Адамгершілік қасиет-адамның сыры мен сымбаты
Бүкіл адамзаттың болашағы - бейбітшілік. Ол бейбітшілік ел
еңбекшілерінің саналы, бір мақсатқа бағытталған еңбегімен жасалады. Сол
бір мақсат не? Кім қалай түсінеді? Әрине өмірдегі түр қандай әртүрлі болса,
мақсат та сондай ала-құла. Біреу бизнесмен - бай болсам дейді, біреу бизнес
- байлығымды өзімнен артылтып халык игілігіне жұмсасам дейді, енді бірі
атақты ғалым болсам немесе әйгілі адам болып, қаламыздың құрметті
азаматы болсам дейді. Әрине, мұның бәрі жақсылык, бірақ тек жеке бастың
арманы ғой. Рас жеке бас армандарының да жақсы болғаны абзал. Ал ең
түпкі парасатты саналы бір мақсат: қоғамымыздың еркіндігін есті
қалыптастырып, болашақтың адамын тәрбиелеу болып табылады. Болашақ
бейбітшіл қоғам орнатудың үш міндеті осылай болар, яғни, а) бір мақсатта
болу; ә) бейбітшіл қоғамдасу; б) болашақ парасат иесін тәрбиелеу.
Осы негіздерде бір мақсатты алға ұстап отыра, жаңа қоғамға сәйкес
жаңа адамды тәрбиелеу, адамгершіліктің биік парасатын қалыптастыру
басты міндет. Ал осы тәрбиені кім жүргізеді? Мұғалім бе, көрші ме, әлде,
қоғам ба? Міне, осы түста бір мақсатта болу керектігі өзінен-өзі
айқындалуда! Талас, мейлі, таласпа ең алғашқы балғын тәрбие отбасы,
ошақ қасынан басталады. Ол: балаңның тілалғыш, бауырмал, ақ жүрек,
елгезек, кісі сыйлағыш, әнді сүю, ертегішіл, елшіл, ауылшыл, ақынжанды,
адал, аңғарлы, әсемпаз да сырбаз болып жетілуі. Осы үғымдарды 6 айынан,
12 айынан, 24 айынан, одан қалса, 37 айынан құлағына құя, сезіміне сездіре,
ашық айта аңғартып, өсіру. Тура осындай баланы көршісі де жақсы көріп,
баласына үлгі ете сыбырлап, әне соған ұқса, қандай өнерлі, қандай тәрбиелі!
Сен де жақсысың, қолыңнан келеді деп, отыру. Әсте қызғаныш сөзге ой
алдырмаған дұрыс болады. Ал қазіргі кейбір жайлармен салыстырып
көрейік. Бір келін балаларын бағып үйде отыр, бірақ дұрыс тәрбие-білім
беру жолында. Балаларын балабақшаға, мектепке апарады. Қосымша саз
(музыка), математика, ағылшын, компьютер немесе би, жүзу үйірмелеріне
апарып, күнділікті сұрау-сауалмен ісін қадағалап, дұрыс нұсқап отырады.
Ауыл-қаладағы әже-аталарын сүйіп, құттықтап, телефон шалып, мезгілінде
барып тұруын да қадағалайды. Ал енді бірі - мектепке апарып-әкелсе болды.
Өзі телевизор алдында. Балалар оқып жүр ме, ойнап жүр ме, жақсы сөйлеп
жүр ме, жаман сөз бе, жұмысы жоқ, әйтеуір отқа күйдірмей, суға батырмас
қарақшы. Телефонды алып беріп, әже-атаңмен сөйлес, амандығын біл,
ассалаумағалейкум деп айт деуді білмейді. Білсе де білмес. Оның ойынша,
бүкіл тәрбиені береді-міс! Ал жақсы. Енді мектепке келейік. Шындыққа
келсек - мектеп, әлгі үй тәрбиесінен әртүрлі болып келген баланың басын
қосып - ұжымшылдыққа, тәртіптілікке, достық-жолдастыққа, еңбекшілдікке,
шыншыл- әділдікке, қоғамдық меншікке көзқарасқа, жақсы мен жаманды
ажырата отырып, үлкен кұлашын кең ашуға мүмкіндіктер жасайды. Әлгі
бірінші кезең тәрбиесімен келген бала тез ұғып, тез қабылдап, алға озады.
Ал екінші кезең тәрбиесімен келген бала кешеуілдеп, бірін ұғып, бірін
ұқпай, бір нәрсесін жоғалтып, кешеуілдеп те жүреді. Бұл тұста да бірлі
жарым естісі, іште бұғып жүрген өнерін шығару сәтіне кездесіп, жарқ ете
қалуы мүмкін.
Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік, парасатты
қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастар арасында беделі болмауы былай
тұрсын, болашақта жақсы азамат бола алмайды. Міне, өркеуде, өзімшіл,
тоғышарлар осы тұстан шығады. Иә, мұғалім біледі, келешекте осы бала
жақсы болады, бақытты болады деп отырады. Ал «әлгілерге» ескертеді де,
біреулеріне ескерте алмауы да, түрлі себептерден болуы мүмкін.
Сондықтан білімді оқушы өзі саналы болуға ұмтылғаны жөн, өз мінез-
құлқына әр сынып тұғырында көзімен қарап, осы мінезім, осы ісім дұрыс па?
деген сауалда болуы міндет. Адамгершілік дағдыны оқушы бойына бірер
жыл мұғдарында сіңіре салуға болмайды. Ол әр сынып деңгейіндегі жасы
өсу сатысымен бірге көтеріліп, өлшеніп отыратын құбылыс, яғни, ұзақ
жылдардың нәтижесі. Бұл қағиданың өзін үлкендердің, көршінің, көшедегі
адамдардың, мұғалім-ұстаздардың өз мейірім, адамгершілік, ұлағатымен
көмкеріп, көтермелей отырып берілетін тәрбие. Бұл тәрбиенің түрі коп, иісі
жоқ, тек, адамзатқа берері мол ұлағат- адамгершілік. Еш дау жоқ, адамда
адамгершілік нышан туа да, тіпті іште жүргенде қалыптасады екен.
Сондықтан да ғой қазақтың: «Негізі жақсы ғой», «Жақсы жатырдан
жаралған», «Қадірі қазанынан» (Б.Т.) «Ата көрген, ана көрген бала» деп жа-
татыны. Осындай тектіліктерден, табиғи қадір-қасиет қалыптаса бастаған
адамгершілік дағды мектеп жасына келгенде, белгілі ұйымдасқан ұжым
ортасында, оқу, білу, іздену, талпыну арқылы әлеуметтік өмірмен, Отаным,
Елім, Әкем, Анам, - деген ұғымдармен ұштасып, өз борышын дұрыс атқара
білу ақылын жетілдіреді. Ғұлама тілімен айтсақ: «Еңбек игілікті болуы
үшін, мақсатты дұрыс белгілеп, сол мақсатқа жеткізер сәйкес жолды табу»,-
деген Аристотель тұжырымы. Әрине, әртүрлі байланысты ақыл түрліше
дамуға түседі. Кейде емес-ау, көбіне, шолақ ақыл болады. Яғни: «тірлердің
тірі жүйелерінің тіршілігі қадір- қасиет сапасына көп байланысты. Ықылас-
ынта, күш-жігерсіз өзінен-өзі біте қалар іс жоқ деп білем» (Б.Т.). Ұлт,
халық - тірі жүйе. Әрбір тірі жүйенің табиғи даму жолы болады (Б.Т.). Сіз
оны қалайсыз ба, қаламайсыз ба, сізден сұрамайды. Ал бұған қоса
тәжірибелі даму да жүріп жатады. Еркін заман келді деп, едіреңдеп,
өңмендей берудің қажеті жоқ. Еркіндік ең бірінші өзіңді қадірлеу, сол өзің
арқылы еліңді болашағынды бағдарлай білу. Рас мұның бәрін, мүмкін, айту
да оңай шығар, ал іске асыру, әрине, қиынырақ. Дегенмен, бойында қасиеті
жоқ адамнан мұндай ақыл, кеңес те шыға қоюы неғайбыл-ау. Мұның өзі
сымбаттың, мәдениеттің астары іспетті. В.С. Вибер: «Мәдениет дегеніміз
менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын, менің
шығармашылығым», - деген екен. Адамгершілік сөзі көп тармақты.
Жоғарыда айтылған үй тәрбиесіндегі бөліктерге өсе келе: мәдениеттілік,
сүйіспеншілік, намысшыл, қасиетті, ықыласты, жегірлі, игілікшіл,
халықшыл, ұлтжанды деген адал да абзал ойлармен толығады. Бұл
айтқандарымызды бір түйер болсақ:
* Қазақтың намысы жаныңнан да жоғары.
* Қадір-қасиетті, аяулы сезімді аялап баулымасаң, өзіңді де жоғалтасың, «ит-құсқа» жем болып, қорлық пен мазаққа қаларсың.
* Адамгершілік қадірін кетіретін: жағымпаздық, өсекшілдік, өтірікшілдік, мақтаншақтық, сатқандық, қорқақтық.
* Саналы қадір-қасиет - табиғи қасиет.
* Сана, қалыптасқан сәттен бойға берілетін, жетілдіруді қажетсінетін сапа.
* Тірі жүйелердің тіршілігі қадір-қасиет сапасына байланысты.
* Ұлт, халық - тірі жүйе. Әр тірі жүйенің табиғи даму жолы болады.
* Әрбір тірі жүйенің тәжірибелі даму жолы да болады.
* Басқа адамның, иә ұлттың топастығын аңғару арқылы, өзіңнің, өз халқыңның сондай болмауына қамқор болу - парызың.
* Көңіл-күйдің дүрлікпесінен аулақ болған абзал.
* Жүректің адалдығына әмір берсең - қадірің, қасиетің сөзсіз өзіңе лайық болады.
* Орынсыз ақталу - өз қадіріңді алдаумен тең.
* Жүрек адалдығына құлақ түре үңілсең - іс-әрекетің оңалады.
* Әр адамның өмірі - адамдарға сыйлық болуы керек.
* Әділдіктің әлемі - Айширақтан* да биік деп біл.
«ҰША БІЛГЕН ҚАНАТҚА ДҮНИЕ КЕҢ»
Адамгершілік — бір ғана сөз болғанымен оның тірліктегі ауқымы өте
кең, үлгісі өте биік. Оның ең ұсақ бөлшектері, құрбы алдындағы, мектеп,
көрші, туыс алдындағы борыштарың, ұжым алдындағы жауапкершілігің,
тапсырманы дұрыс та, тыңғылықты орындау, әр істе белсенділік таныту, т.б.
борыш-парыздар жиынтығы толыса келе Отан, халық алдындағы борышқа
ұласатыны аян. Бұл сенің сырыңды ұштап, сымбатыңды сипаттай түсетін
еңбек. Еңбек үстіндегі адамның сезімі балауса, көңілі - мәз, жүрегі жылып
жүреді. Осындай өмір дерегін көңіл елегінен өткізіп, қалам алып қолыма
«ұша білген қанатқа дүние кең» екенін дәлелдей түскім келеді. Қағаз бетіне
түсірерде қатты қиналамын, толғанамын. Өмірдегі деректер ойыншық емес,
оны саралап жазу да онай іс болмас. Ол үшін орамды ой, сабақты сөз,
өрнекті тіл, көрнекті шындық болуы қажет-ақ. Пәни-ғайып, ғұмыр-қайық,
тағдыр-желкен, өмір-өркен десек, өмірдің сыйлығы мен бұйрығы әр
адамның өз пешенесіне тиесілі. Мұны әркім түсініп, қажетінше көре білетін
сияқты. Тек тамырыңды тереңге тастап, артыңа мұрағат болар, ұлағат болар
із қалса, дүние жалғанның аялы болмаса да, баяны бар ғой! Баяны болсын,
әмәнда!
Иә, балам, ұша біл! Ұша білсең, қона да біл! (Б.Т.)
«Ғылым - теңіз, білім - қайық,
Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ғылым - жаным тұрған шырақ», - деп аталар бекер айтпаған,
сондықтан ағып та кетпе, жанып та, сөніп те қалма. Сана, сана керек
қашанда.
АЙ ЖАРЫҒЫ- ӘЛЕМГЕ
ЛУНА ОЗАРЯЕТ ВЕСЬ СВЕТ
Күннің жарығы - құдірет қой! Айды жарық демей көріңіз. Онда ай
қараңғысын білмегеніңіз. Ай қараңғысы аттылыны да адастырған. Ай
жарығы - әлемге. Ай мен күн бірін-бірі әлі қуып жүр. Қуа жүріп, бірін-бірі
әлі қуып жеткен жоқ. Бірақ бірінің бар екенін бірі біледі, табиғаты сезеді.
Рас, Ай да, Күн де, Жер де адамға қызмет етеді. Адам да сол сенімді
ақтауға үнемі кұштарлықта, болғаны абзал. Сондықтан да Ай жарығы Күн
көзі, Аспан әлемі, Жер жәннәті әлемге ортақ.
Ай жарығы Әлемге ортақ болса, жақсы адамдардың да жақсылығы,
білім, ғылымы, өнері ортақ. Мәселен Архимед: Дене салмағымен
ығыстырылған су мөлшері дене салмағына тең екенін ваннаға түскенде
кездейсоқ сезінген; Македонский - тым есті болған; Суворов - мың түрлі
солдатты түрінен түстеп білген, суретші Левитан - бір көрген ғажабын өте
бір дәлдікпен суреттеп сала алған; ғажайып Корабельников байлаулы
көзімен жабық хатты оқыған; көреген Новиков — есепсіз нөлдері бар санды
үш лез (секунд) уақытта айтып берген, сол сияқты: жалын жұтқан, сынған
шыныға жатып, үстінен машина өткізген, адам жүрегін, ішкі құрылысын
көре алған, биоөрісі от шашқан, т.б. қаншама ғаламаттар - әлемге,
адамзатка ортақ. Осыдан-ақ байқауға, аңғаруга болатын шығар Жан нұры
мен Ғұмыр назым нұрының ұштастығын. Сол себептен табиғатка,
жәмиғатқа тіл қатам. Үзілмесін бұл фәниде сыйластық. Ойым шалқып, бой-
ым балқып, о, тағдыр, мен өзіңмен, сыр-сымбат-ау, сырластым. Ғұмыр
көкжиегін көмкерген қиялымды қуып, өмір жалғасының өркениетті өшпес
өресінен көрінсем, бабалар ізін қуғаным болар. Шаттана түсіп, шамырқана
қалу-мінез болар. Періште поэзияны құшып, перизат прозаны да сүйгім
келіп, сазды да назды сөзбен сырласамын. О, дариға, о, тағдыр, бұлар
болмаса не істер едім?! Асықпайық, аптықпайық, бабалар барған жұмақ
жайлауына бізде барармыз. Әр нәрсе өз кезегімен болса игі- Әкемнің
әліпбиін сақтап, анамның әппақ бал сүтін ақтап, Ғұмыр-қайыкта жүзіп,
қызық дәурен кешейін. Қысқа өмірдің аялы көп болсын! Ұлы мәртебелі
қазақ әйелінің сұлулығын дүниенің жарығына жайып салатын, әндетер
әділет құсы болайын. Ақыл-білім толысып, сіздердің мерейтойыммен
құттықтап жатқан лебіздеріңізді ақтай аларлық қасиет берсін Алла! Рахмет!
ҒИБАДАТ ӘЛІППЕСІ
«...Өлгенін, жерленгенін күтіп жүрмей,
Талантты қастерлейік тірісінде».
Қадыр Мырзалиев.
«Живу в этом мире только раз»
А. Пушкин.
Біздің Отан адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Олай болса,
үлкен адамгершіліктегі саналы адамның қоғам өміріндегі орны, өз басының
тәртіптілігіне, еңбегіне байланысты. Міне, оқушым, балам, сендердің
бойларыңнан осындай жағымды қасиеттің бәрі табылуы керек. Отанды,
халықты, бір- біріңді сүйе білу де үлкен білім. Жақсы игілік үшін жан еңбек
ету қажет. Адамның қоғамдық еңбегі оның адамшылық қасиетіне
байланысты. Ол үшін әр адам өзіне қатаң талап қоя біліп уақытты бағалауы
керек. Шығыстың ұлы ақыны Саади: «Адам әрбір секундта бір дем
алады...», -деген Яғни, демді алудың өзі есептеулі болса, басқа істелінетін
жұмыс өзінен-өзі қатаң есепке алынатынын ұмытпайық. Менің бұғанам әлі
қатпаған, жаспын деуден аулақ бол. Босқа жүрмей, кафе, ресторан, боулинг,
- деген еріккен қалталылар баратын жерді тіміскілемей, уақытын тек
өткізбеген жас 20 жасқа дейін күрделі де маңызы зор жұмыстарды аяқтап
шығады. Мұны біздер жасымызда білмедік, айтар ғалымдармен де ертерек
жүздеспедік. Өкінішке орай кеш білдік, кеш есейдік. Бізден кеткен қателік
қайталанбасын деп, көңілге түйгенді айтуды мақсат тұттық. Ештен де, кеш
жақсы деп, Сіздердің замандарыңыз зулаған, шапшаң тез жүріп жатқан
ғасыр. Сондықтан көп жақсылықты тез біліп, үйренуге тура келеді.
Мәселен, Сергей Рахманинов 18 жасында фортепьяно класы бойынша
консерватория класын бітірігі, «Алеко» операсын жазады. И.И. Мечников
19 жасында бірнеше ғалыми еңбектердің авторы болған, Әлия Молдағүлова
Ұлы Отан соғысында ғажап ерлік жасағанда 18-ден жаңа асқан еді. А.П.
Пушкин 20 жасында «Руслан мен Людмила» поэмасын аяқтаған, 30 жасқа
дейін т.б. бірнеше шығармаларды дүниеге әкелген. М.Шолохов 23 жасында
«Тынық Дон» романының бірінші кітабын бітірген. Мұқтар Әуезов «Еңлік-
Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Шоқан Уәлиханов 22 жасында
Петербордағы орыстың географиялық қоғамының толық мүшесі болып, 23
жасында атақты Қашкария сапарына шықты. 30 жылғы өмірінде өлмес
шығармалар қалдырған. К.Маркс, В.И. Ленин, Морис Торез де 25-ке жетпей
жатып ел таныған көсем бола алды, 8, 18 тілді меңгерді. оқуы жоқ
заманның өзіңде бабаларымыз балаң шағы - 10-14-те Байғозы батыр жауға
шауып, жеңіске жетіп, 11-12 жастағы Байдалы би атанған, Бұқар жырау
бабадан бата алған. Мағжан Жұмабаев 28-30 жасында «Батыр Баян»,
«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобыз» дастандарын жазған. 20 жастан жаңа
асқан Қ. Әмирі Париж төрінде ән салған. Француз математигі, әрі
әдебиетші Блез Паскаль 16 жасында «Паскаль теоремасын» ашса, 19-да
есептеу машинасын ойлап тапқан. Мұндай мысаларды көптеп келтіруге
болады.
Міне, балам, оқушым, уақытты босқа кетірмеудің нәтижесінде адамның
үлкен-үлкен жұмыстарға шамасы келетінінің дәлелі. 18 жас пен 30 жастың
арасы адамның зердесі мен кисынды ойлау, жұмыс істеу қабілетінің күшті
кезеңі екені Құран шариғатында да айтылады. Міне «ақыл-жастан...» -
деген осы болмақ. Уақытты саналы өткізсең ертең өкінбейсің. Сондықтан
«Әкеңнің төріне сенбе, маңдай теріңе сен», қасиетті тұлғаларды
дәріптеуден, асқақтатудан қорықпа.
Қазақ өмірі, бар тарихы мен барлык тарнхи қасиеттерімен қүнды!
Айширақ - Тянь-Шандағы ең биік тау сілемі.
№1 (26) - 2004 ж. «Сыр мен сымбат»
жорналына басылған
Достарыңызбен бөлісу: |