Бір сөз бар жалын, атқан-жақсы!-деген
Дүние жасарту, ол - жақсылық емес пе?! Өрістету білімді, ол -жаксылық
емес пе?! Күй іздемей, сый іздеп, «сый» тауына барайын, жақсылықтан із
салып, саумал көлде болайын. Жақсылыққа сусындап, қайта түлеп толайын.
Қымбатым да, қызығым да жақсылық; аңсарым да, арқауым да жақсылық.
Жақсылықты жатсынады қай уақыт!
Көкірегім - көл, сөзім - теңіз.
Жақсылықтан туады сөзім егіз,
Сөз қадірін, жақсылық деп біліңіз. (Антордан)
Пендешіліктен парасат биік тұруы үшін, шындық керек, шындық болуы
үшін әркім өзіне сыншы, өзгеге әділ болуы қажет, бұл да жақсылық. өз
басым мадақтау сөздің ең асылы - жақсы, - деген сөз деп білемін. Бұл
ертеден келе жатқан кұнды сөз, тек, жөнді-жөнсіз қолданылғаннан бір
қарағанда құны жабайыланғандай. Ал тереңірек ойлап көрелік. Тағы да,
тағы ойлана түсейік. Жақсы өткелден өткен жан көпірдің жақсылығын
таниды, жаман шаруаға налиды (Б.Т.). Жақсы ісімен әрқашан асқақ тұрады.
Ал халқы ол асқақ жақсысын әркез асқақтата ұстауға дайын да, даяр!
«Жақсынының жақсылығын айт, нұры тасысын», - деген осы шығар. Жақсы
болу саналылыққа көп байланысты болмақ. Саналылық балалықтан
басталса, парасат базарлы күніңнен басталмақ білем. «Базарлы шағың —
бақытты жастығың. Базарға барып бағыңды сына», - деген ғой бабалар,
яғни базарлы күніңде, базарлап жүріп алмай, сын-сынақтан өтіп, бақытыңа
ие бол деген түсінік сөздің астары бар. Жақсы болу үшін жүректің
адалдығы қажет, адал жүрек «аурудан» сау болып, бауырлас болады. Бұл
орайда, «Ақсұңқар жемін шашып жейді, қарақұс астына басып жейді», -
деген бар. Қарақұс қара ниетті болып, тапқанын бөліспейді, жемсауы
тойымсыз. Бұл жақсылыққа апармайды.Болашаққа - жақсылыққа бой ұрсаң,
жоғалтқаның азаяр. Жүрегі таза, балалықтың бал шырыны аузында қалып,
адал бала, адал келін, адал ұл, қыз болу - үлкен саналыққа саяды. Сол
сияқты ата- ана, тек, ата-ана болу емес, жақсы ата-ана болуы керектігі
сияқты, бала, тек, бала атануы емес, жақсы бала болу үшін өмірге келеді,
талпынуға міндетті. Себебі, бала күнінде бәрі бала. Ал жақсы ата-ана, ене,
қадірлі қарт, жақсы келін - бәрі сол жақсы болған ұл мен қыздан шықпақ.
Жақсы балалық - өткенің, жақсы ата- ана, жақсы келін болуың-болашағың.
Бұл өткен мен бүгінгінің арасын жалғастырған жақсы көпір деп біл. Соған
ұмтыл. Жаңа ғасыр — жаңа заман. Әр жаңа заманның жаңа дүниесі, «жаңа»
адамы пайда болады екен. Кейде мұны «жаңа қазақ» деп те жүр ғой. Жаңа
адам болу үшін жамандықты артта қалдырып, жақсылықты жолдас етіп, ала
жүрген абзал. Қашанда жаңа да ескіреді, тозады; қартаяды, ал оның орнына
тағы жаңа келеді. Сондықтан әр жаңа адамның есіне ұстар бірегей ескірмесі:
ұлттық рух, ол - адамгершілік, парасат, мәдениет, әдет, ғұрып, дәстүр, кәде,
салт пен сана. Бұл ұлттық рух ғасырдан ғасырға, дәуірден дәуірге жалғасып
келе жатқан ұлтжандылық (ұлтшылдық емес). Қазақтың қанмен жалғасып
келе жатқан ұлттық рухын ешбір күш сындырып, жоя алмайды. Бұл
өмірдегі ең үлкен жақсылық. Жақсылықты, жақсыны қадірлейік. Сол үшін
ой түйейік:
«Жақсының көзі ғой», - дейді ақсақал.
«Еліңнің жақсысы кім?!» - дейді әжем.
«Жақсыдан шарапат...», - дейді апам.
«Жақсы жетер мұратқа», - дейді әкем.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт
құты қашсын», - дейді анам.
«Жақсыда жаттық жоқ», - дейді анам.
«Жақсы мен жайсаң жиылып...» - деп бастайды қария.
«Жақсы - елге мұрындық».
«Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса-
қырсық».
«Жақсылық жасау - көңілді көркейту», - деймін мен.
Жақсылық өзін-өзі мақсаттайды,
Жақсы іс өз-өзінен асқақтайды (Б.Т.)
«Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз», - дейді қазағым.
«Жамандыққа барсаң, жақсылық таппассың».
«Жақсылығы жоқ жалқау тұзсыз тамақ ішер».
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».
«Жақсыдан жаман ұл туса емі табылмайды,
Жаманнан жақсы туса теңі табылмайды».
«Жақсы жігіт - елдің бағы,
Жақсы әйел - ердің бағы».
«Ағайын жақсы болса бірін-бірі жоқтайды,
Ағайын жаман болса бірін-бірі боқтайды».
«Жақсының көкірегі - елге қалқан».
«Жақсының аты арып, тоны тозбас».
«Жаман кісі кекшіл».
* Адамның ақылды кезі сирек, сондықтан да жақсылықтан жамандық көп болады.
* Жақсының сөзі жарқын, тілі майда. (Б.Т.)
* Жаман атқарылған жақсы жұмыстың қадір-қасиеті болмайды. (Б.Т.)
* Жаман жақсы жұмысты қор қылады.
* Жақсы аға жан саясы (Б.Т.)
* Жаның қиналса жақсыға жақында,
* Жақсының жан сезімі жаныңды жадыратады. (Б.Т.)
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - деген секілді талай-
талай сөз өрнегі дәуірден озып келеді емес пе?! Жақсы сөзін жүйелесек,
мұнда мән-мағына көп. Жақсы жерден шыққан еді, төркіні жақсы ғой,
нағашысы жақсы, жақсыдан шарапат деп жататыны, осы жақсы, - деген
сөздің асылдығын білдіріп тұр емес пе?!Сөзі дұрыс, тәрбиелі адам
сөйлегенде жақсы сөзін ерекше бір мәнермен, керкемдеп, қастерлеп, паң
айтады. Сонда ғана жақсы сөзінің қасиетін ұғынғандай боласың.
Достарыңызбен бөлісу: |