап, күлген Жұлдыз

Уақыттың жеткенін пайымдайды.

Көзін қысып, жыраққа барады, әне,

Күннің шығар мерзімін айқындайды.

Қараңғы мен жарықты жалғастырған,

Маһаббат пен Бақытты қолдастырған

Ай батса да батпаған Жарықжұлдыз

Айдар тағып ақынның жолын ашқан.

Маңғаз аспан маң әлем айасында,

Жер шоқтығы биікпен таласуда.

Сенің арқаң жер тіреп биіктеуім

Қаз тұрғыздың ақынды баурыңда

Тәкаббарлықпен қарадым паң өмірге

Есіме алдым өткенін зар дүние.

Аспанын жерден айырма кең дүние

Дүниені теңестір үлкен білімге.

Шаңырақ - аспан, кереге - көгім жарасқан

Түрленген дала, көк туым тұр тым асқақ

Уыққа қадап тігемін Отан байрағын,

Осыны, қалқым, байқа, бақыт-бақ

Аспан мен Жердің арасы байтақ,

Елтұрақ тулы, ұлты бар Қайсақ

Осыны, балам, жадқа түй,

Адамзат үшін ұлағатты үлкен үй.
ҰҚСАСТЫҚ

Отырмын ашьш беттерін

Парақтан парақ аударып,

Абай мен Пушкин томдарын.

Біреуінде «Қысқы кеш»,

«Зимний вечер» бірінде.

Ойға шомдым іңірде.

Бүгін де сондай ақ боран,

Долдана соғып, шулайды,

Жарысып жүрегім тулайды.

Енді бірде сыңсиды,

Аймалап, сүйіп қайыңды,

Терек тұр маңғаз сабырлы.

Терезе тырс-тырс қағылды,

Ақшақар мен Айазқарт

Шақырады далаға.

Ұйтқып, ұлып, ақ долы

Терезені ернектеп,

Ойу-өрнек салады,

Отырмын ойды өрнектеп,

Ұқсамақ болып ақынға

Ұқсаспын, мен де, расында!


КӨҢІЛ КӨЗІ

Жанарың бұлақ судың мөлдіріндей,

Сылқылдап күліп өзен ағады өрлей.

Аршасы, шыршалары бұраң қағып,

Келбетің қоймас, сірә, ғашық етпей.

Тау тасың зер саларлық саналыға,

Сиқырлы тас мүсіндер ерек дара,

Өрнегі өткен күннен тіл қатқандай,

Сол үннен жүрегіме жыр толғандай.

Сол таудың етегінде сайа бағы,

(Балдырған балаларды айалайсың

Заманның нәзік жанды ерке қызы

Светлана Тұрсынбекова, еңбегің бағалансын)

Саф ауа жанды тербеп айалады.

Самалың ақ бетімді сыйпап, сүйіп,

Табиғат талабымды аймалады.

Міне, тұр Қарқаралы тау сілемі,

Ән салыып шыршалары, қайың биші

Секіріп қызыл тиын талдан талға,

Қоңыр қойан секіріп кетті жарға.

Табиғат неткен ғажап, тіл жетпейді,

Көз тоймай, жүрек жаным еліктейді

Поддубник, опята, маслята - грибы теріп,

Сұлу әнге еріксіз бердім ерік. Қарқаралы,2011



ТАУ - ТӘҢІР

Тау самалы таңғы ұйқыны ашады,

Тауға шықсаң жалқаулықтар қашады.

Тау басынан айналаңа қарасаң,

Кең жазира ән салғандай, қарашы.

Тау төбесі Аспанға бой созады,

Тауға шықсаң ой-арманың озады.

Тау самалы сауықтырып жаныңды

Таудай талап көңіліңе қонады.

Тау басынан тау бұлағы тасыған,

Ғазел суын бір жұтуға асығам.

Тау жуасын тауып алып тамырдан,

Бірін иіскеп, бірін шайнап жұғынам.

Тау қиадан Арһар қарап таң қалды,

Тау Арһардың көркін көріп тамсандым.

Тау тағысы көзден ғайын болғанмен,

Тау жаңғыртып, қуаныштан ән салдым.

Тауда ән салсаң көкірегің керілер,

Тау тауысқан мергендер мен серілер.

Тау тасында өркиктей секірсең,

Тау қызықты тауда шаршап, деміксең.

Тау бұлағы балмұздағы анамның,

Тауқымыздық қышқыл сұп даламның.

Таусарымсақ иісінен сеңгіріп,

Тал шыбығын ат қып мінген балаңмын.

Тау киесін ата-бабам білгентін,

Тауға түнеп жазираны кезгентін

Таудан түсіп, желі тартып жайлауда,

Тау бөктерде бәйгі, жарыс бергентін.

Тау көбелек арша талға қондың да,

Тау самалдың ебіне әбден қандың ба?

Тау желімен жарыса кеп жүгірдім,

Ұшып кеттің, саған мазақ болдым ба.

Тауға шығам атар Таңның алдында,

Тау қалады батар Күні артында

Таудай тілек тілеп тәует етемін

Тау Тәңірі мен балаңмын, жатсынба! 2013
ФӘЛСӘФАЛЫҚ ОЙ

(толғау)


Бұл өмірді қоғам,-деп те атайды

Қотамды адам жасайды,

Сондықтан ол құбылыс.

Қоғамда өмір сүретін

Адамдар оның жүрегі,

Сондықтан өмір сүреді.

Парасатты дүниеде

Арлы болса жүректер

Саналы қоғам орнайды.

Санасыз болса тілектер

Мәдениет сөзі жұтайды.

Қоғамның аты - Мемлекет

Қоғамның жүгін реттер

Қаны қайнап қанада

Лүфіп соғар жүректер.

Қоғамдық құрлыс - Мемлекет

Сайасаттан кенде емес,

Мәдени қоғам құрлысы

Руһани істер емлесі,

Қоғамнан бөлек сана жоқ,

Руһ негізі де Мемлекет.

Шын мәлімет қозғасақ:

Қоғам, сайасат, мемлекет-

Басты-басты құрылым,

Осылар ерек тұжырым.

Осындай қоғам көшесін

Адам еркі құрады.

Еркіндіктегі адамдар:

Зұлымдық пен Ізгіліктен тұрады.

Бұл екеуі тіркесіп,

Тариһты бірге бағады,

Адамның жалғас өмірі

Мәңгі қызмет қылады.

Тағы айналып бұл қызмет,

Бостандыққа соғады,

Бостандықтан бастау ап,

Ізгілікті тосады.

Іске асқан құбылыс

Мәдениетке жатады.

Мәдениетсіз еркіндік

Жанына адам батады.

Ерік, туйсік - егіздер

Нәпсіге де соғады,

Нәпсіні адам тыйа алмай,

Меңгере де алмай сасады.

Сондықтан оны тойтарып,

Азаттық күші басады.

Бірінші еркі адамның-

Табиғатқа бағынаған;

Екінші еркі шектеусіз-

Зұлымдық пен Ізгілік.

Білектесер кез келсе

Жаратқанның күшіне

Сенбесіңе бола ма.

Оның күші өлшеусіз

Кейде озып, кейде тосып,

Ықыласпен төзеді.

Еркіндіктің өлшемі-

Адалдық пен Парасат,

Оны әркім біледі...

Зұлымдықты жойа отырып,

Ізгілікке жетеді,

Міне, осы мәдениет

Нағыз өлшем өзегі.

Сол арқылы қалыптасқан

Көзқараста шындық бар.

О, дүние ғаламат,

Еркін қоғам, парасат,

Тек, шындыққа сыйыншы

Қазақ- орда -қалықты

Қоғам етші Бақытты! 2004

ӘҢГІМЕ
БАҚЫТҚА БАРАР ЖОЛ



Сіз, әрине, таныстарыңызбен

достарыңызга көмектескіңіз келеді
Жолдың түрлері мол..

Қара жол, ысылған жол, ғасырдан ғасырға өткен сараптал жол, тас жол, сүрлеу, асу бермес асқар жолдары, тіпті көрші үйге апаратын жолдар да бар, Ия, теңіз, су, аспан жолдарын айтпай-ақ қойалық. Бұл жолдарды

еіздер білесіздер,біразынан өттіңіздер де. Ал ол жолдарды көрмегендер де, одан өтпегендер қаншама. Сондықтан сізбен біздің білгенімізді, көргенімізді басқалар да оқып, көңіліндегі көлеңкені қуып, жүректеріне жылылық ұйалатар ой кешсін деген ойдамыз.


  • сол туғандарға достарға, жалпы адамзат баласына көмек көрсетейік;

  • солардың ішінен өз өмірімізде көмек болвп жүрер дос табайық;

  • осы әңгіменің жоғарғы тұсына, не жүрекке оның атын жазып қойайық;

  • оның астынан өз атыңды жаз, әрі атыңа мән беріп қара; жақыныңа

бір жаксылық (жақсы кітап болса да) сыйлап көрш:

  • одан оқығаны, естігені жайлы сұрап көріңіз. Не түсінген екен?

Сөздің де неше түрлі мағынасы сиақты, естудің де, оқудың да түсініктері көп екенін көресіз. Әркім өзінше айтады, тек ойы ұқсас болса екен.
Бақытқа барар жол оған да, сізге де

қауіпсіз болсын деп жазып отырмыз.
Бақыт

Сіздің өмір сүруіңіз мен үшін өте қажет

Шын, келеңсіз өтірігі мен алдауы, сауалдамасы мен дау –дамайы көп өмірде, бұл екеуіне қол жеткізу оңай бола қоймас. Адамдардың көбі өмірден рақат тауып, ауырлықтан аулақ жүргісі келеді, иаки сен тимесең мен тимеймін-ғой. Сіздің жеңіске жетуіңізге адамдар, орта, қоғам, дос жарандар кедергісі болады. Олардың сүреңсіз қылықтарынан шаңырақ шайқалып, өмірдің опасыздығы болып, кей жағыдайда денсаулық та бұзылуы әбден мүмкін. Сіздің басыңыздан бұл әңгімелер өткен. Рас білу бар, немесе біліп жазу бар. Осыны оқып отырып сіздің ойыңызға талай әңгіме, мысал оралады. Жексұрын қылықтар адамның мүмкіндігін кемітіп, бақытын жеткіліксіз етеді.

Ал шындығында, сіз басқа адамға керексіз. Олар сізді тыңдайды. Біреуге көмегінсіз, біреуге ақылыңыз керек-ақ. Жақындарыңыздың бақытсыздығына, кемшілігіне жүректеп қарайсыз, қынжыласыз, көмекке де барасыз. Осы ойларыңыздан кейін сіз де көмекке барасыз. Біреу біреудің қалтасына бақыт салып бере алмаса да, дегенмен олардың бақытты болуына мүмкіндік бар екеніне ой саласыз. Олардың көңіл күй пердесі ашылып бақыт жолына айақ басады. Сол жақсылық түсіністіктен сізге де үлкен бақыт жолы ашылуы мүмкін, ашылады да.


Бақыттың қауіпсіз тура жолын ашу

сіздің қолыңызда.

Өзіңізге ұқыпты болыңыз

Ауырып қалсаңыз өзіңізге қажетті жағыдай жасап, күтіңіз.

Көп адамдар түрлі аурумен ауырса да, өзін басқадан бөлектемейді, емделмейді. Мұның соңы дұрыс болмайды, Ауру асқынады. Сіз көмек жасайсыз. Оның емделіп күтіну керектігін қатты ескертесіз.

Бұл да көмек.

Денеңізді тазалықта ұстаныңыз.

Қолды жуып, таза ұстамаса, ауру әкеліп және оны басқаға да таратуы ықтимал. Ол өте қауіпті. Сіз одан өтіңіз ол жиі жуынып, әсіресе жұмыс түрлеріне байланысты, күнделікті тазалықты үнемі естен шығармауын ескеріп отырыңыз.



Тіс тазалығы үнемі бақылауда болсын.

Әр тамақ соңынан тісті жуып отырса, тіс жарақаттанбайды. Осыған үйреніп, кішкене күннен қалыптасу керек екен. Сонда ауыздан нашар иіс те шықпайды. Бұл біреу үшін емес өзің үшін қажет. Үйреніп алғаның жөн.



Дұрыс тамақтану да шарт.

Нашар тамақтанатын адамдардың өзіне де, өзгеге де көмегі жоқ. Олардың күш қуаты әлсіз, қабілеті төмен болады. Кейде олар мазасызданып, тырысып жүреді, ауруы да мүмкін. Жақсы тамақтану үшін ерекше ас мәзірі (меню) керек емес, тек мезгілінде, дұрыс ауһаттану және ауһаттың ас болатын түрлерін қолдану керек.


Демалу.

Рас, жұмыс үшін өміріңді өткізуің мүмкін. Бірақ қажетті мезгілде, уақытында дем алып, күтініп, отырмасаң туғандарыңа масыл боласың. Шаршаған адам көп нәрсені дұрыс ұқпайды, ұқыпсыздау болады, қателіктер жіберуі ықтимал. Өзі атқаратын жұмысты біреуге сілтей салуы мүмкін. Сондықтан жүйке жүйесіне зақым келмес үшін жыл, ай, күн мезгілдерінде белгілі кезектіепен дем алуға үйретіңіз және үйреніңіз.



Сіздің денсаулығыңыз өзіңізге көп

Байланысты екенін ұмытпаңыз.

Қалыпты болыңыз

Анашаны ешуақытта да пайдаланбаңыз.

Оны пайдаланатын адамдар өзін қоршаған ортаның қандай екенін айырып білмейді. Шынында олар сіздер сиақты «бұл жерде емес» жолда болсын, үйде, әлде басқа жерде олармен ұшырасу қауіп туды-рады. Олар қателік оймен «өзін артық санайды», не «күштімін деп ойлайды», немесе осы сәтте «өзін сонша бақытты» сезінеді. Осындай ойлардан көңіл- күйі адасады. Ондай адамға бұл дәрменсіздік екенін, қош айтысу керек екенін ұғынуына көмектесіңіз.



Ішімдікпен әуестенбеңіз.

Ішкіш адамдар мәнсіз, «құлақсыз», тоғышар келеді. Ішімдік алғашқы кезде оларды ширатқан сиақты болғанымен, келе-келе олардың, қабілетін күрт жойады. Ішімдіктің дәрігерлік көмегі бар деп есептеу, тым даңғаза көтермелеу. Еш уақытта жүргізушісі ішкен самолет, поезд, автокөлікке отырмаңыз. Кішкене рюмка үлкен қайғыға соғуы мүмкін.Ішімдіктен болатын зиандыққа жол бермеңіз.Адамдардың мөлшерден асьш кетпеуіне, негізі ішпеуіне көмек жасаңыз.



Жоғарыдағы нұсқауларды ұстансаңыз адам өмірі

мәдениетті болып,тәтті өмірде тағатты боласыз.

Азғындыққа салынбау

Секс - адамзат жанұйа құрып, балалы болудың мүмкіндігі, егер дұрыстықта болса, ол қанағатшылдық және бақыт беруі ықтималды.

Табиғат та, адам өмірі де үзілмей жалғассын деп,тілектеспіз. Жыныс қатысындағы келеңсіздік жайлар ауыр қал - жағыдайға ұрындырады, ал табиғат мұны есепке алмағандай көрмеңіз.

Өз серігіңізге адал болыңыз.

Жеңсікқойлықта (сексте) серігіне адал болмау, адамдардың өмір жалғасуына зианын келтіреді, қабілетін төмендетеді. Бұл жөнінде жазба беттерінде көп былық шаруаларды шындыққа бергісіз етіп жазады, әсіресе орыс тілді прессаларда (жазбаламаларда). «Кінәлі болу» қаталдығынан,қызғану, кектену жынның сорақысы. Қай күні қаталдық кектің үстем аларын ешқайсысы біле бермейді.

Кемелдікті, көңіл еркіндігін, түсінік түйсігі болу керек, деген сиақты сөздерді көптеп айта беруге болады, бірақ не асыл сөз шайқалған шаңырақты, бүлінген өмірді орнына келгіре алмас. «Кінәлілік» сыртыңнан пышақ салғаннан да ауыр жаралайды. Оның үстіне денсаулық ділгірлігі (проблема) болады. Серігіңіздің адалдығын (верность) талап етпесеңіз денсаулғыңыздың бұзылуына жол ашасыз. Бұл кездерде, қысқа мерзімде, (венериа) мерез ауруы жеңіліс тапты дегендей сөз айтылады. Бірақ бұл сөз өзіне жауап бере алатындай деңгейдегі сөз емес. Қазіргі таңда жазылмайтын мерез ауруы бар екеніне сеніңіз. Жыныстық қатыстағы азғындық бұл таңға таңсық емес. Индияда керемет күшіне енген буддизм өз күшін жойғанына сегіз ғасыр болған екен. Себебі тарихшылардың айтуынша, буддизм жыныстық қатысты шатыстырып, шәт-шәлекей жасаудың негізі болғаны айғақ, әсіресе буддизм монастырларында (оқшау үйлерде) осы кезеңде де, қандай да бір мекеме буддизмді қолдаса, ол мекеме құрып, жойылып, жоғалады. Мәдени білімі төмен жанұйалар, жанұйадағы ерлі-байлы адамдардың сенімсіздігі, қорғансыздығы ошақтазғы шоқтың сөнуіне, жанұйа күйреуіне әкеп соғады. Бір сәттік қызығушылық, өмір бойы өкінішке қалдырып, бақытсыз етуі мүмкін. Бұл жайдан маңайыңыздағы адамды қорғау үшін айта жүріңіз. Ең бастысы өз денсаулықтарыңызды сақтау және серігіңізбен рақатты өмур сүру екенін есте үстау.

Секс (жеңсікқойлық болмай) адал болса, қуанышты,

бақытты, өмір сүрудің жолындағы қажетті қадам,

әрине оның жолы таза, сенімді, ұстамды, берік болса!

Баланы сүйіп, оларға көмек жасау

Бүгінгі бала ертеңгі өркенниетті Болашақ. Бүгінгі таңның кей сәтінде, баланы дүниеге әкеліп, оны жолбарыспен бір торға отырғызумен парапар жағыдай кездеседі. Бала жан- жағына қарап, бақылауды білмейді, қандай ортада екенінен бейқабар, шын мүмкіндіктерінен қағажулы. Олар сау тірлікке шығуы үшін сүйіспеншілік көмек қажет.

Бұл сыпайы тірлік. Өмірде қанша ата-ана бар болса, сонша тәрбие

түрлері бар. Кей тұста «былай», немесе «солай» өсіру керек делінеді.

Ал баланы «былай да, солай да» дұрыс тәрбиелемесе, ертең өздері

опық жейді, қиындық, қайғы көруі де мүмкін. Бірі:

а) өздерін қалай тәрбиеледі, солай тәрбиелесек дейді;

ә) енді бірі, заманы қандай, соған бейім тэрбиелейік дейді;

б) енді бірі баланың еркін өзіне беру керек дейді.

Бұл әдістің ешқайсы да жеткілікті кепілдей алмайды:

а) тәрбиесі қай заманғы, аштық кезі ме, соғыс кезеңі ме т.б.

ә) қалайша, ол бұл баланың заманына толықтай келер ме?!

б) тәрбиесі, бала өзін өзі басқара алар жаста ма, немесе оның жанұйасы, жағыдайы жеткілікті, дәрежелі ме, ақылы толық па, т.б. салдарлар баршылық қой.

Тәрбие ше? Бұл материалистік идеяға, иаки есепшілдік көзқараспен, қарабас қамын күйттеуді көздеуі де мүмкін ғой, т.б. өзімшілдіктер белең алуы ықтимал болар. Адам,негізі, біреудің ойлап табуы, немесе жасауы арқылы емес, эволюциялық, иаки қандай да бір ғажайып өсу-даму жолында пайда болып отыратынын нақты шебер түсініктеу қиын, бірақ түсінуге болатын құбылыс. Сондай баланың жүйкесі ғажап әсерлерден жыл өткен сайын толыға түседі, нәтижесінде үлкен кісілік қатарға келеді, ақиқатында жоғары өнегесімен тамаша тәрбиелілігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан бұл қағиданы да (теория), жоққа шығаруға болады, себебі, жүйесі жетілген, ақылы толған қаншама адамдардың қылмыскер болатынын алға тарта айтсақ, бұлар өркенниетті. Болашақ жасап, немесе қарттар өмірін қуанышқа бөлей алмайды. Балғын бала үлбіреген ақ қағаздай. Сондай аққағазға дұрыс емес жазу түсірсек,теріс қабар болады. Енді бала да сол көргенін, үйренгенін жазады ғой.Заман тіршілігіндегі түрлі ділгірлікте дүниеге келген бала бірі- қаблетті, кейбірі туа есалаң, кем, ал бірі - осы кезеңде (норкоман) есірткішіл болып, жарымес болып тууда. Ал баланы көп ойыншық, тәтті тағаммен, немесе тым еркіндікте еркелете еркін сатып алу мақсатымен тәрбиелеудің соңы да қайғылы болуы мүмкін. Міне қатты ойланатын кез. «Қазіргі кез

баладан гөрі азулы аңды, ит, мысықты тәрбиелеу жеңіл»,- деген де сөздер айтылады. Осы заман басының қиындық түрлеріне де байланысты, соған сайып, бала туу мөлшері де азайды деген ойдан да аулақ емеспіз. Тағы бір күрделі себебі, әкенің ішімдікке салынып,бала тәрбиесін өзінен басқаға аударып тастауы. Ең ауыр кез, байының өзі бес балаға татитын кезі. Кімді бағып, кімді қалай тәрбиелеу тауқыметі туады.Саналы жанның санасына көп сұрақ туады. Айрылысып кетсе, баланың өгейліктен, намыстан, жетім деген сөзден жігері кеміп, жүйкесі жіңішкереді, ал ажыраспаса ішімдікті көріп өскен безбүйректі қабылдауы мүмкін. Ілуде бір әйел темір қазық бола алады. Кейде ол да сынып, жарақаттанады,кейде өмір талқысына төзе алмай, жеңіліс табады,қайырымсыз қатыгез адам пайда болады,кейде ол да негізіне бой тартады. Мұндайлар жастардың арасында жүр десек, кім кімнен тәрбие алады, жаман жақсыдан ба,әлде жақсы жаманнан үлгі ала ма, кімнің ақылы басым. Мүмкін жаман циркаштай қызықтырып, көрікті қыздыруы да мүмкін-ау. Міне, қиындықтың көп түрлілігі. Басты мақсат, баланы өмірдің қай бағытына бейімдеу. Бұған біраз әсерлер бар:

а) өзінің мүмкіндігі мен бейімділігіне қарай кім бола алады;

ә) бала өзі кім болғысы келеді;

б) балаңыздың кім болғанын көргіңіз келеді;

в) бала кім болуы үшін қандай мүмкіндіктер бар.

Бірақ, бір мәселе қашанда есте болсын, қай жағыдайда да балаға дұрыс өмір келмейді, егер ертелі-кеш өз күшіне сене алатын жоғары- құлықты, жоғары инабатты, жоғары мәдениетті адам болып қалыптаспаса. Бұған жетпесе өзіне де, өзгеге де масыл болып жүреді. Міндетті түрде құлық, инабат, мәдениет үш қасиет қатар жүрсе, күш сонда.

Баланы қанша сүйіп жақсы көрсеңіз де, ол тәрбие болмайды.

Сіздің балаға деген маһаббатыңыз оның дұрыс өмір сүруге өз күшін салуға бағытталуы қажет. Егер дұрыс жолдан тайса, ол кездейсоқтық емес; әр жаңа қоғам, адам келеңсіздікті басынан өткеру үшін әдейі сынақ жасайтындай. Осы тұста баланың (жігіт-қыздың) жоғарыда айтылған ой-түйіндерді қортыңдылауына көмек жасаңыз,ол дұрыс қабылданса, үлкен жетістік болары сөзсіз. Ең жақсы қадам баланың ақылына ақыл қосып, достық көңілді ұстану. Рас балаға адал дос керек. Ол дос, негізі, жанұйада болғаны абзал. Ең бастысы баланың ділгірлігі (проблема) не екенін білу. Бала сәби күнінен азамат болғанда да бақылаудан тыс қалмауы, олардың көмегін қажетсініп отыруы керек (иаки жеңіл-қиынға жұмсау, басты бір шаруаны орындауын өтіну, бір жұмыстарды атқаруына сену т.б. міндеттеу) түрлі міндеттер жүктеу, баланың да көп нәрсеге міндетті

(долг) екенін және қабілетін жетілдіреді. Егер балаға бақытқа баратын жолда осындай кезеңдер болатынын ұқтыра алсаңыз,ол сіздің ойыңызбен келіссе, балаңыздың бақыт жолын таптым деп ойлаңыз, бала да сол жолға түскеніне сезім ләззәтінде болады. Бұл оған да, сізге де үлкен олжа деп біліңіз.

Баланың еңбегі зайа кетпес үшін ортасының жақсылық парасаты да болуы қажет, (Ал, қазіргі бизнестік өмірде көмектесіп, жетілдіріп, айақтандырып жіберудің орнына, кеме кенерінен (борт) лақтырып жіберуге дайын). Бала жақсылықты затпен қайтара алмаса да, жүрегімен, көз қуанышымен терең білдіре алады.



Бақытқа баратын жолда баланың бөбек

күнінен (өз еркімен өмір сүрер) ержету

арапыгында үлкен көмектен, сену сүйіспен-

шіліктен кеміс болмағаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет