«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет40/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебі
Көптілеу Дәулет Нұрдаулетұлы
9-сынып оқушысы
Мен соғысты көргенім жоқ,
Көргім де жоқ,көрмедім.
Соғыс ойнын ойнайтынбыз
Балалардың ермегі,-
деп кезінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлаған екен. Иә, мен де, менің әкем де соғысты көрген жоқпыз. 9-мамыр мерекесінде соғыс туралы өлеңдер жаттап, кейде соғыс туралы кинодан көргенім болмаса, мен соғыс туралы көп біле бермеймін. Жоғарыдағы өлеңде айтылғандай анда-санда соғыс ойнын ойнайтынымыз бар. Өзім 9-сыныпта оқимын. Менің бір білерім- менің атам соғысқа қатысқан. Мен соғыс ардагерінің немересімін. Бірақ атамды көргенім жоқ. Атам 90-жылдардың бас кезінде қайтыс болыпты. Әкемнің айтуы бойынша « атам өте салмақты,сабырлы, « жер қозғалса да қозғалмайтын», мінезге бай адам болса керек. Атам Жалашев Көптілеу тама руынан шыққан. 1922 жылы Ақтөбе облысының Жұрын ауданына қарасты Жамбыл атындағы колхозда туған.Соғысқа дейін 1940 жылы кіші ветеринар фельдшері деген мамандық алған. Атамның әкесі колхозда жылқы баққан. Атам мал дәрігері бола жүріп, әкесіне де жылқы бағуға көмектескен. Көп жылқының арасынан атамның жақсы көретін «Көк аты » болған. Атам оны жылқы қайыруға немесе өзінің басқа шаруаларына мінетін болған.
1941 жылдың 12-желтоқсанында атам әскерге шақырылып, бес жыл қанды соғыстың ортасында болған.1941 жылдың желтоқсанынан 1943 жылдың наурызына дейін 101 атқыштар бригадасында болады. 1942 жылдың 23-ақпанында осы бригадада жүріп, әскери ант қабылдаған. Осы жылдың наурыз айында 1157 –артелериялық полкінде зеңбірек нысанашысы (наводчик) болып бекітіледі. Батыр қала Ленинград қоршауда қалғанда атам менқасындағы майдандастары қаланы құтқару үшін көп қиыншылықтар көреді. Атамның соғыста көрсеткен ерліктері туралы әкем де көп біле бермейді. Себебі атамнан соғыс туралы қанша сұраса да атам соғыс туралы әңгіме айтқанды ұнатпаған. «Сендердің бастарыңа бермесін» деп, көп ашыла бермеген. Осы Ленинград майданында жүргенде атама жаудың қаңғырған оғы тиіп, арқасынан жеңіл жарақат алады.
Соғыста жүрген кезінде атам 1943 жылы «За оборону Ленинграда», 1944 жылы және 1945 жылы екі рет «Медаль за отвагу», 1946 жылы «За победу над Германией», 1946 жылы 5-қазанда «За взятие Вены» медальдарымен марапатталған. 1945 жылы Коммунистік Партия қатарына қабылданған.
Соғысқа бармастан бұрын атамның жылқы баққанын басында айтып кеткенмін. Соғыс кезінде көлік тапшылығына байланысты қазақ ауылдарынан мініс аттар жинаған. Сол кезде атамның жақсы көретін «Көк аты» да соғысқа алынған. Көк аттан кейін көп ұзамай соғысқа аттанған атамның басынан үш ұйықтаса түсіне кірмейтін оқиға өтеді.
Ленинград майданында ма,әлде басқа жерде ма,тап қай жерде болғаны қазір әкемнің есінде жоқ, атам өзінің баяғы көк атын кездестіреді. Аттың құлағындағы енінен ба, әлде басқа да белгілері болды ма, атам көк атын жазбай таниды.Туған бауырын көргендей, бүкіл ауылы көшіп келгендей қатты қуанған атам көк атын құшақтай алады. Сөйтіп, екі жылдан кейін көк атымен қайта қауышып, оны сұрап алған. Себебі ,соғыс кезінде пулемет, зеңбірек сияқты ауыр соғыс қаруларын атпен таситын болған. Атам да зеңбірек нысанашысы болғандықтан зеңбірегін көк атқа жегіп тасығын болуы керек. Кейін көк ат минаға түсіп өліп қалған. Атам ең бір жақын адамынан айрылғандай қатты қапаланып, ұзақ уақыт көк атын ұмыта алмаған. Соғыс туралы әңгіме айтпайтын атам осы әңгімені әкеме айтып берген. Отыз жылға жуық уақыт бойы бұл оқиғаның атамның жүрегінде ұмытылмай сақталғанына қарағанда көк ат жылқы малы болғанмен атам үшін маңызы зор болса керек. Әрине, соғыста жылқы малы тұрмақ, қаншама адам елге оралмай, туған жердің топырағы бұйырмаған. Атама әсер еткені кездейсоқтық па деп ойлаймын. Соғыста бір ауылдан бірге аттанғандар бір-бірін көрмек түгілі, бір-бірінің жағдайын естімейді де. Іздесең таба алмайтын атының алдынан шыға келгеніне атам қатты таңданса керек
Атам соғыс аяқталғаннан кейін бір жыл тағы да әскерде болып, елге тек 1946 жылдың қазанында ғана оралған. Елге келгеннен кейін өзінің соғысқа дейінгі мамандығы бойынша мал дәрігері бола жүріп, сырттай Орал қаласындағы ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша бітірген. Зейнетке шыққанға дейін агроном болған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де жеке адамдардың ауырған малын емдеген. Төлдей алмай қиналған мал болса тез туғызып алатын болған. «Қолы өте жеңіл» еді,- дейді әкем.
1991 жылы қазан айында 69 жасында атам ауырып қайтыс болған. Атам қайтыс болғанда менің әкем жиырмадан енді асқан жас жігіт екен. Сондықтан атамның соғыстағы ерліктері туралы менің бар естіген әңгімем осы болды. Қазір мен атамның атын мақтанышпен айтамын. Мен атамды батыр деп есептеймін.Менің сыныбымда атасы соғысқа қатысқан жалғыз мен ғанамын. Сондықтан «Туған жердің батырларына мың тағзым» деген тақырыпта эссені өз атам туралы жазуым керек деп шештім. «Енді соғыс болмасын, соғысты тек кинодан ғана көрейік» деген өзімнің балалық тілегіммен сөзімді аяқтағым келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет