«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет50/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Хромтау ауданы, Қызылсу орта мектебі
Абдолла Ару
6-сынып оқушысы
Жетекшісі: Рсалина Г.И.


Ел тілегі осы еді айтпағымыз,
Сүт бетінде қалқыған қаймағымыз,
Әрбірің бір тарихсың мәңгі өшпейтін
Ұмытпайды қалың ел байтағымыз.
Туған жердің батырларына мың тағзым...
«Әркімнің туған жері өзі үшін - жерұйық» дегендей, әр адам үшін өз туған жері ыстық. Әр адам үшін туған жерінің ауасы жұпар, суы мөлдір, тіпті тасы да тамаша. Менің туған жерім Қызылсу селосы - Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының солтүстігінде 30 км.жерде орналасқан.Ауылдың қасын бойлай Қызылсу өзені ағып жатыр. Өзеннің жоғарғы жағына қарай бойлай жүрсеңсіз табиғаты керемет көз тартарлық Мұғаджар тауы бар, таудың төменгі жағында сылдырлап аққан бұлақ суына қараған жан ләззәт алғандай. Тау баурайында осындай әсем табиғат аясында «Мугаджар» атты балаларға арналған жазғы демалыс-сауықтыру орталығы орналасқан. Ауылдың батыс жағында табиғаты ерекше жаратылған «Қара-ағашты сайы» атты табиғатының көркемдігі таңдай қақтырардай жер тағы бар. Қара ағашты сайының ерекшелігі жаз ортасында суға шомылып, ыстықтап жүрсең екі метрдей жердегі ойпаңда қыстағыдай аппақ қар жатады. Қарсы алдыңдағы жартастың (скала) биіктігі көз сүріндіреді. Бұл жерге көктемнен бастап, күзге дейін табиғатын тамашалап, демалуға келетін адамдар бір толастаған емес. Ауылымыздың табиғатын көктемде қызғалдақтар құлпырған кезде көрген адам мәңгі есіне сақтағандай, Самал желмен сыбдырлай қозғалған қызғалдақтар, көз тартарлық көркімен, жұпар исімен мен мұндалайды. Өткен 2019 жылы ауылымыздың сыртында Хромтау аудандық өлкетану музейі ұйымдастырған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясындағы «Қызғалдақтар қиырда құлпырады» атты фестивалі соның куәсі.
Міне осындай керемет табиғатымен аты танылған ауылымызда туып өсіп, ел басына күн туған кезде ел қорғаны бола білген азаматтар қанша десеңізші...
Мен бүгін сондай ел қорғаған аталарымыз туралы айтқалы тұрмын.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына Қызылсу аулынан 120 аттанған еді. Елге олардың 20-ғана оралды. Ел басына күн туғанда ел қорғаған азаматтардың бірі Кенжеғали ата еді. Жусупов Кенжеғали 1922 жылы Шолқұдық ауылында дүниеге келген. 1941жылы майданға аттанды. Тоғыз ай дайындықтан өтіп, Калининград жолдамасы бойынша №661 мергендер полкіне түсті. 1945 жылы Смоленск қаласын азат еткені үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және медальдармен марапатталған. Соғыстан 1946 жылы соғыстан оралған. Соғыстан оралған соң «Еңбекші» колхозында мал баққан. 1982 жылы құрметті демалысқа шықты. 1983 жылы «Ветеран труда» медалімен, 2005 жылы
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60-жыл медалімен марапатталды. Ел басына күн туған кезде ел қорғаған, бейбіт өмірде еліне еңбек еткен Кежеғали атамыз 2003 жылы дүниеден озды.
«Бүгінде әкеден қалған бір белгі көне құжаттар болса, екінші аманаты адалдық пен еңбекті сүю тәрізді болып көрінеді бізге. Өйткені, өзінің асқар таудай алып бейнесімен бүкіл ғұмыр бойы біз үшін өнеге болып келе жатқан әкеміздің бойындағы арман-мұраты, адал ниеті халқына еңбек сіңіру еді. Біз де сол жолмен жүріп келе жатқанымызға, жүре беретіндігімізге сенімдіміз» -дейді Кенжеғали атамыздың қызы Аймекен апамыз. Ия өте орынды сөз. Бүгінгі ұрпақ соны түсінсе игі.
Ел басына күн туғанда ел қорғаған азаматтардың бірі Жолмуханбетов Пазыл. Пазыл атамыз 1923 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1938 жылы педагогикалық училищені бітірген соң Болат бастауыш мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып бастаған. 1942 жылы әскер қатарына алынып, майданға жіберіледі. 1943 жылы ауыр жараланып, елге қайтарылған. Майданнан келгеннен кейін үш жылдай Болат негізгі мектебінде мұғалім болып, содан кейін екі жыл Қызылсу бастауыш мектебінде меңгеруші болады. Содан он жеті жыл Болат бастауыш мектебінде, ал, 1966 жылдан 1986 жылға дейін Жангелді сегізжылдық мектебінде мұғалім болып қызмет жасайды. Жолмұханбетов Пазыл Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, онға тарта медальдармен марапатталған.
Селолық Кеңестің депутаты болған, өмірінің соңғы жылдарында, өлең жазып, «Жыр шашу», «Өлеңңм-өмірім» атты өлеңдер жинағы кітабын шығарды. Өмірімен өзгеге үлгі болған, майдангер – ұстаз Пазыл ата 2007 жылы өмірден озды.
Пазыл атамыз өз әңгімесінде былай деген еді: «Тағдыр қаншама қаһарын төгіп, дүниенің ойраны шығып жатса да, біз, соғыс кезіндегі адамдар, өмірдің өзін қаз-қалпында түсіндік. Біз үшін басқа өмір жоқ болатын.Жеңіс жолында бәріне шыдау, қақаған қыстың суығына тоңу, жаздың аптап ыстығына күю, ел қорғау азаматтық борышымыз еді. Таланымызға тап келген тылсым тіршілікті тілдеп, сөгу дегенді білмедік. Алдымызда ажалдай ақырып, танк тұрсада, атылған оқтар қардай борап жатса да, қыңқ етіп сыр бермедік. Арамызда жеңіске жете алмай,үмітін үзбей үзіліп кеткендер де болды.
Оларды аспанға оқ атып қана еске алатынбыз».
Өмірін Отанына арнаған жанның бірі Қызылсу өңірінде өмір бойы еңбек еткен Сатыбалдина Орындық әже. Орындық әже 1924 жылы Шолқұдық аулында дүниеге келген. Әкесі Сатыбалды Байқоныс баласы орта шаруа, саудамен айналысатын адам болған. Соғыс басталған кезде Орындық әже небары 17 ғана жаста екен. Жастығына қарамай ел басына күн туған кезде, ерлер майданға аттанған уақытта, тылдағы еңбек майданына жан аямай атсалысып, ел жүгін арқалағандардың бірі осы - Орындық әже. Соғыс кезінде жастығына қарамай еңбек еткен әжей, елмен бірге жеңіс күнін жақындата түсті. Елдің жағдайы соғыс біткеннен кейін бірден түзеліп кеткен жоқ. Ауыр күндер жалғаса берді. Тек халықтың қажырлы еңбегі мен алдағы күнге, жақсы өмірге деген сенімі ғана өшкен жоқ. Ел еңсесін көтеруде және халықтың еңбек жолында ерлік жасауына 1954 жылғы КОКП–ның бастауымен жүзеге асырылған «Тың және тыңайған жерлерді игеру» идеясы әсер еткен еді. Айтпағымыз осы тың игеру кезінде Орындық әже аспазшы болды. Орасан көп адамға тамақты отынмен от жағу арқылы пісіретін қиын кезде еңбегімен тың игеруге өз үлесін қосқан Орындық әже Облыстық партия комитетінен «Құрмет грамотасымен» марапатталады. 1975 жылы «Знак почта» орденімен, 1982 жылы «Ветеран труда» орденімен, 2005 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске-60жыл» медалімен марапатталды. Орындық әже 2008 жылы дүниеден өтті.
Соғыс аяқталғанына қанша жыл өтседе, соғыс салған жаралар әр адамзаттың жүрегінде сыз боп жатты. Осы күнді аңсап кеткен ата бабаларымыз бізге бейбіт өмір сыйлады. Біз сол бейбіт өмірде лаңсыз бақытты балалық шағымызды өткізіп жатырмыз.
Осындай бейбіт заман туатынына сеніммен қарап, ел қорғаған және елі үшін еңбек еткен батыр бабаларымызға мың алғыс айтамыз.
Ойымды қорыта келе былай дегім келеді: Өткенді білмесек, үлкенді қадірлемесек, біздің бүгініміз бен болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Сондықтан ата-әжелеріміздің еңбегінің жемісі, Ұлы Отан соғысының жеңісін қастерлей, қадірлей білейік.
Соғыс бітті. Бейбіт заман орнады.Бұл заман бізге оңай келген жоқ. Аталарымыз Отан алдындағы қарызын қанымен ақтады, ал біздер сол аталарымыздың ерлігін есімізде сақтап жүрмізбе?
Келер күніміз күліп, атар таңымыз арайлы болсын десек, өткен тарихымызды ұмытпайық. Елім барда, «Ешкімде ұмытылмақ емес, ештеңеде ұмытылмайды»
Менің де өмірдегі мақсатым – Отанды қорғай білетін азамат болып өсу. Мектепті бітірген соң жоғары оқуға түссем, оқуымды ойдағыдай бітіріп еліме қызмет етсем деген арман мұратым бар. Өйткені біз Отан үшін отқа түскен майдангерлердің ұрпақтарымыз. Ал майдангер аталар мен әскери арды ойлаған аналар туған жердің де, халықтың да қорғаушысы бола білді. Сондықтан да Отанды қорғау әрбір ер-азаматтың қасиетті борышы болып саналады.
Ел басына күн туғанда ел қорғаған аталарымызбен «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» ұранымен ерте тұрып, кеш жатып, ерінбей еңбек еткен туған жердің батырларының рухын қадірлеп, қастерлеу,тағзым ету біздің қасиетті борышымыз.
Туған жердің батырларына мың тағзым...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет