- Ошақтағы шаралар үшке бөлiнедi алғашқы, кезектi және қорытынды. Алғашқы шараға науқасты оқшаулау және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады. Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алғашқы үш күн iшiнде ошақта алғашқа эпидемиологиялық дезинфекция жүргiзiп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгiнiң 2005 8 шiлдесiндегi №332 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамаларын бекiту» бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерудiң картасы (330-у) толтырылады. Ошақты алғаш аралағанда науқасты және оның жанұя мүшелерiнiң жеке күәлiктерiнiң мәлiметтерiн анықтау өте маңызды. Науқас әр түрлi жерлерде тұратын болса немесе тiркелген болса, кезектi жүргiзiлетiн шаралардың мәселелерi толығымен мекен – жайларды аралағаннан кейiн ғана шешiледi. АМСК жүйесiнiң қызметкерлерi ошақты тексергеннен кейiн, науқастың жанұя мүшелерiнiң тазалық, әлеуметтiк және басқада өмiр жағдайларын ескере отырып, сауықтыру жобасы құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |