Түсінік хат Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты «№30 жалпы білім беретін мектеп» кмм жалпы білім беретін мектебінің жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау туралы 023-2024 оқу жылында жас мамандарға жылдық жоспарларын жазуға
Түсінік хат Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ жалпы білім беретін мектебінің жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау туралы 2023-2024 оқу жылында жас мамандарға жылдық жоспарларын жазуға, дидактикалық материалдарды дайындауға әдістемелік көмек көрсетуге тәлімгерлер тағайындалынды.Бұл жоспар Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығына Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы негізделіп құрылды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29326 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығыТәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі; 2) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
Мақсаты : Жас маманның табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау, біліктілік қызметінде сәтті пайдалану үшін жас маманның кәсіптік білімі мен дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері : - жас маманның кәсіби және психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау;
-жас маманның оқыту- жас маманның оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыруға әдістемелік көмек көрсету;
-жас маманның шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-үздіксіз білім алуға қажеттілік пен ынталандыруды дамыту.