Түсінік хат 5-сынып, «Математика» оқу пәні. 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды


-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды



бет2/11
Дата06.02.2022
өлшемі43,38 Kb.
#79434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
түсінік хат 5-11с (1)-1

5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді.
Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз.
.«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

3

1

3

3




  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет