Түсінік хат
Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге тәрбие де жүреді.
«Қазақ тілі» – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
3. Пәнді оқытудың жалпы мақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.
4. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
«Тіл дамыту» бағдарламасы оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілге деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған.
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат, жыл бойы 34 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |