Түсініктемелік хат Мектепке дейінгі жастағы тілдерді үйрету бойынша «Көптілділік жолында»



бет1/4
Дата08.06.2018
өлшемі375,5 Kb.
#41244
  1   2   3   4
Түсініктемелік хат
Мектепке дейінгі жастағы тілдерді үйрету бойынша «Көптілділік жолында» оқыту – әдістемелік кешеннің технологиялық карталары қазақ тілі мұғалімі деңгейіндегі оқу қызметін басқару іс-әрекеті және бала деңгейіндегі қызметті жүзеге асырады. Басқару іс-әрекетінің характері және балалардың қызметі оқу қызметінің кезеңдерімен шартталған. Басқару қызметінің сипаты және балалардың қызметі кезеңдік білім беру қызметімен алмасады.

Технологиялық карталар мектепке дейінгі білім және тәрбие беретін ұйымдардағы қазақ тілі мұғалімдеріне арналады. Екінші кіші, ортаңғы және ересек топ балаларына Қазақстан Республикасы білім беру министрлігі №499 бұйрығымен «12» тамызда 2016 жылы бекітілген мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бойынша Типтік білім беру бағдарламасына сәйкес құрылған.2-ші кіші тобында 18 сағат (айына 2 рет), ортаңғы тобында 18 сағат (айына 2 рет), ересек тобында 36 сағат (аптасына 1рет).

Технологиялық карта (Васерман Ф.Я–ның карта үлгісі бойынша)- қазақ тілі мұғалімінің басқару қызметі мен балалар іс-әрекетін жоғары дәрежеде меңгеріп, білім беру және тәрбиелеу процесінің қорытынды жетістігіне жетуге себепші болатын өз кезінде білім беру қызметінің бағдаржолы болып есептелінеді.

Бұл технологиялық карталар жинағында қазақ тілі мұғалімінің басқару қызметінің нақты жасалу жолдары анықталған:

-бірінші мотивациялық қозғаушы кезеңде балаларға түсінікті және игеруге мүмкіншілік туғызатын оқу қызметінің мақсатын қою, өтіп жатқан жағдайдағы балаға қызығушылық туғызбайтын жерлерін үлгілеу;

-екінші қызмет кезеңінде қойылған мақсатқа сәйкес танымдылық процесіне қатысуы өтеді, танымдылық процесінде және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тыңдалым және сөйлегенде қолдау, көмек беру;

-үшінші қызмет кезеңінде ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытындылау барысы өтеді, танымдылық процесі және ұйымдастырылған оқу қызметіндегі қорытындысының шешімі.

Балалардың қызметі анықталды,олар:

-бірінші мотивациялық қозғаушы кезеңде өз әрекетінде қойылған мақсатты қабылдауы; болып жатқан жағдайға нағыз қызығушылық туғызу.

-екінші қызмет кезеңінде танымдылық процесіне кіруі өтеді, ұсынылған ойынға қатысуы, қойылған сұраққа белсенді түрде жауап іздеуі, үлкендерден қажетті көмек, қолдау сұрау; тыңдалым және қазақ, ағылшын,орыс тілдерінде сөйлеу;

-үшінші рефлексифті–түзетушілік қызмет кезеңінде бала өз қызметінің қорытындысын көреді, бала өз қызметінен өзін сезінеді.

Осы жинақтағы технологиялық карталар «Танысу», «Ойыншықтар», «Балабақша», «Отбасы», «Жыл мезгілдері», «Киімдер», «Дене мүшелері», «Жануарлар», «Түстер, сандар», «Азық - түлік», «Ыдыс-аяқ» лексикалық

тақырыптарға бөлінген. Бұл тақырыптарға сәйкес мақсаты және күтілетін нәтижелер қойылған /ұғынады, түсінеді, қолданады/.

Технологиялық карталар қазақ тілі мұғалімдеріне ұйымдастырылған оқу қызметінде қазақ тілін қызықты және сауатты өткізуіне әсерлі көмек көрсетеді.



Пояснительная записка
Технологические карты учебно-методического комплекса «Көптілділік жолында» для детей дошкольного возраста по изучению языков реализуют управленческие действия учебной деятельностью на уровне учителя-казахского языка и деятельности на уровне ребенка. Характер тех или иных управленческих действий и деятельности детей обусловлен этапами учебной деятельности.

Технологические карты предназначены для учителя казахского языка в группах с русским языком обучения. Разработаны для детей второй младшей, средней и старшей группы в соответствии с требованиями Государственного общеобязательного стандарта дошкольного воспитания и обучения и Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения, утвержденный приказом Министра образования Республики Казахстан от «12» августа 2016 года №499. Во второй младшей группе 18 часов (2 раза в месяц), в средней группе 18 часов (2 раза в месяц), в старшей группе 36 часов (1 раз в неделю).

Технологические карты составлены по образцу карты Васермана Ф.Я. и являются своего рода алгоритмом организованной учебной деятельности, обладающей высокой степенью воспроизводимости этапов, управленческих действий учителя казахского языка и деятельности детей, способствующий достижению результата процесса обучения и воспитания. В технологических картах данного сборника четко определены управленческие действия преподавателя казахского языка:

- в первой мотивационно-побудительном этапе раскрывается постановка цели учебной деятельности, понятная и доступная ребенку дошкольнику, моделируется ситуации, вызывающей неподдельный интерес ребенка к происходящему;

- во втором этапе деятельности происходит процесс познания в соответствии с поставленной целью, оказание необходимой помощи и поддержки в процессе познания, аудирование и говорение на казахском, английском и русском языках;

- в третьем этапе деятельности происходит отслеживание хода организованной учебной деятельности, процесса познания и анализ результатов организованной учебной деятельности, процесса познания. Определена деятельность детей, которая заключается:

- в первом мотивационно-побудительном этапе происходит принятие ребенком цели как собственной стратегии действия; проявление неподдельного интереса к происходящему;

- во втором этапе деятельности происходит включение в процесс познания, участие в предложенной игре, активный поиск ответа на поставленный вопрос, обращение к взрослым за необходимой помощью и поддержкой; аудирование и говорение на казахском, английском и русском языках;

- в третьем этапе деятельности происходит оформление ребенком результата своей деятельности, осознание ребенком самого себя в собственной деятельности.

Технологические карты из данного сборника распределены по лексическим темам: «Знакомство», «Игрушки», «Детский сад», «Семья», «Времена года», «Одежда», «Части тела», «Животные», «Цвет,цифры», «Продукты», «Посуда» и другие. К данным темам имеются цели, ожидаемые результаты /знание, умение, навыки/.

Технологические карты окажут действенную помощь учителю казахского языка грамотно и интересно провести организованную учебную

Әдебиет. Литература.


  • «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Астана 2016 ж.

  • «Типовая учебная программа дошкольного воспитания и обучения» Астана 2016 г.

  • « Алақай» азбука – тетрадь «Аруна»

  • « Балапан» журнал для детей дошкольного возраста.

  • « Балдырған» журнал для детей дошкольного возраста.

  • «Балдырған» журнал №6 2009ж, №12 2009ж.

  • «Волшебное путешествие по стране Казахстан» Л.В. Кирилинская.

  • « Интенсивный курс казахского языка» Кинжикова Ш.Д Костанай 2009г.

  • «Казахские пословицы и поговорки» М.А.Аккозина.

  • «Капелька» хрестоматия «Алматыкітап» 2005ж К.С Ильяшева.

  • «Мы говорим по –казахски» К.Сариева Алматы 1992г.

  • «Путешествие в страну чудес» О.О. Боровая.

  • «Путешествие в страну чудес» хрестоматия «Аруна» О.О Боровая.

  • «Развитие речи» «Алматыкітап» 2004 г.

  • Сборник казахских пословиц и поговорок Алматы 1990г.

  • «Тiл ашар» А.Шакенова « Жалын» 1989 г.

  • «Хрестоматиия по детской художественной литературе казахстанских авторов» Г.А Карбушева.

  • « 40 уроков казахского языка» Х.Кожахметова Алматы 1990г

  • «1000 загадок» Н.В.Елкина. популярное пособие для родителей и педагогов.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

2- ші кіші тобы (3-4)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Сәлем – сөздің анасы»

Мақсаты: -Балаларды қазақша амандасып, сұраққа жауап беруге үйрету.

- жаңа сөздермен танысып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту (ә).

-балаларды достыққа, көмек беруге тәрбиелеу.

Құралдар:Үлестірмелі- дидактикалық материалдар, жұмыс дәптері, суреттер.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы

Көптілділік:

Қазақ тілі: Сәлеметсіз бе!Сау болыңыз!,ұл бала, қыз бала, Мынау кім? Мынау не?

Русский язык: Здравствуйте!До свидания!,мальчик, девочка, Кто это? Что это?

English: Hello! Goodbye !, boy, girl, who is this? What is it?

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық -

қозғаушылық


- Балалар бүгін бізге электронды поштаға видео хат келіпті, – деп балалардың назарын аудартады.

Ол көрші елде тұратын Саша деген баладан екен /видео ролик қарайды/

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Мен қазақ тілінде амандасу, қоштасу сөздерін үйренгім келеді?

- Сендер поштамен жіберіңдерші?

- Балалар көмектесеміз бе?



Балалар мұқият тыңдайды.

-Балалар амандасады

-Сәлеметсіз бе!

-Иә көмектесеміз



Ізденушілік -

ұйымдастырушылық


-Балалар алдымен танысу сөздерін үйреніп, содан кейін Сашаға жібереміз.

1.«Танысайық» дидактикалық ойынын ойнауға ұсынады, ойын арқылы балаларды, жаңа сөздермен таныстырады.

- Сенің атың кім?

-Мынау не?


Балалар Саша дұрыс үйрену үшін, бізде дыбыстарды айтып үйренейік

2.Тақтадағы сурет бойынша балалармен «Ә» дыбысын дұрыс айта алу үшін жаттығулар жасайды.

Бежит маленький ягненок за мамай и кричит «Мә-ә-ә-ә,мә-ә-ә-»

Давайте мы тоже попробуем произнести: «Мә-ә-ә-ә,мә-ә-ә-ә»

Очень мягкий звук –ә.

Ево можно пропеть: ә-ә-ә.

Он словах звучить нежно: ән,сән,мән.

Сергіту сәттерін қимылдар арқылы жасауға ұсынады.

Ал, балалар,тұрайық.

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық



3.Мнемоникалық тақпақ

Сәлеметсіз бе, своим

Мы знакомым говорим.

А прощаемся тогда

Сау болыңыз всегда

А спосибо ведь рахмет

Слово вежливее нет

4. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар

Амандасу сөздерін үш тілде есіне сақта

5. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

-Бұл кім?

-Ал сен кімсің?



Балалар келіседі.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Мұғалімнің айтқан сөздерін дұрыс, дәл қайталайды.


  • Менің атым Маша

  • Менің атым Саша

Балалар сурет бойынша фонетикалық жаттығулар жасайды.

Бірге және жеке қайталайды

Сергіту сәттерін жасайды.

Ал, балалар,тұрайық.

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.
Балалар тақпақты дұрыс, нақты қайталайды.

Балалар жұмыс дәптерінен тапсырманы орындайды.

Үш тілде атауға тырысады

Балалар өздеріне тиесілі карточкадағы суреттерді сөйлетеді

-Бұл қыз бала

-Бұл ұл бала

Балалар жауап береді

-Мен қыз баламын.

Мен ұл баламын.


Рефлексифті – түзетушілік

  • -Балалар бүгін бізге не келді?

-Біз үйренген сөздерді -Саша видео арқылы жіберейік /видеоға түсіреді/

-Біздің поштаға хат келді.

Балалар есте қалған сөздерін айтады



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Балабақша тақырыбына арналған сөздерді;

Түсінеді: Амандасу және қоштасу сөздерін білу. «Ә» дыбысын дұрыс айта білу;

Қолданады: Амандасу және қоштасу сөздерін күнделікті қолдануды дағдыға айналдыру, тақпақтарды жатқа айту.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технолгиялық картасы

екінші кіші тобы (3-4)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты: - «Ойыншықтар» тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту;

-қазақ тіліне тән дыбыстарды (қ) дұрыс айтуға жаттықтыру;

- ойыншықтарды таза, күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Құралдар: карточкалар, презентация, қорап, ойыншықтар, жұмыс дәптері

Педагогикалық технологиялар: Ақпараттық-қатынастық технологиялары, денсаулықты сақтау технологиясы.

Көптілділік:

Қазақ тілі: ойыншық, доп,қуыршақ, машина

Русский язык: игрушка, мяч,кукла, машинка

English: Toy, ball, doll, machine

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог ойыншықтар салынған қорапты көрсетіп балалардың назарын аудартады.

- Балалар, мына қорапты мен тауып алдым, поездан түсіп қалыпты, ішінде ойыншықтар бар сияқты. Кімнің қорабы екенін ашып көрейік?

- Ол үшін менімен бірге мына тақпақты қайталайық


Балалар таңдана қарайды

Балалар сұрақтарға ынтамен жауап береді.

-Иә көргіміз келеді.


Іздену – ұйымдастырушылық

Мына суреттегі поезды қараңдаршы,

(«Қ» дыбысының айтылуын үйрету)

Мынау – менің пойызым Тық-тық, тық - тық

Жолға шықтық тақ -тұқ

Шамды жақтық.

Беп! Жолдан кет.



Тақ- тұқ , керек сақтық
1.Педагог ойыншықтарды бір –бірлеп алады.

  • Мынау не?

  • Бір сөзбен қалай атаймыз?

2. Мұғалім нұсқауымен балалар

«Отыр»,«Тұр» қимылды білдіретін сөздермен танысып, қимылдар

жасайды.


3.«Бар»,«Жоқ» сөздерімен танысады.

Д/ ойын «Не бар, не жоқ»

- Менің қолымда доп бар ма?

- Менің қолымда доп бар ма?

- Қолдарына доп алып, сергіту сәтін жасап дем алайық

Топ –топ,

Доп –доп

Теуіп қалдым допы

Доп жоғалды

Доп жоқ!


5. Жұмыс дәптерінен тапсырмаларды орындауға ұсынады

6.Мұғалім компьютерден ойыншықтар суретін қарауға шақырады.

/презентация/

Қораптың түбінен сурет шығады

-Балалар ойыншықтар Дымбілместікі екен, мекен –жайы жазылған ойыншықтарды салып, беріп жіберейік.

- Сен қандай ойыншықты қорапқа саласың?

-Балалар бір сөзбен қалай атаймыз?


Балалар қайталап, «Қ» дыбысын айтуды үйренеді.

Балалар сұрақтарға мұғалімнің көмегімен жауап береді.

-Мынау доп

- Мынау қуыршақ

-Ойыншықтар –деп жауап береді.

«Отыр», «Тұр» сөздерін қимылдар жасап естеріне сақтайды.

«Бар»,«Жоқ» сөздерін дұрыс айтып үйренеді.


  • Доп бар.

  • Доп жоқ

Сергіту сәттерін орындайды.

Топ –топ,

Доп –доп


Теуіп қалдым допы

Доп жоғалды

Доп жоқ!

Балалар ойыншықтарды үш тілде атап, мәшинаны бояйды, атайды

Балалар ойыншықтарды көріп, қазақ тілінде дұрыс, дәл атайды, естерінде сақтайды.

Балалар қолдарына ойыншықтарды бір –бірлеп алып қорапқа салады



  • Мен допты саламын.

  • Мен қуыршақты саламын

  • Мен машинаны саламын

  • Ойыншықтар

Рефлексифті – түзетушілік

Балалардың жетістіктерін атап өтеді.

Жеке балалардың жетістіктерін атайды



Балалар өз жетістіктеріне қуанады.

Мұғаліммен қоштасады



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Ойыншықтар атауларын дұрыс атай алады;

Түсінеді: Ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздерді дұрыс айта білу;

«Қ» дыбысын дұрыс атау. 2-3 сөзден сөйлемдер құрастыра алу.



Қолданады: Ойыншықтар атауларын және қимылды білдіретін сөздерді күнделікті қолдануды дағдыға айналдыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

2- ші кіші тобы (3-4)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Балабақша»

Мақсаты:-Балабақшаға байланысты сөздермен танысып, шағын сөйлем құрастыру.

-жаңа сөздермен танысып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту(ө).

-өз құрбыларын сыйлауға, достыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Суреттер, қонжық, игровизор, карточкалар.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, В Воскобович технологиясы

Көптілділік:

Қазақ тілі:Балабақша,топ, үстел,орындық

Русский язык: Детский сад, группа, стол,стул.

English: Kindergarten, group, table, chair.

Қызметтер кезеңдері

Мұғалімнің қызметі

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Сабаққа қонаққа қонжық келеді- деп назарын аудартады.

-Сәлеметсіңдер ме!


- Балалар, бізге бүгін қонаққа қонжық келді, ол өзімен қызықты суреттер ала келіпті – деп балалардың назарын аудартады.

Қонжықтың суреттерін қарайықшы- деп балалардың қызығушылықтарын туғызады.

- Мынау не? /жаңа сөздермен танысады/


Балалар қонжықтың келгеніне қуанады. Қонжықпен амандасады, -Сәлеметсізбе!

Балалар қонжықтың алып келген суреттерін қарастыруға қызығушылық білдіреді.

-Мынау балабақша

-Мынау топ

-Мынау үстел

-Мынау орындық



Іздену - ұйымдастырушылық

1.-Балалар, қонжық ойнағанды жақсы көреді.

-Сендер қонжықпен ойын ойнайсыңдар ма?- деп ойын ұсынады. «Отыр да тұр» қимыл –қозғалыс ойыны


2. Балалар қонжыққа дыбыстарды дұрыс айтуға үйретейік

Маленький теленочек захотел воды и просит: мө-мө-мө-мө. Послушайте внимательно просьбу теленочка и попробуйте тоже повторить: мө-мө-мө-мө.

Теленочек очень обрадуется, если вы тоже научитесь чисто произносить гео любимый звук:ө-ө-ө.

2. Тақпақ жаттауға ұсынады

- Балабақша туралы тақпақты қайталайық.

Балабақшада балалар,

Қыздар және ұлдар бар

Ойыншықтар көп онда

Машина, шана, арба бар.



3. Игровизормен жұмыс

Заттарды ата және сана

Мультимедиялық сергіту сәті

«Көңілді күн»

«Музыкалық сәт» Д.О. ұсынады.

Д/ойынның ережесімен таныстырады. Мұғалім суретт береді, музыка тоқтағанда кімнің қолында қалса сол бала қазақ тілінде атайды.

-Сенің қолында не бар?


Балалар қонжықпен ойнауға қызығушылық танытады

Балалар қонжықпен ойнайды.

Қонжық «Тұр» дегенде балалар тұрады, «Отыр» дегенде отырады.

Балалар тақпақты қайталайды.

Балалар «Ө» дыбысын дұрыс айтуды үйренеді.

Мұғаліммен ірге қайталайды

Балалар тақпақтарды қайталайды.
Балалар заттарды атайды және санайды

Мынау орындық

Мынау үстел

Мынау балабақша

Бір орындық

Бір үстел

Көп бала

Балалар сергіту сәттерін жасайды.

Балалар суреттерді бір –біріне береді,музыка тоқтағанда, кімнің қолында қалса, сол бала жауап береді.

-Менде үстел бар

-Менде орындық бар


Рефлексифті – түзетушілік

- Балалар, қонжық бізбен қоштасады. - Біз қонжыққа қонаққа келгені үшін алғыс сөзін айтамыз.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап өтеді.



Балалар қонжықпен қоштасады.

  • Рахмет.

  • Сау болыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет