Түсінік хат. «Цифрлық сауаттылық» пәні. 2- сынып «Цифрлық сауаттылық»



бет1/2
Дата20.11.2023
өлшемі56,7 Kb.
#192114
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Т сінік хат. «Цифрлы сауаттылы » п ні. 2- сынып «Цифрлы сауатт


Түсінік хат. «Цифрлық сауаттылық» пәні. 2- сынып

1.«Цифрлық сауаттылық» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2.«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұны
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 2-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты құрайды.


«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
«Компьютер»: компьютер құрылғылары: енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығару құрылғылары (монитор, принтер, дыбыс шығарғыш/ құлаққап);
Бағдарламалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалар туралы түсінік, файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою, контекстік мәзір командаларын пайдалану;
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелері;
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу»:
Мәтіндер: мәтіндік редактордағы және ойын ортасындағы сөйлемдер жиынтығы;
Графика: суретті өңдеу; қию, бұру және суреттің өлшемін өзгерту, суреттің үзіндісін көшіру және бейнелеу;
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату, дыбыстық файлдарды өңдеу;
«Интернет желісінде жұмыс істеу»: браузер арқылы берілген тақырып бойынша ақпаратты іздеу, қосымшалар арасында мәліметтер алмасу;
«Есептік ойлау»: алгоритмдер, тармақталу алгоритмі, алгоритмнің сөз түрінде ұсынылуы.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасының кіріктірілген графикалық редакторында өзінің кейіпкерін жасау, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогты ұйымдастыру; ойын ортасында дыбыстық файлдарды өңдеу;
«Робототехника»: оқу роботының негізгі моделін құрастыру, роботқа арналған бағдарламаны жүктеу және іске қосу, роботты берілген жылдамдықта, берілген дөңгелек айнымалының саны бойынша алға, артқа жылжыту, роботты берілген бұрышқа (90,180 градус) айналдыру, роботтың вербалды түрде көрсетілген алгаритм бойынша қозғалысын ұйымдастыру, сенсорлық сенсорды пайдалану, роботқа арналған аудио файлды жүктеу, роботқа арналған бағдарлама жасау кезінде дыбысты пайдалану, жасалған роботты аудиторияға ұсыну.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет