Түсінік хат «Абайтану»



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,76 Kb.
#83935
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 5363806882983053502

Курсты оқытудың мақсаты: ұлы ақын шығармалары арқылы елжанды, ұлттық идеологияны бойына сіңірген, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:

  • қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;

  • ақын шығармашылығындағы тұлға концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;

  • ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын үлгі ету;

  • ақынның қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

  • ақынның туындыларын оқыту арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу;

  • Абайдың ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы айтқандарын оқыту арқылы жастарды өмірден өз орнын табуға шақыру.

Курс жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. 
Бағдарламада:

  1. Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

  2. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

  3. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет