4.ФридаАндреевна Шмакова Фрида Андреевна 1927 жылы Мәскеу облысының Павлово-Посад қаласында дүниеге келген. Мырзашөлге көшіп келіп, осында 1941-1957 жылдар аралығында мақта жинайтын комбаинның жүргізушісі, бригада жетекшісі болды. Фрида Шмакова "Мақтарал мақта шаруашылығында жан аямай еңбек етті. "1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін" медалін кеудесіне тақты. 1956 жылы 23 жұмыс күнінде 84,5 тонна мақта жинап, жоғары жетістікке жетті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы бойынша 1947 жылғы маусымның 8-і күні Фрида Андреевна Шмакова Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді. Өзін атақ-даңққа бөлеген Мырзашөл қашан да Фрида Шмакованың жүрек түкпірінде сақталғаны сөзсіз.