Т‰сініктеме хат



бет1/4
Дата01.10.2024
өлшемі37,4 Kb.
#205420
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
10 курс



Мойынқұм ауданының білім бөлімінің
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Биотехнология және биомедицина»
элективті курсы бойынша бағдарлама
10 сынып

Мазмұны



  1. Түсінік хат

  2. Бағдарлама «Биотехнология және биомедицина»

  3. Тақырыптық жоспар

5.Қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
6.Тест тапсырмалары
7. Биотехнологиядан ғылыми терминдер
8. Қосымша материалдар


Түсінік хат
Курстың білім мазмұнының құрылымындағы орны:
Жалпы білім беретін мектептердің 11 сыныптарына арналған биология қолданбалы курсы бағдарламасының көлемі жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат.
Курстың мақсаты: Оқушылардың молекулалық биология және биомедицина туралы білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Бұл қолданбалы курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Курстың негізгі міндеттері:
-Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
-Оқушыларға молекулалық биология білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу
-Оқушыларға молекулалық биология білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу
-Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, әрекеттік ойлау қабілетін дамыту)
-Оқушы биологияның саласы молекулалық биология пәнінен алған білімін өмірлерінде қажеттіліктеріне пайдалану дағдаландыру жолдарын қарастыру.
-Оқушыларды практикалық және бағдарды бағытта даярлау.
Күтілетін нәтиже:
-Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.
-Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
-Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады.
-Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет