I тарау. Таным жолында
(1–тоқсан)
|
8 сағат
|
|
2
|
IІ тарау. Қарым–қатынас жарастығы
(2–тоқсан)
|
8 сағат
|
|
3
|
IІІ тарау. Адам мен әлем тұтастығы
(3–тоқсан)
|
10 сағат
|
|
4
|
IV тарау. Адамзаттың рухани тағылымы
(4–тоқсан)
|
8 сағат
|
|
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сабақтың мазмұны
|
Сағат
саны
|
Өтетін күні
|
АКТ
|
Көрнекілік
|
І тарау Таным жолында
|
1-2
|
Сен де бір кірпіш дүниеге...
|
Адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту. Өмірлік мақсат-мұраттар мен жалпыадамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы.
|
2
|
|
|
|
3-4
|
Өнер – өмір өрнегі
|
Адам өміріндегі өнердің маңызы. Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани-адамгершілік тұлғасының өзара байланысы.
|
2
|
|
|
|
5-6
|
Мақсат – жетістік желкені
|
Өз болашағының бағытын айқындау, мақсат қоя білу.
|
2
|
|
|
|
7-8
|
Талаптыға нұр жауар
|
Алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын, қабілетін жетілдіруде іздену, талаптана білу. Мақсаттарын жүзеге асыруда талаптың алатын орны.
|
2
|
|
|
|
II тарау Қарым-қатынас жарастығы
|
9-11
|
Кешірімділік –көңіл кеңдігі
|
Кешірімділік-адам бойындағы жақсы қасиет. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарау. «Кешірім», «кешірімділік» туралы түсінік.
|
3
|
|
|
|
12-13
|
Іздегенде табылатын қасыңнан
|
«Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Достар арасындағы рухани жақындықтың мәні.
|
2
|
|
|
|
14-15
|
Адамзаттың бәрін сүй,
бауырым деп
|
«Махаббат»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Өз махаббатын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасы.
|
2
|
|
|
|
16-17
|
Елім деп соғар жүрегім
|
«Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік. Отанға, туған жерге деген махаббат.
|
2
|
|
|
|
III тарау Адам және әлем тұтастығы
|
18-19
|
Адам – әлем бөлшегі
|
«Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәні. Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсінік.
|
2
|
|
|
|
20-21
|
Табиғаттан нәр алып
|
«Табиғат», «Жер», «Су, «Ауа», Топырақ» туралы ұғымдар. Табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік.
|
2
|
|
|
|
22-23
|
Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
|
Табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсінік. Табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсінік.
|
2
|
|
|
|
24-25
|
Салауаттылы– өмір салты
|
«Салауатты өмір» туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы. Зиянды әдеттерден аулақ болу. Өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білу.
|
2
|
|
|
|
IV тарау Адамзаттың рухани тағылымы
|
26-28
|
Халық даналығы – рухани байлық көзі
|
Халық даналығы, салт-дәстүрлер туралы алған білімдері негізінде ата-баба дәстүрінің, көсем сөздер мен шешендiк сөздердің рухани тағылым, адамгершілік құндылық, даналық ретіндегі мәні мен мағынасы.
|
3
|
|
|
|
29-30
|
Ана тілі – жүрек үні
|
Ананың ұрпақ тәрбиесіндегі, өмірдегі, қоғамдағы орны туралы түсінік. Әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ана махаббатынан тарауы. Ана тілінің құдіреті.
|
2
|
|
|
|
31-32
|
Ізгілік іздеп келемін
|
Ізгілік ұғымы туралы түсінікті кеңейту. Ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету.
|
2
|
|
|
|
33-34
|
Жалын атқан жүрекпен
|
«Өзін-өзін тану» сабағынан өткен білімдерін тиянақтау.
|
2
|
|
|
|
Барлығы: 34 сағат
|
Түсінік хат
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты ( Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектеп бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
ІІ. Мектептің негізгі сатысы (9-сыныптар)
Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.
Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.
Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.
«Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған.
Бұл кезеңде адамның жақсылық, сыпайылық, сыйластық, ықылас білдіру, елгезектік, жаны ашырлық сияқты басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін адамгершілік қасиеттерін ашуға көңіл бөлінеді. Сыныптарда қамтылған өзара қарым-қатынас негізінде қыздар мен ұлдар арасында достық орната білу, отбасы қарым-қатынасында жауапты болу қабілеттерін дамытуға баса назар аударылады. Сонымен қатар оқушылардың татулық, келісім, тату адам сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдете отырып, мазмұнда адамдардың нәсіліне, ұлтына, дәстүрі мен көзқарастарына қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас этикасы тұрғысынан мінез-құлық мәдениетіне; сыпайы және ізетті болу, басқаларды түсіне білу, айналасындағы адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу біліктерін дамытуғада көңіл бөлінеді.
9-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |