ТүсуГе арналған емтиханы бағдарламасы



Дата12.03.2018
өлшемі326,91 Kb.
#38649
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Өндірістік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасы

6М073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

мамандығы (ғылыми және педагогикалық) бойынша
түсуГе арналған емтиханы бағдарламасы

Павлодар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті






Бекітемін

С. Торайғыров атындағы

ПМУ ректоры

___________ А. А. Өрсариев


20__ж. ___ _____________

6М073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандығы (ғылыми және педагогикалық) бойынша


түсуГе арналған емтиханы бағдарламасы
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы: __________ т.ғ.к., профессор П. В. Корниенко

___________ т.ғ.к., қауымд. профессор Б. Ч.Кудрышова

«Өндірістік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылған 20__ ж. ___ ____________ № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ К. Т Саканов 20__ж. ____ ________
Сәулет-құрылыс факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «_____»______________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ______________ Темербаева Ж.А. 20__ж. «____» ________
КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы _____________ М. К. Кудерин 20__ ж. ___ ____________



1 Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері
Қабылдау емтиханының мақсаты магистратураға түсушінің теоретикалық дайындығы деңгейін және неғұрлым даярланған үміткерлерді анықтау үшін магистратураға түсушілерді оқуға мотивациялау болып табылады.

Қабылдау емтиханының міндеттері:



  • мамандықтың мәселелері бойынша үміткердің құзыреттерін айқындау;

  • оқуға және әрі қарай кәсіптік қызмет ету мотивациясын анықтау;

  • магистратурада оқу барысында өзбетінше ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметтерге болашақ магистранттың даярлығын анықтау.



2 Қабылдау емтиханын өткізу формасы және ұйымдастырылуы
Қабылдау емтиханы ҚР БҒМ-мен бекітілген және қабылдау емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес мерзімінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханы кешенді емтихан (КЭ) және аралас формада (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + питч) көптілді білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде үш тілдің бірінде (қазақша, орысша, ағылшынша).

Емтиханды өткізудің барлық рәсімдері бейнекамераға тіркеледі.

Шамамен алғандағы емтиханды өткізу уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ бойынша 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе жазу (30 минут);

- питч – баяндамаға 2-3 мин, сұрақ-жауапқа 2 минут.

Компьютерлік тестілеуден магистратураға түсуші барлық үміткерлер өтеді, емтиханның екінші бөлімі модульді білім беру бағдарламасында жоспарланған әрбір білім беру траекториясы бойынша өткізіледі.
Білім берудің 2 траекториясы жоспарланған.




Білім беру траекториясының атауы

Емтихан қабылдау нысаны

1

Зерттеу

аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік (Start Up – магистратура)

аралас (компьютерлік тестілеу + питч)


Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) нысанда емтихан қабылдау кезінде, емтихан өткізудің әр кезеңі қамтиды:

- компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ (кәсіби қызметпен байланысты мәселелерде үміткердің құзыреттерін анықтау үшін);

- жазбаша бөлігі – Эссе (білім алу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына мотивациясын анықтау үшін).

Аралас (компьютерлік тестілеу + питч) нысанда:

Құрылыс материалдар өндіріс саласында стартап-жоба идеяларын жүзеге асырудың техникалық мүмкіндіктері мен коммерциялық тартымдылығын анықтау үшін сұрақтарға жауаппен питч (презентациямен 3 минуттық баяндама және комиссия сұрақтарына 2 минут жауап беру).


Қабылдау комиссиясының құрамы мен қызмет саласы

Мамандық бойынша қабылдау емтиханы құрамына төраға және екеуі ғылым докторы болып табылатын үштен кем емес мүшеден құралған, университет ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясымен (ҚК) өткізіледі. Комиссия жұмысына факультет деканы, университет кафедраларының арнайы өкілдері, бизнес-қауымдастық өкілдері, бөгде ұйымдардың өкілдері және комиссия хатшысы тартылады

Комиссияның қызметтері саласына кіреді:


  • мамандықтың мәселелері бойынша үміткердің құзыреттерін айқындау;

  • оқуға және әрі қарай кәсіптік қызмет ету мотивациясын анықтау;

  • магистратурада оқу барысында өзбетінше ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметтерге болашақ магистранттың даярлығын анықтау.

Қабылдау емтиханын тапсыру алдын ала бөлінген компьютерлік залында және бейнежазба түсіруге мүмкіндігі бар бекітілген аудиторияда ҚК мүшелерінің кемінде жартысы болған кезде жүргізіледі.

Емтиханды өткізу тәртібі:

- үміткер емтихан кестесіне сәйкес белгіленген уақытта, тағайындалған аудиторияға келеді;

- үміткер ҚК мүшелерінің рұқсатымен, компьютерлі жұмыс орнын алады / жауап парақтарын алады;

- жауап парағында үміткер өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе аты-жөні кодын, мамандығы және оқыту үшін ол таңдаған оқыту траекториясын көрсетеді.

Эссе үшін:

- 30 минут ішінде үміткер эссе жазады (жауаптар жинақы, қажет болған жағдайда графиктер, формулалар, схемалар және т.б. қамтитын болуы тиіс);

- барлық сұрақтарға жауаптың болжамды көлемі 3-4 беттен көп емес болуы тиіс;

- барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін үміткер барлық жауаптар парағында өз қолтаңбасын қояды және оларды қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

Питч үшін

Питч жазбаша емтихан бөлігі аяқталғаннан кейін кестеге сәйкес, сол аудиторияда жүргізіледі. Питч тапсыру форматы: үміткер 3 минуттан ұзақ емес баяндама жасайды, содан кейін 2 минут сұрақтарға жауап береді. Үміткерлердің питчін объективті бағалау мақсатында баяндама және сұрақтарға жауап беру кезінде аудиторияда бір мезгілде бірден артық үміткерлердің болуына қатаң жол берілмейді.
3 Білімді бағалау тәртібі
ҚК мүшелері балдық-рейтингтік жүйе бойынша үміткерлердің білімі мен әлеуетін бағалайды.

КЭ тапсыру кезінде анықталған білім деңгейлерін бағалау туралы шешім комиссияның жабық отырысында ашық дауыс беру арқылы аталмыш отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің көп дауысымен қатысты. Дауыстар саны тең болған жағдайда, ҚК төрағасының дауысы шешуші болып табылады

Комиссияның барлық отырысы хаттамамен рәсімделеді. Хаттама комиссия құрамындағы, шығарушы кафедра оқытушылары арасынан тағайындалаған ҚК хатшысымен толтырылады. Хаттамаға білім бағасы, ҚК мүшелерінің ерекше пікірлері және т.б. енгізіледі

КЭ нәтижелері емтихан күні университеттің ақпараттық стендтерінде оларды орналастыру арқылы жарияланады.



Алған бағасына келіспеген үміткер қолданыстағы ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білім деңгейін анықтау критериилері
Баға 100 балдық шәкіл бойынша анықталады. Қабылдау емтиханының қорытынды баллдық рейтингісі кестеге сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады және емтихан ведомостысына енгізіледі.


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

емтихан, дифф. сынақ

сынақ

A

4,0

95-100

өте жақсы

Сыналды

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Сыналмады


5 Қабылдау емтихан сұрақтары мен тақырыптар тізімі пәндер бойынша:
6М073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханына сұрақтар «Құрылыс материалдары», Процесстер мен аппараттар, «Бетон технологиясы», «Бетон толтырғыштары», «Құрылыстық керамика»
6 Эссе және оны жазу методикасы
Тапсырма (максималды сөз саны – 300):

Сіз өзіңіздің ғылыми-зерттеушілік қызметіңіздің болашақ бағытын магистратурада оқу кезінде қалай елестетесіз?

Эссе құрылымы А қосымшасында келтірілген.

Эссе жазу методикасы

Эссе – шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма.

Эссе нақтылы пән бойынша автордың жеке пайымдауларын білдіреді және тақырып бойынша анықтаушы немесе толық жауап беруге таласпайды. Көлемі және функциялары бойынша, бір жағынан, ғылыми мақалалармен және әдеби очерктермен, екінші жағынан – философиялық трактаттармен шекаралас. Эссеистикалық стилге бейнелілік, қауымдастықтар қозғалыстылық, афористілік және ойлаудың антитеттілігі, ашықтық орнату және әңгімелесу интонациясы тән.

Жалпы түрде эссе әдетте бірнеше бөлімнен тұрады:

- кіріспе, онда мәселелер белгіленеді (мәтіннің 10 % көлемі);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өз көзқарасын білдіреді (мәтін көлемінің 80 %- ы)

- қорытынды, онда автор өзінің эссесі бойынша жинақы қорытындысы шығарады (мәтіннің 10 %-ына дейін).

Эссе бір/інші адамның атынан жалқы жазылады. Мәтіннің қабылдануы қолайлы болу үшін мәтіннің мағыналық бөлігі азат жолдан (абзацтан), жаңа ой жаңа жолдан басталады.

Осы мәселеге дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиеттермен немесе эссе жазу методикасы бойынша ұсынымдармен танысу абзал.
6.1 Питч және оны жазу методикасы
Тапсырма:

Сіз таңдаған салада өзіңіздің стартап-жоба идеясын презентациялаңыз

Эссе құрылымы Б қосымшасында келтірілген.



Питч жазу методикасы

Питч (Питчинг, pitch, pitching) – ықтималды сатып алушыны қызықтыру және қаржы тарту, немесе сценарийды сатуға мақсатында құрылатын қысқаша сөздік (кейде көрнекі) презентация идея. Дұрысында питч бес-он сөйлемге сыйғызылды (бес минуттан аспайды).

Питч ұзақтығы 3 минут болатын презентациялы баяндамадан және 2 минут ішінде металлургиялық өндіріс саласында стартап-жоба идеяларын, оны жүзеге асырудың техникалық мүмкіндіктерін және коммерциялық тартымдылығын анықтау мақсатындағы комиссияның сұрақтарына жауаптарданқұралуы тиіс.

Дайындау үшін осы мәселе мүмкіндігінше танысуға арнайы әдебиетпен немесе ұсынымдар бойынша жазу әдістемесіне питчей.

Осы мәселеге дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиеттермен немесе эссе жазу методикасы бойынша ұсынымдармен танысу абзал.
6.3 Әрбір пән бойынша тақырыптардың тізімі

«Құрылыс материалдары»


1. Табиғи тас материалдар мен бұйымдарды алу үшін пайдаланылатын тау жыныстары. Олардың пайда болу жағдайы, құрылысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы.

2. Шөгінді, магмалық және метаморфты жыныстардан жасалған материалдардың негізгі түрлері, құрылысының ерекшеліктері, қасиеттері және пайдалануы

3. Керамикалық бұйымдар. Сазды шикізаттың пайда болуы және құрамы, оны иімділігі, отқа шыдамдылығы бойынша топтастыру.

4. Керамикалық бұйымдарды өндірудің технологиялық принциптері, олардың құрылымы және негізгі қасиеттері.

5. Саздан жасалатын кеуекті толтырғыштар, өндіру принциптері, қасиеттері, қолданылуы. Жылуоқшаулайтын және отқа шыдамды керамикалық материалдар мен бұйымдар.

6. Шыны өндіруге арналған шикізаттық материалдар, заттың шыны тәрізді күйі туралы түсінік. Шыны өндірісінің негіздері: шикізаттық материалдарды өндеу, шихта дайындау, шыныны қайнату, құрылыс шынысын шығару. Шыны бұйымдарын қалыптау әдістері.

7. Ситаллдар, қожситаллдар және ситаллпласттар туралы түсінік, оларды дайындау тәсілдері және пайдалану саласы. Қождардан және тау жыныстарын дайындаудағы қалдықтардан алынатын құйма бұйымдар.

8. Металл материалдар. Қара және түсті металлдар, олардың қорытпалары туралы жалпы мағлұматтар. Шойын және болат технологиясының негіздері. Металлдардың механикалық қасиеттері.

9. Ауада қатаятын байланыстырғыш заттарды химиялық құрамы бойынша топтастыру. Гипс байланыстырғышын алуға арналған шикізат және өндіру принциптері.

10. Гипс байланыстырғышын жылумен өндеуге байланысты түрлерге бөлінуі: төменгі және жоғары температурада күйдірілетін. Қатаю схемасы, негізгі қасиеттері және қолданылу саласы.

11. Ауа әгі: шикізат және өндіру принциптері, түрлері және қолданылу саласы. Ұнтақталған күйдірілмеген әк.

12. Гидравликалық байланыстырғыш заттарды түрлерге бөлу. Гидравликалық әк және романцемент: шикізат, өндіру принциптері, қолданылу саласы.

13. Портландцемент: шикізаттық материалдар және өндіру принциптері. Портландцементтің техникалық сипаттамалары: тығыздығы, су қажетушілігі, қатаю мерзімдері және көлемінің бірқалыпты өзгеруі.

14. Цементтің және басқа байланыстырғыш заттардың қатаюы: жалпы қатаю теориясы, ұнтақтылық дәрежесінің температурасының және орта ылғалдылығының цементтік қатаюына әсер етуі, қатаюды жеделдету тәсілдері.

15. Цемент тасының коррозиясы, оның себептері және одан қорғау әдістері.

16. Ауыз суды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ескеру есебімен шылайтын суға қойылатын талаптар.

17. Силикат материалдар мен бұйымдар. Әк және кремнеземдік компоненттер негізіндегі бұйымдар.

18. Құрылыс ерітінділері және құрылыстық құрғақ араласпаларын байланыстырғыш түріне, тығыздығына және оларды жасайтын материалдар түріне байланысты топтастыру.

19. Ерітінділердің беріктігі, маркаларға бөлінуі, аязға ьөзімділігі. Беттік – активтік қоспаларды пайдалану.

20. Құрылыста қолданылатын ағаштың негізгі тұқымдары. Ағаштың құрамы және қасиеттері. Ағаштың негізгі қасиеттерінің құрылымына және ылғалдылығына тәуелділігі.

21. Ақаудың негізгі түрлері және олардың ағаш сапасына әсер етуі. Ағаштың ұзақ мерзімділігін арттыру: ағашты шіруден, жанудан шабуылынан қорғау әдістері.

22. Полимер материалдарының негізгі компоненттері. Полимердің түрлері мен құрылысы.

23. Битумдық және қарамай (деготь) байланыстырғыштары. Битумдардың түрлері, құрамы, құрылысы және қасиеттері. Мұнай битумдарының маркалары. Қарамай құрамы және қасиеттері.

24. Жылуоқшаулағыш материалдар құрылысының жалпы сипаттамасы, оларға қойылатын негізгі талаптар және қолданылу саласы.

25. Дыбыс туралы түсінік. Акустикалық материалдар мен бұйымдардың түрлері. Дыбысжұтқыш және дыбысоқшаулағыш материалдар, олардың құрылымдарының ерекшеліктері, негізгі түрлері және қолданылу саласы.

Процесстер мен аппараттар
1.Процесс және технология туралы түсінік.

2.Негізгі процесстердің түрлері.

3.Механикалық және гидромеханикалық процесстер

4. Механикалық қондырғылар мен аппараттардың түрлері,техникалық сипаттамалары

5.Қатты материалдарды уатқыш машиналар мен аппараттардың түрлері,сызбалары,қызметтік ерекшеліктері,технологиялық есептеулері

6.Ұсақтағыш диірмендер,олардың түрлері,есептеулері,сызбасұлбалары.

7.Кристаллдардағы нүктелік,бірөлшемдік,екі өлшемдік ақаулар

8.Нүктелік ақаулардың түрлері ерекшеліктері (энергетикалық,электрондық, атомдық ақаулар)

9.Ұсақталған бөлшектердің ірілігі бойынша електерде таралу заңдылықтары

10.Сұйықтағы бөлшектердің ауырлық күші әсерінен қозғалысы.

11. Жылу процесстерінің түрлері және негізгі параметрлері

12. Температура градиенті, оны сипаттайтын теңделер және сызбалар

13. Жылу берілудің тәсілдері

14. Практикалық есептеулерде жылу беру коэффиценттерін анықтау

15. Жылу қондырғылары, олардың негізгі түрлері

16. Балқыту пештері және қондырғыларының түрлері

17. Ылғалды жылумен өңдеу қондырғылары

18. Жылу қондырғыларының жұмысының негізгі параметрлері

19. Ылғал жылумен баптау қондырғыларының есебі

20. Кептіргіш қондырғылар түлері құрылымы, таңдау

21. Кептіргіш қондырғылардың есебін құрастыру

22. Материаларды өртеу процессі және өртеу қондырғылары,айналмалы және шахталы пештер

23. Өртеу қондырғыларының есебі

24. Жылу қондырғыларының негізгі есептік көрсеткіштері



25. Үзілісті және үзіліссіз жылу қондырғылары

«Бетон технологиясы»


  1. Минералды қоспалар түрлері, техникалық және экономикалық мәні. Қоспаның бетон қасиетіне әсері. Химиялық қоспалар. Суперпластификаторлар және пластификаторлар.

  2. Бетон құрамын жобалау принциптері. Негізгі байланыстар, құрам сипаттамаларын байланыстыру, бетон құрамы. Араласпадағы толтырғыштар құрамын рационалды таңдау.

  3. Беріктігі жоғары бетон. Тез қатаятын бетон. Гидрофобты қоспалы бетон. Жол және аэродром жабындысына арналған бетон. Әрлі бетондар мен араласпалар.

  4. Майда түйіршікті бетон. Майда түйіршікті бетонның құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктері. Шақпа тасы аз бетон. Өнеркәсіп қалдықтары қосылған бетон.

  5. Жеңіл бетондардың кеуек толтырғыштары бойынша құрамы және толтырғыш түрімен классификациялау.. Жеңіл бетонға арналған кеуек толтырғыштарға қойылатын техникалық шарттар.

  6. Кеуек толтырғыштағы жеңіл бетон құрылымы мен қасиетінің ерекшкліктері, кеуек толтырғыштың бетон құрылымының қалыптасуна әсері. Жеңіл бетонға беріктік және орташа тығыздық факторларының әсері. Жеңіл бетондардың аязға төзімділігі.

  7. Силикат бетон қасиетіне әсер ететін факторлар. Автоклавты өңдеуде ұнтақталған кремнеземді компонент мәні.

  8. Ұялы бетон түрлері және олардың техникалық сипаттамалары. Газ, көбік түзейтін қоспалар және оларды даярлау тәсілдері. Ұялы бетон технологиясының құрғақ құрылыс араласпасы.

  9. Полимербетон, полимерцементті бетон және бетонополимер. Құрамдарын тиімдей ерекшеліктері. Бұл бетондардың құрамы және қасиеті.

  10. Құрама темірбетон өндіру кезінде материалды, еңбек және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Бетон араласпа компоненттерін мөлшерлеу және араластыру.

  11. Кернелмеген арматура элементтерін дайындау, арматуралық тор және қаңқаны дәнекерлеу. Бір және көпнүктелі дәнекерлеу автоматтары және жартылай тізбек іс әркеті.

  12. Бетон және темірбетон бұйымдар және конструкциялар дайындауға қолданылатын қалыптардың классификациясы және сипаттамасы.

  13. Виброөңдеу мерзімінің негізгі параметрі. Дірілдету ұзақтылығы.

  14. Стендті қалыптарда ұзын конструкцияларды қалыптау. Стендті қалыптардың түрлері.

  15. Кассеталық қондырғыда панельдер өндірудің технологиялық процессі.

  16. Құбыр және құбыр тәрізді конструкциялар дайындау.

  17. Тігінен орнатылған тегеурінсіз темірбетон құбырлар қалыптау әдістері. Құбырларды ортадан тепкіш әдіспен қалыптау.

  18. Құбыр үшін дәнекерленген цилиндрлі арматуралық қаңқа дайындау. Құбырды ортадан тепкіш әдіспен қалыптау кезіндегі бетон араласпасының құрамының ерекшелігі және сипаттамасы.

  19. Өздігінен кернелген бетонды тегеурінді құбыр дайындау. Металл өзекшелі құбыр дайындау.

  20. Арнайы темірбетон түрлерінің технологиясы: қада, темірбетон шпалдер, көпірлі тіректер және электроберу тізбегінің тірегі (ЛЭП), электрофицирленген теміржол транспортының тіректері.

  21. Бетонды жылумен өңдеудегі оң және теріс ықпалдар. Бетонды жылумен өндеу кезіндегі физико-химиялық процестер.

  22. Монолитті бетон технологиясында электрожылыту, электроқыздыру және электродтты қыздыру. Қалыптарды электроизоляциялау сұрақтары.

  23. Автоклавта жылумен өндеу. Байланыстырғыш түріне және бетонға байланысты автоклавты өндеу мерзімі.

  24. Әрлеу жұмыстарының түрі және әдістері. Қолданылу талаптарына байланысты панельдерді өндеу үшін қолданылатын материалдар.

  25. Ұялыбетон негізіндегі бұйымдарды әрлеуге қолданылатын материалдардың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктері.

«Бетон толтырғыштары»


1. Толтырғыштардың қасиеттері мен оларды сынау әдістері.

2. Толтырғыштардың түрлеріне байланысты механикалық, физикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері.

3.Табиғи кеуек толтырғыштар. Шөгінде тау жынысты толтырғыштар, вулканды жыныстан жасалынатын толтырғыштар.

4. Табиғи кеуек толтырғыштар. Шөгінде тау жынысты толтырғыштар, вулканды жыныстан жасалынатын толтырғыштар.

5. Табиғи кеуек толтырғыштар. Қасиеттері мен құрылыста пайдалану салалары.

6. Табиғи шикізаттарды күйдіру арқылы ісіндіріп толтырғыштар алу. Керамзитті құрылыс материалдардың негізі.

7. Керамзит сазының қасиетінің ерекшеліктері.

8. Керамзит технологиясы. Өндіру технологиясы. Өте жеңіл керамзит зауыты.

9. Техникалық қасиеттері, құрылыста қолданылуы. Технологиялық процестердің ерекшеліктері.

10. Керамзит құмы, технологиясы, қолданылуы. Кеуектіленген перлит, оның қасиеттері, қолданылуы.

11. Кеуектіленген перлит. Технологиясы, қолданылуы. Кеуектіленген перлит, оның қасиеттері.

12. Кеуек толтырғыштардың басқа түрлері. Агломерациялық әдіспен алынатын толтырғыштардың түрлері.

13. Кеуек құрылымының пайда болуының физикалық-химиялық процесстерінің негіздері.

14. Аглопоритті жарықшақ тас пен құм, құрылыста қолданылуы.

15. Шлак балқымасының түрлері мен қасиеттері. Шлак балқымасының кеуектену теориясының негізі.

16. Шлак пемзасынан құм және жарықшақ тас өндіру технологиясы, қолданылуы.

17. Күйдірілмеген күл гравиясы, олардың қасиеттері.

18. Термолит. Өнделмеген өндіріс қалдықтарынан жасалынатын (шығарылатны) толтырғыштар.

19. Ірі дисперсті күлшлакты араласпалар. Сазкүлді керамзит.

20. Шунгизит. Шикізат материалдары. Технологиясы. Техникалық қасиеттері, қолданылуы. Экономикалық тиімділігі.

21. Вермикулит. Шикізат материалдары. Технологиясы. Техникалық қасиеттері, қолданылуы. Экономикалық тиімділігі.

22. Азерит. Шикізат материалдары. Технологиясы. Техникалық қасиеттері, қолданылуы. Экономикалық тиімділігі.

23. Құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі жасанды кеуекті толтырғыштардың ролі.

24. Бетон толтырғыштар технологиясының даму салаларының негізгі бағыттары.

25. Жасанды кеуек толтырғыштар өнеркәсібіндегі отын – энергетикалық қорларын үнемдеу жолдары.

«Құрылыстық керамика»
1. Құрылыстық керамика технологиясы. Шикізаттарды өндеп, қалыптауға дайындау әдістері туралы түсінік. Саз материалдарыныц қасиеттері.

2.Бұйымдарды жасауда орындалатын технологиялық процесстер. Негізгі жабдықтардың түрлері.

3. Сазтану негіздері. Саздар мен каолиндердің пайда болуы. Сазды шикізатты топтастыру. Саздың химиялық, түйіршектік (гранулдық) және минералдық құрамы. Олардың негізгі саздарға бөлінуі.

4. Сулы қасиеттері: сусыйымдьлық, ісіну, жібу, тиксотроптық беріктелу.

5. «Саз-су» жүйесінің қүрылысы. Саз массасындағы ылғал түрлері және олардың қасиеттері.



6. Саздардың механикалық қасиеттері: иілімділік, қалыптанушылық, созылымдылык.

7. Сұйық және иілімді саз массасының реологиялық қасиеттері. «Саз-су» жүйесіндегі құрылымдану.

8. Саз массасының физика-механикалық қасиеттері: иілім (пластикалық) беріктігі, деформация және серпімділік модулі.

9. Кебулік қасиеттері: ауалық ширау, ылғалөткізгіштік, саздың кебуге сезімталдығы (сызатка шыдамдылығы).



10. Саздардың термиялык қасиеттері: отқа төзімділік, оттық ширау, бірігу.

11. Шикізаттық материалдарды өңдеу және қалыптық массаны дайындау.

12. Керамикалық қоспаларды (масса) өңдеу және қалыптау технологиясының негіздері.

13. Керамикалық қоспаларды коагулалық құрылымдары және олардын пайда болуының физика-механикалық негіздері.

14. Керамикалык қоспаларға арналған шихтаны дайындау теориясы және практикасы. Қабырғалық материалдар үшін керамикалық қоспалардың қолайлы ылғалдылығы және қалыптанушылығы.

15. Әр түрлі құрылымдық-механикалық типтегі саздардан керамикалық шихталарды дайындау мысалдары.



16. Иілімді әдіспен ақаусыз шикі-кірпіш қалыптауды қамтамасыз ететін керамикалық шихталардың колайлы кұрамын таңдау және анықтау тәртібі. Саздарға қосылатын иілімділігі жоқ материалдар және қоспалар.

17. Керамикалық бұйымдарды кептіру технологиясының негіздері. Керамикалық шикі-кірпішті кептіру теориясының негізгі ережелері.

18. Шикі-кірпішті кептіру процессіндегі ширау деформацияларының (майысу және сызаттар) пайда болу механизмі.

19. Қабырғалық керамикалық материалдарды күйдірудің негіздері. Күйдіру кезінде саздарда жүретін фазалық және химиялық өзгерістермен байланысты процесстер.

20. Пештегі газ ортасының керамикалық бүйымдардың сапасына әсер етуі. Құрамында отындық қоспалар бар керамикалық бұйымдарды күйдіру. Термиялық өңдеудің қолайлы тәртібі.

21. Кірпішті жартылай кұрғақ пресстеу технологиясы. Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ пресстеу технологиясының дамуы.

22. Керамикалық пресс-ұнтақтың құрамын, оның құрамы мен ылғалдығына байланысты пресстеу қысымының компрессивтік қисығын пайдаланып үйлестіру.

23. Керамикалық кірпіштің қор үнемдеу технологиясы. Керамикалық қабырғалық материалдар үшін шикізат ретінде жылу электр бекеттерінің (ЖЭБ) күлдерін пайдалану жағдайы және болашағы.

24. ЖЭБ күлдерінің керамикалық кұрамында отын бар шикізат ретінде топтастыру. ЖЭБ күлдерінің түйіршектік және минералдық кұрамы. «Күлкерам» қабырғалық материалдар технологиясының негіздері.

25. Тағайындалулары әртүрлі керамикалық бұйымдарды өндіру технологияларының ерекшеліктері. Қабырғалық материалдар.

6 Қолданылатын әдебиеттердің тізімі

Ұсынылатын әдебиет тізімі

1 Акмалаев К., Мусаев Т. Цемент және одан жасалынатын құрылыс материалдары: Оқү құралы. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 174 б

2 Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. Тараз: Сеним, - 2007. 1том. - 576бет.

3 Акмалаев К.А. Құрылыс аланында бетонды тексеруге арналған нұсқау: Оқү құралы. – Алматы: 2007. – 147 б.: ил. /орыс, қазақ, ағылшын тілінде/.

4 Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. Тараз: Сеним, - 2007. 2том. - 472бет.

5 Микульский В.Г. и др. Строитеьные материалы (материаловедение и технология), уч. пос. – М.: ИАСВ, 2004.

6 Наназшвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конституции. Справочник. – М.: Высшая школа, 2004.

7 Рыбьева И.Г. Строительное материаловедение. – М.: Высш.шк. 2002.

8 Материаловедение в строительстве, под.ред. И.А. Рыбьева. – М.: Издательский центр «Академия», 2006.

9 Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения:–М.: ИАСВ, 2002.

10 Основин В.Н. Справочник по строительным материалам и изделиям. – Изд.5-е. – Ростов н/Д: Феникс, 2008. – 443с.

Қосымша:
Ұсынылатын әдебиет тізімі

Негізгі:

1 Батырбаев Ғ., Садуақасов М.; Құрылыс материалдары мен бұйымдары (І-ІІ бөлім) Оқу құралы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1996ж.

2 Васильков С.Г. и др. Искусственные пористые заполинтели и легкие бетоны на их основе. Справ.пособ. / под ред. Ю.П. Горлова. – М.: Стройиздат, 1987.

3 Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения. – М.: ИАСВ, 2002.

4 Ицкович С.М., Чумаков Л.Л., Баженов Ю.М. Технология заполнителей бетона. Учебник. – М.: Высшая школа, 1981.

5 Ицкович С.М. Заполнители для бетона. – Минск: Высшая школа, 1983.



Қосымша:

6 Баженов Ю.М. Технология бетона. М.: ИАСВ, 2002.

7 Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004.

8 Горлов Ю.П. Лабораторный практикум по технологии теплоизоляционных материалов, М.: Высшая школа, 1982.

9 Дворкин Л.И., Пашков И.А. Строительные материалы из отходов промышленности. – Киев: Выща школа, 2004.

10 Материаловедение в строительстве. Под. ред. Рыбьева И.А. – М.: Издательский центр «Академия», 2006.

11 Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловеление и технология), -М., ИАСВ, 2004.

12 Наназшвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конституции. Справочник. – М.: Высшая школа, 2004.



Ұсынылатын әдебиет тізімі

Негізгі:

1 Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М. Стройиздат, 2005

2 Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000

3 Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. – М.: Стройиздат, 1989;

4 Золоторский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича М. Высшая школа, 1989;

5 Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.: Высш.шк., 2004



Қосымша:

6 Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.

7 Боженов П.И., Глибина И.В., Григорьев Н.А. Строительная керамика из побочных продуктов промышленности. М. Стройиздат, 1986.

8 Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения (состав, химические связи, структура и свойства строительных материалов): Учеб.издание.-М: ИАСВ, 2002.168 с.

9 Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высш.школа, 1987.

10 Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. -М.: Высшая школа, 1985


  1. Кривоносова Н.Т. Повышение качества строительной керамики: Киев, Будивельник, 1981, 88 с.

  2. Лукин Е.С., Андрианов Н.Т. Технический анализ и контроль производства керамики: - М. Стройиздат, 1986. - 272 с.

  3. Нехорошев А.В., Цителаури Г.И., и др. Ресурсосберегающие «технологии керамики, силикатов и бетонов: М., Стройиздат, 1991.-481 с.

14 Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной керамики. М.: Стройиздат, 1977.

15 Пиевский И.М., Гречкина В.В., Базаренко Г.А., Степанова А.И. Сушка керамических строительных материалов пластического формования. Киев: Наукова думка, 1985.

16 Поляков С.В., Чигрин С.И. Производство и применение индустриальных керамических панелей: М., Стройиздат, 1990, 191 с.

17 Сайбулатов С.Ж. Ресурсосберегающая технология керамического кирпича на основе зол. М. Стройиздат, 1990.- 248 с.

18 Сайбулатов С.Ж., Кулебаев А.А., Сайбулатов С.С., Лян А.Н., Тайжанов С.С. Использование золошлаковых отходов ТЭС в производстве керамических материалов: Учебное пособие. Алматы КазГАСА, 2000.-215 с.

  1. Сайбулатов С.Ж., Сулейменов С.Т., Ралко А.В. Золокерамические стеновые материалы. - Алма-Ата: Наука, 1982. 292 с.


А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (сөздердің максимальды саны – 300 сөз):

Сіз магистратурада оқу кезіндегі өзіңіздің ғылыми-зерттеу қызметіңіздің болашақ бағыт қалай көресіз?
1) Аты-жөні / Аты-жөні коды

2) Базалық білімі (мамандығы)

3) Қызметі бағыты бойынша болжамды зерттеу тақырыбы

4) Таңдалынып алынған зерттеу тақырыбының өзектілігі

5) Мақсаттары мен міндеттері

6) Зерттелу дәрежесі

7) Диссертациялық жұмыстың болжамды жаңалығы

8) Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы



Б қосымшасы

(Питч құрылымы)


Тапсырма:

Таңдаған саладағы өзіңіздің стартап-жобаңыздың идеясын презентациялаңыз
Питч құрылымы

Не туралы айту керек:

- Сіз кімсіз (компанияның атауы және логотипі)

- Сіздің жоба қандай мәселені шешеді

- Қандай сұраныс оның шешімі

- Нарық / бәсекелестер

- Сіздің шешім: негізгі технологиясы (қысқаша)

- Сіздің шешім: бәсекелестер алдындағы артықшылықтар

- Бизнес-модель: ақша қалай табасыз

- Маркетинг және сату: нарыққа қалай шығасыз

- Түйінді көрсеткіштері: гипотезалар, болжамдар, жетістік метрикасы

- Команда: бұл бизнесті неге дәл сіз жүзеге асыра аласыз

- Ағымдағы мәртебе (не істелінді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарлануда)

- Капитал салым қажеттілігі (қанша ақша қажет және неге) / инвесторға ұсыныс (сіз оларға не ұсынуға дайынсыз)



- Байланыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет