Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер


Дүние бір бесік екен төрбелмелі



бет2/16
Дата06.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#35220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дүние бір бесік екен төрбелмелі,
Мұнартып алыс дала көлбеңдеді (Б. Т.)
Әр замандағы аналарың өмір өткелі қилы кезеңге толы ғой. Анам іс
тігіп отырып, ыңылдап ән салып, па, шіркін, кербез дүние жалған-ай, - деп
әнін аяқтаушы еді. Не болды мама? - деймін. «Е, балам-ай, әншейін, өткен-
кеткен өмір, шіркін, еске түседі де», - дейтін. Сонда сіз де анаңызды
сағынып отырдыңыз ба екен, шіркін-ау?! Сіз ойлайтын ойдың көбін білемін
де ғой: құрлыс, соғыс, төл алу, егіс, кәмпеске, жаугершілік, ашаршылық, т.б.
тақырыптарға бөліп айта берсе, таусылмас аңыз ғой, заманыңыз. Сендердің
замандарың жақсы ғой, балам, күтіп ұстаңдар, дейтінсіз, тек менің қолымда
тұрғандай. Әркез, азды-көпті айтқан әңгімелеріңіз аңыздай есімде. Соғыс
кезінде тылда қалғандардың да өмірі оңай болған жоқ, не жұмыс
жасамадық дейді. Әкемнің Қадым деген апасы жанұясымен Маржанкөлде
тұрады, қызы Кәукіш - дүкенші, мамам - старший по ферме, яғни сауылған
сүттің қою, майлылығын (жирность) анықтап, тартылған сүт, қаймақты
орталыққа жеткізіп, өткізіп отырады.
Күздің қара суық, жаңбырлы кездерінде сиыр сауған әйелдер малмандай
су болып, тоңып та қалады. От-алау (костер) жағып жылындырып, өлең
айтып, көңілдерің көтереді. Сондай отырыста, қолма-қол өлең шығарып:
Қорада сиыр мөңірейді,
Далада боран дүрілдейді.
Үйге барсам отын жоқ, үстім су деп,
Доярка бейшаралар еңірейді.

Қүдай-ау, мына соғыс басыла ма?!


Жиналып, елдің басы қосылама?!
Қажыған, қайраты кем ғаріп әйел,
Жолаушы жолдасына қосыла ма?!
1944ж.

Ой, айналайын-ау, Құдай көңіліңді көтерсің деп, бірі жылап, бірі күліп,


ризалық білдіреді. Соғыс аяқталып, Жеңіс! - деген хабарды естігенде:

Той базар, той-той базар тойлай келдім,


Қолға алып алтын сақа ойнай келдім.
Қызықты, шаттықты той болғаннан соң
Өлеңді екі-ақ ауыз ойлай келдім.
Рас па, бұл соғыстың басылғаны
Жиылып көптің басы қосылғаны.
Қаптаған қара құрттай жауыздардың
Төгіліп қаны судай шашылғаны.
1945 ж.
Әйелдер шулап, көсегің көгерсін деп қуаныштан жылап, баталарын беріп,
қуанысып қалады. Сауыншы әйелдерге үнемі көмектесіп: соңғы иіндіні
шайларыңа сауып алыңдар, тістеріңнен шығармаңдар деп - сүт-қаймақтан
да кезекпен беріп тұрады. Әр кездерде туыстарына да қолқабыс жасап
тұрған. Бірде әкемнің үлкен ағасы Мұқыш, бәйбішесі Нәсен, баласы Кәкен
– бәріміз біргеміз. Ол кезде қызмет жоқ.
Жарамды адамның бәрі егін жинауға шығады (уақытша жұмыс). Егіс
аяқтала шабылған егіннің қалған масағынан астық жинап алу үшін егіс
даласының ешкім бара бермейтін арғы басына қамыстан күркеше тігіп,
келіншектер күндіз тығылып жатып, түнде ай жарығымен қалған
масақтарды алақандарымен үгіп, астық жинаған. «Алақанымыз ойылып
қалған күндер де болды»,-дейтін. Жиналған 2-3 пұт астықты таң
қараңғылығын жамылып, атасы - Мұқыш алып кетіп отырған. Мені
жерошаққа түсіп кетпесін деп, немере ағам Кәкен, өзі шидей боп арқалап
жүреді екен.
Соғыстың қайнап түрған кезі болса керек, «Отанға көмек керек, шаруаға
жарайтын бірде-бір адам үйде отырмасын, жұмыстан қашқандарды ФЗО-ға
жібереді» деген, жергілікті «ұран» шығады. Сонымен ел жаппай жұмысқа
шығады. Шешем Қарабектің Смағұлының әйелі Бәтжан апасымен бірге,
қадақпен өлшеп берген егінді қол орақпен оруға кіріседі. Апасы Сәлкіжан-
ау кішкене дем алайық десе, осы «р-жоқ сөзді қалай тауып алдың деп
күледі екен. Бәтжекеңнің тілі «р»-ға көлмейтін көрінеді. Әбден шаршап,
белі талған кездерде жылайтын көрінеді: «Құдай-ай, ногма ногма» деп, осы
Сәлкіжан-ақ пәле болды ғой деп. Шешем: «Ойбай, жылама, кішкене демала
ғой, сосын нормамызды орындайық, балаларымыз жетім қалып жүрер,
ФЗО-ға алып кетсе», - деп. Сонымен, қадақ қайда, норма (жоспар) қайда,
білмейді, екеуінің білетіні баулап бау-бау астықты ора береді, ора береді.
Бір күні хабар келеді, «ертең пәлен уақытта правлениеде жиылыс,
басқармаға Сәлкен, Бәтжан келсін», - деп. Екеуінде ес жоқ, әне, айттым ғой,
бір пәле бар, нормамыз орындалмаған ғой, демала берген соң», - дейді.
Бәт (Бәтжан)-қайын апасы «құрыдық-ау деп, жылап жүр»,- дейді.
Жиналысқа бармасқа тағы болмайды, екеуі қорқа-қорқа келеді ғой.
Басталған екен, қой ішке кірмей-ақ, осы сырттан естиік бәрібір көретін
жеріміз «пузу» (фзо) болды ғой деп, тыңтыңдап тұрса, екеуінің
фамилиясын естиді. Екеуі нормаларын асыра орындаған, стахановшылар!
— деп, мәдақалап жатыр дейді. Есік жақтағы біреуіне, бар ма өздері, шақыр
депті, байқаған біреуі даладан ертіп кіреді. Ел ду қол соғып қарсы алыпты.
Екеуіне арнап газет (үнжарғы) шығарып, (лозунг) ұран жазып іліп қойылған
екен. Түкке түсіне алмай жеңгем әлі жылап, көзін байламының шетімен
сүртіп қояды дейді, өзі аңқау, нанғыш, баладай еді,- дейді апасын есіне алып.
Сол ақкөңіл апай өмірде бар екенін естіп, біліп, сәлем бере бармақ ойым
бар. Тоқсанның мол ішінде болса керек.
Алла жарылқап,
Соғыс бітті!
Жақсы хабар жетілді,
Ел жүрегі қуаныштан лепірді. (С. Салкен)
Соғыс бітіп, ел мәре-сәре, жер-жерде жеңіс тойы жүріп жатыр. Сондағы
халықтың қуанышын, балам, дәл жеткізу мүмкін емес. Біздің ауылда да той.
Бір додабаға - қатын палуанға (әйелдердің палуан күресі) кім шығады деген
дауыс-жария шықты. Кілем жаюлы, жанжағын қоршаған халық, ешкім
шықпайды. Білмеймін, қуаныштың қызуы ма, білегімді сыбанып, етегімді
беліме қыстырып, тіземді бүгіп, ортаға шығып отыра қалдым, ел ду қол
соқты, басылды.
Ой жаңа келді, менің мұным не, бір дәу қатын шығып, алып соқса
қайттім, деген намыс оты қылаң етті, арқам шымыр етіп, басылды, - дейді
анам. Жаршы айғайлап, бәрекелді-бәрекелді, «кім шығады, кім шығады», -
дейді. Уақыт бітті. Ой, Алла! Бұл әбүйірді қараңыз, ешкімнің шықпағаны.
«Жас кезім ғой» тәп- тәуір денем бар еді, қорықты білем, - дейді анам
күлімсіреп. Сонымен бас бәйгені алып шыға келгенім ғой, - дейді. Бұл
әңгімені естігеннің өзіне қорқып, неге шықтың деймін? Білмеймін жастық
па, қуаныш па, әйтеуір құдай сақтап, алла әбүйір бергенін айтсайшы дейтін.
Анамның бір басына жетерлік ақыңдығы да, әншілігі де, белсенділігі де
бар еді. Тойда айтпаған өлеңді қайда айтамыз деп, шырқата жөнелгенін
талай естігенмін. Әсіресе, «Көшкенде жылқы айдаймын», «Екі жирен»,
«Қарғаш», «Қарға!, «Елім-ай», «Шилі өзен», т.б. көптеген әндер құлаққа
сол кезден сіңген еді.
Дәл сол кездегі ауыл адамдарындай әуелетіп салатын, жиын отырыстарда
қалтқысыз көңілдерімен, қақ-соқсыз қалжыңдасатын, мейіріммен
амандасатын адамдар, көз көрген аға, апалар азайып бара жатқандай.
Шіркін, сол қарапайым ғана жандардың ниеттері адал, еңбекте қоғамшыл,
қолдары шебер, табиғатынан тәлімді, сыршыл да сұлу еді. Сол кезде бала
болсам да, сезінгенімді ойға түйсем, олар өз заманының жақсысы мен
жайсаңын, тау- табиғатын, дана-дарабоздарын қадірлеп, қастерлей білгенін
сезінемін. Жеңгелері өзінен жас болса да: «Қыз-ау, астыңнан ыз өтеді-ау,
жоғары отыр», - деп жататын. Тіліме оралған, мына, Ананың ой мұнын
қағазға түсіргім келді:
Өткен талай ақын, жыршы-жыраулар,
Қабағында өткен күннен қырау бар.
Жүрегі тұнып, анам талай айтушы ед.
Содан болар жүрегінде жылау бар.

Ән салады, мұңлы кейпі, іс қылса,


Аһ ұрады, еске түсе баяғы.
Не көрмедік, - дейді кейде ағыла,
Жүрегінен лықсып шығып базына.

Отқа жанбай, суға да біз батпадық,


Тіршілік қып, белді шешіп жатпадық.
Былай тұрсын арыстанның өлгені,
«Тірісінің үстінен де аттадық»

Алла! - дедік, құран сөзін жаттадық,


Абыроймен елдің сертін ақтадық.
Қолымызды жеткізді деп бақытқа,
Сталинді, Маленковты мақтадық.

Мақта десе, малша шулап мақтадық,


Жатпа, - деді, орақ ор деп, жатпадық.
Тілеу тілеп, қуат сұрап Алладан,
Ораза ұстап, намаз оқу жаттадық.

Шын тіледік бейбітшілік заманды,


Бұзылса деп, қапас қорған қамауды.
Шын жыласа соқыр көзден жас шығар,
Келді, міне, жан аңсаған қоғамы.

Қоғамдасып, ұйымшыл бол ағайын,


Қарауылда қырағың боп жатайын.
Жалғызым жүр ортасында халқының,
Тілеуіңді тілеп жырға қосайын.

Анық білем, анам өстіп айтарын,


Қарауылға жиі барып қайтамын.
Анам жатқан төрт құлақты мазарды
Бір шаһарды көргендей боп қайтамын!

Иә, Қорқыт ата айтқандай: «Қыз ақылды ескермес - Ана үлгісін көрмесе!


- деп.
Бүгінде сол анамның жақсы сөздері, қажырлы қайраты, жақсы-жаманды
безбендеуі, бәрі-бәрі ойға оралады. Дер кезінде түсініп, бір басына
қолымнан келген бар жақсылықты үйіп-төгіп жасамаған екем деген өкініш
сәтінің де ойға оралар кездері болады екен.
Бір белсенділігін айтайын: Жаңаарқаның 8-ші ауылы - Толағай төрінде
отырған кезіміз (Кеңестің К.Маркс совхозы). Басқарма Шайхин Сатан
ағамыз. Кемелді де келісті адам еді. Жиналыста, орталықтан үлкен баз
салудың реті келіп тұрғанын, колхозшылар түгел бос емес екенін, соған
кімдер көмек береді деп, ортаға салған ғой. Шешем қолын көтеріп; «Біз
көмектесеміз, тегін. Мен бригадир болып осы орталықта бос отырған бүкіл
қатынды жинаймын, кірпішін құямыз, тек, қалайтын кезде ер кісілерден
көмек болсын» - депті. Басқарманың әйелі қайын сіңлі болып келетін
Балбала тәтеміз. Осы қатын «жынды жас баламды не істеймін деп, ұрсып
жүр», - дейді. «Баланы Түрсын бағады» деп, маған да жұмыс тапты. Бие
сауымға босатады, кешкі асты даярлауға қайтарады. Жұмысты қиналып
жүріп істемейтін. Ауыздары ән мен қалжыңда, өсек-аяңсыз өмір кешкен,
аяулы аналар еді. Осы айтқандарымның бел ортасында жүріп, бақытты
дәурен кешкен Балбала (Шайхина) апамыз бүгінде немерелерінің орта-
сында ақжаулықты әже болып отыр. Деніне саулық тілеймін!
Сонымен аз күнде баз бітіп шықты. Сол жылдарда посылкамен іс
мәшине, ақ самаурын жазып алдыратын кез еді. Посылка келген үйде той.
Дастархан жайылып, ән айтылады. Сондағы естіген әндер сазы,
аналарымыздың ашық дауысы әлі жадымда. Олар: арнау, көш-керуен, құда-
жекжат әндерін жиі айтушы еді. Қазірде сол әндерді ешкім айтпайды.
Бүгіндегі айтылып жүрген «Үшқоңыр» әнінің сазын басқа сөзбен айтатын,
ән созыңқылау айтылатын мақамды еді.

ӨМІРДІҢ ӨРІСІ-АҚЫЛДЫҢ КЕНІШІ - АНА!


(Автор)
Өмірімді өрістеткен, ақылымды арайлаған Анам талай жақсылықтарға
қол созуыма талаптандыра отырып, адамгершілікке баулығанын кейін
білдім. Жас балаға оның бәрін топшылау мүмкін емес қой.
Біздің жанұямызда бір дәстүр бар еді. Кешкі тамаққа ертерек қам
жасалатын. Дастархан жиналып болған соң, кешегі кітапты оқуды
жалғастырамыз. «Ал, балам, оқи баста» - дейді. Жетінші майшамның
жарығымен дауыстап кітап оқуға кірісемін. Әрі тез, әрі анық оқуым керек.
Сөйтіп «Полк баласы» деген оқулықтағы шығарманы, өлеңмен жазылған,
мақамға салып, әндетіп оқитын едім. Қазір осы мәтін еш ана тілі
оқулықтарында жоқ. Кітапты оқығанда папам әрдайым мені қолпаштап,
жігерлендіріп: «Әп бәрекелді, тыңдайық, әрі қарай бұл батыр не істер екен»,
деп марқайтып отыратын. Сол кезде оқыған кітабымның бірі - «Мың бір
түн» - қалың бір-ақ кітап болатын. Есімде, Нұғыман батыр жайлы үлкен
әңгіме, болушы еді. кейінгі басылымдардан ол әңгімене көре алмай жүрмін.
Махаббат жайлы тұсына келгенде, жөтелген боп, сырғып өтіп
кететінмін. Осындай үй оқуын жалғастырған, педучилище- де сабақ берген
ұстазым Күлмәш Жүнісқызының еңбегі зор еді, қатесіз тез оқуға үйретті.
Сонымен бізді Абаймен ерте таныстырған да ата-анамыз еді. Анамның
Абай сөзіне құмарлығы сонша, ертеде ірі әріппен басылып шыккан бір өлең
жинағын жастығының астына тығып, ауық-ауық алып, оқып, кітапты сипап
отыратын. Латынша сауаты болған, әрі жиі оқығандықтан ежелемей сол
кітапты ғана жорға оқитын. Жасында Төлеубек ағасымен бірге біраз
Медреседе оқығанды да бар. Әкесі: «Қыз балаға медресе оқуының керегі
жоқ» - деп, рұқсат етпепті. Иә, ол кез, баланың ата-ана сөзін екі етпей
ұғатын дәуірі ғой.
ДҮНИЕДЕГІ ҰЛЫ ЖҮРЕК - АНАНЫҢ ЖҮРЕГІ
(Автор)
Ойшыл В. Гюго: «Дүниеде кіші халық жоқ... Адамның ұлылығы оның
бойымен өлшенбейтіні сияқты, халықтың ұлылығы да, тіпті, оның санымен
өлшенбейді. Ақылдылық пен ерлік, міне, бір ғана өлшем. Кімде-кім ұлы
өнеге көрсетсе сол ұлы», - дейді. Иә, халқыңның ұлылығын жалпы өмірде
түсініп, түйсінесің. Сол халықтың бір бөлшегі, ақ жауындай нөсерлі,
тамырын тереңге тартар асыл шөп, кейде ерлігі де елене бермейтін асыл
адам, күн кірпікті, аялы алақанды, ақыл мен парасат кеніші, адамзат нәзігі,
жақсы-жаманды да, үлкен-кішіні де бауырластыратын, баласына деген
кіршіксіз таза махаббатқа толы Ұлы жүректі - АНА. Иә, ананың өнегесі
балаға мирас. Кімде-кім өнеге көрсетсе, сол ұлы. Ұлы өнегелі, ұлы жүрек
Ана жүрегі.
...Ақжаулық, арда анашым,
Жүректе мәңгі қаласың.
Тіл-көзден аман болсын деп,
Қорғаныш болған панашым...

...Ақжаулығың елестеп,


Көңілден еш кетпейсің.
Көз алдымда көркің тұр,
Санамнан сәтке өшпейтін
Өміріңе жалғасып,
Өмір - боп мен де келемін.
Байлығымда, бағым боп
Анашым есте жүресің...
(автор)

Иә, анам өмірінің ащысынан әңгіме айтпаса, тәттіні білер ме едім, тәтті


бермесе, ащыны білер ме едім. Ұлылыққа айтар Ұлы сөзім - РАХМЕТ!
Ананың көңіл-пейіліне әр сәби іңкәр, зәру. Ананың лебінен,
тынысынан дүние нәр алады. Сол дүние - өмірдің өзіне, тіршіліктің көзіне
айналары хақ. Өйткені Ана - көңіліміздің падишасы, көкірегіміздің
шамшырағы, санамыздың сәруар сардары. Ана жүрегі — Ұлы жүрек!

«Қайтадан қайырылып


Қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңда
Сөз қалдырсаң,
Шын бақыт, осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің».
(Шәкәрім)

Айналайын, ғажайып - Ана, мәңгілік өлмейсің.


Рас, ата-анадан берілген жақсы тәрбие-біздің бақытты қарттығымыз.
Ата-ананың сөзі-ақыл-кеңестің көзі, оны ұға білгеннің жетінші жаны
ашылады, - деген. Сонымен, ой-түйіні:
«Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді» (м-м)
Адамның бірінші қадірлер жақыны да, бірінші досы да, бірінші ұстазы
–АНА (автор)

«Ана сүтімен кірмеген ақыл


Тана сүтімен кірмейді» (м-м)
Адам берер атақтан,
Алла берген абырой мен
Ана сыйлаған бақыт артық! (Б.Т.)
Сүйемін сені туған ел - атамекен,
Абзал анам ғой құ шағы кең.
(Қ Аманжолов).
Жақсы адам елдің - ырысы
Жан ана - жанымның тынысы. (Б.Т.)
Қашанда мәлім маган, ана, сырың,
Өзің ғой қуанышым жанашырым. (Б.Т.)
Атыңа ана деген тең көрмеймін,
Жаһанның жиып берсе бар асылын.
Қ. Байжұманов)
Туғаннан құлыным деп аймалаған,
Өзіңнен аяулы жан қайда маған...
(Т. Жетесов)
Арманым адал, асқақ, әділ, өктем,
Ананы өмірімде сыйлап өтем! (Б.Т.)
Ана жайлы толғаныс, сезім иірімдерін жазып біттім дей алмаймын.
Анаға деген жүрек бұлқынысым толастар емес, тек аялдайын. Анамның
жүрек дүрсілін, шексіз махаббатын құрсақта жатып-ақ сезініп, дүние есігін
ашқандаймын. Даламның сан ғасырлық тарихы, бабамның асыл қасиеттерін
анамның ақ сүтімен қабылдағанмын. Бойымдағы бар жақсыны, қасиетті,
ізгі ниетті ана сүті арқылы нәрлендіргенмін. Тал бесікті құшақтап, салған
әнінен ойыма өрнек ұялап, санам сәулелі болған. Дүниедегі нәзік
атаулының жинтығы - Ана, ананың аялаған алақаны - жылы ұя! Анадан
жарық, анадан жылы, анадан қымбат, тек қана Жаратқан шығар. Мүмкін,
Жаратқанды да жаратқан Ана шығар. Ана әлемінің жан дүниесі - мұхиттай
терең, даладай кең, аспандай биік, сүттей ақ, сәбидей пәк!
№ 3 (28) - 2004 ж.
«Сыр мен сымбат» жорналына басылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет