Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қазақ тілінде балабақшаға арналған сөздерді дұрыс айтуға үйрену;
Түсінеді: Амандасу, қоштасу, алғыс сөздерін дұрыс нақты айта білу. 2-3 сөзден сөйлемдер құрастыру. «Ө» дыбысын дұрыс айта алу;
Қолданады: Балабақша, топ, үстел, орындық сөздерін айтуды дағдыға айналдыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
2- ші кіші тобы (3-4)
Білім беру саласы: Комуникация.
ҰОҚ: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Отбасы»
Мақсаты: - Отбасы және ондағы адамдар атаулары жайлы түсінік беру;
- «Ә» дыбысын дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.
Құралдар: Суреттер, «Шалқан» ертегісі, игровизор, коврограф.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы,В Воскобович технологиясы
Көптілділік:
Қазақ тілі:Отбасы, ата,әже, ана, әке
Русский язык: Семья, дедушка, бабушка, мама, папа.
English: Family, grandfather, grandmother, mom, dad.
Қызметтер кезеңдері
|
Мұғалімнің қызметі
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Мұғалім «Шалқан» ертегісінен үзінді көрсетіп,
-Балалар шалқан үлкен болып өсті, атаға ешкім көмекке келмей жатыр.
-Көмекетесеміз бе?
-Балалар шалқан қандай?
Егер біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ, оған көмекке өз отбасы мүшелері келеді.
|
Балалар ертегіні мұқият қарайды
|
Іздену - ұйымдастырушылық
|
1.. «Қандай дыбысты естідің?» Д/О
/Мұғалім суреттерді көрсетеді/
Ә-ә-ә-ә-ә мейірміді әже
Ә-ә-ә-ә-ә қамқор әке
Ә-ә-ә-ә-ә әдемі әпке
2.Суреттегі бейнелерді дұрыс, дәл айтуға жаттықтырады.
- Мынау кім?
«Мынау кім?» деген сұрақпен таныса отырып, тиісті атауларды атайды.
/мультфильмнен үзінді көрсетеді,
әже келеді көмекке/
Сергіту сәті:
«Орныңнан тұршы
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы»
3. Игровизормен жұмыс
-Отбасында кім бар? /үш
Тілде жауап беруге ұсынады/
/мультфильмнен үзінді көрсетеді, немересі келеді көмекке/
4.Тақпақ жаттауға ұсынады.
Мнемонический стих
Самая добрая в мире она -
Милая мамочка, мама - ана.
Все в квартире спят уже.
Тихо. Поздно очень.
Только бабушка – әже
До сих пор хлопочет.
/мультфильмнен үзінді көрсетеді,
Жучка ит келеді көмекке/
5. Коврографпен жұмыс.
- Отбасы мүшелеріне сыйлық берейік.
/мультфильмнен үзінді көрсетеді, мысық келеді көмекке/
-Балалар кім келмей жатыр?
-Балалар біз дауыс ырғағымен отбасы мүшелерін қатты ақырын атасақ тышқан келеді./көпше түрде/
/мультфильмнен үзінді көрсетеді, тышқан келеді көмекке/
-Балалар міне біз атаға көмек бердік?
Отбасы мүшелері бар суретті көрсетеді
-Бір сөзбен қалай атайыз?
|
Балалар қазақ тіліне тән «Ә» дыбысын дұрыс қайталайды.
Балалар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға дәл, дұрыс, нақты жауап береді.
-Мынау ата.
-Мынау әже
-Мынау әке
-Мынау ана
Сергіту сәттерін жасайды.
Балалар жауап береді
-Отбасында ата бар.
-Отбасында әже бар.
-Отбасында әке бар.
-Отбасында ана бар.
Балалар тақпақты қайталайды
Балалар коврографта жұмыс істейді.
Атаға алма бермін
Әжеге алмұрт беремін
Анаға жүзім беремін
Әкеге өрік беремін
-Тышқан
Балалар дауыс ырғағымен отбасы мүшелерін көпше түрде атайды
-Аталар
-Әжелер
-Әкелер
-Аналар
Балалар жауап береді
-Отбасы
|
Рефлексифті – түзетушілік
|
-Балалар біз кімге көмек бердік?
-Ата сендерге алғыс айтып жатыр.
-Рахмет.
-Сау болыңыздар!
|
-Атаға көмек бердік.
-Сау болыңыз!
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Отбасы мүшелерінің атауларын, 2-3 сөзден сөйлемдер құрастыра алуға;
Түсінеді: «Мынау кім?» сұрағына жауап беру, «Ә» дыбысын дұрыс атау;
Қолданады: Отбасы мүшелерінің атауларын атауға дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технолгиялық картасы
екінші кіші тобы (3-4)
Білім беру саласы: Комуникация.
ҰОҚ: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Күз»
Мақсаты: - «Күз» тақырыбы бойынша жаңа сөздермен таныстыру.
-ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
-қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Құралдар: күз суреттері, слайд, игровизор, жұмыс дәптері, себет.
Педагогикалық технологиялар: Ойын, денсаулықты сақтау технологиясы
Көптілділік:
Қазақ тілі: күз,жаңбыр,алма,жапырақ
Русский язык: осень, дождь, яблоко, листок
English: Fall, rain, apple, leaf
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық -
қозғаушылық
|
Балалармен амандасады
Балалардың назарын түрлі түсті
гүлге аудартады
- Балалар мынау қандай гүл?
- Балалар оның жапырақтары түсіп қалыпты, жапырақтарын орнына қайтадан қою үшін, тапсырмалар орындау керек?
|
Балалар амандасады
Сәлеметсіз бе!
- Түрлі түсті гүл
|
Ізденушілік -
ұйымдастырушылық
|
Балалар алдымен тілімізді жаттықтырайық
1.Дыбыстық жаттығу.
На веточке сидит маленький совенок и зовет свою маму ү-ү-ү-үп, ү-ү-ү-п.
Споем песенку совенка вместе: ү-ү-ү-үп, ү-ү-ү-п.
Песенка звучит мягко
Үн –түн
Үн-күн
2.Балалар мына жұмабақты шешіп көріңдерші
Утром мы во двор идем – листья сыплются дождем,
Под ногами шелестят
И летят, летят,летят...
/бір жапырақ ілінеді/
2. Тапсырма орындайық
Жұмыс дәптерінен тапсырмалар
Күз мезгіліне байланысты сөздерді үш тілде ата?
Бір жапырақ ілуге ұсынады
-Балалар сендер жақсы жауап бердің дер, енді бір жапырақты іліп қояйық.
3.«Иә, жоқ» ойыны /презентация/
Күзде етік кие ме?
Күзде шалбар кие ме?
Күзде бас киім кие ме?
/бір жапырақ ілінеді/
Сергіту сәті
Жауды жаңбыр
Тық, тық.
Сен көшеге шық, шық.
Жел соғады гу,гу,гу,
Жапырақ ұшты ду,ду.
4. Флипчарт «Жыл мезгілдері»
Тапсырма/бір жапырақ ілінеді/
5. Мұғалім балаларға жапырақ тиелген машинаға көңілдерін аудартады.
- Балалар мына жапырақтардың түстерін атайықшы?
/бір жапырақ ілінеді/
-Балалар біздің жапырақ қандай түстерге айналды? Неше түс болды?
|
- Балалар хормен жауап береді.
.
Балалар ойланып жұмбақты шешеді
Балалар жапырақты іледі, түсін атайды.
-Күз мезгілінде болады.
(жұмыс дәптеріндегі сөздерді есте сақтайды, жаңбырдың суретін көк түске бояп атайды)
-Күз мезгілі
-Жаңбыр көк
-Алма қызыл
-Жапырақ жасыл
Балалар жапырақты іледі, түсін атайды.
Балалар жауап береді
-Иә күзде етік киеді.
-Иә күзде шалбар киеді.
-Иә күзде бас киім киеді.
Балалар жапырақты іледі, түсін атайды.
Балалар сергіту сәтерін жасайды
Балалар машинадағы жапырақтарға көңіл аударады
Сары жапырақ
Қызыл жапырақ
Жасыл жапырақ
/Балалар жапырақты іледі, түсін атайды/
-Бір көк түс
-Бір қызыл түс
-Бір сары түс
-Бір жасыл түс
|
Рефлексивті-
түзетушілік
|
-Балалар біз не істедік?
Ойын «Сиқырлы сандық».
-Балалар, қазір кім күз туралы көп сөздерді айтса, сандық ашылады, сыйлық береді.
|
-Түрлі түсті гүлдің жапырақтарын ілдік.
Балалар есте сақтаған сөздерін айтады.
Балалар алғыс сөздерін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: күз мезгілінің өзгерістерін, күзбен байланысты сөздерді;
Түсінеді:суретпен жұмыс істеуге, сөйлем құрастыруға, жұмбақтардың сөздерін жаттауға;
Қолданады: өткен сөздермен сөйлем кұрастыру, ойындардың шарттарын бұзбай ойнаулары.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технолгиялық картасы
екінші кіші тобы (3-4)
Білім беру саласы: Комуникация.
ҰОҚ: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Киім»
Мақсаты: - «Киім» тақырыбы бойынша жаңа сөздердің аталуын үйрету.
- тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру, «Ө» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.
- киімдерін таза ұстауға тәрбиелеу.
Құралдар: киім суреттері ,флипчарт, жұмыс дәптері
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, ақпараттық -коммукативтік технология
Көптілділік:
Қазақ тілі: киім, көйлек, жейде, шалбар
Русский язык: одежда, платье, рубашка, брюки.
English: Clothes, dress, shirt, trousers.
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық -
қозғаушылық
|
Сәлеметсіздер ме!
Балалардың назарын аудартады
-Бұл кім болды екен?
- Бізге қонақ келіпті Алма және Самат.
-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
-Күз мезгілінде ау райы қандай болады?
- Күз келген соң олар тонып келіпті, біз оларға киім сыйлайық- деп қызығушылықтарын
туғызады.
|
- Сәлеметсіз бе!
Балалар кім келді деп таңданады
-Күз мезгілі
-Суық болады
-Иә сыйлаймыз.
|
Ізденушілік -
ұйымдастырушылық
|
1.Дыбыстық жаттығу жасау
Ілші, ілші киімді,
Ілмешекке інім.
Ық – ық – ық,
Бүгін күн суық.
2.Сурет бойынша жұмыс
Мынау не?
Мынау не?
Мынау не?
3.Сөздік ойын ойын ойнауға ұсыныс жасайды.
«Мен бастаймын сен қошта» сөздік ойын - Мынау .......... көйлек
-Мынау.......... шалбар
-Мынау......... жейде
Алма мен Саматты жылынсың, қолын жылтып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.
4.Жұмыс дәптері «Қыз баланың киімін боя»
Балаларға киімдерді атап, көйлекті қалаған түске бояуға ұсыныс жасайды.
-Бұл не?
-Түсі қандай
5.Мұғалім балаларға тақпақ жаттауға ұсынады
/ілулі тұрған киімдерді көрсете отырып жаттатады/
Мальчики носят
Брюки – шалбар,
Девочки платья-көйлек,
Ну, а бабушки –қамзол,
Носят много много лет.
6. Балаларға келген қонақтарға киім алып беруге ұсыныс жасайды.
Флипчарт «Киім дүкені»
Сен көйлек ал!
Сен жейде ал!
Сен шалбар ал!
Балаларға киімдерді Алма мен Саматқа беруді ұсынады
|
Балалар мұғаліммен бірге қайталайды.
Балалар қайталайды
Мынау көйлек
Мынау жейде
Мынау шалбар
Балалар сөйлемді
-Мынау қызыл көйлек
-Мынау көк шалбар
-Мынау жасыл жейде
Қайталап қыймылмен жасайды.
Балалар киімдерді атайды
-Мынау көйлек
-Мынау жейде
-Мынау шалбар
-Көйлек қызыл
-Көйлек сары
-Көйлек жасыл
-Көйлек көк
Балалар тақпақты жаттап алады
Балалар компьютермен жұмыс жасап, жауап береді
-Мен көйлек алдым.
-Мен шалбар алдым
-Мен жейде алдым
|
Рефлексивті-
түзетушілік
|
-Балалар біз бүгін немен таныстық?
-Балалардың жетістіктерін атап өтеді.
Келген қонақтармен қоштасуға ұсыныс жасайды.
|
Бүгін бізге қонақ келді, киімдің атауларымен таныстық.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Киім атауларын: көйлек, киім, шалба, жейде;
Түсінеді: Киімдерді, түстерін атап,қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білу;
Қолданады: Мынау не? Сұрақтарына жауап беру, қысқаша сөйлемдер құрастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технолгиялық картасы
екінші тобы (3-4)
Білім беру саласы: Комуникация.
ҰОҚ: Қазақ тілі
Тақырыбы: Дене мүшелері.
Мақсаты: -Адамның дене мүшелері туралы, олардың атауларын дұрыс атауға,
-тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. «Мынау не?» деген сұраққа жауап беруге үйрету.
-«Қ» дыбысының айтылуын үйрету
Құралдар: Дене мүшелері суреті бар плакат, В.Воскобовичтің игровизоры, үлестірмелі материалдар.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, В Воскобович технологиясы
Көптілділік:
Қазақ тілі: дене мүшелері, бас, қол, аяқ
Русский язык: части тела, голова, рука, нога
English: Body parts, head, arm, leg
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық -
қозғаушылық
|
-Балалар бізге хат келді. Онда не бар екенін қарайық?
Ол кімнен келді екен ?- деп балалардың назарын аударады.
Хат дәрігер Айболиттен келгенін, онда суреттер бар екенін айтады.
Ол суреттерде не салды екен? - деп балаларды ынталандырады.
|
Балалар хаттың келгеніне аң- таң болады. Оның ішінде не бар екенін білгілері келеді. Ол кімнен келді екен деп ойлайды.
Балалар бұл хатта қандай суреттер бар екен деп қызығушылық білдіреді.
|
Ізденушілік -
ұйымдастырушылық
|
1.Суреттер бойынша сұрақтар қояды
Суретте не бейнеленген?/плакат/
- Нені көріп отырсыңдар?
-Мынау не?
2. Дыбыстық жаттығу.
«Қ» дыбысын дұрыс айтуға жаттығулар жасайды.
Ас-ас-ас
Ойлайды бас.
Ір-ір-ір
Бала қолы кір.
Өз-өз-өз
Көреді көз
Сақ-сақ-сақ
Мынау бес саусақ.
Тақпақ жаттауға ұсыну./қимылдар жасауға шақырады/ Рука-қол, а бет-лицо,
Голова тут налицо,
А зовется она –бас,
Она умная у нас
Сергіту сәтін жасауға шақырады.
Бір дегенім – бас
Екі дегенім –дене
Үш дегенім- қол
Төрт дегенім – аяқ
Болады ұзын таяқ.
4. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Әкесі мен баласын салыстыра отырып, үлкен , кішкентай ұғымдарын қайталайды.
5. Игровизормен жұмыс
Дене мүшелерін ата, көрсет
Қол не үшін керек?
Аяқ не үшін керек?
Бас не үшін керек?
|
Балалар суреттегі дене мүшелерін атайды.
Мынау қол –рука
Мынау бас- голова
Мынау –аяқ- нога
Мынау- дене- туловище
Балалар «Қ» дыбысын дұрыс айтады.
Тақпақты бірінен кейін бірі қайталайды. /қимыдар көрсетеді/
Сергіту сәттерін жасайды
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар адамның дене мүшелерін атайды.
Балалар үлкен және кіші ұғымдарын атайды
Әке үлкен
Бала кішкентай
Балалар дене мүшелерін көрсетеді, үш тілде атайды.
Балалар жауап береді
-Қол ұстайды
-Аяқ жүреді
-Бас ойлайды
|
Рефлексивті-
түзетушілік
|
Сабақта өтілген тақырыптарды қорытындылайды.
-Балалар бізге бүгін кімнен хат келді?
- Біз немен таныстық?
Балалармен қоштасады.
|
Балалар сабақта не үйренгегдерін айтады.
-Дәрігер Айболиттен хат келді
-Біз дене мүшелерімен таныстық.
Сау болыңыз!
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Дене мүшелерінің атауларын;
Түсінеді: Дене мүшелері тақырыбы бойынша шағын сөйлем құрастыру,
«Қ» дыбысын дұрыс атай білу;
Қолданады: сөздерді күнделікті ойында айтуға дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технолгиялық картасы
екінші кіші тобы (3-4)
Білім беру саласы: Комуникация.
ҰОҚ: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:- «Үй жануарлары» тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту;
-ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау,шағын сөйлем құрастыруға үйрету;
-үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Құралдар: компьютер, экран,ковровграф, карточкалар, үй жануарлар туралы
«Ферма» атты кітабы,
Педагогикалық технологиялар: ойнау, Монтессори, денсаулық сақтау
технологиясы, мультисенсорлық жақындық, В Воскобовичтің технологиясы
Көптілділік:
Қазақ тілі:үй жануарлары, ит, мысық, ат, сиыр
Русский язык:домашние животные, лошадь, корова, собака, кошка
English:Pets, horse, cow, dog, cat
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық -
қозғаушылық
|
Балалармен амандасады
Балалардың назарын үнтаспаға аудартады.
/ үнтаспадан үй жануарларының дауыстары естіледі/
-Балалар бұл қандай жануарлардың дауысы?
- Балалар мен сендерді үй жануарлары тұратын фермаға баруды өтінемін, барамыз ба?
|
Балалар амандасады
-Сәлеметсіз бе!
-үй жануарлары
-иә, барайық.
|
Ізденушілік -
ұйымдастырушылық
|
1.Ферманың есігін қағады.
Сұрақтар қою арқылы білімдерін ұштастыру./жануарлардың дауыстарнан ажырату/
-Бұл қай жануардың дауысы?
Дыбыстық тілдік жаттығу жасауға ұсынады.
Цыплята щиплют травку – тық-тық-тық.
А курочка зовет к себе
Қыт-қыт-қыт.
Произнесем песенку курочки «Қыт-қыт-қыт,
Мында жатыр көп астық».
2.-Балалар үй жануарларының тағамдары араласып кетіпті ажыратып берейік?
«Бұл қандай үй жануарының азығы?»
Коврографпен ойын
Мультимедиялық сергіту жасауды ұсынады. «Үш қой»
3.Жұмыс дәптерінен тапсырма
«Жануарлар нені жақсы көреді?» «Кесені боя»
-Қандай түске боядың?
-Балалар фермада қандай жануарлар бер екен, білгілерін келе ме?
4.Дидактикалық ойын
«Не бар?»
-Балалар біздің фермада барлық үй жануарлары бар.
-Үй жануарлары қандай?
5. Флипчартпен ойын
-Ат қандай ?
-Сиыр қандай?
-Қой қандай?
|
Балалар естіген үй жануарларының дауыстарынан тануға тырысады
-Иттің дауысы
-Мысықтың дауысы
-Аттың дауысы
-Сиырдың дауысы
Балалар тілдерін жаттықтырады
Балалар коврографта жануарлардың жанына азықтарын жапсырады, сөйлем құрастырады.
Мысық сүт ішеді
Ит сүт ішеді
Ат шөп жейді
Сиыр шөп жейді.
Сергіту сәттерін жасайды.
Балалар тапсырманы орындап, түстерді атайды./үш тілде атауға тырысады/
-кесе қызыл
-кесе көк
-кесе сары
-кесе жасыл
-Иә білгіміз келеді.
Балалар тапсырманы орындап, жауап береді
-ат бар
-сиыр бар
-қой бар
Балалар флипчарт арқылы, жануарларды сипаттайды
Ат үлкен
Сиыр үлкен
Қой кішкентай
|
Рефлексивті-
түзетушілік
|
-Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Қайда бардық?
Балалардың жетістіктерін атап өтеді
|
-Біз бүгін үй жануарларымен таныстық.
-Фермаға бардық
Балалар өз жетістіктеріне қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Үй жануарлар атауларын дұрыс атауға;
Түсінеді: Үй жануарлар атауларын дұрыс, дәл атай, «Қ» дыбысын дұрыс атау.
Қолданады:Үй жануарларын атауларын атауға дағдылану.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технолгиялық картасы
ортаңғы тобы (3-4)
Білім беру саласы: Комуникация.
ҰОҚ: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Достарыңызбен бөлісу: |