1.Оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады.
2.Тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді.
3.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
4.Тәрбие мен оқыту - іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады.
5.Педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу.
6.Педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі қағидасының толық іске асуын талап етеді. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процессін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды.