Тұтқырлық сұйықтың ішкі үйкелісі



бет20/22
Дата06.02.2022
өлшемі182,43 Kb.
#81800
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Гидравлика

Бернулли теңдеуі.
Ішкі үйкеліс күштері болмайтын, қиялдағы (ойдағы) сұйық идеал сұйық деп аталады.
Бернулли теңдеуі – идеал сұйықьың орныққан ағымна қолдануға болатын энергияның сақталу заңы болып табылады.
Бернулли теңдеуінен және үздіксіздік теңдеуінен қимасы әр түрлі түтікте сұйықтық ағуы кезінде, түтіктің тар жерлерінде сұйықтың жылдамдығы үлкен болады, ал статикалық қысым түтіктің кең жерлерінде үлкен болады.
4. Тұтқырлық (ішкі үйкеліс).
Тұтқырлық – сұйықтың бір бөлігінің басқа бөлігіне салыстырғанда қозғалысына кедергі жасайтын нақты сұйықтың қасиеті.
Нақты сұйықтық бір қабатының басқа қабаттарына салыстырғанда орын ауыстыруы кезінде қабаттар беттеріне жанама бойымен бағытталған ішкі үйкеліс күштері пайда болады.
Жылдамдау қабаттар, баяулау қабаттарды үдетеді және керісінше, баяу қабаттар оған жанасатын жылдам қабаттарды тежейді. Жылдамдық градиенті , қабаттан қабатқа х бағытында (қабаттардың қозғалыс бағытына перпендикуляр бағытта) жылдамдық қалайша тез өзгеретінін көрсетедеі.
Ішкі үйкеліс күші жылдамдық градиентіне және қарастырылып отырған қабат бетінің ауданына пропорционал болады.
.
Сұйықтың табиғатына тәуелді пропорционалдық  коэффициент, динамикалық тұтқырлық (немесе тұтқырлық) деп аталады.
Тұтқырлық бірлігі – паскаль – секунд – ол сұйықтың ламинарлық ағысы және 1м-де модулі 1 м/с жылдамдық градиенті кезінде, қабаттардың жанасу беті 1м2 – та 1Н ішкі үйкеліс күші пайда болатын ортаның динамикалық тұтқырлығы ( ).
Тұтқырлық үлкен болған сайын, сұйықтық соғұрлым идеалдықтан өзгеше болады, солғұрлым онда үлкен ішкі үйкеліс күші пайда болады. тұтқырлық температураға тәуелді, мұнда ондай тәуелділіктің сипаты сұйықтар және газдар үшін әр түрлі болады (сұйықтар үшін температура өткен сайын  азаяды, алгаздарда керісінше көбейеді), бұл жағдай олардағы ішкі үйкеліс механизмінің айырмашылығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет