Курстың мақсаты:
Әдебиеттегі көркем бейнелеу арқылы оқушыларға шығармашылық ойлау деңгейлерінде ғылыми тұрғыдан физиканың ұғымдарын және құбылыстарын түсіндіру.
Курстың міндеттері.
- Оқушылардың танымдық деңгейін арттыру;
- Физика пәніне және нақты ғылымдарға қызығушылығын арттыру;
- Оқушыларды физикалық құбылыстарымен таныстыру;
- Физикалық құбылыстар туралы мағлұматтар жинау;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- Әр оқушының ғылыми тілінде сөйлеу қабілетін толық ашу
- Берілген шығарамада физкалық құбылысты тауып, физика пәнінің қай
бөліміне жататынын анықтау, оған талдау жасап түсіндіру
- Ізденіс жұмыс арқылы білімдерін толықтыру;
Болжау.
Әдеби шығармалардағы физикалық құбылыстарды орта буын оқушыларына сабақ барысында, үйірме сабақтарында қолданып талдаса оқушылардың физика пәніне табиғаттың құбылыстарын толығырақ меңгеруге ынталары артады.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ғылыми тілмен қарапайым түрде физикалық құбылысты жеңіл түсіндіруді көздейді
Қолданбалы курсты оқытуда ең басты әдістемелік жүйе элементі алда күтілетін нәтижелер, мен бағалау болып табылады.
Оқушылар курсты арнайы құрылған бағыт бойынша теориялық мәлеметтерді блоктап оқып берілген тапсырманы орындау арқылы бағаланады.
Ағымдық бақылау тәжірибелік сабақтарда оқушылардың ауызша жауаптарынан құралады және мына пунктермен бағаланады
Физикалық құбылыстың түрін анықтау
Физикалық терминдерді қолдану
Құбылыстардың байланыстарын ашу
Болып жатқан процесті түсіндіру
Бұл курстан оқушы не алады?
Болып жатқан физикалық процесті, теория жағынан түсіндіре алады, олардың дұрыстығын заңдылық салдарына сүйеніп тексере алады, сабақ үстінде ғылыми терминдермен сөйлеу қабілеті дамиды сөздік қоры баиды.
Курсты бітірген соң оқушылар мектепшілік ғылыми жоба жазып қорғайды.
Осының нәтижесінде физикаға оқушылардың қызығушылығы арта бастады.
Әдебиет пәнінің мұғалімі мен физикалық дұрыс емес әңгіме құрастырып оқушы дұрыс емес жерлерін тауып дұрыс жауабын түсіндіріп беру керек.
Қолданылатын әдістер
Мұғалім алдына қойған мақсатты шешуде кез келген оқыту әдістері мен технологияларын қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |