Байланысты: Тәбріз Н.Туберкулезді анықтау, алдын-алу және емдеу
Балаларға арналған мекемелерге және теңестiрiлген мекемелерге жүргiзiлетiн эпидемиологиялық шаралар Эпидемиологиялық зерттеу әр тiркелген белсендi туберкулез жағдайында жүргiзiледi. Эпидемиолог және фтизиатр және қызмет көрсетушi мекеменiң медициналық қызметкерiнiң және жетекшiлерiнiң қатысуымен жүзеге асады.Керек жағдайда Республикалық санитарлы – эпидемиологиялық бақылау комитетiн шақырады.
Сонымен қатар жалақыға жұмыс iстеушiлердiң табелдiк тiзiмiн салыстырады, балалар мен жасөспiрiмдердiң тiзiмдiк құрамын тексерiп, өткен және кезектi жылға флюорографиялық зерттеулердiң қорытындысы мен күндерiн тексередi.Зерттеу нәтижесiнде, ошақ шектерiн анықтап, шаралардың жобасын құрады.
Барлық қатынаста болғандар жайлы мәлiметтер тұрғылықты жерiне сәйкес тексеру жүргiзу мақсатында АМСК жүйесi мен ТҚМ берiледi. Бұл жұмысты босану үйлерiнiң шала туылған және әлсiз нәрестелер бөлiмшесiнде және балалар үйлерiнде жүргiзедi.
Жұқпалы аурлар және психоневрологиялық ауруханаларда жатқан науқастарда белсендi туберкулез анықталған жағдайда, алғашқы эпидемиологияға қарсы шараны осы ұйымдардың қызметкерлерi жүргiзуi қажет.