Түсінік хат «Абайтану»



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,76 Kb.
#83935
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 5363806882983053502


Түсінік хат
«Абайтану» курсы Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы
маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында 10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар
жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.
Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағаттан бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
Абайтану» бағдарламасы мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып, терең ұғындырып, Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін танып білуге баулиды.
Тақырыптардың өзара сабақтастығы, мазмұны жағынан топтастырылуы, жалғастығын табуы курстың басты ұстанымы етіп алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет