Сұйықтар ағысының екі түрі.
Егер әр жұқа қабат көршілеріне қарағанда олармен араласпай ағын бойымен сырғанайтын болса, ағыс ламинарлы (қабатты) деп аталады.
Сұйықтар ламинарлық ағысы оның қозғалысының аз жылдамдықтары кезінде байқалады. Сұйық ағынын түтіктің бетіне жанасатын сұйықтың сыртқы қабаты, молекулалық ілінісу күші арқасында оған жабысып қозғалмайтын болады. келесі қабаттардың жылдамдықтары түтік бетінен алыс болған сайын, көп болады, түтіктің осі бойымен қозғалатын қабаттың жылдамдығы ең үлкен болады (13а-сурет).
Егер сұйықтың бөлшектері бір қабаттан екінші бір қабатқа өтіп жататын болса (ағысқа перпендикуляр құраушысы болса), ағыс тутбулентті (құйынды) деп аталады. Бұнда сұйықтың (газдың) екпінді араласуымен және құйын пайда болуымен қатар жүреді.
Түтіктің бетінен алыстаған сайын бөлшектердің жылдамдығы жылдам өседі, сонан соң, екпінді араласу нәтижесінде, елеусіз өзгереді (13в-сурет).