Түсіндірме жазба



бет37/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
материал новый

Барлығы

 

36

 

 

 



 

 

 



 

«Таным» білім беру саласы

Ересек топтағы «Жаратылыстану»  ҰОҚ үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 





Тақырыптар

Міндеттері

Сағат саны

1

«Қош бол жаз»

 


Жаз мезгілі туралы негізгі және ерекше белгілері бойынша түсініктерін жалпылау және жүйелеу. Жаз мезгіліндегі  кейбір ауылшаруашылық еңбегінің түрлері туралы түсініктерін нақтылау. Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

1

2

«Орманға саяхат»

 


Балалардың адам өміріндегі және жануарлардың тіршілігіндегі орманның маңызы туралы білімдерін нақтылау,білуге құмарлықты дамыту. Балаларға орман–өсімдіктер мен жануарлардың қоғамдастығы,олар бірге тіршілік етеді және бір-біріне қажет екендігі туралы түсінік беру.

1

3

«Күзгі саябаққа экскурсия»

 


Күз мезгілінде өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі жағдайлар туралы түсініктерін нақтылау (күн суытты, кейбір өсімдіктердің тіршілігін тоқтатуы, күннің қысқаруы, жауын- шашын). Балалардың күз мезгіліндегі өсімдіктердің жағдайы туралы білімдерін кеңейту (өсуді тоқтатуы, жапырақтардың сарғайып, түсуі). Жапырақтарының түсіне қарай ағаштар мен бұталарды ажыратуға үйрету. Бақылайтын заттар арасындағы себеп-салдарлық байланысты  орната білуді қалыптастыру.

1

4

«Судың маңызы»

 


Балаларды судың кейбір қасиеттерімен таныстыру. Балаларды дербес тәжірибе жасай білуге, бақылағандары мен көргендерін талдауға үйрету. Табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1

5

«Саңырауқұлақ

тар»


 

Балаларды саңырауқұлақтармен таныстыру (саңырауқұлақтардың түрлері, қайда өсетіні, қасиеттері, улы саңырауқұлақтар жеуге жарамдыларынан қалай ерекшеленеді). Саңырауқұлақтардың өсуіне қажетті жағдайларды түсіндіру. Балалардың сөздік қорын байыту (терекқұлақ, қайың саңырауқұлақ).

1

6

«Көкөністер»

 


Көкөністертуралы түсініктерін қалыптастыру (көкөністерді тағамға қосу үшін бақшада отырғызады). Көкөністерді елеулі белгілері бойынша топтастыруға үйрету, оларды сипаттауды сөзбен айта білу. Тәрбиешіні, құрдастарын  мұқият тыңдауға, қойылған сұраққа толық жауап беруге баулу.

1

7

Күз мезгілі бейнеленген картинаны қарастыру

 


Балалардың пейзаждық кескіндеме туралы түсініктерін қалыптастыру. Оларды мәнерлілік құралдарын бөліп көрсетуге үйрету, теңеулер мен салыстыруларды қолдануға жаттықтыру. Күзгі табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын ояту.

1

8

«Құммен таныстыру»

 


Өлі табиғаттың бөлігі-құммен таныстыру. Құмның шығуы туралы қарапайым түсінік беру.

Құмды жерлерде тіршілік ететін тірі ағзалармен және олардың осы жағдайға бейімделумен таныстыру.



1

9

«Жер-ана».

 


Балаларға  жерге сүйіспеншілік және еңбек адамдарға азық-түлік өнімдерін мол етіп өсіруге мүмкіндік беретінін түсіндіру. Егіншілік кәсіптің қарапайым тәсілдерін әңгімелеп беру. Жер-анаға қамқорлық қатынас  танытуға баулу, егін сапалы өсу үшін құнарлылықты арттыру тәсілдерімен таныстыру. 

1

10

«Күзгі еңбек»

 


Адамдардың күз мезгіліндегі еңбегі туралы білімдерін жүйелендіру: егін жинау, азық-түлікті қысқа дайындау. Жазғы еңбекпен күзгі еңбектің айырмашылығын салыстыру, еңбектің бағыттылығы мен маңызы туралы қорытынды жасау.Сөздік қорды байыту: егін жинау,астық қоймасы, көкөніс қоймасы. Адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, оларға көмектесуге ынталандыру.

1

11

Тоқылдақ туралы картина қарастыру және бейне фильм көрсету

 


Тоқылдақ туралы алған түсініктерін нақтылау, сыртқы кейпін (түсі, дене құрылысы, тұмсығы), қоректенуін, қимыл-қозғалысы мен тіршілік әрекетін білу. 

1

12

«Алтын күз» (Қорытындылау)

 


Өлі табиғаттағы күзгі құбылыстар (жауын-шашын, ауа температурасы, судың жағдайы), күз мезгіліндегі өсімдіктердің жағдайы және оның себептері туралы білімдерді қамтитын күз туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларлардың тіршілік етуі қоршаған ортаның жағдайына тәуелді екені туралы білімдерін нақтылау. Күзгі еңбек туралы білімдерін нақтылау. Қойылған сұраққа ойланып жауап беруді дамыту,өзінің пікірін дәлелдеуге үйрету.

1

13

«Жануарлардың қысқы мекені»

 


Аңдардың қысқы мекені туралы түсініктерін кеңейту. Жануарлардың тіршілігіндегі және олардың мекен ету жағдайларындағы өзгерістердің себептерін табуға үйрету. Себеп-салдарлық байланыстарды орнату. Жануарларға сүйіспеншілікті тәрбиелеу, қиын жағдайларда оларға қамқорлық жасауға ынталандыру.

1

14

«Бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың жаңа тәсілдеріне үйрету»

 


Балаларды сепкішпен су шашуға, дымқыл жаққышпен өсімдіктердің шаңын сүртуге үйрету. Өсімдіктердің жапырақтарының жағдайына қарап, суарудың қажеттілігін анықтауға үйрету, жапырақтардың ерекшеліктері мен оларға күтім жасау тәсілдері арасында байланыс орнату.

Су сепкіш, су шашу, қопсыту сөздерін енгізу арқылы сөздік қорын байыту. Жұмысты ұқыпты орындауға  тәрбиелеу, тіршілік иелеріне қамқорлық жасауда жауапкершілік таныту.



1

15

«Қыстайтын құстар және жыл құстары»

Қыстайтын және жыл құстары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, оларды елеулі белгілері бойынша ажыратуға үйрету. Қыстайтын құстарды (қарға, торғай, шымшық ) және жыл құстарын топтастыру (қарлығаш, ұзақ,үйрек,қараторғай), қоректі табу мүмкіндіктерімен олардың сипаты арасында байланысты орнату.  Қорек, жыл құстары, қыстайтын құстар сөздерін енгізу арқылы сөздікті байыту. Құстарға сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оларға қыс мезгілінде қамқорлық жасауға баулу.

1

16

«Мұздың қасиеті»

 


Балалардың мұздың қасиеті: жылы болса еритіні, суықта мұзға айналатыны туралы түсініктерін кеңейтуге жағдай жасау.Балалардың қорытынды шығара білулерін қолдау. Ұқыптылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

 

 



1

17

«Қысқы саябаққа экскурсия»

 


Қыстың өзіне тән белгілері туралы білімдерін нақтылау және кеңейту Қыстайтын  құстарды тауып және тани білулерін бекіту. Олардың қысқы тіршілік әректінің ерекшеліктерін көре білуге үйрету. Қыс мезгілінде адамдардың өсімдіктерге және құстарға көмегі туралы білім беру. Табиғаттың әсемдігін көре білуге, оны  сақтауға тәрбиелеу.

1

18

«Үй жануарлары»

 


Үй жануарлары туралы түсініктерін жетілдіру. Жалпылау үшін елеулі белгілерін орнатуға үйрету: адамның қолына үйретілген, пайдасын тигізеді, адам оларға қамқорлық жасайды. Құрдастарының жауаптарын толықтыра білуді дамыту.

1

19

«Қосмекенділер»

Балалардың бақаларға жек көрінішті қатынастарын өзгерту. Бұл зиянсыз тіршілік иесінің қаншалықты пайдалы және табиғатқа қажет екенін түсіндіру.

1

20

«Құстардың қоректенуі»(табиғаттағы бақылау)

 


Балаларды мейірімділікке үйрету. Оларды құстарға қамқорлық жасауға баулу, қыста құстарды немен қоректендіретіні туралы қарапайым білім беру. Нанның қоқымдарын берсе, құстарды аман алып қалуға мүмкін болатындығын сезіну.

1

21

«Қыс»

 


Қыс туралы түсініктерін нақтылау және тереңдету: ауа райы жағдайы, табиғат құбылыстары, өсімдіктердің жай-күйі.

1

22

«Ауа және оның адам өміріндегі рөлі»

 


Балаларды «ауа» түсінігімен, оның қасиеттерімен, адам өміріндегі рөлімен таныстыру.

1

23

Қыс туралы картиналар мен бейнефильмдерді қарастыру

 


Балалардың  қысқы табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

1

24

«Біз – табиғаттың  достарымыз»

 


Балалардың табиғаттағы мінез-құлық ережелері туралы білімдерін нақтылау. Табиғатқа  және бір-біріне қамқорлық қарым - қатынасқа  баулу.

1

25

«Лас суды тазарту»(тәжірибелік іс-әрекет)

 

 



Балаларға суды тазарту туралы түсінік беру.Тәжірибелік-зерттеу әрекетін меңгеру.

 


1

26

«Су»

 


Су жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі болып табылатыны туралы түсініктерін қалыптастыру.

 Су туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру: судың өмірде маңызы зор. Судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларда танымдық қызығушылықты дамыту.



1

27

«Табиғат бұрышындағы өсімдіктер»

Балалардың кейбір өсімдік түрлері, сыртқы белгілері, олардың тіршілігіне қкжетті жағдайлар туралы түсініктерін нақтылау; жаңа өсімдікпен таныстыру. Өсімдіктер әлеміне танымдық қызығушылықты дамыту, бақылай білуге үйрету. Өсімдіктерге қамқорлық жасауға баулу.

1

28

«Қош келдің, көктем!»

 


Балаларды көктемнің әртүрімен таныстыру (дала, өзен, орман), көктемнің әсемдігін көрсету.

Балалардың өсімдіктер туралы білімдерін нақтылау және жүйелеу. Балаларды өсімдіктердің жекелеген бөліктерін сыртқы түрінің елеулі белгілерін атай отырып, неғұрлым  толық сипаттауға үйрету. Балаларды жаңа өсімдік-бөлме үйеңкісімен таныстыру.

Өсімдіктердің тіршілігіне  қызығушылықты ояту.


1

29

«Бұршақтың тұқымын отырғызу»

(тәжірибелік іс-әрекет)

 


Өсімдіктердің тұқымдардан өсетіні туралы түсініктерін нақтылау. Бұршақтың тұқымын тануға, оны үрме бұршақтан ажыратуға үйрету. Бұршақтың өсуіне қажетті жағдайлар туралы (топырақ, су, жарық, жылу) білімдерін бекіту. Өскен бұршақты отырғызуға үйрету: жерді тереңдетіп қазу, бұршақты дұрыс салу, топырақпен  жабу, су құйғышпен суару.

Тұқым, бұршақ, үрме бұршақ, өсімдік сөздерін енгізу арқылы сөздік қорды байыту. Көкөністерді өсіруге қызығушылығын ояту.



1

30

«Тастардың түрлері»

 


Балаларды тастардың түрлерімен, қасиетімен, ерекшеліктерімен таныстыру, түрлі белгілері бойынша оларды топтастыруға үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту.

Өлі табиғат нысандарына, табиғи материалдарға қызығушылықты ояту.

 


1

31

«Жабайы жануарлар»

 


Жабайы жануарлардың тіршілігі, сыртқы түрі, қимылдары туралы түсініктерін нақтылау. Елеулі белгілерін ажыратуға үйрету.

1

32

«Терек, қайыңның, шыршаның бұтақтарын қарастыру»

 


Ағаштардың бұтақтарын  тануға, бұтақтарды қабығынан, бүршіктерінің ерекшеліктерінен,  иісінен ажыратуға үйрету. Түрлі зерттеушілік  әрекеттерді саралап қабылдауды қалыптастыру. Көргендерін сөзбен нақты жеткізе білу.Сөздік қорды байыту: қабық, жабысқақ, хош иісті, жылбысқы.

 


1

33

«Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау»

 


Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау туралы түсініктерін жалпылау. Күтім жасау тәсілдері туралы түсініктерін жалпылау: суару, шаңын сүрту, қопсыту. Бөлме өсімдіктеріне ұқыпты қарауға  тәрбиелеу.

1

34

«Бақбақты қарастыру»

 


Өсімдіктердің түрлі экологиялық факторлармен байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктердің бөліктері (құрылысы) және атқаратын қызметі, маусымдық дамуы туралы түсінік беру.

     1

35

«Көрікті  көктем» (Қорытынды тақырып)

 


Көктемнің өзіне тән белгілері туралы білімдерін нақтылау және жүйелеу (күн ұзарады, күннің көзі қатты қыздырады, қар ериді, су қоймасындағы мұз ериді, шөп өседі, ағаштар мен бұталар бүршік жарады, жәндіктер шығады, құстар ұшып келеді). Өлі табиғат құбылыстары мен еңбектің маусымдық түрлері арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Табиғаттың көктемгі әсемдігін байқай білуді, эстетикалық талғамды қалыптастыру.

     1

36

«Қош келдің жаз»

 


Өлі табиғаттың құбылыстары туралы түсініктерін кеңейтуді жалғастыру: күннің көзінің жарығы, күннің көзінің жылуы. Байқағыштықты, білуге құмарлықты және қоршаған табиғатты көзбен қабылдауды дамыту.

     1

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет