30.11.2018oquzaman Ундаганова Дамели Рахишевна Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернаты мұғалім – тифлопедагогы «Балаларға арналған көз жаттығулары мен
танымдық қызығушылықтарын дамыту ойындары»
(әдістемелік құрал)
Орал,2018
Әдістемелік құралында берілген балаларға арналған көз жаттығулары мен сергіту жаттығулар, танымдық ойындар жеке даму ерекшеліктеріне қарай, саралау және даралау әдістермен жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызатындай етіп таңдалған. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған бастауыш сынып сабақтарына және түзете – дамыту сабақтарына әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады.
Мазмұны
Түсінік хат………………………………………………………………………….3
Балаларға арналған көз жаттығулары мен танымдық
қызығушылықтарын дамыту ойындары……………………………..5
Көз аурулары…………………………………………………………………….8
Көз жаттығулары………………………………………………………………..9
Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған
ойындар……………………………………………………………………………21
Кеңістік бағдарлау, қимыл – қозғалысты дамытуға арналған
ойындар…………………………………………………………………………….22
Сергіту жаттығулар…………………………………………………………….25
Ашық сабақтар……………………………………………………………………26
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………..37
Түсінік хат
Еліміздің әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеу ең жауапты іс. Көру қабілеті бұзылған балаларға күн сайын әр сабақта көзді шынықтыруға арналған және көз шаршағанда жасалатын кешенді жаттығулар жасап тұру қажет. Танымдық қызығушылығын дамытатын ойындар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, эмоциялық – таным қызығушылықтарын қалыптастырып, қарым – қатынасты дамытып, қоршаған өмірге деген құлшыныстарын тудырады. Шапшаң қимылды ойындар мен сергіту жаттығулар дене қозғалысының дамуына ықпал етіп түзеуге ғана емес, сонымен қатар ойлау, есте сақтау, қабылдау сияқты психикалық қызметтердің жетілуіне жағдай туғызады.
Танымдық дамыту ойындары (қиял, қабылдау) мазмұны бастауыш сыныптарда оқытудың диагностикалық – түзету және дамыту бағытында толық жауап береді. Балалардың танымдық және эмоциялық ерік аясын дамыту бойынша мақсатты түрде бағытталған педагогикалық қызмет. Бала дамыту ойындарынан бар мүмкіндігін іс – жүзіне асыруға ынталандырып, оларды басқа ойындық, танымдық жағдайатқа ауыстыруға көмектесетін белсенді, ынталы тәртіп – тәжірибесін қабылдайды.
Сабақ арасында көзге арналған жаттығулар жасап тұру көз бұлшық еттерін босатып, қан айналымды жақсартады. Көз дем алады. Көз жаттығулар әр сабақ сайын жасалып қайталанып отырады. Бастауыш сынып балаларының білім деңгейіне және балалардың жеке даму ерекшеліктеріне қарай, саралау және даралау әдістерімен жұмыс жүргізу үшін пайдалануға болады. Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемділігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Саусақ ойындары – қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша жұмыстың маңызды бөлігі. Олар қызықты және сөйлеу тілінің, шығармашылық әрекетінің дамуына септігін тигізеді. Тапсырмалардың ойын түрінде алынуы балалардың жас ерекшелігін қажет етеді.
Сергіту жаттығулары балалардың сабақ арасында демалуға, олардың мүсіндерінің дұрыс дамуына, сабаққа деген ынталарын тудыруға, белсенділігін арттыруға көмектеседі. Оқушыларға түрлі ойындар өткізу арқылы олардың танымдық процестерін дамыту оқу материалдарын жеңіл де
3
берік меңгеруіне септігін тигізеді.
Кеңістікте бағдарлау, қимыл – қозғалыс үйлесімділігіне арналған ойындар топты іштей және сырттай дайындап, тапсырмаларды әрі қарай орындау үшін дайындық пен нұсқаулар беру мақсатында пайдалануға болады.
Көмекші оқу құралында ұсынылып отырған балаларға арналған көз жаттығулары мен танымдық ойындар, сергіту жаттығулар балаларға құрдастарымен, ересек адамдармен жағымды қарым – қатынас орнатуға, салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға көмектеседі деген үміттеміз.
Балаларға арналған көз жаттығулары мен танымдық қызығушылықтарын дамыту ойындары.
Бүгінгі білім жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі – ерекше сұрансты қажет ететін балалар мәселесі. Оларды қоғамнан алыстатпай, сапалы білім берумен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды. Көру қабілеті зақымданған балаларды (көрмейтін және нашар көретін) арнайы оқыту мен тәрбиелеуде түзету пәндерінің алатын орыны ерекше. Мұғалім өз бетімен көрнекіліктің белгілі түрлерін, дидактикалық материалдарды, ойындар мен жаттығуларды жасатып, оқушылардың жеке ерекшеліктері мен көз көруінің бұзылу деңгейін анықтайды.
Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90 пайыздан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көз алмасының пішіні шар тәрізді, бас сүйектегі көз шарасына бекінген.
Көзді көз алмасы және қосымша мүшелер құрайды.
Көздің қосымша мүшелері: қас, қабақ, кірпік, жас безі, көз бұлшық еттері.
Көз алмасы 3 қабықтан тұрады: ақ қабық /склера/, тамырлы қабық, тор қабықтан тұрады. Ақ қабық алдыңғы бөлігі мөлдір қасаң қабыққа жалғасады.
Тамырла қабықта қан тамырлары өте көп. Тамырлы қабықтың алдынғы жағы нұрлы қабық оның ортасында қарашық орналасқан.
Қарашықтың артқы жағында линза тәрізді көзбұршақ /хрусталик/ орналасады.
Көз алмасының артқы қабырғасында көздің тор қабығы/сетчатка/ орналасады. Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал рецепторлар бар. Олар құтышалар мен таяқшалар. Құтышалардың көбірек шоғырланған жері сары дақ деп аталады. Көру жүйесінің шығатын жері соқыр дақ дейді. Көздің ішкі бөлігі мөлдір іркілдек затпен – шыны тәрізді денемен толтырылған. Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады /фокустайды/. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да,
5
шыны тәрізді аударылған күйінде тор қабығына бағыттайды.
Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйкесі оны миға жеткізеді. Содан барып, сен бейнені көресің.
Офтальмология – көз және оның аурулары туралы ғылым.
Балаларда туа біткен және жүре пайда болған көз аурулары болады.
Туа пайда болған көз ауруларына: миопия, гиперметропия,нистагм, синдром Марфана, синдром Маркезани т.б.
Жүре пайда болған көз ауруына: атрофия, афакия, артифакия, дегенерация сетчатки, амблиопия т.б.
Нашар көретін балалардың көз әйнекпен көру жүйесі 0,05 және 0,2 Орлов немесе Сивцева таблицасы арқылы анықталады. Көз ауруының ішінде көп кездесетін түрі – миопия. Ол – алыстан көре алмау, жақыннан көргіштік. Бұл оқушылар арасында жиі ұшырасады. Алыстан көрмеушілік /Миопия/ балардың нашар көруінің басты себебі болып табылады. Балалақ шақта алыстан көрмеушілік жиі өршиді және көз көру қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Мүгедектер тобына нашар көретін және зағип балалар жатады. Мүгедектік алу үшін балалардың көз жанарының өткірлігі көз әйнекпен 0,2 және көз аймағы 10 пайыз құраған жағдайда болады. Бұл балаларда туа біткен және жүре пайда болған көз аурулары болады. Қитарлық – бір көздің тікке қарауының ауытқуы. Қитарлық кезінде екі көзімен көру қиындайды және бинокулярлық көру бұзылады. Амблиопия – көздің өткірлігінің төмендеуі, көру анализаторының функционалды бұзылуы. Бұл балалар түзету жұмысына, тәрбиеленуге арнайы мектептерде бағытталады.
Көз жаттығулары, көзді күнделікті дағдыландыру да көз ауруларын алдын ала емдеуге, көруді жақсарту үшін маңызды. Көз еттеріне, мойыныңызға, арқаңызға, иық жақтарыңызға жаттығулар жасау. Бұл жаттығуларды күнделікті әр сабақта 15 минут кейін қайталанып отырады. Әйнектегі таңбамен жаттығулар. Аметропия дәрежесіне сәйкес көзілдірік киген бала әйнектен 30-35 см қашықтықта терезе алдында тұрады.
6
Бұл әйнекте бала көздерінің деңгейінде диаметрі 3-5 мм. Дөңгелек таңба
орнатылады. Алысқа бұл таңба арқылы өтетін көзқарас сызығы бойына ол бір затты /ағаштың бұтағы, үйдің терезесі/ бекіту үшін тұспалайды. Содан соң кезекпен ол назарын біресе әйнектегі таңбаға, біресе затқа аударады.
Жаттығулар күнінне 1-2 рет 10 минут күнделікті өткізіледі.
Көру қабілеті бұзылған балаларды айналадағы әлеммен таныстырудың негізгі міндеттері көру бейне жүйесін қалыптастыру, бұл көру сезім сапасының дамуын жақсартады. Көру қабілетін дамытуда табиғи объектілерімен, мозайкамен, конструктормен пайдалануға үйрету. Дидактикалық және жедел – рольдік ойындарын ұйымдастыру, тапсырмаларды, негізгі үлгілер бойынша орындау болып табылады.
Көздің көру қалдығын сақтау мен дамыту және көзбен қабылдау бағдарламасының мақсаты – көзбен қабылдаудың операциялық механизмін қалыптастыру мен дамытуда оқушылардың қоршаған орта нысандары туралы түсініктерін байыту.
Дидактикалық ойындар барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Баланың сенсорлық дамуы ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу әрекеттері арқылы қалыптасады. Балалардың сезім, түйсік, қабылдау сияқты психологиялық процестерді жетілдіру сенсорлық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл міндетті орындауда берілетін білім, білік дағдылары балаларға оқыту үрдісі кезінде ойын әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Ерекше сұранысты қажет ететін балаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Балалардың қалдық көру қабілетін сақтау және дамыту бағытында көзге коррекциялық жаттығулар жасау, саусақ моторикасын дамытудың маңызы зор. Ойын жаттығулары оқушылардың ұсақ саусақ моторикасын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамытады.
7
Көз аурулары
Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан,көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына механикалық (әр түрлі жарақаттар алу т.б.) физикалық (шаң – тозаң , тозаңдары мен булары т.б) химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық – химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, глаукома, коньюктивит, көзге ақ түсу т.б. Көзге ақ түсу, лейкома – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудың, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді. Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі – дәрмекке жазылмаса , оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз,Аргайлл Робертсон белгісі т.б. Емделмеген көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.
Миопия – көз ауруларының ішінді көп кездесетін түрі. Ол-алыстан көре алмау, жақыннан көргіштік. Миопияның пайда болу себебі тұқым қуалаушылықтан пайда болуы мүмкін.
Қазіргі таңда көз ауруының ішінде кеңінен тараған, әрі асқынуы ауыр Глаукома /суқараңғылық/ дерті дендеп бара жатқанын офтальмологтар алаңдап отыр. Оның үстіне, комьпютер заманында глаукоманың жастарға жабысуы әрбір көз дәрігерін үрейлендіріп отыр. Глаукома аяқ астынан дамуы мүмкін.
Глаукома дертіне шалдыққанда көз қысымы жоғарлап, көз клеткалары жиынтығы өзгерістерге ұшырайды. Глаукома дертіне шалдыққында дәрігер дайындалған емді бұлжытпай орындап, офтальмологтың бақылауында болу керек.
8
Мүлдем көз жанары жоқ балалар зағип балалар. Олар тек қана жарықты ғана сезеді,заттардың қалпын,көлемін сипап сезеді. Бұл зағип балалар Брайль жүйесі бойынша оқиды.
Нашар көретін балалардың көз әйнекпен көру жүйесі 0,05 және 0,2 Орлов немесе Сивцева таблицасы арқылы анықталады.
Адамдар жылына 1 рет көз қысымын тексертіп тұруы қажет.
Көз режимі, көз гигиенасын дұрыс сақтау жолдары.
1. Үй тапсырмасын орындағанда әр сағаттан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау қажет. Көз жаттығуын жасау.
2. Теледидар, компьютермен жұмыс 40 минуттан аспау керек.
3. Витаминді мол тамақты мезгілінде ішу.
4. Салауатты өмір салтын сақтау.
5. Таза ауада дем алу.
Көзге арналған жаттығулар
«Жоғары – төмен, оңға – солға»
Көзімізді оңға – солға, жоғары – төмен қарап қозғалтамыз. Көзімізді қаттырақ жұмып, көздің шаршағанын басамыз /10 санағанға дейін ашып жұмамыз/
«Шеңбер»
Көз алдымызға үлкен шеңбер елестетеміз, сол шеңбер бойымен көзімізді айналдырамыз, сағат тілімен екінші жағына қайталау.
«Төртбұрыш»
Енді көз алдымызға төртбұрышты елестетеміз. Оң жақтағы жоғары бұрышынан бастап – сол жақтың төменгі бұрышына дейін, сол жақ жоғары жағынан бастап – оң жақ төменгі жағына дейін көзіміздің қарашығымен қарау. Тағыда бір рет, бір уақытта төртбұрыштың бұрыштарына қарап шығу.
«Мұрынмен сурет салу»
Балалар көздерін жұмады. Мұрындарын ұзын екен деп ойлап, мұғалімнің айтқан тапсырмасы бойынша сурет салады, әріптер және сандар салады.
9
«Ой, біз қалай көп жаздық!»
Ой, біз қалай көп жаздық,
Көзімізді шаршаттық.
(Көздерін ашып – жұмады)
Бәріміз терезеге қарайық,
(Барлығы терезеге қарайды)
Алтын күн тұр биікте,
(Жоғары қарау)
Көзімізді жабайық!
(Алақандарымен көздерін жабады)
Топта кемпірқосақ жасап,
Үстінен біз жүреміз.
(Доғаны оңнан солға, солдан оңға қарай көзімізбен жүгірту)
Оңға, солға бұрылып, содан соң төмен қараймыз.
(Төмен қарау)
Көзімізді қатты жұмамыз,
Мықты болып шығамыз!
(Көздерін қатты жұмып, ашып – жұмып жыпылықтату)
Көзімізді жаттырықтырайық…
Көзіміздің шаршағанын басу үшін, орнымызда тұрып – ақ оңға, солғағ жоғары – төмен, көзімізбен сурет салып, шеңбер жасаймыз. Жаттығуымыз тақпақ барысымен орындалса өте тамаша болмақ!
Көзім менің айналаны көреді,
Шеңбер бойы жүреді.
10
Көретіні соншалық,
Жаңылыспай келеді.
Дөңгеленіп айнала,
Бар әлемді көреді.
Тезірек көзді жыпылықтату, көзімізді жұмып отырып, ақырын 5-ке дейін санаймыз. /4-5 рет қайталау/
Көзімізді қатты жұму (3-ке дейін санау), қайтадан ашып, ұзаққа көз тігіп 5-ке дейін санаймыз (4-5 рет қайталау). Оң қолымызды алдыға созамыз (4 – дейін санағанша), басымызды қозғаймыз көз қиығымызбен қолымызды бойлай, оңнан – солға, жоғары – төмен қараймыз. (4 – 5 рет) Қолымызды созып, көрсеткен саусағымызға қараймыз (4 – ке дейін санау), содан соң көз қиығымызды 1 – 6 санағанша ұзаққа тігеміз. (4 – 5), орташа қалыппен көзімізді шеңбер бойымен оңға, солға айналдыру. Көзіміздің бұлшық еттерін демалдырамыз, кейін 1-6 дейін санағанша алысқа көз тігеміз. (1-2 рет қайталау)
«Күн»
Көз қиығымыздыайналдыра мұрыһнымызбен шеңбер жасау.
«Сәбіз»
Басымызды оңға – солға бұрып, мұрнымызбен сәбізді саламыз (көз қиығымызды жүгірту)
«Буратино»
Буратино өзінің ұзын, әрі әдемі тұмсығымен сурет салады (көз қиығымызды жүгірту)
«Ой, біз қалай көп жаздық!»
Ой, біз қалай көп жаздық,
Көзімізді шаршаттық.
(Көздерін ашып – жұмады)
Бәріміз терезеге қарайық,
11
(Барлығы терезеге қарайды)
Алтын күн тұр биікте,
(Жоғары қарау)
Көзімізді жабайық!
(Алақандарымен көздерін жабады)
Топта кемпірқосақ жасап,
Үстінен біз жүреміз.
(Доғаны оңнан солға, солдан оңға қарай көзімізбен жүгірту)
Оңға, солға бұрылып, содан соң төмен қараймыз.
(Төмен қарау)
Көзімізді қатты жұмамыз,
Мықты болып шығамыз!
(Көздерін қатты жұмып, ашып – жұмып жыпылықтату)
Көздің сыртқы бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
1. Отырамыз, ақырындап көзімізді еденнен төбеге дейін қараймыз, содан соң керісінше төбеден еденге қарау (басымызды қозғалтпай, 8 – 12 рет қайталау)
2. Ақырындап көз қиығымызды оңнан солға және керісінше жүргіземіз (8 – 10 рет)
3. Көз қиығымызды шеңбер бойымен айналдыру және керісінше қайталау (4- рет)
4. Көзімізді жиі жыпылықтату(15-30 сек)
Көздің ішкі бұлшық еттерін шынықтыру жаттығулары «Әйнектегі белгі» әдістемелік тәсілімен жүзеге асады.
Жаттығу «Әйнектегі белгі» (Э.С.Аветисов)
Жаттығушылар көзілдірікпен терезе әйнегінен 30-35 см арақашықтықта тұрады, көз алдарына белгілер пайда болады /3-5 мм/
12
Алыстан сол белгіге көзімізбен қарай отырып, басқа заттардың пайда
болғанын көреміз. Көзімізді алма – кезек алмастыра отырып, бірде
әйнектегі белгіге қарасақ, бірде затқа қараймыз. Жаттығу күніне екі рет 25-30 күн аралығында орындалады.
Егер де осы уақыт аралығында қалыпты нәтиже болмаса, жүйелі түрде үзіліс жасай отырып 10-15 күн орындау керек.
Алғашқы екі күнде жаттығу уақыты – 3 минут болса, келесі екі күн – 5 минут, қалған күндері – 7 минуттан орындалады.
Көзге арналған жаттығулар
1. «Жоғары – төмен, оңға – солға»
Көзімізді оңға – солға, жоғары – төмен қарап қозғалтамыз. Көзімізді қаттырақ жұмып, көздің шаршағанын басамыз (10 санағанға дейін ашып жұмамыз)
2. «Шеңбер»
Көз алдымызға үлкен шеңбер елестетеміз, сол шеңбер бойымен көзімізді айналдырамыз, сағат тілімен екінші жағына қайталау.
3. «Төртбұрыш»
Енді көз алдымызға төртбұрышты елестетеміз. Оң жақтағы жоғары бұрышынан бастап – сол жақтың төменгі бұрышына дейін, сол жақ жоғары жағынан бастап – оң жақ төменгі жағына дейін көзіміздің қарашығымен қарау. Тағыда бір ретғ бір уақытта төртбұрыштың бұрыштарына қарап шығу.
4. «Мұрынмен сурет салу»
Балалар көздерін жұмады. Мұрындарын ұзын екен деп ойлап, мұғалімнің айтқан тапсырмасы бойынша суреттер, әріптер салады.
«Ой, біз қалай көп жаздық!»
Ой, біз қалай көп жаздық,
Көзімізді шаршаттық.
(Көздерін ашып – жұмады)
Бәріміз терезеге қарайық,
(Барлығы терезеге қарайды)
13
Алтын күн тұр биікте,
(Жоғары қарау)
Көзімізді жабайық!
(Алақандарымен көздерін жабады)
Топта кемпірқосақ жасап,
Үстінен біз жүреміз.
(Доғаны оңнан солға, солдан оңға қарай көзімізбен жүгірту)
Оңға, солға бұрылып, содан соң төмен қараймыз.
(Төмен қарау)
Көзімізді қатты жұмамыз,
Мықты болып шығамыз!
(Көздерін қатты жұмып, ашып – жұмып жыпылықтату)
Көздің шаршағанын басу үшін, жаттығу жасайық.
Көзіміздің шаршағанын басу үшін, орнымызда тұрып – ақ оңға, солға жоғары – төмен, көзімізбен сурет салып, шеңбер жасаймыз. Жаттығуымыз тақпақ барысымен орындалса өте тамаша болмақ!
Көзім менің айналаны көреді,
Шеңбер бойы жүреді.
Көретіні соншалық,
Жаңылыспай келеді.
Дөңгеленіп айнала,
Бар әлемді көреді.
14
Тезірек көзді жыпылықтату, көзімізді жұмып отырып, ақырын 5-ке дейін санаймыз. (4-5 рет қайталау)
Көзімізді қатты жұму (3-ке дейін санау), қайтадан ашып, ұзаққа көз тігіп 5-ке дейін санаймыз (4-5 рет қайталау). Оң қолымызды алдыға созамыз (4 – дейін санағанша), басымызды қозғаймыз көз қиығымызбен қолымызды бойлай, оңнан – солға, жоғары – төмен қараймыз. (4 – 5 рет) Қолымызды созып, көрсеткен саусағымызға қараймыз (4 – ке дейін санау), содан соң көз қиығымызды 1 – 6 санағанша ұзаққа тігеміз. (4 – 5), орташа қалыппен көзімізді шеңбер бойымен оңға, солға айналдыру. Көзіміздің бұлшық еттерін демалдырамыз, кейін 1-6 дейін санағанша алысқа көз тігеміз. (1-2 рет қайталау)
Көздің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
1. Отырамыз, ақырындап көзімізді еденнен төбеге дейін қараймыз, содан соң керісінше төбеден еденге қарау (басымызды қозғалтпай, 8 – 12 рет қайталау)
2. Ақырындап көз қиығымызды оңнан солға және керісінше жүргіземіз (8 – 10 рет)
3. Көз қиығымызды шеңбер бойымен айналдыру және керісінше қайталау (4-рет)
4. Көзімізді жиі жыпылықтату(15-30 сек)
Көздің ішкі бұлшық еттерін шынықтыру жаттығулары «Әйнектегі белгі» әдістемелік тәсілімен жүзеге асады.
Жаттығу «Әйнектегі белгі». (Э.С.Аветисов)
Жаттығушылар көзілдірікпен терезе әйнегінен 30-35 см арақашықтықта тұрады, көз алдарына белгілер пайда болады (3-5 мм)
Алыстан сол белгіге көзімізбен қарай отырып, басқа заттардың пайда болғанын көреміз. Көзімізді алма – кезек алмастыра отырып, бірде әйнектегі белгіге қарасақ, бірде затқа қараймыз. Жаттығу күніне екі рет 25-30 күн аралығында орындалады.
Егер де осы уақыт аралығында қалыпты нәтиже болмаса, жүйелі түрде үзіліс жасай отырып 10-15 күн орындау керек.
Алғашқы екі күнде жаттығу уақыты – 3 минут болса, келесі екі күн – 5 минут, қалған күндері – 7 минуттан орындалады.
15
Көздің көруін жақсартатын 10 әдіс
Егер сіз тұрақты түрде жасап тұрсаңыз онда көзге арналған жаттығулар міндетті түрде нәтижесін береді.
1. Екі минут бойы көзді ашып-жұмыңыз – бұл жаттығу көз ішіндегі қан айналымды жақсартады.
2. Басты айналдырыңыз: оңға-солға, жоғары-төмен. Бұл қан айналымды белсенді етеді.
3. Көздің қиығымен оңға бұрып, сосын көзқарасыңызды тік бағытқа бұрыңыз. Осыны кері бағытта да іске асырып көріңіз.
4. Көзіңізді жұмып, еркін демалыңыз. Бұл жарықсезгіш клеткалардың қызметіне күш береді.
5. Көзіңізбен оңға-солға, жоғарыға-төменге қарап, түрлі бағыттар бойынша жаттығулар жасаңыз.
6. Көзді 3-5 секунд жұмып, сосын ашыңыз. Осыны 7 рет қайталау керек. Жаттығу көз бұлшық еттерінен қысымнан арылтып, қан айналымына күш береді.
7. Көздің үстіңгі қабағын саусағыңызбен орташа деңгейде басып, 4-5 рет қайталаңыз. Жаттығу көз ішіндегі сұйықтықтардың қалыпты деңгейде болуына мүмкіндік береді.
8. Көзбен ашық ауада түрлі геометриялық фигуралар салыңыз, сосын қиын фигураларға ауыссаңыз болады.
9. Көзіңізді жұмып, көз алмасын жоғары-төмен қимылдатыңыз. 5-10 рет қайталау керек.
10. Терезенің жанында тұрып, әйнектегі бір нүктеге қадалып, сосын көзіңізді басқа нысанға дереу бұрып әкетіп жаттықтырыңыз.
16
17
Көзді жаттықтыру. Көз жаттығуын жасау.
18
19
Арнайы нүктелерді басып отырып көз айналасына массаж жасаңыз.
20
Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытатын ойындар
«Өз үйіңді тап» ойыны
Мақсаты: Оқушыларды түстерді ажыратуға жаттықтыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Құрал – жабдықтары: түрлі – түсті дөңгелектер.
Балаларға түрлі – түсті дөңгелектер тарату, түсін атау. Мысалы: қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін т.б. түстер. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түстеріне қарап, шеңберлерге тұра қалады. Ойын түстерді ауыстырып қайталанып отырады.
« Жұбын тап» ойыны
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға үйрету, салыстыруға жаттықтыру, білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал – жабдықтары: Әртүрлі геометриялық пішіндердің суреттері.
Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
«Үй құрылысын құрастыру» ойыны
Мақсаты: ойлау қабілетін, зейінін, ұсақ моторикасын дамыту.
Құрал – жабдықтары: конструктор,пішіндер, жолақтар.
Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Пішіндерді, жолақтарды қолдана отырып үй құрастыру. Үлгіге қарап үйдің суретін құрастырып көрсету.
«Қиынды суреттер» ойыны
Мақсаты: қабылдауын, зейін процесстерін дамыту.
Нұсқау: «Балалар мен сіздерге суреттердің қиындыларын беремін, ал сіздер осы қиындыларын біріктіріп құрастыру арқылы қандай сурет шығатынын анықтауларыңыз керек. Яғыни, қиындылардан қандай бейне шығатынын айтыңыз».
21
«Төртіншісі артық» ойыны
Мақсаты: Талдау және ой операцияларын дамыту.
Нұсқау: «Балалар, сіздердің алдарыңызға үлестірмелі қағазда 4 сурет бейнеленген. Оның үшеуі бір – бірімен байланысты да біреуі артық. Сіздердің мақсаттарыңыз мұқият қарап отырып, осы 4 заттың ішіндегі артығын табу. Кім жылдам және дұрыс табады, сол жеңімпаз болып саналады».
«Не өзгерді?» ойыны
Мақсаты: Баланың ырықты зейінін дамыту.
Өткізу әдісі: Үстелге үш – төрт ойыншық қойылады. (ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады). Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады. 1 – 2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып, үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң баланы бері қаратып, үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.
«Фигураларды ата» ойыны
Мақсаты: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Өткізу әдісі: Балаларға әртүрлі фигуралар бейнеленген суреттерді көрсетіп, оларды атап шығуды сұрайды. Содан соң өз дәптеріне дөңгелектің, шаршының, төртбұрыштың, үшбұрыштың суретін салып шығу тапсырылады. (геометриялық фигуралар салынған бастапқыда көрсетілген)
Кеңістікті бағдарлау, қимыл – қозғалысты дамытуға арналған ойындар
«АйдаҺар» ойыны
Мақсаты: Балалардың қимыл – қозғалысын, қызығушылығын арттыру.
Балалар бір – бірінің белінен ұстап, сап құрып тұрады. Бірінші бала «айдаҺардың» басы, соңғы бала «айдаҺардың» құйрығының ұшы болады. Музыка ойналады. Бірінші бала соңғы баланы ұстап алуға ( «айдаҺар өз құйрығын ұстайды») тырысады. Басқа балалар бір – бірімен ажырап кетпестей, мықтап ұстанады.
22
«Күн мен жер» ойыны
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау, қимыл – қозғалысты дамыту.
Балалар үлкен шеңбер бойымен жүреді. Күн шеңбердің ортасы, балалар жер болып күнді айналып жүреді. Жүргізуші күн дегенде балалар шеңбердің ортасына тұрып қалу керек. Ал, жер дегенде шеңберді айналып жүреді. Үлгере алмаған оқушы ойынан шығады.
«Төрт құбылыс» ойыны
Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Ойынның барысы: Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» десе, қолдарын алдарына созады, «ауа» дегенде, жоғары көтереді, «от» дегенде, екі қолын айналдырады, «жер» дегенде, қолдарын түсіреді. Кім шатасса, сол ойыннан шығады.
«Дауысты анықта» ойыны
Мақсаты: Есту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Нұсқау: Ойыншылар орындықта отырып жайғасады. Ойын жүргізуші бөлек отырады, ойыншының көзі байлаулы болады, ол таныс бір әнді орындайды да үндемей қалады, содан соң ойыншылардың бірі әнді әрі қарай жалғастырады. Көзі байлаулы ойыншы кімнің дауысы екенін анықтайды.
Сергіту жаттығулары
Ұсақ саусақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар
Кел, санайық санамақ
Саусақтарды даралап
Бас бармағым алғашқы,
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы.
Шынашағым балапан
Бәріне ортақ алақан.
23
«Фигураларды құрастыр» жаттығу
Мақсаты: қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін,көз мөлшерін дамыту.
Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшалар таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигуралар жасап шығару керек.
«Қимылды қайтала» жаттығуы
Мақсаты: қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.
Жаттығу барысы: Мысалы: кірпі, қоян, түлкі т.б. /кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбір түзу, әртүрлі қимылдар/ жасалады. Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.
Алманы жинаймыз» ойыны
Мақсаты: зейінін, саусақ қимылдарының үйлесімділігін дамыту.
Балалар талдағы алмаларды қолдарын созып алады, ал отыратын балалар жеріне түскен алмаларды себетке жинайды. Әр бала өз алмаларын санап, түсін айтып берулері керек.
Саусақтардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар
Саусақтарды кезекпен жұмып, әрбір саусақты өлең мағынасына қарай ашып, бір қолдың саусақтарымен екінші қолдың алақанымен кезекпен қойып жаттықтыру.
Қуыр – қуыр қуырмаш,
Бидай қуыр қуырмаш.
Тауықтарға тары шаш:
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан түйрек,
Кішкентай бөбек,
Шылдыр шүмек.
Басбармақ – әкем,
24
Балан үйрек – шешем,
Ортан түйрек – ағам,
Шылдыр шүмек – әпкем,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз /бесеуміз/
Қолдың бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар
Кел, балақан, балақан!
Шапалақта алақан!
Жай, жай, жай!
Қозғап барлық денеңді,
Қолды қатты соқ енді,
Сарт, сарт, сарт!
Отырайық қисаймай
Қолды, жайып қанатша,
Жұдырықты түйелік
Саусақтары талғанша
Ашып, жұмып көрейік
Белімізді жазайық
Демімізді алайық.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай балалар,
Үп – үлкен боп өседі.
25
Отырып – ақ орнында,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең егерде,
Былай ескек есемін.
Жел соқты гу – гу
Жаңбыр жауды тырс – тырс
Жаңбыр тоқтады.
Күн ашылды.
Ашық сабақтар
Сабақтың тақырыбы: Бояулар әлемі. «Гүлдер»
Сабақтың мақсаты: Түстер туралы, түс реңктерін алу туралы түсініктерін кеңейту.Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстерінің өзгеруі. Негізгі үш түсті араластырып, алуан түстер шығару. Бояу түстерін анықтау, ажырату. Ойлау, есте сақтау қабілетін, көру түйсігін жетілдіру. Ұсақ моториканы дамыту.
1/ Білімділік: Бояулар әлемі. Бояу түстерімен таныс болу.
2/Коррекциялық: Негізгі үш түсті араластырып, алуан түстер шығару. Түс анықтау.
2/ Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін, көру түйсігін етілдіру. Ұсақ саусақ моторикасын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: бояу түстерінің суреттері, субояу, қылқалам т.б.
Сабақтың барысы;
1/Ұйымдастыру бөлімі
26
2/Психологиялық дайындық
3/Жаңа сабақ
4/Жаңа сабақты қорыту
5/Бағалау
Салеметсіздерме балалар. Оқушылар сыныпта түгел ме?
Қызыл, жасыл, көк…. Сары бояу – сөк.
Түрлі түстер көп. Қара түсім – қас,
Аппақ түсім – сүт, сарғылт түсім – тас.
Бозғылт түсім – бұлт. Мөлдір бояу – су,
Жасыл бояу – шөп, Көкшіл – біздің ту.
Ермек Өтетілеуұлы.
1. Кіріспе сөз.
Бізді қоршаған табиғат түрлі түсті әсем бояуға бай. Оны табиғат аясына серуенге шыққанда табиғат көрінісінен байқаймыз. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Жапырақтардың өзінің табиғи түстері болады. Жыл мезгіліне сай түстері өзгеріп отырады. Көктемде ашық жасыл, жазда жасыл, күзде сары, қызғылт сары, қоңыр түстерге енеді.
Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді.
Жеті түсті кемпірқосақ түстерді алайық. Әртүрлі әсем түсті көре аламыз. Жылы түстен, суық түске қарай енген ортасын жасыл түс бөліп тұрады.
Кемпірқосақ түстерін атайық: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
Бояу түстерінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады.
27
Жалпы боя түстерін екі топқа бөлеміз. Түсті бояулар және түссіз бояулар.
Түсті бояуларға: қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр, қызғылт т.б.
Түссіз бояуларға: қара, сұр, ақ.
Негізгі бояу түстері: қызыл, сары, көк.
Негізгі үш түсті араластырып, алуан түрлі түстер шығара аласың.
Бояу түстерінің қосылыстарын шығару.
қызыл + сары = қызғылт сары
сары + көк = жасыл
көк + қызыл = сия көк
Олар: қызғылт сары, жасыл, күлгін түс. Бұл түстер құрама түстер деп аталады.
Ақ түс қосу арқылы басқа да түс реңктерін шығаруға блолады.
Көз аттығуларын жасау.
1. Басты солға, оңға, жоғары, төмен қозғау.
2. Көзбен жоғары, төмен, солға, онға қозғау.
3. Иықты жоғары, төмен қозғау.
4. Терең дем алу, дем шығару.
Бәрін 5 – 6 реттен қайталаймыз.
Алғашқы гүлдерге: бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ.
Дала гүлдеріне: Қоңыраугүл, көкнәр, ботакөз, түймедақ т.б.
Бақша гүлдеріне: раушангүл, лала гүлі, қияқ, назыгүл т.б.
Тапсырма:
1.Берілген гүлдердің жалғасын тауып, бояп көрсету.
2.Берілген түстерден кемпірқосақ түстерді тауып көрсету. /Түсті шыны/
3.Ойын – Лото./Өсімдік түрлері/
Тематикалық картамен жұмыс. Ойын лото өсімдік түрлерімен таныс болады.
28
Түстерін анықтайды. Олардың аттарын біледі және бір-бірінен ажыратады.
4.Ойын: Кемпірқосақ
Мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар ортаға шығып түстерді айтады. Бір оқушы қарамай тұрып, қайсысы қандай түс айтқанын айтып береді.
5.Жұмбақтар
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. / Күн/
Күмбез сынды кең сарай,
Еш жерде жоқ тең сарай./Аспан/
Жаңбыр жауды жерімді,
Көкте өрмек керілді. /кемпірқосақ/
Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнін ышқынып қосады. /Найзағай/
Қортынды.
Сабақ ұнады ма?
Бояу қосылыстарын шығара аламыз ба?
Қандай кемпірқосақ түстерді білесіңдер?
Бағалау.
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.
Сабаққа қатысқан балаларға смайликтер беру.
29
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік өрнектерінің түрлері
Мақсаты: Өсімдік – тірі организм. Тірі организмдер өседі, дамиды және өледі. Өсімдіктер әртүрлі болады. Олардың жапырақтары мен күлтерінің өрнектерімен танысу. Тірі организмдер өзін қоршаған табиғи жағдайға бейімделуін түсіну. Гүлдің құрлысы және оның күлтелі гүл өрнегімен танысу. Ой өрісін, дүние танымын дамыту. Гүл өсімдіктеріне қызығушылын арттыру және табиғатты қорғауға бейімдеу.
Білімділік:өсімдік өрнектерінің түрлерімен танысу.
Коррекциялық:гүлдің жапырақтары мен күлтелерінің өрнектерімен танысу.
Оларды ажырату, күлтелерін бояу.
Дамытушылық:Ой- өрісін, дүние танымын, қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:слайд, суреттер, субояу, қылқалам т,б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Өткенді пысықтау
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты қорыту
5. Бағалау
1. Сәлеметсіздерме балалар. Сабақта оқушылар түгел ме?
Естеріңе түсіріңдерші, өткен сабақта не өттік?
Иә, дұрыс айтасыңдар. Негізгі түстер және түссіз түстер.
Храматикалық және ахроматикалық түстерді өттік.
Негізгі түстерге: қызыл, сары, көк, жасыл.
30
1. Кіріспе
Өсімдік – тірі организм. Өсімдіктер әртүрлі болады. Олар өсу үшін жарық, жылу, ауа, су керек. Тірі организмдер өседі, дамиды және өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі. Тірі организмдер өскен сайын өзгереді. Мысалы: Ағаштар өзін қоршаған табиғи жағдайға бейімделеді. Қыста үсіп кетпеу үшін, жазды жапырақтары жасыл болады, ал күзде жапырағын түсіреді.
Өсімдіктер ағаштар, бұталар, шөптектес өсімдіктер болып үш топқа бөлінеді.
Ағаштарға; қайын, емен, көк терек т.б.
Бұталарға; қарақат, таңқурай, итмұрын, бөріқарақат, жыңғыл, бөртегүл т.б.
Шөптектес өсімдіктерге; түймедағы, жусан, бақбақ, көкнәр, беде, боз, күнбағыс т.б.
Өсімдіктер тұқымнан өседі. Кейбіреулерін адам отырғызбайды. Олардың тұқымы жел, су, жануарлар арқылы тарайды. Мәселен, бақбақ пен көктерек желмен ұшуға ыңғайлы «парашюттері» бар. Тиін қарағай, шыршаның жаңғағын, бүрлерін жинап әртүрлі жерлерге жасырады да, қыста таба алмай қалады. Көктемде қураған жапырақтар арасынан жас өскіндер пайда болады. Өсімдіктер тұқымнан өніп шығады. Алдымен, тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемістері мен тұқымдары шығады. Жолжелкен мен бақбақтың сабақтары қысқа болады. Жапырақ шоғынан ұзын сабақ өсіп шығады да, оның ұшынан гүл ашылады.Жапырақтар да әртүрлі болып келеді. Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады. Жапырақ көмір қышқыл газын жұтады да, оттегін бөліп шығарады. Өсімдік ауаны тазартып, адамның таза ауамен тыныс алуына жағдай жасайды. Мысалы; еменнің жапырағы ирек-ирек, үйеңкенің жапырағы жалпақ ұштары үшкір, ақжелкеннің жапырағы ұсақ ұштары ирек-ирек, теректікі сопақша ұшы үшкір болып келеді.
Өсімдік өрнектерімен танысайық. Өсімдік өрнектерінің түрлері әртүрлі болады.
31
Үш күлтелі гүл өрнегі, төрт күлтелі гүл өрнегі, жауқазын өрнегі, раушан гүл, көкнәр, беде, бақбақ, бөртегүл, қызғалдақ т.б.
Гүл сабақтан, жапырақтан, күлтелерден тұрады. Үш күлтелі, төрт күлтелі, бес немесе көп күлтелі гүл өрнектері болады.
Слайд: «Гүл түрлері»
Гүлдердің аттарымен танысу, гүл күлтелерін көру, түстерін анықтау.
Гүлдерде тірі организмге жатады. Оларда өседі, дамиды және өледі. Сол себепті гүлдерді жұлмау керек. Гүлдер қаламызға сән, көрік беріп тұрады. Оларды күту керек және қорғау керек.
Сергіту сәті;
Саусақты ашып жұмамыз. /5 рет/
Оң қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ.
Бесті, беске қосқанда болады неше саусақ? /он/
Тапсырма: Суреттегі гүл күлтелерімен танысу.
Суретте берілген гүл күлтелерімен танысып, оны бояу.
Ойын: «Өсімдіктер»
Суретте өсімдіктердің суреттері және аттары берілген. Суреттер әр оқушыға таратылады. Мұғалім бір суретті атын айтып көрсетеді. Келесі оқушы алдындағы суреттен тауып көрсету керек.
Сабақты қортындылау;
Бүгінгі сабағымыз түсінікті болды ма?
Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
32
Гүл неден тұрады?
Бағалау:
Жарайсыңдар!
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.
Смайликтермен бағалау.
«Сиқырлы кемпірқосақ».
/Бастауыш сынып/
Сабақтың мақсаты:Жеті спектрлік түсті көріп, оны қағаз бетіне түсіріп бояу. Қызыл түстен күлгін түске дейінгі түстерді білу және оларды рет-ретімен атын атау. Көздің көру қабілетін, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Білімділік: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, сиқырлы кемпірқосақ туралы білімдерін жетілдіру.
Коррекциялық: Сиқырлы кемпірқосақты бояп көрсету және рет-ретімен атау. Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сиқырлы кемпірқосақты көру, ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, гуашь, акварель, қылқаламдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Психологиялық сабаққа дайындау.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақты қорыту.
5. Бағалау.
1.Сәлеметсіздерме балалар! Сабақта оқушылар түгел ме? Сабақ бастамас бұрын сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алып сабаққа дайын отырайық.Әркімнің өзінің сүйікті түсі болады.
33
Әртүрлі түстер адам өмірінде басты рөл ойнайды, бірақ біз күнделікті өмірде оны байқамаймыз.
Түстер арқылы көңіліңізді көтеруге де, денсаулығыңызды да түзетуіңізге болады.
Кім қандай түстерді ұнатады?
Оқушылар өздерінің ұнатқан түстерін көрсетеді.
Ақ түс – тазалық символы. Қызыл түс – өмірлік энергия түсі. Сары түс – адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Нерв жүйесін тыныштандырады. Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Ашық көк түс – салқындатқыш, тыныштандаратын түс.Қара түс – жұмбақ, құпия түс. Тәуелсіздіктің белгісі.
Өткен сабақты еске түсірейік. Жылы және суық түстерді өттік.
Жылы және суық түстерге нелер жатады?
Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Жылы түстерге: қызыл,сары,қызғылт сары, қоңыр.
Суық түстерге: көк,көгілдір, жасыл, күлгін.
Жылы түс дегенде нені елестетуге болады? Күнді, отты елестетеміз.
Суық түс дегенде нені елестетуге болады? Аспанды,көгілдір суды елестетеміз.
Негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл.
Жаңа сабақ.
Бүгінгі, сабағымыздың тақырыбы: «Сиқырлы кемпірқосақ».
Күн күркіреп, жаңбыр жауды./дауысын есту/
Балалар, қараңдаршы аспанды айқара ашып тұрған жеті түсті кемпірқосақты көрейік. Қандай ғажайып, әдемі түстер?
Кемпірқосақ – аспан күмбезіндегі доға тәрізді, әртүрлі болып көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс.
34
Кемпірқосақ қалай пайда болды?
Аспанды торлаған бұлттан жаңбыр жауғаннан кейін қарсы бетінен күн шыққан кезде, күн сәулесі жаңбыр тамшысынан өтіп шағылысқан кезде тап болатын толқын сызықтары. Жаңбыр тамшысына байланысты кемпірқосақ айқын көрінеді. Жаңбыр тамшысы анық болса, кемпірқосақ анық көрінеді. Ал, жаңбыр тамшысы ұсақ болып келсе, кемпірқосақ анық көрінбейді. Екі кемпірқосақтың көрінуін қоскемпірқосақ деп атаймыз.
Бүгінгі кемпірқосақпен таныс болайық. Қандай ғажайып түрлі түсті сиқырлы жатыр. Кемпірқосақты ерте кезде аңыз, ертегілерде былай деп жорамалдаған.1918 жылы Б.А.Куфтиннің ел арасынан жинап, бастырған аңыз, ертегісі. Автордың ойынша, мыстан кемпір аспанда, жаңбырдан кейін өзінің түрлі түсті қойларын қосақтап саууының нәтижесінде табиғат құбылысының бір атауы келіп шыққан. Ғылымда бұл сияқты жорамалды «Халықтық этимология» дейді.
Ғажайып түрлі түсті кемпірқосақтың суретін, қоскемпірқосақты көру.
Көзге коррекциялық жаттығулар жасау.
1. Басты солға, оңға, жоғары, төмен қозғау.
2. Көзбен жоғары, төмен, солға, онға қозғау.
3. Көзді ашып жұму.
4. Терең дем алу, дем шығару.
Бәрін 5 – 6 реттен қайталаймыз.
Сиқырлы кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Берілген суреттегі тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік.
Тапсырма: ақ қағаз бетіне жеті түсті кемпірқосақты түсіру. Қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түстер. Оңнан солға қарай бояп көрсету. Гуашь, субояумен, қылқаламмен жұмыстану./суретін көрсету/
1.Сиқырлы кемпірқосақтың суретін салу.
2.Түстерді суреттен көру. Түстерді анықтау. Аттарын айту.
3.Кемпірқосақта бар түстерді рет-ретімен қойып көрсету.
4.Сөздердің бірінші әрпі жасырынып жазылған. Берілген сөздердің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне жазыңдар./Жауабы: Қ/
35
Жұмбақтарды шешу.
Үлкен алтын табақтан, әлемге нұр таратқан. /күн/
Әйнектей көгілдір, теңіздей тым мөлдір. /Аспан/
Сарайдың сансыз шырағы, нұр шашып, самсап тұрады. /Жұлдыз/
Орақ болып туады, табақ болып тынады. /Ай/
Аспаннан домалап, көп моншақ төгілді. /Жаңбыр/
Көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат. /кемпірқосақ/
Ойын: «Кемпірқосақ».
Оқушылар ортаға шығып өздерінің ұнататын түстерін айтады. Бір оқушы шығып, теріс қарап тұрады. Сол оқушы, кімнің қандай түсті ұнататынын айтып беру керек. Ойын арықарай жалғасады.
Қорытынды:
Оқушылар сабақ түсінікті болды ма?
Кемпірқосақ неше түстен тұрады?
Аттарын атаңдар?
Бағалау:
Сабаққа қатысқан баларды мадақтау.
Жарайсыңдар!
Смайликтер беру.
36
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Коррекционная педагогика» журнал. Методика обучения и воспитания детей с нарушением развития. Алматы, 2016.
2. «Игры для детей с различными заболеваниями».М.,1999.
3. «Дефектология». Республикалық ғылыми – әдістемелік, педагогикалық – психологиялық журнал. 2015.
4. Дидактикалық ойындар – бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс – әрекеттерін белсендіру құралы. «Ізденіс» – Алматы, 2009.
5. Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка.-М.,1997.
6. «Түзету педагогикасы» .Ғылыми – әдістемелік журнал. БҚО,2007.
7. Г.Ж.Есенжолова. «Хрестоматиялық материалдар, сергіту жаттығулармен дамыту ойындары арқылы балалардың эмоциялық – танымдық қызметтерін қалыптастыру және дамыту». Алматы, 2008.
8. «Коррекционная педагогика» журнал. Методика обучения и воспитания детей с нарушением развития.Алматы, 2014.
9. «Ұстаз». Ғылыми – әдістемелік журнал. БҚО,2006.
10. «Дефектология». Республикалық ғылыми – әдістемелік, педагогикалық – психологиялық журнал. 2016.