Жақсының көзіндей, асылдың сынығындай! Өмір өз қадірін танытады. (Автор) Кейінгі кезде пенделік өмірдің күйкі тірлігін әбден түсініп, бір сәтке
жиренгендей күй кешем. Жоғалтқан жоғымды, жоқтарымды іздегім келеді.
Мына ғұмырдың мән-мағынасын шамам жеткенше таразыласам деймін.
Жалғандық пен жалғаулықты, жылымшы мен жылпыңдықты, сезім мен
сергелдеңдікті, бақыт пен беделді безбендегім келеді. Әрине бір адамның
қолынан келер жұмыс емес, сонда да болса, ойлана жүрсем опық жемеспін.
Иә, анам барда атаны да, апаны да аса шүйгіп ойламадым. Дегенмен
қадірлі қарттықты қатты бағалаймын. Сондай бір қадірлі қартым,
жақсының көзі, асылдың сынығы - Тарақты Жазыбек болыстың қызы
Әмина әпкеміз. Ол кісіні тәте дейміз (яғни, әке деген сөз ғой). Тәтемізді
алғаш көруім 1957-1958 жылдары қырық бірлерге жаңа толған кезі. Өн
бойынан сұлулықтың бабы мен сазы айқын сезіледі. Ұзын бойлы, аққұба
өңді, ұяң да, ұлағат шашқан қара көзі, ернінен төменірек иегіндегі
бидайдың үлкендігіндей меңі, байсалды да биязы үні, бәрі-бәрі мені баурап
алды. Кейін тарихты біле келе ойлағаным, осындай тамаша табиғатқа кім
ғашық болмайды, сондай жылы жүрек, биязы тазалықтан қалай ғана батыр
мен би тумасын деген терең ой кешемін. Балтабай Адамбеков
зерттеулеріндегі «Әулие батасын атама бермей апама беріпті. Содан
Тарақтының асылы қызына кетіпті», - деген сөзі шындық екенін тарих
діттейді. Сондықтан Тарақтының некелі қыздарынан, асыра санаса алысқа
жететін би, батыр, кемеңгерлер туған.
Қаз дауысты Қазыбек,
О да менің жиенім.
Қаракерей Қабанбай,
О да менің жиенім.
Қанжығалы Бөгенбай,
О да менің жиенім.
Шақшақ ұлы Жәңібек,
О да менің жиенім.
Дулат, Байзақ, Мәмбет.
О да менің жиенім.
Ботабай - шымыр Спатай,
О да менің жиенім.
Қуандық, Байбек, Құлыбек,
О да менің жиенім.
Қарсондегі ер Көпбай,
О да менің жиенім.
Тобықтыда Құнанбай,
О да менің жиенім.
Шұбыртпалы Ағыбай,
О да менің жиенім, - деп дәріптеген тарақты Тұяқ шешен. Тұяқ кім?
Байғозы, Меңлібай, Бостаннан Құмалақ, Құмалақтан Тұяқ шешен туады.
Жиенсінген Ыбырай «Осындай да кісі аттары болады екен-ау», - депті.
-Ойнап сөз сұраса шындап жауап бер деген, сұлтаным, атамнан әкем
іште қалған екен, әкемнен мен іште қалыппын. Сонсоң жұрт «атадан қалған
із, мирас болсын» деп, әкемді «құмалақ», мені «тұяқ» деп атапты. Қазақ
қайбір ойланып ат қояды, баласын күнде құс саңғып, ит сарып жүрген
«жыра», «шұқанақ» деп жүргендер де бар ғой депті. Ыбырайдың кейін аға
сұлтан болған бір баласының аты Жар екен. Дуанбасы аузын аша алмапты.
Ыбырай - Ақмолаға аға сұлтан болған қыпшақ Ыбырай. Мекені Ақмоладан
сексен шақырым «Байауылы» (қазіргі Петровка) деген жер екен (А.
Сейдімбековтің әңгімесінен) өте халықшыл, шешен, ділмар тарақты Тұяқты
Дуанбасы Жайықбайдың Ыбырайы жиенсіп әзілдесе береді екен. Осындай
біраз сөз қақтығыстарынан кейін:
-«Атаңның аздығы, жеріңнің тарлығы (Тарақтының Арқаға оралған
кезіндегі жерін меңзейді) болмаса, жақсы мен жайсаңнан кемдігің жоқ екен,
жарайсың нағашы деп», - Ыбырай сұлтан риза болады.
-Сұлтаным, жалғыз десең Аллаһға тілің тиеді, жарлы десең пайғамбарға тілің тиеді. Аздығым атамнан болсын, су Сүлеймендікі, жер Тәңірдікі еді. Шыққан тегін білмейтін, білсе де сыйламайтын кейбір тентектер ғой жерімді тарылтып отырған...»,-депті Тұяқ шешен. Тұяқтың осы сөзінен кейін аға сұлтан Ыбырай Тарақтыға Шажағай өзенін, Бөрліні, Қоңырқұлжа, Сарықұлжа, Ақтұмсық, Бәйбіше тауларын, Құрай жайлауын қайтарып, шен салып Омбының генерал-губернаторы арқылы бекіттіріп беріпті. Сонымен 48 қазақ болыстығы, 36 орыс поселкесі қарайтын Ақмола дуанының Шығыс түстігіндегі кенбайтақ еңістікті Тарақты елі алып жатқан екен. (Б. Адамбековтің деректерінен).
Сонымен Байғозы батырдан Босмойын, одан Құлжан батыр, одан
Жәуен болыс (Қаракесек Алшынбай биге туған жиен), Жәуен болыстан
Жазыбек болыс (Аралбай руына жиен). Байғозымен арасы үш ата ғана
болып келетін, 25 жыл болыс болған Тарақты Жазыбектің ең ерке кенжесі –
Әмина тәте. Ерке де болса еркін, жас та болса саналы болған Әмина тәте
әкесінің Кеңес үкіметі орнардан 3-4 жыл бұрын, ал шешесі Зылиханың
кәмпеске болатын жылдың қысында дүниеден озғанын, кеңестен қорлық
көрмегенін де көңілінде сақтапты, ол да бір жақсылық екен дейді. Тек
үлкен ағасы (13-15 баланың) Әбілдәнің кәмпескеге түскенін көзі суланып
еске алады. Басқа балалар кедей-кепшік ағайындардың фамилиясына түсіп
аман қалып еді, бірақ оның соңында соғыс деген өрт тұр екен ғой деп,
егіледі. Жақып ағасынан қара қағаз келіп, Івіниә ағасынан күні бүгінге
дейін хабар жоқ.
Бір үзік сыр
Сөйтіп жүргенде Жаңаарқаға әлде сауатсыздықты жою деген мәселеге
байланысты ма, әлде бұрынғы болып толған жақсыларға қарсы жүріп
жатқан саясаттан ығысты ма, әйтеуір қазақша-орысша сауатты Қанапия
Кәрімұлы Мақсұтов деген жігіт мұгалім болып келіп, кейін аудандық
поштаны басқаруға орысша білетін адам қажет болып, Қанапия сол
жұмысқа тағайындалады. Сол кезде жасы 14-ке жаңа толған көрікті де
сымбатты, бойшаң аққұба қыз Әминаға көзі түседі. Жасының 15-ке толуын
тосып, 16-ға толған, қағаз алып үйленеді. Бір күндері Қанапия: «Ақмолаға
көшейік, қалада Байкөптің әкеме салып берген үйі бар», - дейді. Осы Қазақ
көшесіндегі 7 үйге көшіп келіп кіреді. Сонау Кеңес үкіметі орнаудан бұрын
салынған, тарихтың көне көзіндей, ата-енесінің үлгілі сөзіндей қатталған,
көзге ыстық, көңілге медеу осы бір қоңыр үйде Қанаң мен (күйеуінің атын
атамай Қанаң дейді) өмір сүріп, 8 баланы дүниеге келтірген тәтеміз 87
жастың дәмін татып, 71 жыл осы қоңыр үйде өмір кешіп жатыр. Ағаштан
салынған, терезесінің ағаш жаппа қос есігі бар, шатыр ернеуі өрнектелген
бұл үй біраз тарихтың: қуаныш пен мұңның, жақсылық пен жетістіктердің
бір ғасырдан артық кезеңнің куәсіндей.
«Оқып, білім алатын жасымда тағдырдьщ тәлкегіне ұшырадым. Әйтеуір
намаз сабағын ғана үйреніп қалдым. Аллаһның берген жақсылығы сол
Құдай қосқан қосағыммен біраз жыл бірге жасасып, 8-9 бала сүйіп,
өсірдім», - деп бір марқайып қояды тәтеміз. Тәтем өте сәнді, қолы берекелі,
әсте дауыс көтеріп сөйлеп, кісі балағаттамайтын адам. Мен келген бетте
қаланың сәнімен көйлек, жейде тігіп берді. Неше түрлі дәмді ғып тоқаш
нандар пісіретін. Үйдің өзін астан-кестеңін шығармай, көшіріп- қоңдырмай
ағарта қоюда мен осы тәтемнен үйрендім. Іргедегі нәрселерді
жылжыттырып, бетін жабады да, шелектегі әктен тегешке жаман ожауымен
жерге бір тамшы тамызбай, құйып, астына үлкен жамылғы төсеп, қабрғаны
әп-сәтте, шәй қайнатым уақытта сылап ала қоятын. Қабырғаны әсте
көлденең емес тігінең сылау керек, әрі шашырмайды, әрі жолақ қалмайды, -
дейді, жайлап. Кімге айтып жүргенін білмеймің, бірақ мен ұғып алдым.
Күнделікті от жағатын пешті күнде от жағар алдында бір ақтап алады, әсте
пешін күл, не күйе шалып көрген жоқ. Өзінің 8 баласы Қанаң екеуімен 10,
Жұманбай (Мамбайша), Жақып (Уәбім) деген бұл дүниеде жоқ екі
ағасының оқуға келген 2 қыз баласымен 12 адам үш бөлмелі, ауыз сенегі
(өздері солай) бар қоңыр ағаш үйде бір үйдің баласындай тату-тәтті жүріп
жаттық. Бір күні біреуінің қабақ шытқанын, әрі зекігенін көрген емеспін.
тек шал — Қанаң жездеміз кинодан кеш келсек қызғанатын. Неге кеш
жүресіңдер ,- деп. Айя деген қызы екеумізді (біз ширақтау болып, кино,
биге баратын едік) қорқытып қуған болады. Үйдің екі жаққа шығатын екі
есігі (бірі - аулаға, бірі - көшеге қарайтын) бізге жақсы болды. Бірінен кіріп,
бірінен шығып, айнала қашамыз, сосын жете алмаған боп үйге кіріп кетеді.
Біз сенекте тұрамыз, тәтем шығып, «ал кіріңдер, Қанаң ұйықтады» дейді.
Бұл да бір қызық дәурен екен.
Тәтемнің ана ретінде қыздар үйренетін ісі көп. Қыс өтсе көктемде, жаз
бітсе күзде жаңағы 8 баланың киімдерін жуып, түймесін тігіп, қысқасын
кішісіне, кішісін арықша баласына лайықтап, даярлап қоятын. «Осы
сендердің бас жуатын мезгілдердің болды, суды ысытып қойдым.
Кезектесіп, бастырыңды жуып, моншаға барып келіңдер» деп отырады. Үй-
ішінде сатыр-сұтыр дыбыс, қатты күлу, айғайлап сөйлеу деген болған емес.
Бәрімізде тәтем құсап жай күліп, Қанаң құсап көз қырымен байқауға
тырысатынбыз. Күздің суығы қоюлана түскен мезгілде, тәтем ескертеді, «ал
ертең сабақтан соң, қолдарыңды бос қылуға ыңғайлаңдар» деп. Түс ауа
дөңгелек үстелді жағалай отыра қалып орам-жапырақ, сәбіз тураймыз (ол
кезде турағыштар жоқ қой). Тәтем сол кездегі біздің бойымыздай ағаш
бөшкеге салып қызанақ қосып тұздап тастайды. Сол үйренгенімді кейін мен
де істедім. Жұмысымызды бағалап, «тамаша турайсыңдар» деп алдап қояды.
Біздің қатарымызда Қанаң да біразға дейін көмектесіп, жұмыстың басын
қайырып беретін. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген осы
екен. Терезеден созыла қойылған ұзын биік үстел мен үлкен сары
самаурыннан, он екіміз отыра қалып тамақ ішеміз. Екі сіңлісінің орыны
балаларынан жоғарыда. Аш болған күніміз жоқ еді.
Қазір бұл үйге орталық жылыту жүйесін қосып алды. Былтыр барып,
сәлем беріп қайттым. «Тәте мына үйді үкімет неғып алып қоймай отыр»
деймін. «Е, бұрын қайта-қайта сұрап мазалап еді, кейінде сұрауды қойды»
дейді. Ал осы қасиетті қоңыр үй туралы аздап айта кетейін: Кәрім атасына
үй салып берген Байкөп кім еді? Ақмола-Кереку жұртшылығына аты мәлім
Қосшығұлов Байкөп, азан аты Баймұхаммед саудагер-көпес (қазақтан
шыққан ірі купец) болған. Арошевте Майкөт деген де аты қалған. Ат қоюға
шебер қазағым Баймұхаммедтің байлығын жеткізу мағынасында «бай көпес, май көтен» дей отырып Байкөп, Майкөт деп ат қойып, мадақалай түскен. Қосшығұлов Байкөп (Баймұхаммед) бай, руы Алсай-Шақа. 1848ж. туып, 1918ж. қайтыс болған. Бірде Байкөп, бірде Майкөт атануы байлығына ауыз ашып, көз жұматынынан туған сөз екен. Туысы, әрі құрдасы Ақпанұлы Жаймаға, сенің бүкіл мал-мүлкің менің бір апта айналымға түсетін ақшама жетпейді екен депті. Ал Жайма болса Алтай-Қарпықтың айтулы байы болған адам. Сөйтіп Байкөп Ақмоланың атақты бай көпесі болған.
Талайлардың есінде, өзім де көрдім, Ақжапа деген дүкені 48 болыс
Ақмола уезіне мәлім болған. Шынында Ақжапа десе ақ жапа, дөңгелек
тезекке ұқсас, жатаған, төбесі темір қаңылтырмен жабылған еді. Кәмпит
фабрикасы, т.б. сауда орындары болған. Бұл үйде сол өңірдің іс-қағаздарын,
газеттерін шығарып тұратын баспахана орналасады. Бір баласына көрікті
етіп салған үй Астана қаласында, қазіргі «Дом быта» тұрған жерде, үлкен
баласына салған үйі Астана дүкенінің жанында болған. Кеңес үкіметі
кезінде сот кеңесі орналасады, «Заря» кинотеатры бір баласының үйі
болған, жанында өз үй болған көрінеді. Сол 50-60-шы жылдарда «Зеленый
ряд» (қазақтар көк дүкен дейтін) деген бірнеше жасыл қақпалы ұзын
дүкендер болған. Ақжапаның артқы сыртыңда, қасында ертеректе сауда
базары болған екен. Солардың да иесі Б. Қосшығұлов болған. Міне,
осыншама қыруар мол шаруадан тарихтың куәсіндей болып, қазақ
көшесіндегі осы үй ғана тұр. Бұл үй қазірде «Интерконтиненталь» қонақ
үйінің дәл түбінде орналасқан. Байкөп Қосшығұловта қызыл үкіметтің
талқысына түспей оба ауруынан қайтыс болып, қаладағы мұсылман зираты-
на жерленген екен. Оба ауруымен ауырғанын білген алты ұлдың
ешқайсысы әкесінің қасына жоламаған, тек әйелі Мәдина мен балдызы
Кәрім ғана бағып күткен екен. Байкөпті жерлеу үшін қорадағы аттарды
жегіп, далаға шыға бергенде Кәрім қайтады, інісін күтіп отырған Мәдина
қаралы хабарды естіген кезде жүріп кетеді. Сөйтіп үш күнде үш бірдей
жанашырдың дүниедең өткенін қала қалқы көпке дейін аңызғып айта
жүрген екен.
Қыш кірпіштен қаланғаң, ат-түйесімен керуен кіретін қос қақпа заңғар
есікті керуен сарайы болған дейді. Оның Кеңес үкіметі кезінде өрт сөндіру
қорғауын жасап, өрт сөндіргіш машиналарды қоятынын көрдік. Қазіргі
үлкен отель сол орынға салынған. Сол керуен сарайдың сыртынан өзінің
туыс-туған, қызметшілеріне де үй тұрғызып берген. Тәтемнің қайын атасы
Кәрімнің әкесі Мақсұт пен Байкөптін жасаған уақыты XIX ғасырдың
ортасына келеді.
Жаңаарқа ауданының Шажағай деген жерінде Алтай руының Алсай
тарауы бар. Алсай-Нұрбай бір туған. Сол Алсайдың Қосшығұлының баласы
Байкөп әкеден жетім қалып, Мақсүтпен бірлесіп, достасып ХІХ ғасырда
Ақмолада пайда болған орыс-татар көпестеріне жалданып, Қызылжар мен
Ақмоланың арасында кіре тартады. Араларындағы достық жалғасып,
Байкөп Мақсұттың қызы Мәдинаны алады. Мәдинаның шешесі,
Мақсұлттың әйелі Атбасар жеріндегі (қазір «Донской» дейді) «Жербекет»
жерінің иесі Байатар Бөлтірік дегеннің қызы екен. Осы Бөлтіріктің қызы
мен Мақсұттан Кәрім туады. Кәрім Қаракесек қызына үйленген, яғни
Қанаңның шешесі, тәтемнің енесі Қаракесек руынан. Кезінде тізе қосып
бірігіп еңбек етіп, кіре тарта жүріп, көпестерден көргенін істеп, үлкен
байлықты иеленген. Байкөп қайын атасына, балдызы Кәрімге арнап, осы
үйді салып берген екен. XIX ғасырдың сексенінші жылдары болса керек.
Байкөп пен Мәдинадан Кұрманғали, Мүкем, Нүркей (Нұрқай да дейді),
Уәли, Бике, Қадіркей атты 6 ұл, Райхан есімді қыз туады.
РS. Осы тұста айта кетерлік бір әңгіме,
Нұрқай мен С.Сәкен қоғамы бір құрдас, заманы бір сыйлас, қадірлес
дос болған екен. Басына зобалаң түскен күндердің бір сәтінде осы Қазақ
көшесіндегі 7 үйде Мәдинаның ағасы Кәрімнің (Мақсұт баласы) үйінде
паналаған еді. Бұл кезенді жақсы білетін Кәрімнің қарындастары Әминә
тәтеме әңгімелеп, Сәкеннің сұлулығын, тәкаббар тұлғасын, сұлу сымбатын
өз шамашарқынша айтып жүреді екен.
Осы қоңыр үйді көргенде Сәкен атамыздың қоңыр күйі көзіме
елестейтін еді. Үй шатырынан Сәкен атаның жұпар иісі әлі тарқамағандай
қуаныш елесінде боламын.
Иә, естіген құлақта жазық жоқ, көрген көздер мен сөйлеген сөздердің
айтуынша: қадіріне қасиеті, қасиетіне мінезі, мінезіне түс-сипаты сай еді
Сәкеннің! - дейді. Сәкенді дәл өзіне ұқсатып, дәлме-дәл сүретін салған
суретші әлі болмағанын айтады. Суретшіні кіналаудан аулақпыз, себебі
олар Сәкеннің тірі бейнесінен емес, фото-сүретінен салып жүр ғой. Оған да
шүкіршілік. Тіпті ондай суретші болған күнде де, Сәкеннің жайнаған жүзін,
жарқыраған көзін, сәт түйілген күйін, өткір сөзін, нәзік те, сазды ойын,
ғұлама ғұмыр өмірін сурет жеткізе алар ма?! Оны тек ашық көңіл, үлкен
жүрек, мейірлі талап танып, түйсіне түсініп, сезіммен сезеді деп білеміз.
Міне Сәкенге пана болған қоңыр үй қоңыр күздей жадау күй кешіті,
тарихтың тағылымын паш еткендей, қоңыр желмен қоңыр үн арасынан
асқақтата шырқалар Сәкен әндері күнмен таласа аспанға құлаш
сермегендей, тау ішінде сұлу теректерді бойлай, біздің жақтың қара қасты
қыздарының сын-сымбатын паш етіп, туған Әлеміне парасат сеуіп,
күншығысты беттеп, Ақбоз атпен желе жортып бара жатыр... әне,
қараңызшы!.. Көрдіңіз бе?! Мен көріп тұрмын!
Әмина тәтемізбен тілдесіп, біраз жағдайларға қанық болғаннан кейін,
Алсай Байкөп Қосшығұловты неге теледидарда татардың бай көпесі деп
жүр деп ойлана түскен өлкетанушы Клара Әмірқызы өз ойына жауап іздей
бастайды. Сөйтіп, мұрағат құжаттарын ақтарып, қолжазбаларды қарап,
біраз деректер жинақтаған («Егемен Қазақстан» 21 мамыр 1999ж. санын
қарауға болады).