Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пәнді оқытудың міндеттері:
-өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру;
-музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі ролі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру;
-сыни тұрғыда ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
-музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік
-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту;
-музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту;
-музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру;
- музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу);
-ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалану ұсынылады: талдау, сұрақтарға жауап беру, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, айқындау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, жорамалдау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, қайта қарау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру
Кейбір тілдік мақсаттардыпән мазмұнының оқу мақсаттары деп есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөліну үдерісі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін жауаптар/шешімдерге сияқты үрдістерге де аударылатын назарды теңдестіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге басымдылық бере отырып, тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына септігін тигізе алады.
Түсінік хат
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады
Достарыңызбен бөлісу: |