Түсінік хат 4 Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы 9



бет1/3
Дата31.12.2019
өлшемі326 Kb.
#54117
  1   2   3
Мазмұны

Түсінік хат ---------------------------------------------------------------------------- 4

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы---------------------------------------------------9

Іс құжаттары қарым - қатынас жасаудың тәсілі-------------------------------- 10

Іс қағаз жазудың жалпы тәртібі----------------------------------------------------11

Іс қағаздарының қазіргі күндегі қолданылу аясы ------------------------------ 12

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------40

Пайдаланылған әдебиеттер----------------------------------------------------------41



Түсінік хат
«Ана тілі - халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,

өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі»

Жүсіпбек Аймауытов



Елбасы өз Жолдауында: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз... Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз... Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады...» дегені көпке белгілі.

Тіл білу - байлық. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры. Қазақ тілі... өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді... қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп сөз тапқанға қолқа жоқ дегендей ерге, елге медет болып адам түгіл,  жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл».

Елбасы Жолдауында айтылған, қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі, оның білімділігі, (жасына лайық) түрлі жағдаяттарда жол тауып шыға алатын, өз ой-пікірін анық та ашық, түсінікті жеткізе білетін және сауатты жаза білетінқұзыреттілікке қол жеткізуі болып отыр. Мұндай біліктілікті меңгерту үшін жоғары сынып оқушысының әдеби сауатын ашуға басымдылық беріліп, тілдің танымдық, көркемдік сапаларын тану әрекетін игерту керек. Осы тұрғыдан алғанда жоғары сыныпта қазақ тілінің бір саласы болып табылатын іс қағаздар жүргізу курсы болып табылады.

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілінің көкжиегін кеңейту, өркендету қоғамның алдындағы өзекті мәселенің бірі. Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының жүргізілуі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын іске асырудың негізгі төрт бағыты айқындалған. Соның бірі - ресми ісқағаздарын мемлекеттік тілге кезең - кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Сондықтан да ісқағаздар жүргізу курсының түбегейлі мақсаты - оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, ана тілін сүюге тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету. Осы тұрғыдан алғанда оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор.

Ұсынылып отырған «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» атты оқу құралын жасақтауға бірнеше жылдық іс-тәжірибеде жинақталған жұмыс түрлері енгізіліп, оқушылардың жұмыстары және сабақ барысында қажеттіліктен туындаған ойлардың іске асқан нәтижелері берілді. Оқушы бойына тілдік рухты орнықтыру, тіл арқылы оқушылардың рухын көтеру біздің басты міндетіміз.

Міне, мемлекетіміздің болашақ жас жеткіншектерін қазіргі тез өзгермелі әлемде әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы алған білімдерін өмірде қолдана білуге дайындау. Ісқағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты  сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне өз септігін тигізетіні сөзсіз.12 жылдық білім беру мен мемлекеттік стандартты және ұлттық жоспарды талапқа сай орындау. «Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз» деп білу, «Мәңгілік елге» айналу.

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» жинағына енген материалдар туралы
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуоқу бағдарламасы (10- сынып) талаптары негізінде жүйеленген. Оқу материалдары құрылымы жағынан 5 тарау бойынша жүйеленді.

1. Қазақ ісқағаздар тілінің тарихы.

2. Іс құжаттары қарым - қатынас жасаудың тәсілі.

3. Ісқағаз жазудың жалпы тәртібі.

4. Іс қағаздарының қазіргі күндегі қолданылу аясы.

5. Қорытынды.

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал 10- сыныпқа лайықталып жасалған.

Өзектілігі:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын” іске асыру;

- Мемлекеттік стандартты және ұлттық жоспарды талапқа сай орындау;



- ісқағаздар тілінің тарихын тануы;

- 7-8-сыныптарда ісқағаздарын толтырудың кейбір түрлерімен танысып, соны тереңірек үйрену;

- іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты  сияқты білім негіздерімен қаруландыру;

- өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.

Мақсаты:

Жоғары сыныптағы мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізукурсының түбегейлі мақсаты, оқушылардың рухани дүниесін кеңейту, ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету. Қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Сөйлеу тілін дамыту, іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету.

Міндеттері:

- ісқағаздарды қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын ұғындыру;

- іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты ерекшеліктерімен таныстыру;

- ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамыту;

Күтілетін нәтиже:

- сөздік қорын толықтырады;

- оқу материалдары бойынша ( диалог,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді;

- сөздерді мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады;

- шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды;

- өзіндік ой қорытуға,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады;

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» оқыту туралы
Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізукүнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Жүйелі түрде оқыту барысында оқушылардың қызығушылығы оянады.
Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай ісқағаздарының қазақша жүргізілуі. Белгілі бір ұлттың қоғамдық-саяси, мәдени өмірінде болып жатқан өзгерістердің барлығы ресми тілде де көрініс табады. Тілдің даму тарихын халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырып қарау қазіргі тіл білімінің негізгі зерттеу ұстанымы болып табылады. Сол себепті біз ресми тілді қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей байланыста қарастырамыз. Өйткені қоғам қашанда қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім тұрады. Осыған орай тіл де дамиды.

І бөлім.«Қазақ ісқағаздар тілінің тарихы»тек қана ХҮІІІ ғасырмен ғана шектелмейтіндігі, ХІХ ғасырда да қазақ ресми ісқағаздар тілінде елеулі ерекшеліктер болғаны туралы түсіндіру, ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ әдеби тілінің дамуының жаңа дәуірі басталғандығын ұғындыру және тіл өнерін тудырған дана халық ұрпақтары екендігіне мақтаныш сезімін ояту.

ІІ бөлім.«Іс құжаттары - қарым - қатынас жасаудың тәсілі» бес негізгі стильді қамтиды. Ғылыми, ресміс -қағаздары,публицистикалық, көркем әдебиет (кітап стильдері) және ауызекі сөйлеу тілін танып-білу арқылы оқушының функционалдық сауаттылығы артады. Олай болса, оны оқып-үйрену тіліміздің байлығын, сөйлемдік құрылысын, дұрыс сөйлеу ережесін игеруге, тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтуге негіз болмақ.

ІІІ бөлім.«Іс қағаз жазудың жалпы тәртібі»әдеби тіл дамуының ішкі заңдылықтарын, сөзжасам мен синтаксис және семантиканы үйренеді. Сөз мағынасының өзгеруі мен жаңа сөз орамдары, терминдердің пайда болу себептерін, қоғамда, саяси, мәдени т.б. өзгерістерге байланысты жаңа атаулар мен сөздердің қалыптасуын өмірдеорынды пайдалануға дағдыландыру.

ІҮ бөлім.«Іс қағаздарының қазіргі күндегі қолданылу аясы»қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор екенін ұғынады. Оқушылар сөз мағынасын ашып қана қоймай, олардың шығу тарихына басты назар аудара отырып, ізденушілік бағытта жұмыстануға үйренеді.
Күнтізбелік жоспар

10 - сынып



р/с


Тақырыбы

Сағат

саны


1

Кіріспе сабақ.Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу курсының маңызы, мақсаты

1

2

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

1

3

Қазақ ісқағаздар тілінің тарихы

1

4

Іс қағаздар туралы ұғым

1

5

Іс қағаз жазудың жалпы тәртібі

1

6

Іс қағаздарының қазіргі күндегі қолданылу аясы

1

7

Стиль және оның түрлері. Ауызекі сөйлеу стилі

1

8

Көркем әдебиет стилі

1

9

Өмірбаян 

1

10

Өтініш,арыз

1

11

Кепілхат

1

12

Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар

1

13

Келісімшарт

1

14

Мінездеме

1

15

Жеке іс парақ

1

16

Нәтиже сабақ

1

17

Түйіндеме.(Резюме)

1

18

Азаматтық қарым - қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат

1

19

Сенімхат. Шарт

1

20

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Қызмет хат. Шақыру хат. Шағым хат. Ескерту хат

1

21

Анықтама

1

22

Баяндаухат

1

23

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар, олардың түрлері.Акт

1

24

Түсінікхат

1

25

Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық

1

26

Хаттама

1

27

Хабарландыру. Жарнама

1

28

Телефонхат

1

29

Жеделхат

1

30

Визит карточкаларындағы мәтін ұғымы туралы түсінік

1

31

Ұйымдармен мекемелерде жазылатын мәжіліс хаттар

1

32

Штат кестесі

1

33

Құттықтаухат

1

34

Тест жұмысы

1



«Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы»
ХІХ ғасырда да қазақ ресми іс қағаздар тіліне елеулі ерекшеліктер алып келген болатын. ХІХ ғасырда болған елеулі оқиға Махамбет пен Исатай бастаған шаруалар көтерілісі де қазақ ресми ісқағаздар тарихына елеулі өзгерістер әкелді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ әдеби тілінің дамуының жаңа дәуірі басталды.

1921 жылы қазақ тілінде іс жүргізу міндеттеліп, пәрменді шаралар белгіленіп, әжептәуір шаруалар тыңдырылды, бірақ ақыры аяқсыз қалды деп зерттеушілер атап өтті. Бұған себептерде бар. Жаппай елдегі ашаршылық, тәркілеу, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тың игеру әсер етпей қоймады.

1957 жылы Республика Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде шешімін қабылдаған. Бұл іс әуелде қызу қолға алынды да, кейін 70-80 жылдары мүлде саябырсып кетті.

Қазіргі таңда қайта жанданып, қолға алынды.Зерттеушілердің пікірі бойынша қазақ іс қағаздарының тарихы ХҮІІІ ғасырдан бастау алады. Мәселен, ХҮІІІ ғасырда қолданған қазақ ресми ісқағаздар түрінде қазақ хандығының, сұлтанның, батырлар мен старшинаның орыс патшалығына жазған хаттарынан білуге болады.



  • Қайып хан елшілерініңқазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.

  • Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император І Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.

  • Кіші жүз ханы Әбілхайырдыңөзініңқол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап,әйел патша Анна Йоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.

  • Орынбор комиссиясының бас командирі И.И.Неплюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар хонтайшысыГалдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Брунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жыл 27 қыркүйек.

  • Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 19 қыркүйек. Бұл қағаздың бүгінгі таңда маңызы зор. Бұл сол кездегі қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеу мен қатар ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысы мен ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ іс қағаздар тілінің қандай түрде болғаны жөнінде мәлімет бар. Сол кездегі қазақ ресми іс қағаздары тілінде араб-парсы элементтері жиі кездеседі.



«Іс құжаттары - қарым - қатынас жасаудың тәсілі»
Іс қағаздары - басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Мекемелер арасындагы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Ісқағаздарын жүргізу мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Дайын құжаттармен жұмыс, сырттан келген құжаттармен жұмыс, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.



Ерекшеліктері мен маңызы:

- іс қағаздарын жүргізу сөзі бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған;

- өз мағынасын толық, айқын бере алады;

-іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан, өзінің беретін мағынасы, атқаратын қызметі, қолданылу ерекшелігі бар;

- әрқайсысының өз атауы тұрғанда екі терминді бір сөзбен беру қажеттігі жоқ. Қазақ тілі бай, терминдердің баламалары да жетерлік, бәрін ғылыми негіздеп, байыптап алу керек.

Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен жауапты іс. Біздің мақсатымыз ісқағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып, ұлттық ісқағаздарын қалыптастыру.


«Іс қағаз жазудың жалпы тәртібі»
«Құжат» стандартталған термин. Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады: 
1) әлеуметтік құжат - әлеуметтік мәнге ие;
2) ақпараттық құжат- ақпаратты жазып алу;
3) қарым-қатынастық құжат - қоғамдық құрылымдар;
4) мәдени құжат - әлеумет тәжірибесі;
5) басқарушылық құжат - басқару құралы.

Құжаттың сыртқы белгілері: Құжаттың көлемі
Жазба құжат түрі: Мазмұны мен мақсаты
Ресми құжат: Заңды немесе жеке тұлға
Қызметтік құжат: Ұйымның күнделікті қызметінде пайдаланылады
Құжаттау тәртібі: Құжаттау тәртібін белгілейтін талаптар
Құжаттау жүйесі: Шығу тегі, саласы, түрі.
Іс жүргізудібасқару құжаттамамен қамтамасыз етіледі.Іс қағаздарын жүргізу - мемлекеттік стандартталғананықтаманы жадымызда ұстай отырып, іс құжаттарының стандарттар талаптарына сәйкес жүру барысына, орындалған құжаттарды іздестіруге, құжаттарды сақтауға жағдай туғызу. 
Қазақстан өз алдына тәуелсіз ел болғаннан кейін «Іс қағаздарын жүргізу» ұғым термині стандартталған. Құжаттарды түзуге және сол құжаттар бойынша ережелердің алғашқы нұсқасы қолданысқа1992 жылы енді.Іс құжаттарының жіктемесі мен басқару құжаттарын жіктеудің көптеген тәсілдері бар:
- мазмұны (жіктеудің маңызды түрі)
- әкімшілік мәселелері; 
- материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері; 
- жоспарлау; 
- бухгалтерлік есеп; 
- кадрлар даярлау; 
- сыртқы сауда қызметі және т.б.

«Іс қағаздарының қазіргі күндегі қолданылу аясы»

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей, қазақ тілінің қолданыс аясын, қызмет өрісін кеңейте алмайды.Іс қағаздар қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола табылады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағаның байқауға балады.

Бірі- сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және ресми құжаттар үлгілері.

Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып, таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс.

Қазіргі таңда республикада мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр түрлі дәрежеде атқарылып жатқан іс. Бұл істің оп-оңай орындалып, бір күнде қалыптаса қалмайтыны белгілі.

1992 жылы 30 маусымда ҚР Министрлер кабинеті бекіткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері» деп аталатын №562 қаулысы қабылданды. «Ережелерде» құжаттарды толтырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалған.
ТАПСЫРМАЛАР

Өмірбаян - жеке адамның өмірінен мәлімет берілетін іс қағазының түрі. Өмірбаян - үш түрлі мақсатта жазылады. Бірі адамның өз өмірімен қызметі туралы өзінің баяндауы. Мұндай өмірбаян ресми түрде жазылады, көлемі шағын келеді.Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, адамның өз өміріне, адамның сол кездегі қоғам өміріне байланыстыра баяндайтын естеліктер. Өмірбаянның бұл түрі - жазушылардың, қоғам қайраткерлерініңғалымдардың шығармаларында кездеседі.Мысалы: С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» т.б. шығармалары өмірбаянның осы түріне жатады. Өмірбаянның үшінші түрі-саяси шығармашылық өмірбаяндар. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, атақты жазушылардың өмірімен шығармашылығы, саяси, қоғамдық қызметі екінші бір адамтарапынан баяндалады.Өмірбаян - таза қағазға қолмен, арнайы бланкке жазылады. Онда азаматтың аты- жөні, туған жылы, күні, айыжәне туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.


Өмірбаян- мынадай жағдайларда жазылады:

Жаңа қызметке орналасу үшін;

Оқуға түсу үшін ;

Аспирантураға түсу кезінде т.б. жағдайларда;

Өмірбаянның кейбір бөлімдері мен құрылымы міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша жазылады.

- Құжаттың аты;

- Автордың аты - жөні, тегі;

- Туған күні, ай, жылы;

- Ата - анасы туралы мәлімет / А.Ж.Ф., жұмыс орны/;

- Білімі және білім бойынша мамандығы;

- Атқарған қызмет түрлері;

- Қошеметтеу белгілері;

- Қоғамдық жұмыстарға қатысу;

- Отбасының жағдайы және құрамы;

- Мекен - жайы және телефоны;

- Жазған мезгілі /  күні, айы, жылы/;

- Жеке қолы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет