Тұтас педагогикалық процестің құрлымындағы оқыту Басқа пәндермен байланысы


Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі26,56 Kb.
#95421
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тұтас педагогикалық процестің құрлымындағы оқыту

Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау
Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды.
Білімді жан–жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау –бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп – білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.
Ұғымның қалыптасуы –өте күрделі процесс, ол – оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау – талдау /анализ/, синтез, дерексіздендіру /абстракция/, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.
Оқушыларға ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдауға үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет