Түсінік хат 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні. 7-сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.
«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);