«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет48/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Аппаз Дана
5-сынып оқушысы
Жетекшісі: Әбдіжәлел Ғаламажан Қанатұлы
Ел дегенде еміреніп, жұрт
дегенде жүгініп қызмет еткін!


Бауыржан Момышұлы

Батырлық - рухы мықты,жігері күшті адамның бойында ғана кездесетін қасиет. Батырлық-табиғаттың сыйы деп жатады. Бірақ табиғат өмір сыйлап,дүние есігін жаңа ашқан сәбиде батырлық бола ма? Жоқ. Сондықтан батырлық жүре бара отанға, елге деген сүйіспеншіліктен туатын құбылыс дер едім. Оған дәлел, қазақтың батыры Б.Момышұлы өзінің бір сөзінде: «Батырлық-табиғаттың сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Өзінің азаматтық ары мен намысын ездіктен,масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін ашып көрсете түседі» деген еді. Міне, батыр болу үшін атамыз айтқандай, өзінің өмірінен елінің ар-намысын жоғары қоятын, Отанын шексіз сүйетін нағыз ержүрек болу керек.


Туған жер-әркімнің мысыр шаһары. Сол туған жер,туған ел үшін талай боздақтар қан мен терін төкті. Отанын жаудан сақтап қалды. Тарихтың сарғайған парағында сол отты жылдардың ізі мәңгі сақталып қалды. Сол кездегі бабаларымыздың көзсіз ерліктерін осы тарихтан оқып,біліп отырмыз. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ерліктің үлгісі. Осындай ержүрек батырларымыздың арқасында бүгінде біз бейбіт заманда шат-шадман өмір сүрудеміз. Сол сұрапыл соғыстың біткеніне биыл 75 жыл толып отыр. Бұл-Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлаймыз деген сөз. «Жеңіс» деген сөз адам жүрегіне біртүрлі жылулық сыйлайтындай. Тек бір өкініштісі,сол жеңісті алып берген ардагерлеріміздің бүгінде азайып кетуі. Осы орайда ақиық ақын М.Мақатетың:
Неменеге жетістің,бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки жағада тұр,-
деп жырлайтын өлең жолдары есіме еріксіз орала береді. Шынымен де, бүгінгі таңда ардагерлер саны мүлдем азайып кетті. Тіпті, біздің Ырғыз ауданында ардагерлер қазір мүлдем жоқ. Әрине, тыл ардагерлері бар болуы мүмкін. Бірақ нағыз қан майданға қатысып, ерлік көрсетіп, еліне аман-есен оралған ардагерлерден ешкім қалған жоқ. Ол батырлар ортамызда жоқ болса да,аттары бүгінгі ұрпақтың есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
Тарихта елді, жерді сыртқы жаудан қорғап қалу жолында батырларымыз жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы күресті. Отаршылдық бұғаудан құтылу үшін үздіксіз шайқасты. Осы жолда қазақ халқының миллиондаған батырлары құрбан болды. Сондай сұрапыл соғыстың бірі-1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысы. Бұл соғыс кезінде халқымыздың басын қайғы-қасірет бұлты торлады. Отан үшін кеудесін оққа тосқан Б.Момышұлы, Б.Бұлқышев, М.Мәмбетова, Ә.Молдағұлова, Х.Доспанова, Қ.Қайсенов, Р.Қошқарбаев сынды батырларымыздың есімдерін мақтанышпен айта аламыз. Бұл менің білетінім, ал білмейтін қазақтан шыққан қаншама батырларымыз бар. Бәрі де осы соғыста өз Отанын қорғау үшін қан майданда от кешіп, кеудесін оққа тосып, опат болды. Отан-сенің елің, отбасың, ата-анаң, бауырларың, ет-жақындарың. Соғыста жүрген әрбір жауынгердің ойында тек осы болды. «Біздің артымызда Отанымыз тұр, оларды біз қорғамасақ, кім қорғайды?»,- деп бар күш-жігерін қалайда жаудың бетін қайтаруға жұмсады. Ол еңбектері де ақталды, төгілген қан бекерге кеткен жоқ. Жауды жеңіп, жеңіс туын желбіретті. Өткен тарихта Ұлы отан соғысы бостандық пен болашақ жолындағы ұзақ та ауыр кезең болып, тарих беттерінде өшпестей із қалдырды. Біз, болашақтың өрендері, осы үшін батырларымызға алғыс айтып, құрмет көрсетуіміз керек. Әрине, тек мерекеде ғана емес, өмірде қарияларға қол ұшын беріп, қамқорлық танытып, ұрпақ үшін жасаған әрбір игі істері үшін өмір бойы қызмет етсек те артық болмас. Қазақта «Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі» деген қанатты сөз бар. Біздің ел қорғар жігіттеріміз осы батырларымыз сияқты рухы мықты, жігері жасымайтын нағыз ержүрек болу керек. Қазіргі бейбіт заманда да ержүректілігімен ел аузына ілінген батырлар да баршылық. Өмірде болып жатқан әртүрлі жағдайда адамдардың өмірі үшін басын қауіпке тігіп, құтқарып немесе өзі опат болып жатқандар да бар. Атап айтар болсам, Ғазиз Байтасов есімді ағамыз террористің қолындағы жарылғыш затты өзінің кеудесіне қабылдап, айналасындағы адамдарды құтқарып,өзі опат болды. Міне, нағыз бейбіт заманның батыры деуге әбден лайық іс. Полиция қызметкері суға кетіп бара жатқан қызды құтқарып, өзі өмірімен қоштасты. Осындай оқиғалар көптеп кездеседі. Бұл істерді қалай батырлыққа баламаймыз? Осындай елін шынымен жақсы көріп, Отанын жан-тәнімен сүйетін ер жігіттер көп болса, біздің елімізге ешқандай жау сес көрсете алмайды. Әрине, соғыс болмасын, бейбіт заман болсын! Осындай гүлденген еліміз, көркейген жеріміз үшін әрбір қазақ батырына деген алғысым шексіз. Туған жердің батырларына мың тағзым! Оқ пен оттың ортасында жүріп, жарқын болашақ сыйлаған батыр ұл-қыздардың есімі мәңгі ұмытылмайды. Батырларымызды әрқашан құрметтейік!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет