3. Оқытудың түрлері
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі – дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі – иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемелы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
Түсіндірмелі –иллюсрациялы оқытудәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп ортырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс – тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
– уақытты үнемдейді;
– мұғалім мен шәкіттердің күш–қайратын жетілдіреді;
– күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
– оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Түсіндірмелі–иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
– оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
– шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі,
– дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |