Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.
6-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұны пәннің мазмұндық желісін сақтай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 4 тарауға біріктірілген:
1.Таным жолында
2.Қарым-қатынас мәдениеті
3. Адам мен әлем тұтастығы
4. Жасампаздық жарасымы
Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |