ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту



бет16/20
Дата27.05.2018
өлшемі3,82 Mb.
#41055
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Есеп шығару .


Рекурсивті процедураны пайдалана отырып, тізбектің n-мүшесін және қосындысын есептеңіз:                   

1.     lg(1)+lg(1/2)+lg(1/4)+lg(1/8)+...

2.     1+1/3+1/5+1/9+...1/(2n-1+1)

3.     1+1/2+1/5+1/10+...1/(n2+1)

4.     1-4+9-16+25-...

5.     tg(1)-tg(1/2)+tg(1/4)-tg(1/8)+...

6.     arcsin(1)-arcsin(1/3)+ arcsin(1/5)- arcsin(1/9)+...

7.     cos(x)+cos(x2)+cos(x3)+...

8.     2+8+54+256+...+2*nn
Жеке тапсырмалар

1.   Келесі қатынасты анықтаңыз: кері жазу(тізім, кері тізім). Мысалы: тізім - [a,b,c,d], кері тізім - [d,c,b,a].

2. тізімдегі оң сандар саны және тізімдегі теріс сандар саны қатынасын анықтаңыз, мұндағы тізім элементтері – бүтін сандар.

3. “z” элементі тізімге енетіндігін анықтаңыз да, егер енсе одан кейін тұрған элементтерді жойыңыз.

4. “z” элементі тізімге енетіндігін анықтаңыз да, егер енсе одан кейін тұрған элементтерді жойыңыз.

5. тізімдегі жұп сандар саны және тізімдегі тақ сандар саны қатынасын анықтаңыз, мұндағы тізім элементтері – бүтін сандар.

6. тізім элементерінің максимал теріс мәндері қатынасын анықтаңыз.

7. тізімнің тақ және жұп элементтерінің арасынан максимал мәнін анықтаңыз.

8. тізімнің элементтерінің максимал және минимал мәндерінің индексін анықтаңыз.

9. тізімнің оң сандары қосындысы және тізімнің теріс сандар қосындысы қатынасын анықтаңыз.

10. тізімнің жұп сандары қосындысы және тізімнің тақ сандар қосындысы қатынасын анықтаңыз.

11. тізім1 мен тізім2 –нің жұп элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

12. тізім1 мен тізім2 –нің тақ элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

13. тізім1 мен тізім2 –нің оң элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

14. тізім1 мен тізім2 –нің теріс элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

15. тізімнің теріс тақ элемменттерін жою қатынасын анықтаңыз.

16. тізімнің оң жұп элемменттерін жою қатынасын анықтаңыз.

КF 12-06-06


Презентация


Презентация(П) – бұл студенттің өз қалауы бойынша бір тақырыпты таңдап, ол жөніндегі өз ой-пікірін жеткізуі. Презентация уақыты - 8 - 10 минут. Презентация таңдалған тақырыптың ашылу деңгейі, тыңдаушылардың қызығушылығын ояту деңгейі және кәсібилігі бойынша бағаланады.

Тақырыптар: 1) кілттік сөздер;

2) Арнайы компоненттер палитрасы;

3) айнымалылар;

4) тұрақтылар;

5) стандартты файлдар, басқарушы символдар;

6) арифметикалық , логикалық операциялар;

7) меншіктеу операциясы;

8) биттік операция;

9) қатыс операциясы;

10) көрсеткіш;

Реферат

Реферат (Р1,Р2) - таңдалған тақырып бойынша жазылған жұмыс. Көлемі 5-10 парақ (А4 форматты).

Тақырыптар:

1) Жасанды интеллектіні зерттеудің негізгі бағыттары.

2) Есепті шешудің жалпы әдістері

3) Жасанды интеллектің тілдері;

4) Орграфтар мен мультиграфтар;

5) Формальды жүйелер

6) Пролог Логикалық бағдарлау тілі;

7) Есептерді шешудің классикалық әдістері;

8) Эксперттік жүйелер;

Коллоквиум

Коллоквиум (Кл1) 1-модульде өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.

1-ші коллоквиум сұрақтары:

«Жасанды интеллект негіздері» пәнінің мақсаты мен мәселелері

“ Ағаштар және олардың эксплициттік берілулері, олардың ара қатынастары. Ағаштарды аралау ” тақырыбын оқыту.

Аксиомалар мен қорыту ережелері. Формальды қорытынды.

Қорытынды ағаштар. Айтылымдар және предикаттар алгебралары.

Формальды жүйенің шешілімділігі және мағынасы.

Унификация алгоритмі және оны қолдану мысалдары.


Сөзжұмбақтар


Сөзжұмбақтар (СЖ) өткен тақырыптардағы сөздерді қолданып кроссворд, ребус, сканворд, чайнворд т.б. түрде орындалады. Қолданылған сөздердің жалпы саны 20-дан кем болмауы тиіс.

Есеп шығару


Есеп шығару (Е2). Берілген есептердің блок-схема түрінде алгоритмін және программасын жазыңыз.

КF 12-06-06


Жеке тапсырмалар

1.   Келесі қатынасты анықтаңыз: кері жазу(тізім, кері тізім). Мысалы: тізім - [a,b,c,d], кері тізім - [d,c,b,a].

2. тізімдегі оң сандар саны және тізімдегі теріс сандар саны қатынасын анықтаңыз, мұндағы тізім элементтері – бүтін сандар.

3. “z” элементі тізімге енетіндігін анықтаңыз да, егер енсе одан кейін тұрған элементтерді жойыңыз.

4. “z” элементі тізімге енетіндігін анықтаңыз да, егер енсе одан кейін тұрған элементтерді жойыңыз.

5. тізімдегі жұп сандар саны және тізімдегі тақ сандар саны қатынасын анықтаңыз, мұндағы тізім элементтері – бүтін сандар.

6. тізім элементерінің максимал теріс мәндері қатынасын анықтаңыз.

7. тізімнің тақ және жұп элементтерінің арасынан максимал мәнін анықтаңыз.

8. тізімнің элементтерінің максимал және минимал мәндерінің индексін анықтаңыз.

9. тізімнің оң сандары қосындысы және тізімнің теріс сандар қосындысы қатынасын анықтаңыз.

10. тізімнің жұп сандары қосындысы және тізімнің тақ сандар қосындысы қатынасын анықтаңыз.

11. тізім1 мен тізім2 –нің жұп элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

12. тізім1 мен тізім2 –нің тақ элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

13. тізім1 мен тізім2 –нің оң элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

14. тізім1 мен тізім2 –нің теріс элементтері көбейтіндісінің қосындысын табыңыз.

15. тізімнің теріс тақ элемменттерін жою қатынасын анықтаңыз.

16. тізімнің оң жұп элемменттерін жою қатынасын анықтаңыз.

Коллоквиум


Коллоквиум (Кл2) 2-модульде өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.

2-ші коллоквиум сұрақтары:

Сызықты бағдарлау әдісі

Саудагер есебін шешудің (дәл және жуықталған) алгоритмдері. Әмбебап есеп шығарушы (General Problem Solver GPS) GPS –тің жалпы стратегиясы: кіші есептерге бөлшектеу.

Эксперттік талдаудың мағынасы мен эксперттік жүйелердің ерекшеліктері, дамыту кезеңдері.

Бейнелер танудың коллективтер және комитеттер әдістері.

Декларациялы және процедуралы білімдер.

Ойындар және ойын бағдарламалары.Мүмкін жүрістер ағашы.

Ойынның блок-сұлбасы. Минимакс әдісі және келесі жүрісті таңдау.

Альфа-бета әрекеті және альфа-бета қиюдың мысалдары. Ойындық тармақтар.


V. «Функциональдық және логикалық бағдарламалау» пәні бойынша өтілген материалдарды қортындылауға арналған сұрақтар
КF 12-06-06
VI. Ұсынылған әдебиеттер

  1. Дж. Стобо. Язык программирования Пролог. –М.: Радио и связь, 1993.

  2. К.Кларк. Введение в логическое программирование на Micro Prolog-е.

  3. О. Камардинов. Жасанды интеллект. Сараптаушы жүйелер. Пролог. Шымкент-2003.

  4. Джексон П. Введение в экспертные системы. –М, Вильямс,2001.

  5. Ж. Л. Лорьер. Системы искусственного интеллекта. М., “Мир”, 1991.

  6. С. Осуги и др. Приобретение знаний. М. ,”Мир”, 1990.

  7. Р. Левин и др. Практическое введение в технологию искусст­венного интеллекта и экспертных систем с ил­люстрациями на Бейсике. М., “Финансы и Статис­ти­ка“, 1990.

  8. Б. Сойер, Д. Л. Фостер. Программирование эксперт­ных систем на Паскале. М., “Финансы и Статистика“, 1990

  9. К. Таунсенд, Д. Фохт. Проектирование и программная реализация экспертных систем на персональных ЭВМ, М., “Финансы и статистика“, 1990

  10. В. А. Острейковский. Информатика, М., “Высш. Шко­ла”, 2000

  11. А. П. Алексеев. Информатика 2001, М., “Солон-е”, 2001

  12. С.В.Назаров и др.. Компьютерные технологии обра­ботки информации, М., 1995

  13. Н. В. Макарова и др. Информатика. М., “Финансы и статистика” , 2001

  14. В. А. Каймин. Информатика. М., “Инфра – М”., 2001.

КF 12-06-07


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасы



«Функциональдық және логикалық бағдарламалау» пәні бойынша

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету мамандығының күндізгі бөлім студенттері үшін
ЛЕКЦИЯ КУРСЫ
Кредит саны – 3

Шымкент-2016ж.

КF 12-06-07
ОӘЖ _____

ББК _____


Құрастырған: магистр, аға оқытушы Абишова Гулчехра Бархатовна.
5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету мамандығының күндізгі оқу түріндегі студенттері үшін «Функциональдық және логикалық бағдарламалау» пәнінен лекция конспектісі.

Шымкент: Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті 201 ж


Лекция конспектілері «Функциональдық және логикалық бағдарламалау» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сай құрылып, курстың барлық қажетті мәліметтерін қамтиды.

Лекция конспектілері 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған.

Рецензент: ф-м.ғ.докторы Нысанов Е.- М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҚМУ

«Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасының мәжілісінде (Хаттама №__ «__» _____20__ж.) және «Жаратылыстану-техникалық» факультетінің әдістемелік комиссиясында (Хаттама №___ «__» _____20__ж.) қаралып, баспаға ұсынылды.


Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің әдістемелік Кеңесімен баспаға ұсынылды

(Хаттама № __ «___» ______20__ ж.).

КF 12-06-07


1 лекция.

Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мазмұны мен мақсаттары. Пролог тіліне жалпы шолу.

Құзыреттіліктер:

ПҚ2.Шет тілі шеңберіндегі құзіреттілік.

ПҚ3.Математикалық және іргелі жаратылыстану ғылыми және техникалық құзіреттілік.

ПҚ4. Компьютерлік құзіреттілік.



Лекция жоспары:

  1. Пәннің мазмұны мен мақсаттары.

  2. Пролог тіліне жалпы шолу.


Лекция мазмұны

Бағдарламалауда процедуралық әдістен басқа, оның өкілдері Бейсик, Паскаль, Си сияқты жоғары дәрежелі әмбебап тілдермен қатар, тағы екі бағыт - функционалдық (қызметтік) және логикалық бағдарламалау жатады.

Функционалдық бағдарламалау қарапайым идеяға негізделген, бүкіл информацияны өңдеу және соңында алынған нәтиже кейбір қызметтерді орындайтын салымды немесе рекурсивті функцияларды шақыру түрінде көрсетілуі мүмкін, сондықтан бір функцияның мәні екіншісінің аргументі ретінде қолданылады. Функционалдық бағдарламалау тілінің өкіліне Лисп (Lisp proces – sing – тізімдерді өңдеу) тілі жатады.

Логикалық бағдарламалау жүйелер, тілдер, тәсілдер, анықтамалар шеңберінен құралған. Оның негізінде қайсыбір логикалық тілде тапсырманы түжырымдар жиынтығымен шешу идеясы жатыр, және қайсыбір формальды дедуктивті жүйеде логикалық қорытындыны құру жолымен тапсырманың (есептің) шешімін шығару жатыр. Осы түрдегі ең әйгілі жүйелерге Пролог (Program ming in logic – логика жүйесінде бағдарламалау) тілін жүзеге асыру жатады. Пролог тілі Си, Паскаль, Фортран, Бейсик сияқты, алгоритмдерді жазу үшін арналған дәстүрлі бағдарламалау тілдерімен салыстырғанда, мына ерекшкліктерге ие:



  • Прологтағы бағдарлама алгоритм емес, формальдық логика тілінде есеп шарттарын жазу болып табылады;

  • Пролог тілі есептеу немесе графикалық есептерді шешу үшін емес, логикалық есептерді, адамның логикалық ақылын қорыту процессін моделдеу үшін арналған; есептеулер мен графикалық құрылымдыр Прологта логикалық қорытындының қосалқы өнімі ретінде орындалады;

  • Пролог бағдарламашыдан ерекше ойлау қабілетін талап етеді, ал бұл процедуралық бағдарламаларға үйренгендердің оны оқуын қиындатады, сондықтан да маман бағдарламашылар бұл тілге өтуге құмарланбайды, бүл

Пролог тілінің дамуына кері әсерін тигізеді; бірақ көптеген елдерде (Жапония, Англия, Франция, Германия, Израиль және т.б.)

бағдарламалауды оқытуда бірінші оқытылатын тіл ретінде білім беруде Прологты практикалық қолдану көбейуде, Паскаль типіндегі процедуралық тілдерге көшу бұл жағдайда қиындықтарды туғызбайды.

КF 12-06-07
Осының барлығы Прологты жоғары дәрежелі тілдерге (тілге) жатқызады. XX – ғасырдың 90 жылдарында 5-ші дәрежелі компьютерлерді (жасанды интелектке ие) құрудың жапондық жобасында Пролог аппаратты ұжымдастыру және бағдарламаны жасау негізі ретінде қолданылған. Қазіргі Пролог, әрине, 5-ші дәрежелі ЭЕМ-дерді бағдарламалау тілінің, соңғы вариантына жатпайды және болашақта мәңгі дамуын алады. Ол дискриптивті бағдарламалауда Бейсик ролін алатын шығар; оның мәні мен даму мүмкіндігі, логикалық бағдарламалау идеясының таралуы өте жоғары.

Пролог базасы үлгілерді салыстыру, мәліметтерді иерархиялық құрылыста көрсету және автоматты түрде қайтарудан құрылған механизмдердің шектелген тізбегінен тұрады, осы шағын тізбек ғажайып қуатты және икемді бағдарламалық аппаратты құрайды. Пролог тілінің жетістіктері мынаған негізделген, бір жағынан, ондағы логикалық формулаларды қолдану арқылы көптеген практикалық есептерді жазып шығуға болады, ал екінші жағынан қарапайым интерпретациялары формулалардың табылған және логикалық бағдарламалау жүйесін жеткілікті дәрежеде тиімді жүзеге асыру енгізілген, Пролог әсіресе, ішінде объекттері және олардың арасында қатынастары болатын есептерді шешуге жақсы бейімделген. Тіл құрылысында мәліметтер базасымен қарапайым және тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылған, бұл оның негізінде әртүрлі типтегі ақпараттық–анықтама және экспертті жүйелерді құруға мүмкіндік береді.



Бақылау сұрақтары

  1. Логикалық бағдарламалау

  2. Функционалдық бағдарламалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет