«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет100/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Туған жердің батырларына мың тағзым!
«Жосалы орта мектеп-балабақшасы» КММ
Мылтықбаева Толғанай Қанафияқызы
5а-сынып
Жетекшісі: Терекбаева Жауказын Нурлановна

Соғыс...Бес ғана әріптен құралған сөз, қаншама күнәсіз адамдардың өмірін алды. Бес ғана әріптен құралған сөз: адам жүрегіне қаншама қайғы салды, жер жүзін теңіздің суындай аққан қанға бояды...Иә, соғыс десе бойымызды бір үрей алып кеткендей болады...Бірақ,бізге жеткен тек соғыстың тарихы...Біз оның дәмін татып, ащы суын ішпедікте, бірақ сонда да қорқамыз.... Ал, бізді қорғаған Ұлы Отан соғысының ардагерлері майданда Отан үшін, Жер үшін өздеріңе берілген қысқа ғұмырларын сарп етуге дайын болды және дәлелдеді де.


Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.барлығы — 11600 адам;
2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97;
3.Қазақ қыздары — 2. Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі. Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық.
Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар. Осы бір статистика ғана соғыстың зардабы емес-ау, сірә....
Біз – тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің азаматтары мен азаматшаларымыз! Көгімізде күн, әрбір таңымыз арайлап, бейбіт өмір кешудеміз. Әлемдік бәсекеге қабілетті елдердің санатындамыз. Оның бәріне себепкер: Қазақ елінің батырлары, туған жер батырлары...Бізге таныс, соғыс жылдарында Ақтөбе облысы аймағында көптеген зауыт-фабрикалардың болғаны, ал ондағы өндірілген шикізат өнімдері негізгі соғыстың азығы еді.
Мен үшін соғыс...ертегі тәрізді болып көрінеді? Оған дәлел, бір сәт айналаңызға қараңызшы: тыныштық, байрағымыз көк аспанда, жұртымыз тыныш, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына қамданып әлек болып жүр. Осы күні мен тек соғысты ғана емес, соғыс жолында, жеңіс жолында құрбан болған нағашы атамды да еске аламын... Ол кісі мен үшін батыр тұлға және солай мәңгілік жадымда қала береді.
Ескі том суреттер, жақыныңан айрылған әрбір адамның көз жасы, әкесіз қалған балалар, қор болған табиғат – қаншама уақытқа созылған соғысты бір-ақ күнде еске алу, тағзым ету мүмкін емес. Сол себептен де, болар қаламыздың ортасында батырларымызға арналған ескерткіштер орнатылған, түрлі том-том тарих беттерінде кітаптар жазылды, ол оқулық қазір біздің қолымызда құдды басқа бір уақыт кеңістігі....Тарих беттерінен мынандай жазбаны оқыдым:
-«1943 жылы 25 қаңтарда бір күнгі ұрыста ғанапулемет расчетінің командирі сержант Иманғали Білтабанов 120 гитлершілді сұлатып салды. Соңғы ұрыста ол беліне байланған гранаттармен дзотқа секіріп жау амбразурасын өзімен бірге жарып жіберді». Қараңызшы, неткен ерлік... Бұл батыр, 1925 жылы Қобда ауданының Қосөткел ауылында туған. Мен осындай батырларымыздың болғанын әркез мақтан етемін! Әлия апамызды қалай еске алмасқа? Жап-жас батыр апамыз, қолына қару асынып, соғысқа өз еркімен аттанды. «Мен картоп аршуға келгем жоқ, соғысқа келдім»-деген батырлық сөздері, қайсарлығы, қазақ әйелінің мықты сұлбасын нақыштап беретіндей....
Меніңше сұрапыл соғыс туралы әлі ұзақ жазуға болады...Өйткені, оның ізі әрдайым санамызда, ескі жарадай болып қалған. Батырлық – ол, әрине мадақтауға тұрарлық іс! Ал, елі, халқы үшін өз өмірін қия салу, қазір талайдың қолынан келмесі анық! Рухты батырларымызды неге еске алып, құрметтемеске деген сауал туындайды осыдан. Оларға деген, тарихқа деген біздің құрмет, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау – біздің парыз! Мен Ұлы Отан соғысының жеңімпаздарына, батыр-қаһармандарымызға мың тағзым етемін! Олардың ерлігі – бізге баға жетпес мұра әрі аманат! Аманатқа қиянат жасамай, бейбіт күнімізді дәріптейік! Алтын ғасыр тоғысындағы, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл…..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет